О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет50/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69

185
Орынғазы Әбутәліп
АЛҒЫСХАТ!

 Анықтамасы:
Алғысхат дегеніміз – адамның ізгі ниетін, ықыласын білдіретін және 
ресми түрде үздік еңбегі үшін айтылатын арнайы құрмет. 
6
 Құрылымы:

Хат атауы

Алғыс білдіру себебі

Құттықтаушының лауазымы, аты-жөні
1-үлгі
Алғысхат!
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  орай  Абай 
атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінде  өткізілген 
«Тәуелсіздік  –  ел  тілегі»  атты  кездесу  кешіне  келіп  студенттерге 
отаншылдық тұрғыдан тәрбиелік кеңес бергені үшін Айзере Ержанқызына 
алғыс білдіреміз!
Факультет деканы:        Ә.Әбдіғазыұлы
2-үлгі
Алғысхат!
Құрметті Гүлмира Мұхаметқызы!
 
Сіздің  облыстағы  басқару  органдары  қызметкерлері  арасында  төл 
тілімізді  жұмыс  және  ісқағаздарын  жүргізу  тіліне  айналдыруға  қосқан 
қажырлы  еңбегіңізді  жоғары  бағалаймын.  Әрі  облыс  жұртшылығына 
мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда белсенділік танытып жүргеніңізге 
алғысымды білдіремін.
      (лауазымы)                                (қолы)                             (аты-жөні)


186
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
 Тілдік бірліктер:
•  шын жүректен құттықтаймын
•  шын жүректен ризашылығын білдіреді
•  тәжірибелі әріптес ретінде
•  белсенділік көрсеткеніңізге
•  белсене араласқаныңыз үшін
•  жастар тәрбиелеуде қосқан үлесіңіз үшін 
•  мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқаныңыз үшін 
•  ризашылығымды білдіремін 
•  алғыс білдіру  
•  алғыс хат 
•  алғыс білдіреміз
•  алғыс айтамыз
•  біліктілігі үшін
•  зор сенім білдіреміз
•  мықты денсаулық
•  табыс
•  баянды бақыт 
•  құт-береке тілеймін
•  біліктілігі үшін  
•  білімді маман ретінде  
•  елеулі еңбегі үшін  
•  зор алғыс білдіреміз  
•  зор сенім білдіреміз  
•  мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқаны үшін  
•  салтанатты түрде марапаттау  
•  тәжірибелі әріптес ретінде  
•  шын жүректен 
•  ризашылығын білдіреді
1-жаттығу: Алғысхатты қазақ тіліне аударыңыз.
Уважаемые партнеры!
Выражаем Вам нашу искреннюю благодарность и глубокую призна-
тельность за плодотворное сотрудничество в уходящем 2009 году. 
Мы верим в сохранение сложившихся деловых и дружеских отноше-
ний,  надеемся  на  дальнейшее  взаимовыгодное  сотрудничество  в  2010 
году. Желаем успешного развития и достижения новых вершин в бизнесе.
С уважением,
Директор ТОО “Индиго” 
И. Иванов 


187
Орынғазы Әбутәліп
2-жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. Президент / білдіремін / жүректен / сайлауы / кезіндегі / ризашылық 
/ үшін / шын / азаматтық / Сізге / белсенділігіңіз. 
2. Отан / халқымыздың / деп / болашағы / перзенттік / сәтте / сергектік 
/ білгеніңізді / табыла / адалдық / парызға / тарихи / парасат / биігінен / 
еліміздің / алдындағы / ертеңі / таңдауға / саяси / түскен / танытып / түсініңіз.
3.Деніңізге  /  бақ-береке  /  еңбегіңізге  /  тілейміз  /  табыс  /  саулық  / 
отбасыңызға 
h
 Сөздік және сөз тіркестері:
алғыс білдіру  
– выразить благодарность
алғысхат  
– благодарственное письмо
белсене араласқаныңыз үшін   – за активное участие
біліктігі үшін  
– за профессионализм
білімді маман ретінде  
– как образованного специалиста
елеулі еңбегі үшін  
– за достойную трудовую деятельность
зор алғыс білдіреміз  
– выражаем огромную благодарность
зор сенім білдіреміз  
– выражаем большое доверие
мемлекеттік тілді дамытуға   – за внесение вклада в развитие
үлес қосқаны үшін  
 государственного языка
салтанатты түрде марапаттау   – торжественное награждение
тәжірибелі әріптес ретінде  
– как опытного коллегу
шын жүректен 
ризашылығын білдіреді  
– выражает искреннюю благодарность


188
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
 23-cабақ 
ХАБАРЛАНДЫРУ!

 Анықтамасы:
Хабарландыру  дегеніміз  –  мекемелердің,  ұйымдардың  атынан 
оның  мүшелеріне  алдағы  болатын  іс-шаралар  туралы  хабарлап 
жеткізетін ісқағазының бір түрі.
Хабарландыру  қандай  да  бір  іс-шараның  өту  мерзімін,  уақытын, 
мекенін хабарлау үшін беріледі. Хабарландырулармен теледидар, радио, 
газет және хабарландыру тақталары арқылы танысуға болады. 
Хабарландыруда хабарланғалы отырған нәрсенің мерзімі, күні, айы, 
жылы және уақыты мен мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Хабарландырудың  соңында  хабарландыру  беруші  мекеме,  ұйым, 
әкімшіліктік  атауы  жазылады.  Хабарландыру  көлемі  жағынан  әртүрлі 
және еркін мәтінді болып келеді.
Хабарландырудың басты мақсаты – көпшілікке нақты бір мәліметті 
жеткізу.  Бұл  мәлімет  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Мысалы,  егер  тұлға  өз 
мүлігін  сатса,  ол  хабарландыруда  оның  сипаттамасын  міндетті  түрде 
жазу керек. Ал егер мекеме ішінде бір шара өткізілсе, онда оның уақыты 
мен өткізілетін орны жазылуы керек.
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос 
қызмет  орындарына  конкурс  жариялау  үшін  де  хабарландырулар  жа-
рияланады.  Хабарландыруларда  қызметке  алынатын  кандидатураға 
қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады
Хабарландырулармен  теледидар,  радио,  газеттерден  және  хабар-
ландыру  тақталары  арқылы  танысуға  болады.  Хабарландыру  әртүрлі 
жағдайлар,  мысалы,  бос  қызмет  орны  туралы,  жылжымайтын  мүлікті 
сату,  сатып  алу  және  қандай  да  бір  қызмет  түрлерін  ұсыну  туралы, 
сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабар-
лау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады. 
Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші – қандай 
мекеме байқау жариялайтыны, екінші – қандай қызмет орнына жария- 
лайтыны,  одан  кейін  үміткерлерге  қойылатын  талаптар  мен  конкурсқа 
қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекен-
жайы көрсетіледі.
Хабарландыру  хабарландырылатын  мәселенің  мазмұнына  қарай  6 
түрге бөлінеді:
1.  Бос орындарға хабарландыру. 
2.  Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру. 
3.  Мәдени шараларға хабарландыру. 


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау