Теорема 1 (ықтималдықтарды қосу теоремасы). Егер А мен В оқиғалары қиылыспайтын болса, онда қосындының ықтималдығы ықтималдықтардың қосындысы тең болады, яғни
Анықтама. А оқиғасының пайда болмауынан тұрған оқиғаны оған қарама-қарсы деп атайды және оны таңбасы арқылы белгiлейдi.
Теорема 2. А мен оған қарама-қарсы оқиғаларының ықтималдықтары арасында
қатынасы орындалады.
5-мысал: Үш монета лақтырғанда ең болмағанда бiр герб түсу ықтималдығы қанша?
Шешуi: Үш монета лақтырғанда барлық жағдайлар саны n=8 , өйткенi әрбiр монетадағы жағдайлар – 2. А арқылы “үш монетаның ең болмағанда бiреуiнде герб түседi” оқиғасын белгiлелiк. Бұл жерде А-ға қарама-қарсы оқиғаның қолайлы жағдайларын есептеу оңай. А-ға қолайлы жағдай бiреу ғана-(Ц,Ц,Ц). Демек, Р(A)=1/8. Олай болса, .
Жалпы алғанда, қарама-қарсы оқиғаның қолайлы жағдайларын есептеу оңай болған жағдайда жоғарыдағы келтiрiлген формуласын қолдануға көшедi.
Достарыңызбен бөлісу: |