НұСҚаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім беру бағдарламалары орталығы ОҚУ-Әдістемелік басылымдарды әзірлеу туралы нұСҚаулық Нұр-Сұлтан 2020 Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеу туралы нұсқаулық


-тарау. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСЫЛЫМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ



жүктеу 1,22 Mb.
Pdf просмотр
бет13/29
Дата18.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#42650
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
582-Методичка НМС каз 05112020 на печать

4-тарау. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСЫЛЫМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлемес бұрын адам алдымен өзін қай мәртебеде 
ұсынатынын анықтап алуы керек, мысалы: автор, авторлық ұжым мүшесі, құрастырушы.
Автор 
– оқу, оқу-әдістемелік материалдарды өзінің шығармашылық жұмысы негізінде 
әзірлеген жеке тұлға.
Авторлық ұжым 
– басқа адамдармен, авторлармен бірлесе отырып оқу-әдістемелік 
материалдар әзірлеген жеке адамдар тобы.
Құрастырушы
– қандай да бір басылым түрін (хрестоматия, библиография, жинақ 
және т.б.) құрастырумен айналысатын жеке тұлға. Құрастырушы материалдарды жинақ-
тап, іріктеуге немесе орналастыруға, соның нәтижесінде өзі жасаған өнімнің өзгешелігін 
білдіруге қатысты авторлық құқықты иеленеді. 
Оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге (жазуға) кіріспес бұрын оларға қойылатын 
жалпы талаптарды және оның кезеңдерін білу өте маңызды. 
1-кезең. 
Қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдебиеттерге шолу жасау.
Оқу-әдістемелік басылымдардың кез келген түрін әзірлеуді бастамас бұрын, ең алды-
мен, жазуға жоспарланған тақырыпты жақсы түсініп, сол тақырыпқа қатысты нормативтік 
құқықтық базаны және соңғы жарияланған басылымдарды зерделеу қажет. 
2-кезең.
Пәннің оқу бағдарламасын зерделеу.
Болашақ басылымның мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес болуы және онда қарас-
тырылған мақсаттарды қамтуы тиіс. Әзірлеу немесе құрастыру кезінде қолданыстағы 
оқулықтарды да зерделеу қажет, өйткені, олар оқу бағдарламасының барлық тақырыптары 
бойынша материалдарды қамтиды.
3-кезең.
Болашақ жұмыстың мақсатын, оның міндеттері мен өзектілігін анықтау. 
Оқу-әдістемелік құралдарды жазуды, әзірлеуді бастағанда әзірленетін құралдың 
мақсатын дұрыс тұжырымдау қажет. Таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді жинақтап, 
алғашқы зерделеуден кейін 
негізгі проблеманы
анықтап және оны қалай шешуге болатыны 
туралы ойланып алу керек. «Оны шешу үшін не істеу қажет?» деген сұрақтың жауабы 
әдістемелік жұмыстың 
мақсаты
болады, соған сәйкес болашақ жұмыстың теориялық 
және практикалық бөлігі негізделіп, жазу жоспары құрылады. 
Мақсат нақты және түсінікті болуы тиіс. Анық, нақты белгіленген мақсат жұмыстың 
басынан аяғына дейін логикалық байланыс пен жүйелілікті қамтамасыз етеді және онда 
қарастырылатын міндеттерді анықтауға көмектеседі.
Жұмыста қандай 
міндеттер
ашылуы тиіс екенін анықтау үшін мына жайтқа назар 
аударған жөн: яғни жазылатын жұмыстың міндеті 
тақырып
пен 
мақсаттан
туындайды. 
Жұмыстың міндеттері бірнеше болуы мүмкін: бірақ барлығы тақырыппен байланысты 
болуы шарт. Міндеттердің нақтылығы авторға өз материалын оқырманға қалай ұсынуы 
керектігін, жүйесін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Жазылатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан кейін оның 
өзек-
тілігі
, яғни таңдап алынған тақырыптың белгілі бір мәселені шешу үшін маңыздылығы 
негізделеді және не себепті бұл құралды дәл осы кезеңде педагогикалық ортаға ұсыну 
қажет болғаны дәлелденеді.

жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау