Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Махамбет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
БСН 910840000107, 060700, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 13, анықтама телефоны:(871236) 2-14-25, электрондық мекенжайы: mahambet@taxatyrau.mgd.kz, R.Myrzagaliev@kgd.gov.kz
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Махамбет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Cалықты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (1 бірлік) С-R-4 санаты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 тенгеден 99105 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Салық міндеттемесін орындату әдісі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және салық төлеушілерден мәжбүрлеп өндіріп алу, толық және уақытылы міндетті зейнетақы қорларын, әлеуметтік аударымдардың есептеліп, ұсталуына бақылау жасау. Салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру жөніндегі заңмен белгіленген барлық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, салық берешегін талдау және оны азайту шараларын анықтау, барлық шараларды қолданғаннан соң ҚР «Банкрот және оңалту туралы» Заңына сәйкес талап жұмыстарын жүргізу, салық заңдылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Салық төлеушілерді банкрот деп тану бойынша істің сотта қаралуына қатысу. Салық және басқа да міндетті төлемдердің есептелу және ұсталу заңдылығы, нормативті құқықтық актілері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарына төлемдер таратуды жүргізеді, қате төлем құжаттарын анықтау, жеке шоттарға таратуды дұрыс жүргізу, өткен жылдардағы төлемдерді қолмен енгізуді жүзеге асыру; артық (қате) төленген ауыстырулар мен қайтаруларды жүргізу; бюджеттік жіктеу коды бойынша өсімпұл мен айыппұлды өтеуді жүргізу.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары. Құқық, экономика.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірбиесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5 , E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық,қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды mahambet@taxatyrau.mgd.kz,, R.Myrzagaliev@kgd.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы беруіне болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық берген азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 13 үйде орналасқан Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Махамбет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2 - қосымша
________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________ ___________________________________
(қолы) (А.Т.Ә.(болған жағдайда))
«____»____________ 20_____ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |