БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Тақырыбы: «MS Excel кестелік процессор. Диаграмма шеберімен жұмыс»
Пән: ИНФОРМАТИКА
Мамандығы: «Мейірбиек ісі»
Курс: І
Құрастырған: Гупранов Қ.С.
ТАҚЫРЫБЫ:” MS Excel кестелік процессор. Диаграмма шеберімен жұмыс ”
Сабақ мақсаты: Студенттерді Excel қолданбалы программалар пакетін қолдануды үйрету.
Студент білуі керек:
Excel программасының тағайындалуын
Excel программасының мүмкіндіктерін
Студент істеуі керек:
Excel программасын қосу
бастапқы мәліметтер енгізу
бастапұы мәліметтер кестесін фрматтау
жаңа жұмыс еітабын құру
көшіруді орындау
беттермен жұмыс істеу
формулалармен жұмыс істеу
диаграммалар құрастыру
диаграммаларды редактрлеу
кестелер мен диаграммаларды Excel программасынан Word-қа апару
Базистік сұрақтар:
Windows операциондық жүйесі
Терезелермен жұмыс істеу
Менюмен жұмыс істеу
«Тышқанмен» жұмыс істеу
Файлдармен жұмыс істеу (құру, көшіру, атын өзгерту)
Word мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:
Диаграмма құрастыру
Диаграмма типін таңдау
Мәліметтер диапазонын көрсету
Диаграмманың түрлі элементтерінің күйін келтіру (тақырып енгізу, осбтер бойынша жазуларды енгізу, және т.б.)
Диаграмманы редактрлеу
Диаграмма типін өзгерту
Диаграмма жазуларын редактрлеу
кестелер мен диаграммаларды Excel программасынан Word-қа апару
Оқытушымен жұмыс
Диаграммаларды құрастыру. Диаграммаларды құрастырудың негізгі ережелері.
Диаграммаларды құрастыру Excel жиі қолданатын мүмкіндіктерінің бірі.
Әдетте диаграммалар диаграммалар мастерінің көмегімен құрылады. Оны Вставка менюінің Диаграмма опциясы арқылы немесе Стандартная саймандар панелінің Мастер диаграмм батырмасын шерту арқылы шақыртуға болады.
Диаграмма төрт қадамда құрылады:
Диаграмманың сыртқы түрі таңдалады. Диаграмманың сыртқы түрлері Стандартные вкладкасында көрсетілген. Егер берілген варианттар жарамаса, Нестандартные вкладкасына көшуге болады. Соңғы нәтижесін бағалау үшін Просмотр результата батырмасын қолдануға болады.
Келесі қадамға көшу үшін Далее батырмасын басу керек. Қадамдардың жалпы саны және ағымдағы қадам диаграммалар мастерінің тақырыпшасында көрсетіледі.
Екінші қадамда Диапазон данных вкладкасында мәліметтер диапазонын көрсетуге болады (Диапазон өрісі). Және де мәліметтердің орналасуын көрсетуге болады (Ряды в Строках немесе в Столбцах). Ряд вкладкасында мәліметтер қатарының әрқайсысына ат беруге (Ряд тізімі, Список және Значение өрістері) және Х осінің жазуы ретінде қолданылатын мәліметтерді көрсетуге болады (Подписи оси Х).
Үшінші қадам диаграмманың түрлі элементтерін пішімдеуге мүмкіндік беріледі (диаграмма тақырыбын және осбтер аттарын енгізу).
Төртінші қадамда диаграмманың қайда орналасатынын белгілеу керек. Диаграмманы екі жерге орналастыруға болады: Поместить диаграмму на листе: Отдельном немесе Имеющемся. Готово батырмасын басқан соң, диаграмма құрастыру аяқталады.
Диаграмманы редактрлеу.
Диаграмманы құрастырған соң оны редактрлеу қажеттілігі туындайды. Мысалы, оның орналасуын немесе өлшемін өзгерту қажет.
Диаграмманы редактрлеу үшін оны нысан сияқты белгілеу (белсенді ету) – диаграммада тышқанның сро жақ батырмасын шерту керек. Бұл кезде диаграмма суретінің айналасында кішкентай квадраттар пайда болады. Осындай кішкентай квадраттардан құрылған рамканың пайда болуы белгіленген нысанның редактрленуі болып жатқанын білдереді.
Диаграмманы редактрлеуді Диаграмма саймандар панелінің көмегімен орындаған ыңғайлы. Бұл панель диаграмма немесе оның элементерінің бірі белгіленген кезде пайда болады.
Диагрраманы редактрлеудің негізгі тәсілдерін қарастырайық.
ДИАГРАММАНЫҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУ.
Алдымен диаграмманы белгілейді. Диаграмманың орнын ауыстыру үшін оның шетін тышқанмен ұстап, беттің кез келген жеріне апаруға болады.
ДИАГРАММА ӨЛШЕМДЕРІН ӨЗГЕРТУ.
Диаграмманы құрастырған соң кейбір элементтерге орын жетпей қалады немесе, керісінше, тым үлкен болып қалуы мүмкін. Бұл кемшілікті жою оңай. Тышқанмен диаграмманың кезк елген элементін шертіп қалғанда, олардың шеттерінде кішкентай квадраттар пайда болады. Олардың кез келгенін ұстап, өлшемдерінің ұлғаюы немесе кішірею жағына тартуға болады. Басқа тәсілі: рамка шетіне тышқан нұсқағышын апарып, нұсқағыш екі жақты стрелка түріне ие болғанда тышқанның сол жақ батырмасын басып, рамканы созу немесе қысу керек.
Егер бүкіл диаграмманы белгілесеңіз, өлшемдердің ұлғаю не кішіреуі диаграмманың барлық элементтеріне қатысты болады.
ЖАЗБАЛАРДЫ РЕДАКТРЛЕУ.
Жазбаны диаграмма элементі ретінде белгілеңіз. Осыдан кейін қажетті түрлендіулер өткізіңіз. Мысалы, жазбаның орнын ауыстырыңыз немесе шрифт типі мен өлшемін өзгертіңіз.
ДИАГРАММАНЫ ӨШІРУ.
Диаграмманы өшіру үшін оны нысан ретінде белгілеу (редактрлеу режиміне кіру) керек. Осыдан соң пернетақтада Delete пернесін басу керек.
Кестелер мен диаграммаларды Excel программасынан Word-қа апару.
Excel пакетінің ең маңызды ерекшелігі кестелермен жұмыс істеу ыңғайлылығы болып табылады. Көп жағдайда кестелерді Word-та істегеннен гөрі алдымен Excel пакетінде құрастырып, сосын оны Word-қа жіберген ыңғайлы.
Excel пакетінен мәліметтерді тасымалдауды мәліметтерді тасымалдау буферін қолданып көшіру арқылы орындау ыңғайлы. Мысалы, егер кестені (немесе диаграмманы) Word редакторына тасымалдау қажет болса, бұл кестені (немесе диаграмманы) белгілеп, Excel пкетінің саймандар панелінде Копировать батырмасын басу керек. Сосын Word пакетін шақыртып, курсорды кесте (немесе диаграмма) орналасатын мәтіннің бөлігіне апарып Word саймандар панеліндегі Вставить батырмасын шертіңіз. Осы тәсілмен мәліметтерді Excel-ге импорттау орындалады.
Word-та тасымалданған диаграмманы редактрлеу мүмкіндіктері шектеулі, мысалы құжат өрістерімен орын ауыстыру және Excel-дегі тәсілдер сияқты өлшемдерін өзгерту.
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС.
Диаграмманы «Стипендия» кестесінің мәліметтерінің негізінде құрастыру.
Стипендия тағайындау нәтижелерінің негізінде диаграмма құрастыру үшін жаңа бет керек. Оны контекстті меню көмегімен құрастыруға болады. Беттің атын Диаграмма деп атаңыз.
«Орташа балл» диаграммасын құрастыру.
Стандартная саймандар панелінен Диаграммалар мастерін шақыртыңыз.
Диаграмманың сыртқы түрін таңдаңыз «Стандартная» с областями (2 вариант). Далее;
Мәліметтер диапазонын (Диапазон данных) таңдаңыз. Диалогтық терезеде енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, ол жинақталады, Стипендия бетінің ярлыгына шертіңіз де, орташа балы бар ұяшықты (С бағаны) белсенді етіңіз. Жиналған терезені енгізу өрісінің соңындағы батырмаға қайта басу арқылы ашуға болады
Диапазон: =Стипендия!$С$6:$С$35;
Ряд в: столбцах. Далее.
Заголовки: Название диаграммы: Орташа балл;
Легенда: Добавить легенду: внизу жалаушасын орнатыңыз;
Подпись данных: Подписи значений: нет жалаушасын орнатыңыз. Далее.
Поместить диаграмму на листе: Имеющемся жалаушасын орнатыңыз. Готово.
Диаграмманы редактрлеңіз. Жоғарыда көрсетілген сипаттама бойынша диаграмманың өлшемдерін өзгертіңіз. Осы диаграмма көмегімен студенттердің үлгерімін сырттай көруге болады.
«Стипендия тағайындау» диаграммасын құру.
Тағайындалған стипендия нәтижелері бойынша диаграмманы «Средний бал» диаграммасын құрғандай жаңадан құрыңыз
Диаграмманың сыртқы түрін таңдаңыз: «Стандартная» с областями (5 вариант). Далее;
Мәліметтер диапазонын (Диапазон данных) таңдаңыз. Диалогтық терезеде енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, ол жинақталады, Стипендия бетінің ярлыгына шертіңіз де, орташа балы бар ұяшықты (Е бағаны) белсенді етіңіз. Жиналған терезені енгізу өрісінің соңындағы батырмаға қайта басу арқылы ашуға болады:
Диапазон: =Стипендия!$Е$6:$Е$35;
Ряд в: столбцах. Далее.
Заголовки: Название диаграммы: Стипендия тағайындау;
Легенда: нет;
Подпись данных: Подписи значений: нет жалаушасын орнатыңыз. Далее.
Поместить диаграмму на листе: Имеющемся жалаушасын орнатыңыз. Готово.
Диаграмманың өлшемдерін және орналасуын өзгертіңіз. Диаграмма саймандар панелінің және Формат области диаграммы элементінің көмегімен:
• Вкладка Вид: Рамка: обычная; Заливка: бірінші диаграмма үшін – көк, екіншіге- қызыл;
• Вкладка Шрифт: Шрифт: Arial Black; Начертание: Regular; Размер: 12. Тақырыпшалар үшін - 16. ОК.
Диаграмма құрастырудың негізгі қадамдарын атаңыз.
Диаграмма типін қалай таңдайды?
Диаграмма типін қалай өзгертеді?
Диаграмманың орнын қалай ауыстырады?
Диаграмма өлшемдерін қалай өзгертеді?
Диаграмма тақырыбын қалай енгізеді?
Диаграмма осьтеріндегі жазбалар қалай енгізіледі?
Жазбалар қалай редактрленеді?
Диаграмма фонының түсі қалай өзгереді?
Диаграмманы қалай өшіреді?
Мәліметтерді Excel программасынан Word-қа қалай экспорттайды
Әдебиеттер тізімі:
Қ.Ж.Құдабаев «Информатика» (оқу құралы) Алматы, 2012 ж
Гельман В.Я. Медицинская информатика практикум. (2-е изд.) – СПб: Питер, 2002
Достарыңызбен бөлісу: |