Обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16167
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53

52 
білу қажет. Ресейдің Ғылыми-техникалық көпшілік кітапханасының директоры 
т.ғ.д.,  профессор  Я.Л.  Шрайберг  «мобильді»  термині  заманауи  библиобустар 
түсінігін  білдіріп  қана  қоймай,  мобильді  телефония  құралдары  мен 
пайдаланушылар  гаджеттері  арқылы  деректер  базасы  мен  кітапханалық 
каталогтарға  кіру  мүмкіндігін  де  ұсынады»  деген  болатын  [19].  Бұл  жаңа 
үлгілерді іздеуге кітапханаларды жылжытудың келесі деңгейі, кітапханалардың 
жаңа  коммуникациялық  технологиялармен  өзара  қарым-қатынасы.  Яғни, 
мобильді  гаджет  иесі  кез  келген  уақытта  қалаған  кітапханасымен  байланыса 
алады,  немесе  –  Интернеттегі  кітапханалық-ақпараттық  ресурстарға 
қолжеткізіп,  қажет  болған  жағдайда  мәтіндерді  жүктеп,  өз  мақсаттарына 
қолдана алады.  
Ұялы  байланыстың  белсенді  дамуы,  ІР  мен  ұялы  телефония  және  ұялы 
дербес  құрылғылардың  кең  таралуы,  оқырмандарға  ұялы  технологияларды 
қолдану  арқылы  кітапханадан  ақпараттарды  алуға  үлкен  мүмкіндік  береді. 
Көпшілік  оқырмандар  біртіндеп  гаджеттерге  өте  бастады  (букридерлер, 
смартфондар,  планшеттер  т.б.),  ал  ішінара  біраз  бөлігі  дәстүрлі  кітаптар 
кітапхана арқылы оқуды қалап отыр.  
Мектеп кітапханасы жоғарыда аталып кеткен барлық ресурстарға интернет 
желісіне  қосылғанда  ғана  қол  жеткізе  алады.  Кітапхана/медиатека  кітапхана 
пайдаланушыларының  ақпараттық  қажеттіліктерін  толтыруға  арналған 
интернет-уәкілдікке  ие  бола  алады.  Бұл  модель  әртекті  мамандар  тобын 
басқаратын ауқымымен білім беру ресурстарының бірлестіктері: кітапханашы-
библиограф,  АКТ  педагог,  сондай-ақ  сайтқұру  ерекшелігін  білетін  жоғары 
сынып  оқушылары.  Осындай  жұмыстың  негізділігі  мен  мақсаттылығы, 
тиімділік,  сапасы  оқушылардың  интернет-қызметінің  мониторингісі  арқылы 
байқалады.  
 
Осыдан келесідей сұрақтар туындайды:  
1. 
Интернетте  ақпараттар  табу  мүмкіндігі  бола  тұра  оқушылар  көптеген 
деректерден өзіне қажетті деректерді қаншалықты алады?  
2. 
Оқушылардың  іздену,  технологиялық  дағдылары  (ақпараттық 
сауаттылық) қаншалықты жетіледі?  
3. 
Пайдаланушыларда  қажеттіден  қажетсізді,  жалғаннан  сенімді 
(ақпараттарды  бағалау  және  талдау)  ақпараттарды  ажырата  алу  қабілеттері 
артады ма?  
4. 
Интернет  ресурстар  оқушылардың  зерттеу  жұмыстарын  қаншалықты 
байытады және маңызды ма?  
Жалпы  білім  беретін  мектептерге  толыққанды  кітапхана/медиатекаға  ие 
болу өте маңызды. Ол бүгінгі таңда өте маңызды міндеттерді шешеді:  

білім  алушыларға,  педагог  қызметкерлерге,  ата-аналарға  –  әртүрлі 
тасымалдағыштарда  ақпараттық-кітапханалық  ресурстарды  пайдалану  арқылы 
мәдени  құндылықтар,  идеялар,  білім  алу,  білім  беру  процесіне  қатысушылар 
ақпаратарға қол жеткізеді;  

ақпараттық-коммуникациялық ресурстарға тәуелсіз пайдаланушылардың 


53 
білім, білік, дағдыларын қалыптастырады;  

ыңғайлы  кітапханалық  ортаны  қалыптастыру,  ақпараттық-кітапханалық 
процестерді  компьютерлендіру  мен  жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізу 
негізінде кітапхана қызмет көрсетуін жетілдіруге жағдай жасайды.  
 
 
 


54 
5 Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары жүйесін 
жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар  
 
Жаһандық ғаламданудың кеңеюі, ақпараттық технологиялардың өріс алуы, 
білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Елбасы 
Н.Ә.  Назарбаев:  «Ұлтымыздың  әлеуетін  оятуға  және  оны  жүзеге  асыруға 
жағдай  жасайтын  интеллектуалды  төңкеріс  қажет»,  -  деп  барлық  білім  беру 
жүйесінің  қарқынды  дамуына,  ертеңгі  болашағына  тұғыр  боларлық  міндет 
жүктеді.  
Бүгінгі  күндегі  әмбебап  мамандықтардың  бірі  –  мектеп  кітапханашысы. 
Мектеп  кітапханашысы  имиджі  деген  сұрақ  бүгінгі  күндегі  аса  өзекті 
мәселелердің қатарына жатады.  
Имидж  дегеніміз  –  адамның,  мамандықтың  келбеті,  болмысы,  бейнесі, 
көпшіліктің  қабылдауы.  Әлеуметтік  желілерде  жүргізілген  кітапханашы 
қызметі  туралы  сауалнама  нәтижелері  бүгінгі  күні  мектеп  кітапханашасының 
имиджін  қалыптастыру  бағытындағы  жұмыстардың  қарқынды  жүргізілу 
қажеттілігін  көрсетіп  отыр.  Мектеп  кітапханашыларының  жас  ерекшелік 
тұрғысынан  алып  қарағанда,  бұл  қызметте  қазір  аға  буын  өкілдерінің  басым 
екені  белгілі.  Қазіргі  таңда  бұл  мамандық  кең  таралмаған,  жастар  арасында 
сұранысқа ие болмаған кәсіптің бірі. Кітапханалар жоғары және арнаулы орта 
кітапханалық  кәсіби  білімі  бар  жас  кадрлардың  жетіспеушілігінен  таршылық 
көріп отыр. Мектеп кітапханасы қызметкерлерінің орташа жұмыс өтілі 10-нан 
20 жылға дейінгі және 25 жылдан асқан қызметкерлердің үлесі басым. Соңғы 
уақыттарда мектеп кітапханашысы қызметіне мұғалімдік мамандықты аяқтаған 
мамандардың  тартылып  жатқаны  да  байқалады.  Бұл  қуанарлық  жағдай.  Ең 
күрделісі, жүрек қалауымен емес, сағаттың жоқтығынан осы қызметті атқарып 
отырғандығы  байқалып  отыр.  Сондықтан  мектеп  кітапханашысы  қызметінің 
мәртебесін арттырудың өзектілігі мен маңыздылығы арта түседі. Кітапханашы 
имиджі  туралы  жұмыстар  1990  жылдардан  бастап  жүргізіліп  келе  жатыр. 
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі әлі де мардымсыз, кітапханашы имиджінің 
көбінесе, 
физикалық 
көзқарастарға 
сәйкес 
қалыптасады. 
Мектеп 
кітапханашысын  білімді  адам  ретінде  қабылдағанымен,  бірақ  кітап 
қоймасының иесі ретінде қабылдайтын көзқарастар әлі де қалмаған. Бұған қоса 
мектеп  кітапханашысының  жалақысы  да  сын  көтермейтіндей  жағдайда. 
Сондықтан да бүгінгі күні білім мазмұны өзгеріп, қоғам түбегейлі жаңаруға бет 
алған  кезеңде  мектеп  кітапханашысының  да  имиджін  қалыптастыру 
маңыздылығы  жаңа  белеске  көтеріледі.  Мектеп  кітапханашысының  кәсіби 
құзырет  аясын  таразылайтын  болсақ,  ең  алдымен,  оның  коммуникативтік 
құзыреттілігі  туралы  сөз  қозғау  керек.  Мектеп  кітапханашысы  –  педагог  пен 
оқушының  арасындағы  бар  кедергіні  дәнекерлеуші,  сол  барьерді  жоюшы, 
қарым-қатынастың жалғастырушысы. Бұл мектеп оқушыларының кітапханадан 
өзіне қажеттісін табуда ғана емес, тұлға ретінде жан-жақты ашылып, дамуына 
да  ықпал  етеді.  Білім  беру  ұйымының  басшысы  мектеп  кітапханасының 
оқулықтар  қорын  жасау  мен  оны  уақытылы  толықтыру  жұмысын 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау