Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


b. Күннің көрінерлік қозғалысы



жүктеу 2,96 Mb.
бет4/13
Дата22.05.2018
өлшемі2,96 Mb.
#15765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

b. Күннің көрінерлік қозғалысы.

Күннің жылдық қозғалысы оның экваторлық координатының өзгеруімен байланысты және аспан эклиптикасының бойымен өтеді. Ол аспан экваторына ε = 23 27 бұрышпен еңкейген. Түрлі жыл мезгілдерінде Күннің болып тұратын 4 нүктесін көрсетуге болады: жазғы және қысқы Күн орналасу нүктелері, күзгі және көктемгі Күн теңелу нүктелері. Күннің орналасуына байланысты жыл мезгілдері өзгеріп тұрады.



c.Эклиптикалық координаттар жүйесі.

Негізгі шеңбер- эклиптика шеңбері. Негізгі координаттар:

-эклиптикалық ендік β;

-эклиптикалық бойлық λ.

Эклиптикалық бойлық деп көктемгі күн мен түн теңелу нүктесінен шырақтың ендік шеңберімен қиылысқанға дейінгі эклиптиканың доғасын айтады. Эклиптикалық ендік деп эклиптикадан шыраққа дейінгі ендік шеңберінің доғасын айтады. Эклиптикалық координаттар жүйесі Күн жүйесіндегі денелердің қозғалысын сипаттау үшін қолданылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

-Жердің Күнді айнала қозғалуы

-Күннің эклиптика бойынша жылдық қозғалысы

-Эклиптиканың негізгі нүктелері

-Эклиптиканың координаттар жүйесі

-Тропикалық жыл

-Зодиакты шоқ-жұлдыздар

-Жыл мезгілдерінің алмасуы

-Климаттық белдеулер

Әдебиет: Силлабусты қара.
3 дәріс:Уақытты өлшеудің негіздері:

Дәрістің мазмұны:


  1. Уақыттың теңдеуі.

  2. Жұлдыздық, нақты күндік, орташа күндік уақыт.

  3. Күнтізбе. Жұлдыздық каталогтар.

  4. Шырақтардың аспандағы түрін өзгертіп көрсететін факторлар. Параллакс. Рефракция. Аберрация. Іңір.

Тірек сөздер: Параласк. Рефракция. Зодиакты шоқ-жұлдыздар

Мақсаты: Уақытты өлшеудің негіздерімен танысу.

  1. Уақыттың теңдеуі.

Күннің аспан меридианы арқылы өту сәті, әрине, бақылаушы орнының географиялық бойлығына тәуелді. Бақылаушы шығысқа қарай жылжыған сайын Күннің меридианнан өтуі батыстағымен салыстырғанда ертерек болады. Күннің меридиан арқылы өту сәті жергілікті орынның күн уақытын береді. Жоғарыдағы тәсілмен анықталған уақыт тек берілген географиялық меридианда ғана қолданылатындықтан, күнделікті өмірде белдеулік уақытты қолдану ыңғайлы. Жер беті плюстерді қосатын сызықтар көмегімен 24 сағаттық белдеулерге бөлінген. Әр сағаттық белдеу бойлық бойымен 15-градусқа созылады. Әр белдеудің ішінде оның орталық меридиандағы орташа күн уақыты осы аймақтың белдеулік уақыты осы аймақтың белдеулік уақыты алынады.

b. Жұлдыздық, нақты күндік, орташа күндік уақыт

Гринвич обсерваториясы (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан нөлінші сағаттық белдеу болып табылады. Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақыт ретінде қабылданған. 1-сағаттық белдеудің (n=1) орталық меридианы Гринвич меридианынан 15-градус шығысқа қарай орналасқан. Басқа сағат белдеулерінің бастапқы меридиандары осылай анықталады. Олардың екі жақ шекаралары мемлекеттік және әкімшілік шекара бойынша немесе табиғи аймақтармен (өзен, тау жоталары) бөлінген. Қазақстан Республикасының территориясы арқылы екі 4-және 5-сағаттық белдеу өтеді.

Бүкіләлемдік уақытты (және берілген орынның белдеуінің реттік санын (n) біле отырып, белдеулік уақытьтты табу оңай:

= +n.

Алматы және Астана уақыты (5-сағаттық белдеу) бүкіләлемдік уақыттан 6 сағ алда.

 =  + (n+ 1) =  +6 сағ.

Географиялық бойлығы болатын орындағы  жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақытқа сол бойлықтың уақыт бірлігіндегі мәнін қосу арқылы анықталады: +

c.Күнтізбе. Жұлдыздық каталогтар.

Күнтізбе – ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. Ерте заманда Күн мен Айдың, кейбір Жұлдыздардың қозғалыстарын бақылау – адамдарға уақыт санауға, әр түрлі күнтізбе жасауға негіз болды. Кейбір жұлдыздардың шығу, бату мерзімдерін анықтау арқылы жыл мезгілдерінің келу уақыты есептелді. Мысалы, егіншікпен айналысқан елдерде белгілі бір жұлдыздардың тууы немесе бату мерзімдері жер жырту, егін егу және орақ науқандарының уақытын көрсетсе, (мысалы, ежелгі мысырлықтар үшін Сириус), ал мал бағумен айналысқан елдерде мал төлдету, көшіпқ–кону, қой қырқу және т.б. жұмыстарын атқару кезеңдеріне сай келеді. Қазақ халқында олар Үркер, Үшарқар,Таразы және Сүмбіле (Үркер туды, сорпа – ас болды; Сүмбіле тауар кылтиып, ат семірер құнтиып). Осындай бақылау нәтижесінде құрылған күнтізбелер адамдарға шаруашылық жұмысын уақытымен ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды.

Кез келген күнтізбенің негізінде табиғи периодтар (мерзімдер) жатыр. Ай фазалары (күйлерінің) 29,53 тәулікте қайталанып тұрады. Бұл мерзім ұзақтығы өліаралық ай (синодтық ай) деп аталады. Айдың Жұлдыздарға қатысты өз орнына қайта келуі 27,32 тәулік. Бұл мерзім жұлдыздық ай (сидерлік ай) деп аталады. Жер орбита бойымен Күнді 365 тәулік 5 сағ 48 мин 46 с немесе 365,2422 тәулікте айналып шығады. Мұндай мерзім тропиктік жыл деп аталады, анықтама бойышна оның ұзақтығы Күннің көктпемгі күн мен түннің теңелу нүктесі арқылы қатарынан екі рет өтуіне қажет уақыт.



Адамзат тарихында әр түрлі елдерде әр кезеңде күнтізбелердің көптеген түрі пайда болды. Оларды дайыңдау негіздеріне байланысты Ай, Күн, Жұлдыз жәе Ай – Күн күнтізбелері деп бөлуге болады.

d.Шырақтардың аспандағы түрін өзгертіп көрсететін факторлар. Параллакс. Рефракция. Аберрация. Іңір.

Параллакс тәсілі. Жұлдыздар бізге алыс көкжиектегі таулар сияқты барлығы бірдей қашықтықта орналасқандай болып көрінеді. Ең жақын деген Жұлдыздың жарығы өте зор жылдамдықпен Қозғалып бізге тек 4,3 жылда жетеді екен. Мұндай және бұдан да қашықтықтағы Жұлдыздардың қозғалысын, өлшемдерін, қашықтықтарын жай көзбен байқау мүмкін емес. Дегенмен де, Жерге біршама жақын аспан денелеріне, соның ішінде Күн Жүйесінің денелері мен кейбір таяу жұлдыздарға дейінгі қашықтықты бір–бірінен алшақ екі орыннан бақылау арқылы анықтауға болады. Бұл тәсіл астрономияда параллакс тәсілі деп аталады. Бақылау нүктесінің орны ауыстырылған кезде қарастырылатын орнының өзгеруі параллакстық ығысу деп аталады. С денесін А және В нүктелерінен қарастырайық. Оның аспан сферасыңдағы орындары С1 және С2 нүктелерімен Онда С денесін екі нүктеден қарастырған кездегі параллакстық ығысу бұрышымен өлшенеді. Бұл бұрыш параллакс, ал АВ кесіндісі базис деп аталады. Күн жүйесінің денелеріне дейінгі қашықтықты анықтағанда базис ретінде Жер радиусы алынады.

Шынында да, Жердің тәуліктік айналысы кезінде бетіндегі бақылаушы Жер центріне қатысты бірде оның бір жағында, бірде екінші жағында болады. Осының салдарынан Күн жүйесі денелерінің аспан сферасындағы бақыланатын орны біршама өзгереді. Бұған сурет бойынша көз жеткізуге болады. Аспан денесінен қарағанда көру бағытына перпендикуляр орналасқан Жер радиусы көрінетін бұрыш ркөкжиектік параллакс деп аталады. ОСВ үшбұрышының (Ай орнында кез келген Күн жүйесі денесі болуы мүмкін) Күн жүйесінің денесіне дейінгі қашықтықты.



формуласымен анықтауға болатынын табамыз. Мұндағы км – Жер радиусы.

Ай Жерге ең жақын орналасқан аспан денесі болғандықтан оның параллаксы ең үлкен шама р = 57'.

Параллакс нәтижесінде Айдың шығуы мен батуына байланысты келесі салдар туындайды. Сәйкес экватордың А нүктесіндегі бақылаушы Айдың шығуын, ал В нүктесіндегі бақылаушы осы сәтте Айдың батуын көреді. Әрі А нүктедегі бақылаушы В нүктедегі бақылаушымен салыстырғанда, Айдың Жұлдыздарға қатысты шамамен "солға" қарай 2º–қа ығысқанын көреді. Сондықтан, астрономиялық жылнамаларда көрсетілген уақытпен салыстырғанда, параллакс нәтижесінде Ай 2 минуттей кеш шығып, соншама уақыт ерте батады.


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау