40
жағдай жасау.
Мектеп кітапханасының қызметі және басқару:
• мектептің оқу бағдарламасына байланысты қызметі, басымдықтары мен
жоспарлы мақсатында мектеп кітапханасының міндетін айқындайтын саясаты
қалыптастырылуы керек;
• мектеп кітапханасының жұмысы кәсіби нормаларына сәйкес жүзеге асып,
ұйымдастырылуы қажет;
•
мектеп кітапханасы ұсынатын қызметтер мектеп қауымдастығының
барлық мүшелеріне қол жетімді болуы қажет және кітапханалар жергілікті
халық қажеттілігімен жұмыс істеуі керек;
•
мектеп кітапханасының мұғалімдер, мектеп басшылығы, әкімшілікпен,
ата-аналармен, басқа да кітапхана қызметкерлер, ақпарат саласындағы
мамандармен ынтымақтастығын мадақтау.
Мектеп қызметкерлері, басшылары мен мектеп кітапханашыларына мектеп
кітапханаларын аса тиімді даму бағдарламаларын құруға көмектесу мақсатында
Колорадо штатының білім департаментінде құжат дайындалды. Құжатта
мектеп кітапханаларының дамуы және олардың бағдарламаларын бағалау үшін
төрт деңгейді ұсынады:
• кітапхана аса тиімді, ол жоғары сапалы жұмыстың үлгісі;
• кітапхана жұмысының толық және көпшілік бағыттары тиімді;
•
кітапхана үдемелі, жағымды дамушы. Ол дәйекті түрде қызмет
саласындағы жеткіліксіз дамуын жетілдіру, тиімді дамуда алға жылжиды;
• кітапхана тиімсіз, ол заманауи шынайылықтан қалуда, мүмкін оның
дамуы қандай да бір кедергілерді тежейді.
Бағалау үшін жұмысының негізгі алты бағыттары ұсынылған «Оқыту, оқу
ортасы», «Кітапхана қызметкерлері», «Мектеп кітапханасы дамуының
бағдарламасын қолдау», «Көшбасшылық», «Басқару және ресурстар» және
«Кітапхана қауымдастығы».
Кітапхана қорын жаңарту барысында әдебиеттің көкейкестілігі, жаңалық,
ғылыми және көркемдік құндылықтарын ескеру қажет. Кітапханашылар
қолданыстағы нормативті-құқықтық базаларды білуі керек.
Заманауи мектеп кітапханасы ақпарат жинақтаушы және сақтаушы,
білімдер жиынтығының қуат көзі тәріздес. Бүгінгі күні кітапханалар саласының
көбі ақпараттық-кітапхана орталықтары ретінде қызмет ету үстінде. Осы тұста
дәстүрлі ұйымдастырылған кітапханалар қызметінен басты айырмашылығы –
заманауи мектеп кітапханасына мектепішілік ақпарат пен кітапхана қызметін
басқару үрдісін енгізу. Мектеп кітапханасы басқа құрылымды бөлімшелерге
көмек көрсете отырып, мектептегі ақпараттық деректерге бірыңғай анықтама-
библиографиялық аппарат жасай отырып, жаңа, дәстүрлі емес ақпарат
тасымалдаушыларды қордың құрылымдарына қоса отырып, өз құзыреттілігіне
ұйымдастырушы және үйлестіруші қызметтерін жүктеу.
41
Бүгінгі таңда білім беру процесінің қатысушылары: кітапханашы,
педагогтер, оқушылар – баспа ретінде, сонымен қатар электрондық ресурстар
көмегімен толық және жедел ақпарат алуға тырысады. Ақпаратты тез таба білу,
оны бағалау және өз мүддесіне қолдану әр адам үшін қажетті дағдысына
айналды.
42
4 Мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту
Қазіргі кезде жалпы білім беретін ұйымдарда мектеп кітапханасын
толықтыруға байланысты көптеген мәселелер орын алып отыр. Мектеп
кітапханасының ресурстық базасы жеткіліксіз қаржыландыруына байланысты
кітап және ақпараттық нарық мүмкіндіктері жағынан едәуір артта қалып келеді.
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы бос уақытта кітап оқу мен ағымдағы оқу
процесін қамтамасыз етіп қоймай, білім беру ұйымдарындағы жаңартылған
білім берудің ақпараттық, тәрбие орталығының ресурстық базасы болып
табылады. Яғни мектеп кітапханасы тек ақпаратты сақтау орталығы емес,
сонымен бірге оқырманға ақпаратты пайдалануға жағдай жасау қажет. Мектеп
кітапханасының міндеті пайдаланушылардың сыни ойлау және барлық
ақпараттар түрлерін тиімді қолдануына түрткі бола отырып, барлық мектеп
қауымдастығына оқу бағдарламаларын, кітаптар және басқа да ақпараттық
ресурстарды ұсыну.
Ақпараттандыру арнасында мектеп кітапханасының (барлық білім беру
процесіне қатысушылары – оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) әлеуметтік
белсенділігінің жеке аспектілері өзгеріп дамиды. Осылайша академиялық
еркіндік және біртұтас оқу бағыттылығымен электрондық ресурстар базасы
арқылы оқушылардың жеке тұлғасын дамыту мәселелерінің шешімдерін
тоғыстыратын жиынтықтарын жасау қажет болып отыр. Онда мектеп
кітапханасының желілік өзара әрекеттестігі тиімді. Бұл технологиялық,
әлеуметтік-ақпараттық және педагогикалық жүйе мектеп кітапханашысының
функционалдық міндеттерін әртараптандырады, яғни бір жағынан мектеп
кітапханашысының міндеті мен дәстүрлі миссиясын үйлестіру арнасында
әдіскер, жүйелік әкімшіинтернет-жобалар модераторы міндеттерімен, екінші
жағынан мектеп педагогы міндетімен педогогтық құзыретін жүзеге асыру
арнасына алмастырады. Мектеп кітапханашысы бұл қызмет бағыттарына
жетекшілік және мектеп кітапханасының желілік өзара әрекеттестігінде
бірлескен мектеп тобына басшылық етеді.
Отандық педагогиканың озық өкілдері оқушылардың оқудағы
жетістіктерінің деңгейін жетілдіруге кітапхана ресурстары мазмұнының
ықпалына көңіл аудара отырып, мектеп кітапханасы қашанда оқу-тәрбие
процесінің маңызды буыны ретінде қарастырған. Білім беру ресурстарының
(оқулықтардың жеке топтамасы, жұмыс дәптерлері – жеке қолданатын
құжаттық білім беру ресурстары, ОӘК басқа элементтері) жеке жүйесін
қалыптастыру үрдістері күшейтілетін, бүгінгі таңдағы оқу ақпараттарына үнемі
қол жеткізудің бірден-бір шарттары болып табылады.
Кітапхана тез қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-білім беру
кеңістігінің бөлігі. Кітапхана ақпараттық ресурстарды жинақтау мен олардың
қолжетімділігін қамтамасыз ететін мәдени және білім беретін, ғылыми және
көмекші әлеуметтік институт болып табылады. Ақпараттық ресурстық кең
таңдауы бар жағдайда жас оқырмандарды ақпараттық ізденістің оқудың ерекше
типіне – жылдам оқу, түрлі белгі-символдық белгілерді түсіну және шифрын
Достарыңызбен бөлісу: |