Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
_____________ауылы (қаласы) 20__жылғы __ _________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және _______________________________________________________ атынан
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
__________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабына сәйкес және ________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы __ _________ № ___ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы_______________________________________________ (жазбаша)
теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберуге;
2) тараптарға әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;
3) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;
4) Орындаушының бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізуге;
5) Орындаушымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;
6) Жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;
7) Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.
4. Орындаушы:
1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;
2) жұмыссыздармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;
4) қажет болған жағдайда әлеуметтік жұмыс орнына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге құқылы.
5. Тапсырыс беруші:
1) азаматтарды олардың келісімімен Орындаушыға ___________________
___________________________________ адам жіберуге;
(жазбаша)
2) Орындаушы ұсынған мәліметтерге сәйкес жұмыс беруші белгілеген жалақының _______ % есебімен, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен айқындалған жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, нақты орындаған жұмыс уақытына, бір адамға жұмыс істеген толық айына ___________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
сомасында жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуді жүргізуге міндеттенеді.
6. Орындаушы:
1) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с №
|
Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр
|
Саны
|
Жұмыстардың ұзақтығы, ай
|
Айлық еңбекақының мөлшері, теңге
|
Еңбекақы төлеуге арналған өтемақының мөлшері айына, теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2) жұмыссыздармен Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) Салық кодексіне, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдарды аударуды жүргізуге;
4) қажет болған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;
5) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;
6) әрбір әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
7) қажет болған кезде әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
8) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
9) әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
10) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;
11) халықты жұмыспен қамту орталығымен және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуға үміткерлермен әлеуметтік келісмшарт жасасуға;
12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
7. Орындаушы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
8. Тараптар әлеуметтік жұмыс орындарына ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
9. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
10. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
11. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
12. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
13. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
14. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Форс-мажорлық жағдайлар
15. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
7. Қолданылу мерзімі
19. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.
20. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
21. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
8. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс беруші
|
Жұмыс беруші
|
______________________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы ________________________________
|
_______________________________
|
заңды мекенжайы: _____________________
|
заңды мекенжайы: _____________________
|
ЖСК _____________________
|
ЖСК_____________________
|
БСК _____________________
|
БСК_____________________
|
БСН (ЖСН) _____________________
|
БСН (ЖСН) _____________________
|
Коды _____________________
|
Коды_____________________
|
___________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
|
__________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
|
М.О.
|
М.О. (бар болса)
|
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шартқа қосымша
Нысан
___________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы
20__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Р/с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың №,
берілген күні
|
ЖСН
|
Еңбек шартының нөмірі мен күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Шарт бойыншажалақының мөлшері
|
Айдағы жұмыс
күндерінің саны
|
Нақты жұмыс
істеген
күндер
|
Есептелген
жалақының сомасы, теңге
|
Зейнетақы жарналарының сомасы
|
Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы_____________
Бас бухгалтер_____________
М.О. (бар болса)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 3-қосымша
__________________ ауданының
(қаласының) Халықты жұмыспен
қамту орталығының директорына
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Нысан
ӨТІНІШ
Мені _____________________________________ бағдарламасы бойынша
(бағдарламаның атауы)
әлеуметтік жұмыс орнына жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (әлеуметтік жұмыс орнына жолдама берілгенге дейін ұсынылады).
Егер оң шешілген жағдайда жеке әлеуметтік келісімшартқа қол қоюға міндеттелемін.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
_________________ ___________
Күні қолы
-------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші
20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_________________ ___________
Күні қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Әлеуметтік жұмыс орнына № ______ жолдама
жұмыссыз __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
__________________________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
__________________________ _________________________
Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
орталығының директоры
Берілген күні
М.О.
-----------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады
№ ______ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
___________________________________________ бағдарламасы шеңберінде
(бағдарламаның атауы)
20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес ______________ ретінде
(кәсіп/мамандық атауы)
20__ жылғы __ ________ әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасты (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мерзімі 201_ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ________ дейін ___ ай.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________
(қолдың таратылып жазылуы)
М.О. (бар болса)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы «14» маусымдағы
№ 516 бұйрығына
3-қосымша
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
2) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
3) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
4) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;
5) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
7) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
8) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
9) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
10) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
11) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
12) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
13) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.
Достарыңызбен бөлісу: |