Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары



жүктеу 1,38 Mb.
бет2/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,38 Mb.
#12487
1   2   3   4   5   6   7   8

МӘЛІМЕТТЕР


Р/с


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(толық)


Жеке басын куәландыратын құжаттың №, берілген күні

Туған күні

ЖСН

1

2

3

4

5

1













2
















Жиыны:










      кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге

Қызмет көрсетуші банк

20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №

6

7

8

9

10













































Басшы ______________________

Бас бухгалтер ______________

М.О. (бар болса)


Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

3-қосымша

Нысан

Қоғамдық жұмыстарға № ______ жолдама
жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажеттісінің астын сызыңыз) __________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге

____________________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

____________________________________________________________________



(кәсіп/мамандық атауы)

мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.


_________________________________ _____________________________

Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

қолдың таратылып жазылуы



Берілген күні


М.О.
-----------------------------------------------------------------------------------------------

(кесу сызығы)


Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады
______ жолдамаға хабарлама

________________________________________________________________

________________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)

___________________________________________ бағдарламасы шеңберінде



(бағдарламаның атауы)

20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес ______________ ретінде



(кәсіп/мамандық атауы)

______________ бастап ____________________дейін ______ қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________ қоғамдық жұмыстарға қабылданды (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________



(қолдың таратылып жазылуы)

М.О. (бар болса)





Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қажыландыру қағидаларына

4-қосымша


__________________ ауданының
(қаласының) Халықты жұмыспен
қамту орталығының директорына
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________

Тегі , аты, әкесінің аты (бар болса)
Нысан
ӨТІНІШ
Мені __________________________________________________________

(бағдарламаның атауы)

бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа жіберуіңізді сұраймын.

Қосымша ___ парақта:

жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы) көшірмесі;

еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) жұмыс берушінің актісі;

демалыста болу туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).

Оң шешім шығарылған жағдайда жеке әлеуметтік келісімшартқа қол қоюға міндеттенемін.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

    _________________ ___________

  Күні                                қолы

-----------------------------------------------------------------------------------------------
               (кесу сызығы)
Азамат (ша) ___________________________________________________ өтініші
20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:


_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

_________________ ___________

Күні қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы «14» маусымдағы

№ 516 бұйрығына

2-қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін және оларға жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

3) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;

4) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

5) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

6) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

7) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

9) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

10) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

11) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

12) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

13) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

14) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

15) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;

17) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;

18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

19) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.



2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі

3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.

4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құрған кезде тұрақты жұмыс орындары қолданылмайды және олар ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

5. Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады.

6. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген адамдар:

1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

3) мүгедектер;

4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

8) оралмандар;

9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басымдыққа ие.

7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;

2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;

5) жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізеді.

8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:

1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.

Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

9. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шарт жасасады.

10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

Бұл ретте жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.

11. Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

2) еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесін (бар болса);



3) білімі туралы құжаттың көшірмесін (бар болса);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесін (әлеуметтік жұмыс орнына жолдама берілгенге дейін ұсынылады) қоса бере отырып, өтінім береді.

12. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация береді;

2) жұмыссыздардың келісімімен оларға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.

13. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде:

1) жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіби және басқа да жеке ерекшеліктері;

2) халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендігі;

3) жолдама беру сәтінде жіберілетін жұмыссыздар үшін лайықты жұмыстардың болмауы ескеріледі.

14. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

15. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің хабардар етуінің негізінде жұмыссызбен және жұмыс берушімен «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасасады.

16. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.

17. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.

18. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде ұйымдастыру шарттарын жасасуға жол берілмейді.

19. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың еңбек кітапшасына әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеген кезеңін енгізеді.

20. Бос жұмыс орны пайда болған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мерзімдерде жолдайды.

21. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

22. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасына енгізеді.

23. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) сәйкес есептілікті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің саны туралы;

2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны туралы;

3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібі

24. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.

25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 65-тармағына сәйкес Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экология бойынша үстемеақыларды есептемегенде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

26. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттар және жұмыссыздармен және жұмыс берушілермен жасалған әлеуметтік келісімшарттар негізінде бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде осы мақсаттарға көзделген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

27. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруға арналған шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың жалақыларына субсидия сомасын жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына аударады.

28. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді.

Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне байланысты жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру

қағидаларына

1-қосымша


Нысан
______________ (ауданының,

қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығына _________________________

Өтінім
______________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)

жұмыссыздар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.

Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан жағдайда жұмыссыздарға тiзбеге сәйкес мынадай әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылатын болады:




Р/с


Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған
саны

Жұмыстардың
жоспарлы ұзақтығы (ай)

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге























































Қосымша:

1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.
___________ ___________

Басшы                                                      Күнi

М.О. (бар болса)

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру

қағидаларына

2-қосымша


Нысан

жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау