Медбикелік пост жұмысының ұйымдастырылуы, Медициналық құжаттардың түрлері.
Бөлімшедегі әр 25 - 30 орынға 1 пост тағайындалады. Медбике посты өзіне қатысты палаталардан алыс орналаспауы керек. Пост, ішінде ауру тарихтарын сактайтын бекітілетін жәшіктері бар столмен, медбикеге арналған кресломен, медикаменттерге және медициналық құрал-саймандарға арналған шкафпен, А және Б тізімдегі дәрілік препараттарды сактауға арналған сейфпен, тез бұзылатын дәрілік препараттарды сактайтын тоназытқышпен, дәрілік препараттарды тарататын қозғалмалы столмен, әртүрлі манипуляцияларды дайындауға арналған столмен, стол лампасы және телефонмен жабдықталған. Егер сейф болмаған жағдайда, медбике столының үстінде А және Б тізімдегі дәрілік препараттарды сактауға арналған шкафтар болады. Медбикенің жұмыс орны таза болуы керек. Столының үстінде палаталардан келетін сигнализация болады. Сонымен қатар, қолды жууға арналған раковина болуы керек. Егер бөлімшеде жеке егу бөлмесі болмаса, онда постта егуге арналған стол, стерильді материал, құрал-саймандары бар бикс болуы керек. Постта медикаменттері бар шыны шкаф болады. Шкафтың әрбір сөресінде «Ішке», «Сыртқа», «Инъекция» деген жазулары болуы керек. Аурухана тәртібіне байланысты медбике постынын жүмысы ұйымдастыры-лады:
Медбике жұмысынын негізгі бөлігі - кезекшілікті тапсыру болып табылады. Егер сменаға келмесе медбике өзінін постын тастап кетпеуі керек. Сменаға келген медбике кезекшілігін аяқтаған медбикемен палаталарды аралап, бөлімшенің санитарлык жағдайын тексеруі, ауыр жағдайдағы науқастарға аса көңіл бөлуі керек. Кезекшілікті тапсырып жатқан медбике, науқастар жағдайларындағы өзгерістер жөнінде хабарлайды. Дәрігер нұскауларын, оның орындалуын айтады. Келесі кезекшіліктегі орындалатын нұскауларды айтады. Кезекшілікті атқарған медбике келесі кезекшілікке келген медбикеге мыналарды тапсырады:
Медициналык кұрал-саймандарды (шприцтер, термометрлер) және дәрілік препараттарды;
А және Б тізімдердегі дәрілік препараттары бар сейфтің кілтін;
Наркотикалық дәрілік препараттарды есепке алу және жұмсау журналына тапсырғаны және қабылдап алғаны жөнінде медбикелер кол кояды;
4. Ауру тарихынан көшіріп алынған манипуляциялар, егулер, лабораторлы және ннструментальды зертгеулер сиякты дәрігердін тағайындаған нұсқаулар жазылған журналды;
Улы және күшті әсер ететін препаратгарды есепке алу журналын;
Кезекшшкті тапсыру және кабылдап алу журналын;
Онда науқастардын жалпы саны, ауыр жағдайдағы және кызбасы бар науқастардын саны, жедел көрсетілетен нұскаулар, медициналық кұрал-саймандардын саны, техникалық жағдайы көрсетіледі.
Медбикелік кұжаттардың негізгі түрлері: ауру тарихының сыртқы беті, дәрігерлер тағайындаған нұскаулар егу және дене кызуын тіркеу парағы пориионник «наркотикалык дәрілік препараттарды есепке алу және жүмсау» журналы «кезекшілікті тапсыру және қабылдау» журналы.
Медбикенін сыртқы көрінісіне және киіміне қойылатын талаптар
Аурухана қызметкерлерінде ауыстыратын жеке жұмыс киімдері: халаттары, калпактары, ауыстыратын аяк-киім болуы керек. Олар жеке пікафтарда сақталады. Сонымен қатар, оларда ластанған кезде шұғыл ауыстыратын санитарлық киімдері болуы керек. Медбикелер әрбір науқасты қараудан немесе процедуралардан алдын,сонымең қатар бөлмелерді тазалағаннан кейін, төсектерді ауыстырғаннан, дәретханадан кейін қолдарын 2 қайтара сабынмен жуу қажет. ЕПМ тыс жерде жұмыс халаты және аяқ киіммен жүруге тиым салынады
Қорғаныс киімін қолдану ережесі.
Халаттар, алжапқыштар - инфекциянын берілуінен алдын алатын күтім үшін қолданылады. Науқастын төсегін, киімдерін ауыстырғаннан кейін халат, алжапкыштарын ауыстырып түруы керек.
Резеңке колғаптар - таза және зарарсыздандырылғандары қолданылады.
Оларды:
Қандай да болмасын биологиялық сұйыктықпен катынаста болса;
Науқастың, медициналық қызметкерлердін терісі зақымданғанда;
Қан немесе басқа биологиялық сұйықтықтар мен ластанған медиииналық заттар, материалдармен жұмыс істеген кезде киеді.
Маскалар - ауа тамшы жолмен берілетің микроорганизмдерден минимальды түрде корғайды. Төрт қабаттьг дәке маскалары колданылады. Бетке тығыз койып кимесе, олар қорғау кызметін жояды. Масканы 2сағ-тан артык кимеу керек.
Аяк киімжәне медициналык тапочка - инфекциялардан корғамайды.
Қорғаныс көзілдірігі және щит - көзге, мұрынға, ауызға қанның және басқа да биологиялық сұйыктардын түсуінен қорғайды.
Медбике қорғаныс киімдерін колдана отырьш, қасындағы заттарды, қолын, киімдерін ластамайтындай етіп дұрыс шеше білуі керек.
Медицина кызметкерінің колын өңдеу деңгейлері
Қолды өңдеу- әлеуметтік (социалды), гигиеналық (қол ұшының дезинфекциясы) және хирургиялық (белгілі бір уакытгағы қол ұшының стерильділігі) болып, 3 деңгейге ажыратылады.
Қолды өңдеудің әлеуметтік деңгейі
Мақсаты: механикалық әдіс арқылы қол беткейінен микрофлораны жою. Науқас және медицина қызметкерінін инфекционды қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдануға болатын жағдайлар: Қолды әлеуметтік өңдеу, қолды жуудын қарапайым әдісі болып табылады. Резенке қолғаппен немесе колғапсыз емдеу процедураларын жасаудан алдын және болғаннан сон; науқасты тамақтандырудан алдын және тамақтандырып болған сон; туалеттен кейін; науқастың биологиялык сұйыктықтарымен медбике колы ластанбаған жағдайда - наукастың күтімінен алдын және кейін; ластанған жағдайда кол гигиеналык денгейде өңделеді.
Жабдыктары: 1 рет қолданатын кір (сүйык) сабын, секундомері бар сағат, жылы ағынды су, лотоктағы стерильді салфеткалар, жеке сулгі (электр құрғаткыш).
Міндетті шарты: қол терісі таза, тырнактары -Імм-ден аспауы, лак жағылмаған болуы керек. Процедура алдында тырнак астарын тазалап, ағынды су астында жуу қажет.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)
Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)
Тесттер:
1. Операция алдында хирург қолын өңдеуге арналған қандай дезинфекциялаушы кұралдарды колдана алады ?
калий перманганатының ерітіндісі
сулема ерітіндісі
диоцид
хлоргексидин биглюконаттын 0,5% спирттік ерітіндісі
сутегінін аскын тотығы
құмырсқы қышкылының ерітіндісі (первомур)
фурациллин
Жауаптардын дұрыс комбинациясын табыныз:
А) 2,4,6 Б) 3,4,6 В) 1,6,7 Г) 2,5,6 Д) 3,6,7
2. Дұрыс сақтаудың шарттарын орындағанда хлорлы әктңн 10 % - тік ағартылған ерітіндісін қанша күн сактауға болады ?
1-3
5-7
10-12
14-15
1-ай
3. Мына дезинфекциялаушы ерітінділерді дайындау үшін не қажет ?
1. хлорлы әктң 10%-тік ағартылған ерітіндісі және 10 литр су
2. хлорлы әктің 0,1 % - тік жұмыс ерітіндісі
Сәйкестіктерді табыңыз:
а) 100 мл хлорлы әктің 10 % - тік ерітіндісі және 10 литр су
б)1 кг хлорлы әк және 10 литр су
в) 100 г хлорлы әк және 1 литр су
г) 10 мл хлорлы әктің 10 % - тік ерітіндісі және 1 литр су
4. Бөлімшедегі бөлмелерді ылғалды тазалау қандай дезинфекциялаушы
ерітіндімен жүргізіледі?
хлорлы әктің 10% - тік ерітіндісімен
хлорлы әктің 2 % - тік ерітіндісімен
0,5 % хлорамин ерітіндісімен
3 % хлорамин ерітіндісімеи
3 % кальций гипохлоридімен
5. Палаталардын санитарлық тазалауы кай уақытта аякталуы керек?
1. 8°°
2..9°°
10.00
6- Аурухана бөлімшелеріндігі бөлмелерді тәулігіне неше рет ылғалды тазалау керек1?
а) 1
6)2
в) 3
г)4
д) 5
7. Егу кабинетіне неше рет генеральды тазалау жүргізіледі ?
І. Айына бір рет
екі аптада бір рет
аптасына бір рет
аптасына екі рет
кунделікті
Аптасына бір рет егу кабинетіне жүргізілетін тазалау аталады......................;
Егу кабинетін күнделікті тазалау жүргізіледі
0,2 % хлорамин ерітіндісін
10%хлорамин ерітіндісін
1 % хлорамин ерітіндісін
5 % хлорамин ерітіндісін
10. Хлорлы әктің 5 % - тік ерітіндісін калаи дұрыс дайындау керек ?
а) 10 литр су және 50 мл хлорлы әктін 10 % - тік ерітіндісі
б) 5 литр су және 5 л хлорлы эктін 10% -тік ерітіндісі
в) 10литр су және500мл хлорлы әктің 10 % - тік ерітіндісі
г) 7 литр су және 3 л хлорлы әктің 10 % - тік ерітіндісі
д) 10 литрсу және 1л хлорлы әктің 10%-тік ерітіндісі
Снтуацнялык есептер
1. Медбике егу кабинетін күнделікті тазалау үшін сабын - содалы ерітіндіні
колданды. Оны дайындау ушін 10 литр суға 1 кг сабын, 1 кг сода алды. Қандай концентрациядағы ерітінді дайындалды? Осындай ерітіндімен егу кабинетін күнделікті тазалауға болады ма?
2. Плевральды пункция жасауға медбике дәрігерге көмектесуі
(ассистент болуы ) керек болды. Медбике колды өндеудің қандай денгейін колдану керек?. Бұған қандай ерітінділерді алуға болады ?.
3. Медбике хирургия бөлімшесіне түнгі кезекшілікке келді. Оның сырткы көрінісі мынадай: таза, өтектелген халат, қалпак, калпақ астынан жиналған шаштын ұшы шығып тұр, тырнактары - 4 мм, лак жағылған.
12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)
Н -1, 2 - бөлім , 154 – 173 бет
11– сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Палаталық, функциональді бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта, таңу бөлмесінде, босанатын залда, егу кабинетінде, манипуляциялық және залалсыздандыру бөлмелерінде тазарту түрлерін жүргізу, олардың реттілігі.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды палаталық, функционалды бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта тазалық сақтауды жүргізу реттілігін үйрету.
тәрбиелік: Оқушыларды палаталық, функционалды бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта тазалық сақтауды жүргізу реттілігінкөрестуде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.
дамыту: Оқушыларда палаталық, функционалды бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта тазалық сақтауды жүргізу реттілігін уйрете отырып, қабілеттілігін дамыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)
Емдеу - профилактикалық мекемелердін бөлмелерін тазалау мәселелері;
Егу бөлмесін генеральды тазалау
Медбикенін функциональды міндеттері
Медбикенін сыртқы көрінісіне және киіміне қойылатын талаптар
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)
Жоспар:
Бөлмелерді жинастыру реті
Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі
Процедуралық және интенсивті терапиялық кабинеттердегі санитарлы – эпидемияға қарсы тәртіп
Бөлмені жинастыру. Бөлімшенің барлық бөлмелері тәулікте екі рет дезинфекциялық ерітіндіні ( хлор ерітіндісі )қолдану арқылы жиналтырылады. Жұқпалы бөлімшенің бокстары тәулікте үш рет дезерітіндіні қолдану арқылы жинастырылады. Науқас шығарылғаннан кейін, бөлме және бокстағы барлық заттары қайталап залалсыздандырылады. Бөлменің барлық жинастыру аспаптарын таңбалау тиіс. Дәретхананы жинастыруға арналған аспаптар тек қана дәретханада сақталынады.
Палаталар, егу бөлмелері, іс – шара бөлмелеріндегі, операциялық және басқа бөлмелердегі ауаны тазарту сынап – кварцтық және сынап – күлгін сәулелі лампалардың көмегімен жүргізіледі.
Дезинфекциялаушы заттар ретінде әдетте хлор қосындылары (хлорамин, кальций, натрий литий гипохлориді және т.б.) қолданады. Хлордың микробтарға қарсы қасиеті хлордың суда ерігенінде бөлінетін хлорлы қышқылдың әсеріне байланысты.
Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі:
Хлор әгінің ерітіндісін дайындау: 10л суға 1кг хлор әгін араластырып еріту (1шелек хлорлы су, хлор әгін ағаш саппен еріту керек)
Осы сұйықтықты 1 тәулікке дейін тұндырады.
Дайын болған сұйықтықты қоңыр түсті шыны ыдысқа құйып, тығынмен жақсылап жабу керек ( осылайша 10 % хлорлы су дайындалады, оны қараңғы жерде 5-6 тәулікке дейін сақтауға болады)
Хлор әгінің жұмысшы ерітіндісін дайындау:
0,1% - 100мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,9 л суға араластыру керек;
0,2% - 2000мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,8л суға араластыру керек;
0,5% - 500мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,5л суға араластыру керек;
1% - 1л 10% хлорлы әк ерітіндісін 9л суға араластыру керек;
2% - 2л 10% хлорлы әк ерітіндісін 8л суға араластыру керек;
Дезинфекциялаушы заттармен жұмыс атқару кезінде: қолдану кездерінде сақтанудың барлық шараларын пайдалану керек: барлық жұмыстарды халат, резеңке қолғап, қорғаушы көзілдіріктер, алжапқыш, респираторлар киіп жасау керек.
Қазіргі кезде жаңадан ашылған Аналит, Дезэффект, Лизоформин, Септокаль, Микроцид, Гигацепт және т.б. сияқты дезинфекциялық заттар қолданылады. Осы заттардың әрқайсысын дайындауға арналған араластыру және қолдану ережелері бар.
Ауруханалардағы бөлмелер міндетті түрде ылғалмен тазаланады. Тазалауға араналған құрал – саймандар - еден жуғыш таяқ, шелек, сүрткіш және т.б. белгіленуі керек. Күнделікті және негізгі тазалау түрлері бар. Күнделікті тазалау кунде 2 реттен кем емес және қажет кезінде атқарылады. Негізгі тазалау: еденді, қабырғалар мен төбені жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. Ылғалды тазалау үшін 0,5% хлорлы әк ерітіндісі немесе 1 % хлорамин қолданады. Осы ерітінділер әр науқастан кейін кушетканы, клеенкадан жасалған жапқыштарды, төсек орындарын сүрту үшін де қолданылады. Кушеткадағы төсек әр науқастан кейін ауыстырылып отыруы керек.
Бөлмелердің ауасын тазалау тәулігне 3-4 реттен кем болмау керек, ал дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау 2 реттен кем болмауы керек.
Дәрі егу, операциялық, манипуляциялық және т.б. арнайы бөлмелерді ылғалды тазалаудан кейін кварцілеу өткізіледі.
Тері және шырыш жабындыларымен және науқастың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен жанасқан барлық медициналық құралдар стерильденеді. Белок, май және басқа механикалық кірлерден, дәрілік заттардан тазалау үшін медициналық құралдар стерилизацияға дейін өңдеуден өткізіледі. Стерилизацияға дейінгі өңдеу үшін жуғыш заттар қолдануға болады.
Дезинфекциялау тәртібі міндет жүктелген мекемелердің орналастырған тәртібі бойынша арнайы нұсқауларға жүгініп жүргізіледі. Іріңді ауруларда, туберкулез, вирусты гепатиттер кезінде химиялық дезинфекция жүргізу әдістерінің ерекшеліктері бар. Химиялық әдіспен өңделгеннен кейін дезинфекциялаушы заттың иісі толығымен кеткенге дейін ағып жатқан су астында жуылуы керек. Термометрді дезинфекциялаушы сұйықтықта (1% хлорамин ерітіндісі, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісі «Дезаксон-1») ұстап, сосын сумен шайып құрғақжерде сақтайды. Қолды шаруа сабынымен жуу керек, инфекциялы науқасты қарағаннан кейін 0,2% хлорамин ерітіндісімен немесе «Дезаксон-1» ерітіндісімен 2 минут бойы өңделеді.
Дәрі егу бөлмесінде көк тамырға дәрі енгізуге арналған шприцтер мен жүйелерді жинап стерилизацияға дейінгі дайындық жүргізеді, егер қолданған құралдар тек бір реттік қана болса олардыжоюға дайындайды. Көп реттік қолдануға арналған құралдар бір ыдысқа салынып дезинфекциялаушы сұйықтықпен жуылады. Әрі қарай оларды дезинфекциялы сұйықтығы ( 0,5 % хлорамин ерітіндісі, 0,5% хлорлы әктас ерітіндісіне 30-60 минутқа дейін немесе 2,5% Дезэффект ерітіндісіне 1 сағатқа, 2,5% Лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа дейін) бар басқа ыдысқа немесе кез келген басқа дезинфекциялаушы ерітінділерге жалпы нұсқауларға сай салынады.
Процедуралық және интенсивті терапиялық кабинеттердегі санитарлы – эпидемияға қарсы тәртіп:
Медициналық процедураларға байланысты процдуралық кабинеттер:
Бұлшық етке, тері астына инъекциялар жасау үшін;
Көктамырға инъекциялар мен ерітінділерді құю үшін;
Ауыр халдегі науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге;
Интенсивті терапия жасауға;
Емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға;
Емдік және диагностикалық клизмаларды жасауға және т.б. арналған.
Процедуралық кабинеттердің кешені 12-14мм2-ден кем болмауы керек, желдеткіш терезелермен, жарығы жеткілікті, қабырға және төбе бактероцидті шамдармен міндетті түрде жабдықталады.
Процедуралық кабинеттер аурухана жабдықтау табелін сәйкес үстірт дезинфекция кезінде бүлінбейтін құралдармен жабдықталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |