Обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16167
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53

55 
ұйымдастыруға  жауап  берсе,  педагогикалық  ұжым  басшысының  оқу-тәрбие 
жұмысы жөніндегі орынбасары кітапханашымен бірлесіп білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің  оқулықтарға  ұқыптылықпен  қарауын  қалыптастыру 
жөніндегі қызметін бағыттайды, кезекті оқу-тәрбие процесін жоспарлау кезінде 
осы  жұмысты  жетілдіру  шараларын  көздеп,  оның  орындалуына  жүйелі 
бақылауды  қамтамасыз  етеді.  Мектеп  кітапханашысының  тағы  бір  құзыреті  – 
менеджерлік  бағдар.  Менеджерлік  жұмысты  ұйымдастырып,  үйлестіре  білу 
мектеп  кітапханашысының  қызметін  оң  жолға  ғана  қоймай,  мектеп 
кітапханасының  ақпараттық  орталыққа  айналуына  мүмкіндік  береді.  Соңғы 
технологиялардың  тілін  жетік  білу,  оны  жұмыста  тиімді  пайдалана  білу  - 
кітапханашы қызметінің жарнамасы ғана емес, кітапхана арқылы жас ұрпақты 
тәрбиелеудің  таптырмас  құралы  [20].  Мектеп  кітапханашысының  имиджін 
қалыптастыруда  құзыреттіліктермен  қатар,  мектепішілік  іс-шараларды 
ұйымдастырып  өткізу  де  айтарлықтай  рөл  атқарады.  Мектепішілік  іс 
шараларды  ұйымдастыруда  кітапханашының  атқаратын  қызметі  ұлан-ғайыр. 
Өткізілетін  шараларды  науқанға  айналдырмай,  оны  мұқият  зерттеп,  зерделеп, 
жаңа  серпін  бере  отырып  өткізу  кітапханашыдан  асқан  шеберлік  пен  көп 
ізденісті  талап  етеді.  Мектеп  кітапханашысы  соңғы  уақытта  кітап 
оқушылардың  санының  азайып  кетуіне  тікелей  жауапты  да  болып  табылады. 
Жауыр  болған  кітаптар  көрмесінен  басқа,  кітапты  насихаттайтын, 
оқырмандарды  тартатын,  ынталандыратын  шаралардың  тым  аз  өтетіндігі 
жасырын  емес.  Оқушылардың  оқырмандық  талғамын  қалыптастыруда, 
оқырман мәдениетін дамытуда бір реттік шаралар аздық етеді. Осы бағыттағы 
жұмыстарды  мектеп  кітапханашысы  жүйелі  түрде  үздіксіз  жүргізіп  отыру 
керек.  Оқырмандық  мәдениет  пен  талғамды  қалыптастырудың  перспективалы 
жоспарлары  жасалып,  заманауи  технологияларды  қолдана  отырып  өткізу 
көпшіліктің  қызығушылығын  тудырары  сөзсіз.  «Түнгі  кітапхана»,  «Үнсіз 
кітап», «Отбасылық кітапхана», «Кел,  сырласайық», «Кітаптар шеруі», «Кітап 
оқу  сағатын»  өткізу  кітап  оқушылардың  санын  арттыруға  септігін  тигізетіні 
анық. Мұндай іс шаралар кітапхана қызметін жандандырып қана қоймай, оның 
имиджін қалыптастыруға да негіз болады. Мектеп кітапханашысының үздіксіз 
біліктілік  арттырып,  соңғы  жаңалықтармен  таныс  болуы  да  сондай  маңызды. 
Бұл бағытта еліміздің әр өңірлерінде болып жататын маңызды семинарлар мен 
конференцияларға  қатысу  кітапханашы  қызметіне  тың  серпін  беретіні  сөзсіз. 
Мектеп  кітапханашысының қызметінде  өзара  тәжірибе  алмасудың  тамаша бір 
тәсілі  ретінде  корпоративті  оқытудың  мүмкіндіктерін  айтуға  болады. 
Корпоративті  оқыту  арқылы  мектеп  кітапханашысының  кәсіби  құзыреттілігін 
жетілдірудің,  арттырудың  маңызы  зор.  Бұл  соңғы  жаңалықтар  мен 
өзгерістерден  тыс  қалмауға,  солардан  хабардар  болуға,  тәлімгерлік  жасауға, 
өздігінен  оқуға,  бір-бірін  оқытуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  кітапхана 
менеджментін  қалыптастыруға,  дамытуға  да  ықпалын  тигізеді.  Кітапханашы 
имиджін қалыптастырудың маңызды бір факторы ретінде – білім саласындағы 
болып жатқан өзгерістерді айтуға болады. Бұл өзгерістермен қоса, кітапханашы 
мәртебесі де өзгеруі тиіс. Бүгінгі күні кітапханашысының жаңа имиджі, образы 


56 
ретінде  педагог  кітапханашыны  айтуға  болады.  Бұл  -  кітапханашының  жаңа 
мәртебесі  ғана  емес,  әлеуметтің  сұранысы,  талабы.  Себебі  білім  саласындағы 
өзгерістердің алдында мектеп кітапханашысы тұруы керек. Мектеп кітапханасы 
– 
бүкіл өзгерістердің негізі, діңіне айналуы тиіс. Пән мұғалімі бұл өзгерістерді 
тек  өз  пәні  тұрғысынан  көретін  болса,  мектеп  кітапханашысы  өзгерістерді  әр 
қырынан  көре  алады.  Сол  себепті  де  пәндік  интеграция  кезінде  де  мектеп 
кітапханашысы  пән  мұғалімдерімен  бірлесе  отырып,  тұлғаны  жан-жақты 
дамыта  алады.  Мектеп  кітапханасы  «өмір  бойы  оқу»  парадигмасының  негізін 
салушыға айналуы керек. Мектеп кітапханасы мен социумның әріптеске, өзара 
ынтымақтас серіктестерге айналуы да маңызды болып табылады. Бұл тұлғаның 
мектеп  кітапханасы  арқылы  өмірлік  дағдыларды  қалыптастыруына,  табысты 
өмір сүруіне негіз болады. Білім – болашақтың энергиясы, негізі. Бүгінгі күні 
сол  білімнің  негізін  мектеп  кітапханасында  қалыптастырудың  мол 
мүмкіндіктері бар. Мектеп кітапханасы – оқушының еркін даму аумағы, ол баға 
қоймайды,  ештеңеге  мәжбүрлемейді,  ертеректе  айтқандай  тұлғаның  «рухани 
жедел  жәрдемі»,  рухани  жан-дүниесінің  емшісі.  Ендеше,  мектеп 
кітапханасының  жұмысын  осы  бағытта  ұйымдастырып,  жүргізу  де  маңызды. 
Сондықтан  да  бізге  тек  кітапханашы  емес,  педагог-кітапханашы  кәсіби 
шеберлігі  қажет.  Соңғы  уақытта  елімізде  осындай  педагог  кітапханашылар 
санының  артуы  байқалады.  Бұл  әрине,  тығырықтан  шығар  жол  ретінде 
қабылданып  отырғанымен,  бүгінгі  күні  осындай  педагог  кітапханашысының 
кәсіби  құзыреттін  арттыру  бағытында  жұмыстар  жүргізілуі  керек.  Мектеп 
кітапханасы  медиотека,  библиотека  ғана  емес,  өмірдің  мән,  маңызын 
ұқтыратын  мағыналы  «текаға»  айналу  жауапкершілігін  алып  тұр.  Мектеп 
кітапханашысы  имиджі  –  қоғамның  қарқынды  дамуы  алға  шығарған  бүгінгі 
күннің өзекті мәселесі.  
Тарихи  дамудың  қай  кезеңінде  болмасын  кітапханашы  –  білімді  бойына 
жинап,  таратушы  адам  ретінде  танылып  келеді.  Өйткені,  ол  кітаптардың 
мазмұнымен,  әртүрлі  басылым  түрлерімен  белсенді  жұмыс  істейді, 
оқырмандарының  жүрегіне  жеткізеді.  Алайда  бүгінгі  ақпарат  көлемінің  ұлғая 
түсуіне  байланысты,  барлық  кітапханашылар  бірдей  білімді  оқырманмен 
жұмыс  істеуге  қабілетті  деп  айта  алмаймыз.  Сондықтан  кәсіби  білімге  деген 
мөлшердің өзіндік байсалды негізі бар. Кәсіби білімнің кітапхананың атқаратын 
қызметіне тікелей қатысы бар, өйткені кітапханашы әркез өз білімін көтеретін 
шараларға  қатыспаса,  ол  өзінің  кәсіби  міндеттеріне  этикалық  тұрғыдан 
жауапкершілікпен  қарамаса,  өз  айналасындағы  болып  жатқан  құбылыстарға 
немқұрайлы  қараса,  бұның  бәрі  осы  кітапхананың  атқаратын  қызметіне  кері 
әсерін  тигізеді.  Бүгінгі  күннің  талабы  –  мектеп  кітапханашылардың  кәсіптік 
деңгейінің  жоғарылығы.  Мектеп  Кітапханашысының  білімін  жетілдіру-
жауапты міндеттің бірі. Ұйымдастырушы және тәрбиеленушілігімен қоса, олар 
жан-жақты кәсіптік деңгейдегі ғылыми біліктілігімен ерекшеленуі тиіс.  
Мектептердің кітапханаларында «МАРК SQL», «КАБИС» (КАБИС жүйесі 
кітапханалық  процесін  кешенді  автоматтандыруға  және  электрондық 
каталогтарды,  сондай-ақ  толық  мәтінді  деректер  базасын  құруға  арналған) 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау