Жеке жұмыс жəне бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар үлгілері:
1-мысал:
Қазақ тілі, 8-сынып
Бөлім: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың киіз үй мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Т/А 8.1.4.1- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
Ж.8.3.1.1- тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру.
1-тапсырма
Мәтін тыңдатылады.
«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі арқылы оқушылар тыңдалым мәтінінен алынған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды (жеке жұмыс).
1. ......... – көшпенді тұрмыстың төл туындысы.
2. .......... шебер үйшілерінің, ......... ыдыс-аяғын жасайтын ........ .......... өнері өзіндік ........ .......... бүгінге жетті.
3. ....... өткізілетін яки ........ берілетін жерге ........ жүздеп ...... тігіледі.
2-тапсырма
«Броундық қозғалыс» тәсілі.
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды, тезистік жоспар құрастырады (жеке жұмыс):
киіз үйге қажетті бұйымдар;
киізден жасалатын бұйымдар;
киіз үйді пайдалану;
2-мысал
Қазақ әдебиеті, 9-сынып
Бөлім: Мәңгілік ел- мәңгілік мұрат
Сабақтың тақырыбы: Кнут Гамсун «Аштық» романы
Оқу мақсаттары:
Т.Ж.9.1.3.1. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.
Т.Ж.9.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
1-тапсырма
«Ой күмбезі» әдісі арқылы шығарманың идеясына сай кейіпкер жүйесін ашады (жеке жұмыс).
Бағыттары
|
Түсініктеме
|
Ой қазығы
|
Негізгі сөзді тауып, түсінік беру
Кейіпкер – Ведель-Ярльсберг
|
Ой желісі
|
Негізгі сөзден өрбитін ойды талдап, жан-жақты зерделеу
Жаны нәзік, өзгеше жан, әсершіл адам, тез күйіп, тез суитын, санасы сансыраған, күйзелген көңіл-күй, тез сабасына түсетін тұлға, т.б.
|
Ой өрімі
|
Түйінді сөзді жинақтау, дәлелдеу, өзге ұқсайтын құбылыстармен салыстыру (сөйлем жазу):
Аштық қысса да, адамгершілігіне көлеңке түсірмейді.
Адамдықтың адал жібін аттамайды.
Еңсесін езген тұрмыс тепкісіне шыдайды.
Өзегін өртеген жоқшылық үшін қоғамды кінәламайды.
|
Ой күмбезі
|
Ойдың маңызы мен мәнін ашып, қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беру (түйін)
Өзінің дарындылығына сенімі мол кейіпкер аштықтан азап шексе де, намысын қолдан бермеуге тырысады. Тәні мен жаны ауырған ол өзінің ішкі дүниесін елес пен қиялға толтырады. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір жаппай енжарлықтың тас қабырғасын құлатып, өзін қалың қауымға танытатынына сенеді. Иіліп-бүгіліп өмір сүргеннен тік тұрып, өлгенді артық санайды.
|
Шығарма үзіндісін пайдалана отырып, романдағы оқиға орын алған жерге (Норвегия елінің Христиания қаласы) ұқсас қаланы/жерді (Қазақстанның кез келген қаласын алуға болады) зерттеңіз. Салыстыру жасау үшін карта, эскиз, халық саны және өзге де демографиялық деректерді пайдаланыңыз, зерттеудің алты қадамын пайдалана отырып, зерттеу жұмысын жазыңыз.
Зерттеудің алты қадамы
1. Тапсырманы анықтау
2. Ақпараттың орналасқан орны
3. Тиісті ресурстарды таңдау
4. Ақпаратты ұйымдастыру
5. Идеяларды ұсыну
6. Соңғы өнімді бағамдау
Достарыңызбен бөлісу: |