47
бейне, анимациялық, графикалық, мәтіндік ақпараттандыру оның
мультимедиялылығына жатады [18].
Мектеп кітапханаларында білім беру ресурстарының баспа және оқу
жоспарларының барлық оқу пәндерінен ЭБР (электрондық білім беру
ресурстары) жинақталуы керек, сонымен қатар жалпы білім беруге арналған
оқу бағдарламаларын қолдайтын балалардың баспа басылымдары,
анықтамалық-библиографиялық, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттері бар
қосымша әдебиеттер қоры болуы керек. Мектеп кітапханалары республикалық
және аймақтық ЭББР дерекқорларында орналастырылған баспа және
электрондық білім беру ресурстарына қол жетімді болуы тиіс. Мектеп
кітапханасының барлық бөлімдерінің элетрондық қорында: электронды
оқулықтар, құралдар, оқу-әдістемелік әдебиет, оқу бағдарламалары,
биографиялық өлкетану басылымдары т.б. болады.
Егер мектеп кітапханасының қорларының ақпараттары неғұрлым кең
алуан түрлі форматта болса, мектеп кітапханасының кітаптары (басқа да
ресурстары) құнды болып келеді. Оқушылар мен мұғалімдер ақпараттық
ресурстардың қайда орналасқанына қарамай (кітап сөресінде немесе
электрондық тәртіпте) мектеп кітапханасының ресурстары білімді алудың жеке
жүйесін қолдайтынына өздері еркін және сенімді сезінуі керек. Кітапхана –
интернет немесе теледидардан алған ақпараттардың сапасын тексеру үшін
заманауи анықтамалықтар мен кітаптарды қолдануға болатын, барлық
көзқарастардың дұрыстығын ұсынатын орынның бірі болып табылады.
Кітапханашы-педагог таңдалған немесе жоспарланған жобаларды орындау
үшін бір немесе бірнеше пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс барысында
пәнаралық тәсілдерді белсенді қолдана алады.
Электрондық білім беру ресурстары типтері:
•
оқу материалы – есептер жинағы, зертханалық жаттығулар
жұмысы,оқулықтар, оқу құралдары, тесттер, бақылау тапсырмалары,
электрондық оқу курсы;
•
оқу-әдістемелік
материалдар
–
әдістемелік
нұсқаулар,
оқу
бағдарламалары, оқу жоспары, сабақ жоспары;
•
анықтамалық материалдар – дерекқорлар, сөздіктер, анықтамалықтар,
энциклопедиялар;
•
иллюстрациялық және көрсету материалдары – атлас, карта, альбом,
иллюстрация, көрнекі құралдар;
•
қосымша ақпараттық материалдар – хрестоматия, ғылыми-көпшілік
сипаттағы басылымдар, баспа басылымдары (кітаптар), ақпараттық-
жарнамалық басылымдар; нормативтік құжаттар;
•
ғылыми материалдар;
•
электрондық мерзімді басылымдар;
•
білім беру сайттары, бағдарламалық өнімдер – білім беру мекемелеріне
арналған бағдарламалық кешендер);
•
мақсатты тағайындаулар (ғылыми, ғылыми-көпшілік, өндірістік-
тәжірибелік, нормативтік, оқу, саяси-бұқаралық, демалысқа арналған
48
анықтамалықтар, көркем әдебиет);
•
білім беру процесінде орындалатын қызметтер (пәндер бойынша оқу-
әдістемелік кешендер; оқу бағдарламасы; хрестоматия; сөздік; анықтамалық;
тәжірибелік жұмыс жинақтамасы – жаттығу сабақтары, тапсырмалар жинағы,
зертханалық жұмыстар, виртуалды жаттығу жұмыстары, іскерлік ойындар;
тесттер, тест тапсырмаларының жинағы; иллюстрациялық материалдар –
аудиоқолдау, бейнекөріністер, анимациялық, слайдтар жинақтары; әдістемелік
нұсқаулықтар; ғылыми-көпшілік басылымдар, ғылыми басылымдар);
•
білім беру қызметінің түрі (дәрістік қолдаулар, жаттығу жұмыстарының
қолдаулары, өздік жұмыс, қашықтықтан оқыту, электрондық оқыту (e-learning –
электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту,
компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық,
электрондық технологиялардың көмегімен оқыту), өзіндік білім алу, біліктілікті
арттыру жүйесі және қысқа мерзімді курстардан);
•
ақпараттарды ұсыну сипаты (мультимедиялық, бағдарламалық өнімдер,
электрондық, мәтіндік, аудио, бейнелеу ұқсастығы мен баспа басылымдары).
Еліміздегі орта білім беру ұйымдарында 5-суретте көрсетілген негізгі
категориялары ұсынылған бүгінгі таңда электрондық білім беру ресурстарының
кең түрдегі спектріне қолжетімді болуы керек. Яғни, үздік білім ресурстары
мен технологияларына білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең
қолжетімділікті қамтамасыз ету. Мектеп кітапханасы онлайн режимінде қызмет
ету заманауи ақпараттық ресурстар қорына қолжетімділікті қамтамасыз етеді
(5-
сурет).
5-
сурет – Электрондық білім беру ресурстары
Контент ретінде тек мәтіндік, гипермәтіндік және графикалық файлдарды
ғана емес, әртүрлі файлдық форматтардың аудио, бейне, gif- және flash-
анимацияларынды, 3D-графиктерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
Мектеп кітапханасы қызметінің негізгі бағыттары - кітапхана ісіне жаңа
ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапхананың ақпараттық-
кітапханалық үрдістерін автоматтандыру, электронды каталогтар дерекқорын
үйлестіру, алдыңғы қатарлы кітапхана бағдарламаларының жұмыс жасауы мен
отандық, әлемдік ақпараттық толықмәтінді ресурстарға кіру мүмкіндігін
қамтамасыз ету, электронды кітапхананы кұру. Яғни, ресурстарды
қалыптастыру мен дамыту – мектеп кітапханасының басты бағыттарының бірі.
Негізгі бағыттардың кешендері: қорлардың ғылыми-негізделген жинақтамалар,
заманауи технологияларды жұмыста қолдану, іздеу аппараттары (электрондық
каталог) арқылы қорларды ашып көрсету, ақпараттық ресурстардың сақталуын
Білім беру контенті
Оқулықтарға
электрондық
қосымша
Электрондық
білім беру
ресурстары
Электронды
оқу
басылымдар
Өзіндік
еңбектер
Интернет-
ресурстар
(онлайн-
құралдар, ЕБҚ)
Достарыңызбен бөлісу: |