О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет51/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69

189
Орынғазы Әбутәліп
4.  Тендерге хабарландыру.
5.  Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыру.
6.  Жалпылама хабарландыру.
Хабарландыруға тән белгілер:

Ресмилік 

Қысқа

Нақты

Анықтық 

Хабарландыру

Көпшілікке арналған
Хабарландырудың берілу жолдары:

Теледидар

Радио

Газет

Афишалар

Интернет

Жүгіртпе жол

Телефон және т.б. 
õ
 Хабарландыру түрлерінің өзіндік ерекшеліктері:
1 Бос орынға хабарландыруда
Жұмыс орнына тиісті 
«талаптар» болады. 
2 Мәжіліс, жиналыстарға 
хабарландыруда
«Күн тәртібі» толық 
жазылады.
3 Мәдени шараларға хабарландыруда
«Бағдарламасы» ұсынылады.
4 Тендерге хабарландыруда
«Шарттары» ұсынылады.
5 Жылжымайтын мүлікті, құнды 
заттарды сатуға хабарландыруда
«Сипаттамасы» жазылады.
6 Жалпылама хабарландыруда
«Жалпылама әртүрлі мәселелер» 
көрсетіледі.
6
Құрылымы:
1.  Құжат атауы.
2.  Негізгі мәтіні. 
3.  Осы  хабарландыруды  таратқан  бөлімнің  атауы  немесе  мекеменің 
(жеке тұлғаның) мекенжайы мен байланыс мәліметтері.


190
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
 1-үлгі. Бос орынға хабарландыру
Хабарландыру!
«Жетісу»  АҚ  қаржы  бөлімінің  кеңсе-менеджерлері  қызметінің  бос 
орнына байқау жариялайды. 
Байқау 14 сәуір күні сағат 15.00 -де «Жетісу» АҚ филиалында тест 
негізінде өткізіледі. 
Талаптар:
1.  Жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
2.  Жасы 23-тен 27-ге дейін;
3.  Жеке куәлік, ӘЖК (СИК), СТТН (РНН), еңбек кітапшасы;
4.  6 дана 3х4 суреті 
міндетті түрде болуы керек.
Байланыс тел.: 277-77-77.
,
 2-үлгі. Бос орынға хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Жұмысқа  орналастыру  жөніндегі  агенттіктер  мен  бюролар,  сондай-
ақ  телекоммуникация  саласында  инженерлік  мамандығы  бар  жеке 
тұлғалардың назарына.
“Қазақтелеком”АҚ  Мамандық  деңгейін  көтеру  орталығы  (МДКО) 
жанынан Қоғам мұқтаждығы үшін ведомстволық нормативтік-техникалық 
құжаттар әзірлеумен және дамытумен айналысатын бөлім құрылмақшы.
Бөлімнің штаттық кестесінде мынадай бос орындар бар: 
– бас маман; 
– жетекші маман; 
– I санатты маман; 
– II санатты маман. 
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар: 

Бос  орындарға  мамандық  бойынша  жоғары  техникалық  білімі  не 
ұжымды  техникалық  жағынан  басқару  жөнінде  мол  іс-тәжірибесі  бар, 
ғылыми,  жобалық,  нормативтік-техникалық  немесе  басқа  да  құжаттама 
түрлерін әзірлеумен айналысатын білікті инженерлер шақырылады.


191
Орынғазы Әбутәліп

Кәсіби  білімі  және  нормативтік-техникалық  құжаттамамен 
(НТҚ)  жұмыс  істеу  дағдысының  болуы,  телекоммуникация  саласының 
қалыптасу және даму негіздерін білуі қажет.

Қарым-қатынасқа бейімділіктің болуы.

Microsoft  Office  (Word,  Excel,  Autocad)  бағдарлама  пакеттерін, 
ЭҚА (электронды құжат айналымы) білу. 

Құжат айналымы және ісжүргізу негіздерін білу.
Жұмысқа  орналасу  мәселелері  жөнінде  мына  телефондарға 
хабарласуға болады: 2-58-48-51, факс: 2-25-63-81. 

3-үлгі. Радиоға хабарландыру
Хабарландыру!!!
Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер!
Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе? Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім.
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім, іздеймін, тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
 
Сіздерді 17 ақпан күні болатын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 
шығармашылығына  арналған  театрландырылған  поэзия  кешіне 
шақырамыз
Кеш сағат 17.00-де №414 дәрісханада өтеді. 
Келіңіздер, көріңіздер!
«НҰР» студенттер клубы


192
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
 4-үлгі. Мәдени іс-шараларға хабарландыру
Хабарландыру!
2003 жылдың 8 мамыры күні таңертеңгі сағат 10.00-де университеттің 
мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтеді.
Бағдарламада: 
1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі.
2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.
3. Көркемөнерпаздардың концерті.
Ректорат
,
 5-үлгі. Мәдени іс-шараларға хабарландыру
Хабарландыру!!!
Бүгін, 22 қыркүйек күні – Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі 
күні.
Осы мерекені Халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, композитор, 
аудармашы  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  150  жылдық  мерейтойына 
арнаймыз.
Бағдарламада:
1.  Студенттердің  қатысуымен  Шәкәрімнің  өмірі,  шығармашылығы 
туралы  сахналық  көріністер  болады.  Ақынның  өлеңдері,  күйлері 
орындалады. 
Кешке  Шәкәрімді  зерттеп  жүрген  ғалымдар,  ақын-жазушылар  – 
Қалихан Ысқақ, Нұрлан Оразалиндер қатысады.
Әншілер:  “Жаңа  ғасыр  –  жаңа  ән”  және  Халықаралық  байқаудың 
лауреаттары Тамара Асар, Гүлнұр Өмірбаева қатысады.
 Баршаңызды игі шараға шақырамыз. 
 Өтетін орны: ХБА, Конференц. зал.
22.09.2010. Сағат 16.00. 
 
Тілдер кафедрасы


193
Орынғазы Әбутәліп
,
 6-үлгі. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
2009 жылдың 16 маусымы күні сағат 10.00-де кафедра мәжілісі №382 
дәрісханада өтеді.
Күн тәртібінде:
1. 2009-2010 оқу жылының жоспарын бекіту – Құрманбай К.С. 
2.  1-ші  курс  студенттеріне  арналған  диагностикалық  тесті  бекіту  –  
Әміреев Н.Ә., Тұманова А.Б.
3. 2009-2010 оқу жылына арналған пән силлабустарын талқылау, бекіту – 
кафедра оқытушылары.
4.  2009-2010  оқу  жылының  жүктемесіндегі  өзгерістер  туралы  –  
Құрманбай К.С.
5.  Кафедрадағы  бос  орындарға  үміткер  оқытушыларды  ұсыну  –  
Құрманбай К.С.
6. Әртүрлі мәселелер.
Төраға: Құрманбай К.С. 
Хатшы: Маңғышева Ж.С. 
,
 7-үлгі. Жалпылама хабарландыру
Хабарландыру!
ҚЭФ-тің  2-курс  студенттері  Оралбеков  Әділет  пен  Мырзақұлов 
Айдынды  Лондон  қаласында  өткізілген  “Экономика»  пәні  бойынша 
халықаралық  олимпиададан  алған  бірінші  жүлделі  орындарымен 
құттықтай  отырып,  үлкен  жетістіктерге  жете  берулеріне  тілектестік 
білдіреді.
ҚЭФ деканаты


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау