Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,52 Mb.
#527
түріНұсқаулар
1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


География және туризм кафедрасы
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Өндірістің техникалық-экономикалық негізі пәні бойынша
050609 – География мамандығының студенттері үшін

Павлодар



ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Әдістемелік нұсқаулардың

бекіту парағы


БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

______________Қ.Қ.Ахметов

«__»___________200 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Б.А.Ахметова __________

оқытушы А.Е. Егінбаева __________

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Өндірістің техникалық-экономикалық негізі пәні бойынша


050609 – География мамандығының студенттері үшін
География және туризм кафедрасы

«__»_______________ 200__ж., хаттама № кафедра мәжілісінде ұсынылды


Кафедра меңгерушісі ______________ А.А. Калиева
Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«__»_______________ 200__ж., хаттама №
ОӘК төрайымы __________________ У.Д.Буркитбаева


АҢДАТПА
«Әдістемелік нұқсаулар» пән бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Әдістемелік нұсқаулардың негізгі мақсаты студенттерге өндірістің техникалық және экономикалық негіздерін меңгерту болып табылады.

Әдістемелік нұсқауларда 9 тақырып қарастырылып, әрбір тақырыптың басында тапсырмалардың орындалу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар ғылыми білімдерін толықтырып қана қоймай, алған білімдерін тәжірибелік мақсатта қолдануға бағытталған.



Әдістелемік нұсқаулар студенттерге, жас мамандарға, университет оқытушыларына және ізденушілерге де қолдануға арналған.

Арнайы зертханалық аудиторияларда зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында сақталатын қауіпсіздік техника ережелері
1 Жұмыс істеу барысында сақталатын қауіпсіздік техникасы:

  • зертханаларда оқытушы немесе лаборант болмағанда, оқытушының рұқсатынсыз белгіленбеген уақытта жұмыс істеуге болмайды;

  • адамның өмірі мен денсаулығына төнген қауіпі, денсаулықтың нашарлауы, ауыр науқастың пайда болуы жөнінде оқытушыны міндетте түрде хабардар ету;

  • құрал-жабдықтар мен аспаптардың жұмысқа жарамдылығын алдын ала анықтау;

  • құрал-жабдықтар мен аспаптардың жұмысқа жарамсыздығы анықталған жағдайда міндетті оқытушыға ескерту және оны жөндегеннен кейін ғана пайдалану;

  • жұмыс орнындағы жарық түсуін қамтамасыз ету;

  • бөлмеде міндетті тазалық сақталуы тиіс, үнемі таза ауа болу керек, жануарлардың (аквариум, құстың торы) орны да таза болғаны міндетті;

  • санитариялық нормалар сақталып, жұмыс істеу және демалу тәртібі орындалу керек;

  • кафедраның әрбір қызметкері өрт сөндіру құралдарының және өртке қарсы су құбырының орналасу орнын білуге міндетті;

  • аудиториялардағы басты кіре берістің алдындағы орнын және қызметкерлерді эвакуациялау жолдарын жабуға болмайды;

  • әрбір қызметкер апатты жағдайлар немесе өрт жағдайында жәрдем эвакуациялау жоспарын білуге тиісті. Эвакуция сызбалары әрбір қабатта ілінеді;

  • аудиторияларда күрт жанатын, күрт жарылатын заттарды, жаңғыш сұйықтықтарды ұстауға болмайды, электр құралдарды, электр аспаптарды қосып қалдыруға болмайды; электр-жылыту аспартарын өртті қадағалау органдарымен келісілмеген жерде пайдалануға болмайды; жұмысқа жарамсыз розеткаларды, жарықтау және қосу қорапшаларын пайдалануға тыйым салынады;

  • аспаптарды, механизмдер мен аппаратаруны қауіпсіз ретімен өшіру қажет, ал егер құралдар үздіксіз жұмыс істейтін болса, оларды басқа кезектегі қызметкерлерге тапсыру міндетті;

  • жұмыс орнын таза күйінде қалдыру;

  • жеке басының гигиенасы мен өндірістік санитария қағидаларын сақтау шарт;

  • жиһазға зақым тиген жағдайда міндетті оқытушыға немесе лаборантқа баяндау тиісті.

2 Денсаулығына зақым тигенде, уланған жағдайда немесе күрт науқастанған жағдайда медициналық көмек көрсету әрекеті:

  • қажетті жағдайда өртке қарсы қызметінің 01 нөміріне және жедел жәрдем қызметінің 03 нөміріне телефон соғу міндетті;

  • электр тогы тигенде токтың әсерін рубильникті өшіріп, сымды балтамен шауып, сымды зардап шеккенге тимегендей таяқпен алыстатып, немесе токқа тиген адамды киімінен ұстап сүйретіп тоқтауға болады;

  • электр тогының әсерін тоқтатқаннан кейін зардап шеккен адамның тынысы болмаса, жүректің соғуы сезілмесе, міндетті жасанды тыныс алу және жүрекке массаж жасау керек;

  • күйгенде көрсетілетін көмек: киімнің жануын тоқтату (адамның үстіне пальто, көрпе жабу, немесе жалынды сумен өшіру), теріге жабысқан бөлшектерін абайлап қиып, жанған киімді шешу, күйген жерлерін зарарсыздандырылған бинт немесе мақтамен, таза орамалмен жабу;

  • қан тоқтату көмегі: жарақаттан жоғарырақ жерін жгутпен (белбеу, жіп т.б.) байлап қанды тоқтауға болады. Жгутты киімнің үстіне байлайды немесе жгуттың астына мата салады. Жарақатқа зарарсыздандырылған бинт байланады. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Егер 2 сағат уақыт ішінде жарақаттанған адамды медициналық пунктерге жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, жгутты 10-15 минутке босату керек. Егер барлық әрекеттер дұрыс жасалынса, адамның қолындағы тырнақтардың түсі қызғылт болып қала береді.

Дәрі-дәрмектер жинағы кафедрада немесе оқу корпусының вахтасында міндетті түрде болу керек.


Мазмұны


Аңдатпа

3

Мазмұны

4

Әдебиет

5

ТАҚЫРЫП 1. Кіріспе.




ТАҚЫРЫП 2. Зертханалық жұмыс №1 - Өнеркәсіп өндірісінің негіздері.

6

ТАҚЫРЫП 3. Зертханалық жұмыс №2 - Металлургия кешені.

7

ТАҚЫРЫП 4. Зертханалық жұмыс №3 - Отын-энергетика өнеркәсібі.

8

ТАҚЫРЫП 5. Зертханалық жұмыс №4 - Химия өнеркәсібі.

9

ТАҚЫРЫП 6. Зертханалық жұмыс №5 - Машина жасау мен металл өңдеу технологиясы.

11

ТАҚЫРЫП 7. Зертханалық жұмыс №6 - Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

12

ТАҚЫРЫП 8. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі.




ТАҚЫРЫП 9. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары.




ТАҚЫРЫП 10. Көлік жүйесі және түрлері.




ТАҚЫРЫП 11. Зертханалық жұмыс №7 - Ауыл шаруашылығы өндірісінің негіздері.

13

ТАҚЫРЫП 12. Егіншілік шаруашылығы негіздер.




ТАҚЫРЫП 13. Ауыл шаруашылығы және мелиорация.




ТАҚЫРЫП 14. Егіс егу жүйесін классификациялау.




ТАҚЫРЫП 15. Мал азығын даярлау мен мал шаруашылығының негіздері.




ТАҚЫРЫП 16. Жер қорлары және оларды ауыл шаруашылығында пайдалану.





Әдебиет
Негізгі:

  1. Бирман А.М.Основы экономических знаний о социалистическом производстве. М., 1982.

  2. Бушмич А.И., Розов В.К. Экономика и организация промышленного производства. М., 1982.

  3. Крючков К.Г. Территориальная организация сельского хозяйства. М.: Мысль, 1980.

  4. Нарциссов В.П. Научные основы систем земледелия. М.: Колос, 1982.

  5. Одум Ю. Основы экологии. М.: Мир, 1975.

  6. Основы промышленного и сльскохозяйственного производства / Под.ред. А.Ф.Куракина. М, 1981.

  7. Плоткин М.Р. Основы промышленного производства. М., 1977. Экономика социалистической промышленности / Под. Ред. Л.Р.Итина и др. М., 1980.

  8. Ракитников А.Н. География селського хозяйства. М.: Мысль, 1970.


Қосымша:

9. Голиков Н.Ф., Ердавлетов С.Р., Булгаков В.В. Практикум по технико-
экономическим основам промышленного производства. А., 1984.

10. Смирницкий Е.К. Экономические показатели промышленности. М., 1980.

11. Хрущев А.Т. География промышленности СССР. М., 1986.



ТАҚЫРЫП 1. Зертханалық жұмыс №1 –

Өнеркәсіп өндірісінің негіздері.

Мақсаты: негізгі және қосымша материалдарды пайдалануды талдау, мекеменің өндірістік қуаттылығын есептеу.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:

Тапсырма 1: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер.

1. Өнеркәсіптің өндірістік және өндірістік емес салаларына байланысты сызба нұсқа құрастыру.


Тапсырма 2: Материалдық ресурстарды үнемдеу, тиімді жоспарлау және пайдалану, кәсіпорынның қажеттілігін анықтау және материалдық-техникалық қамсыздандырылу жұмыстарын жақсарту мақсатында ағымдағы және өткен кезеңдердегі негізгі және қосымша материалдарды, отынды пайдалануының талдауы жасалынады.

Осы талдау әдетте жалпы көрсеткіштерді анықтаудан басталады:



  • Бір өнімге қатысты бұйымның салмағы немесе оның пайдалы қасиеттері;

  • Материалды пайдалану коэффициенті;

  • Бір өнімді шығаруға кететін отын мөлшері;

  • Шынайы материал шығынының жоспардағы шығынға қатынасы. Келесі өрнекпен анықталады:

(1)

мұндағы Іn — материалдар шығынының нормаларын сақтаудың жалпы индексі;

Рфі, РПі — өнімге кететін материалдардың шынайы және жоспардағы үлесті шығындары;

Вф — шығарылған өнім мөлшері;

Цф —материалдардың шынайы бағасы;


  • өткен кезеңдегімен салыстырғандағы талданып жатқан кезеңнің материалдар шығынының нормасын төмедету пайызы. Есептеу әдісі жоғарғыдай;

  • қайтарымды және қайтарымсыз қалдықтардың көрсетілуімен өндіріс үрдісінде пайда болатын қалдықтардың үлесті салмағы.


Тапсырма 3: Белгілі бір кәсіпорынның көрсеткіштерін пайдаланып, өндірістік қуаттылығын анықтау.

Өндірістің қуаттылығын есептеу оның барлық бөлімшелері үшін жүргізіледі және келесі ретпен атқарылады:

—агрегаттар мен технологиялық жабдықтар топтары бойынша;

— өндірістік бөлікшелері бойынша;

— негізгі йехтары мен жалпы зауыт бойынша.

Өндірістік қуаттылығы, әдетте, шынайы немесе шартты-шынайы бірліктермен өлшенеді.

Өндірісті кқуаттылықты есептеу үшін келесі көрсеткіштер қажет:

— бір станоктың жұмыс уақытының жоспардағы қоры;

—машиналардың саны;

— жабдықтардың өнімділігі;

— өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығы;

— нормаларды сақтау үлесі.



Жетекші бөлімшелердің өндірістік қуаттылығын есептеу келесі өрнекпен жүргізіледі:

(2)

мұндай ПМ — бөлімшенің өндірістік қуаттылығы (цех, бөлікше);



n — аттас жетекші жабдықтар бірліктерінің саны;

Нт — жабдықтардың сағаттық техникалық (төлқұжатындағы) қуаттылығы;

Ф — жабдықтардың жұмыс істеу уақытының қоры.
Әдебиет

  1. Бирман А.М.Основы экономических знаний о социалистическом производстве. М., 1982.

  2. Бушмич А.И., Розов В.К. Экономика и организация промышленного производства. М., 1982.

  3. Крючков К.Г. Территориальная организация сельского хозяйства. М.: Мысль, 1980.

  4. Нарциссов В.П. Научные основы систем земледелия. М.: Колос, 1982.

  5. Одум Ю. Основы экологии. М.: Мир, 1975.

  6. Основы промышленного и сльскохозяйственного производства / Под.ред. А.Ф.Куракина. М, 1981.

  7. Плоткин М.Р. Основы промышленного производства. М., 1977. Экономика социалистической промышленности / Под. Ред. Л.Р.Итина и др. М., 1980.

  8. Ракитников А.Н. География селського хозяйства. М.: Мысль, 1970.


Бақылау сұрақтары:

  1. Өнеркәсіптің орналасу факторларын ата?

  2. Өнеркәсіптің өндірістік және өндірістік емес салаларына не жатады (мысал келтіріңдер)?

  3. Материалдық ресурстарды үнемдеу, тиімді жоспарлау және пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Өндірістің қуаттылығы қалай анықталады?



ТАҚЫРЫП 2. Зертханалық жұмыс №2 –

Металлургия кешені.

Мақсаты: Мартен пешінің ерекшеліктерін анықтау.
Әдістемелік нұсқау: студенттің өзіндік жұмысы.
Жұмыс барысы:

Тапсырма 1: дәптерге жазбаша сипаттама беріңдер.

  1. Металлургиялық өңдеу: домналық процесс.

  2. Болат өндірісі, мартендік, конверторлық, электрометаллургиялық тәсілдер.



Тапсырма 2: 1-сурет бойынша Мартен пешінің құрылысына сипаттама беріп, оның басқа әдістерден ерекшеліктерін анықтау.

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау