Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру сапасы жеткізушінің шарт бойынша, соның ішінде іс-шараның атауы мен түрі, мақсатты тобы, өткізілу мерзімдері, елді мекенді көрсете отырып, өткізілетін орны, халықты қамтуы қарастырылған тапсырыс беруші бекіткен мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралардың толық жоспары шеңберіндегі барлық міндеттемелерді орындауын талап етеді.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Әлеуетті жеткізушінің Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларының конкурстық құжаттамаларының 12-қосымшасында бекітілген техникалық сипаттамаларды бағалау критерийлеріне сай келуі маңызды саналады.
Әлеуетті жеткізушілер ұсынған техникалық сипаттамаларды бағалау критерийлері
№
|
Бағалау критериі
|
Балл
|
|
Балды тарқатып жазу
|
Растайтын құжаттар
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Әлеуетті жеткізуші ұсынған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық сипаттамаларына сай келуі
|
0-ден2-ге дейін
|
0
|
жобаның Тапсырыс берушінің техникалық сипаттамаларына сай келмеуі* (сай келмеген жағдайда әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)
|
Техникалық сипаттаманың 1-тармағы
|
1
|
жобаның Тапсырыс берушінің техникалық сипаттамаларына сай келуі
|
2
|
әлеуетті жеткізушінің ұсынып отырған жобасында одан да жақсы сипаттамалар бар
|
2
|
Сатып алынатын қызметтердің ұйым миссиясына және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сай келуі (құрылтайшылық құжаттарға сәйкес ұйымның мақсаттары)
|
0-ден 3-ке дейін
|
0
|
әлеуетті жеткізушінің құрылтайшылық құжаттарында сатып алынатын қызметтер нысанына сай келетін қызмет түрлері жоқ
|
Жарғы.
Сондай-ақ қызмет түрлері туралы ақпаратты әлеуетті жеткізуші Техникалық сипаттаманың 2-тарауына жазады
|
1
|
миссия/мақсаттары сатып алынатын қызметке сай келеді, бірақ Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сай келмейді
|
2
|
миссия/мақсаттары сатып алынатын қызметке сай келеді және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына ішінара сай келеді
|
3
|
миссия/мақсаттары сатып алынатын қызметке сай келеді және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сай келеді
|
3
|
Әлеуетті жеткізушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасында» болуы туралы мәліметтер
|
0-ден 1-ге дейін
|
0
|
Базада жоқ Жеткізуші
|
Әлеуетті жеткізуші аталған критерий бойынша мәліметтерді Техникалық сипаттаманың 3-тармағында көрсетеді
Тапсырыс беруші https://infonpo.kz
сайтында ҮЕҰ мәліметтер базасында көрсетілген мәліметтерді тексереді
Үкіметтік емес ұйымның ҮЕҰ-ның мәліметтер базасында болуы Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс өткізу шеңберінде әлеуетті жеткізушілер ұсынған техникалық сипаттамаларды бағалау кезінде 1 балл артықшылық береді.
|
1
|
Базада бар Жеткізуші
|
4
|
Жұмыс тәжірибесінің болуы (тек бір ғана критерий таңдап алынады)
|
0-ден 6-ға дейін
|
0
|
жұмыс тәжірибесінің болмауы
|
Техникалық сипаттаманың 4-тармағы
Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар ретінде орындалған жұмыстар актілерінің электронды көшірмелері саналады (Конкурстық құжаттамаға 6-қосымшасындағы 1-т. Ескертпелер)
Әр жылдағы жұмыс тәжірибесін растау үшін бір күнтізбелік жылдан бір дана орындалған жұмыстар актісін қоса тіркеу жеткілікті.
|
1
|
әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі екі жылға дейін
|
2
|
әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі екіден бес жылға дейін
|
3
|
әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі бес жылдан артық
|
4
|
сатып алынатын қызметтер нысанына сәйкес келетін қызметтер көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі екі жылға дейін
|
5
|
сатып алынатын қызметтер нысанына сәйкес келетін қызметтер көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі екі жылдан бес жылға дейін
|
6
|
сатып алынатын қызметтер нысанына сәйкес келетін қызметтер көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі бес жылдан артық
|
5
|
Жобаны жүзеге асыру аясында қызметті алушылардың саны және сапалық құрамы (барлық іс-шаралардың тікелей қатысушылары)
|
от 1 до 2
|
1
|
қызметті алушылардың саны және сапалық құрамы бойынша жобаға сай келеді
|
Техникалық сипаттаманың 5-тармағы
Әдетте Тапсырыс беруші барлық іс-шаралардың тікелей қатысушыларының, сондай-ақ мақсатты аудитория түрінің қажетті қамтылуының ең төменгі санын белгілейді.
Егер Жеткізуші тікелей қатысушылардың мейлінше ауқымды сандық және сапалық қамтылуын көрсетсе, онда Тапсырыс беруші аталған критерий бойынша 2 балл тағайындайды.
Егер Тапсырыс беруші техникалық сипаттамада (ТС) қызметті әлеуетті алушыларды қамту бойынша талаптарды қарастырмаған болса, ал әлеуетті жеткізуші ТС-да болжалды қамту мен мақсатты аудиторияны көрсетсе, онда аталған критерий бойынша да 2 балл тағайындау әділетті болады.
|
2
|
қызметті алушылардың бұдан да ауқымды сандық және сапалық құрамы ұсынылады
|
6
|
Жобаны жүзеге асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша индикаторлардың болуы
|
от 0 до 3
|
0
|
техникалық сипаттамаларда индикаторлар жоқ
|
Техникалық сипаттаманың (ТС) 6-тармағы
Индикаторлар жобаны мониторингілеу мен нәтижелерді бағалаудың маңызды құралы саналады.
ТС-ның аталған тармағында әлеуетті жеткізуші солар бойынша алдағы уақытта жоба нәтижелеріне қол жеткізу туралы қорытынды шығармашылық есепте суреттеуі тиіс индикаторларды анықтайды.
Жобаны жүзеге асыру процестерінің есептеріндегі сипаттаулар мен алынған нәтижелерді ТС-да белгіленген индикаторлармен салыстыру кезінде жобаны жүзеге асыру сапасы анықталады.
Бұл жерде үлес, процесс және қысқа мерзімдік нәтижелер индикаторлары бойынша жүргізілетіндігін ескеру қажет.
|
1
|
сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы
|
2
|
сандық және сапалық индикаторлардың болуы
|
3
|
барлық деңгейдегі сандық және сапалық индикаторлардың болуы (үлес, процесс, қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік нәтижелер)
|
7
|
Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі туралы мәліметтер (пайыздық және сандық сипатта)
|
0-ден 10-ға дейін
|
0
|
жеткізуші қосымша қаражат тарту мүмкіндігінің жоқ екендігін көрсетті
|
Техникалық сипаттаманың 7-тармағы
|
5
|
жеткізуші бюджеттен тыс көздерден сұратылып отырған жобаға қажет соманың 5%-ы көлеміндегі ақшалай қаражат тарту мүмкіндігі бар екендігін растады.
|
Техникалық сипаттаманың (ТС) 7-тармағында бюджеттен тыс көздерден келетін ақшалай қаражаттың сомасы және олардың пайыздық арақатынасы көрсетіледі.
Жазбаша растау (қолдаухат) электронды өтінімнің «ТС-ны бағалау критерийлері» бөліміне тіркеледі.
Бұл ретте хатта міндетті түрде пайыздық арақатынасты көрсету міндетті емес.
Сонымен қатар аталмыш критерий таратылып жазылғанда тармақтарда «растады» және «көрсетті» түсінігін білдіретіндігіне және сәйкесінше 5 және 10 балл тиесілі екендігіне назар аударған жөн.
Егер аталған критерий бойынша жеткізуші жоба үшін қажетті ақшалай қаражатты сұратылатын соманың 10%-ы мөлшерінде бюджеттен тыс көздерден тарту мүмкіндігі бар екендігін көрсетсе, критерийді растау талап етіледі.
Өйткені Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларының 238-б. сәйкес, әлеуетті жеткізуші критерийді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия олардың техникалық сипаттамаларын бағалау үшін сәйкес балдарды есепке алмайды.
|
10
|
жеткізуші бюджеттен тыс көздерден сұратылып отырған жобаға қажет соманың 10%-ы көлеміндегі ақшалай қаражат тарту мүмкіндігі бар екендігін көрсетті
|
8
|
Тапсырыс беруші белгілеген мақсаттарға қол жеткізу бойынша толық жоспардың болуы (іс-шаралардың атауы мен түрі, мақсатты тобы, өткізілетін орны мен мерзімдері, халықты қамтуы)
|
0-ден 2-ге дейін
|
0
|
Тапсырыс беруші белгілеген мақсаттарға қол жеткізу бойынша толық жоспар жоқ
|
Техникалық сипаттаманың 8-тармағы
Іс-шаралар жоспарына мақсаттар, нақты әрекеттер (жұмыстар немесе іс-шаралар), мақсатты топ, өткізілетін орны, орындалу мерзімдері мен осы әрекеттерді орындаушылар кіреді.
Техникалық сипаттамада толық жоспардың болмауы өтінімді қабыл алмаудың себебі бола алмайды. Мақсаттарға қол жеткізу бойынша толық жоспардың болуы және оның конкурстық құжаттама талаптарына сай келуі әлеуетті жеткізушілер ұсынған техникалық сипаттамаларды бағалау кезінде артықшылықтар береді
|
1
|
Тапсырыс беруші белгілеген мақсаттарға қол жеткізу бойынша толық жоспар конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейді
|
2
|
Тапсырыс беруші белгілеген мақсаттарға қол жеткізу бойынша толық жоспар конкурстық құжаттама талаптарына сай келеді
|
Бағалау критерийлері бойынша АЙРЫҚША ЕСКЕРТПЕЛЕР
1-критерий: Әлеуетті жеткізуші ұсынып отырған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық сипаттамаларына сай келуі
Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, техникалық сипаттамада сатып алынатын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) толық сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары, соның ішінде қажетті сипаттамалар, жоспарлар, сызбалар, эскиздер беріледі.
Тапсырыс берушілер техникалық сипаттаманы бар болған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, жасақтай алады.
Бұл ретте техникалық сипаттама техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қарама-қайшы келмеуі тиіс. Қажет болған жағдайда техникалық сипаттамада нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Техникалық сипаттаманы дайындау кезінде сатып алу нысанының талаптары мен сипаттамаларын нақты, анық және ықшам, қос мағыналы түсіндірілусіз мазмұндау қажет. Аталған талап «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының 4-тармағында белгіленген мемлекеттік сатып алулар процесінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттарымен шартталған.
Техникалық сипаттамаларда негізсіз талаптар қоюға, дәл солай әлеуетті жеткізушіні Қазақстан Республикасының заңнамасында реттелмеген негіздемелер бойынша өткізбеуге жол берілмейді.
Мұндай жағдайлардың бір мысалы техникалық сипаттамаларда 15%-дан 30%-ға дейінгі шекте еңбекақы төлеу қоры бойынша талаптардың көрсетілуі саналады, соның салдарынан әлеуетті жеткізушілердің өтінімдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша үлгілік конкурстық құжаттамада (әрі қарай – КҚ) аталған талаптар қарастырылмаса да, конкурстық құжаттама талаптарына сай келмеу себептері бойынша қабылданбайды. Бұл ретте КҚ-ға соның ішінде КҚ-ның 2-қосымшасына сәйкес, сатып алынатын қызметтердің талап етілетін техникалық, сапалық сипаттамалары және оларды сипаттау кіреді, оларға еңбекақы төлеу қорының еш қатысы жоқ.
Осыған ұқсас негізсіз талап – әкімшілік шығындар бойынша шектеу.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мәселелерінде мұндай мемлекеттік сатып алулардың үкіметтік емес үйымдар қызметі саласын қамтитындығын есепке алу қажет, сәйкесінше, жобалардың сипаттамасы бюджеттік жүйе қағидаттарын: бюджеттік қаражат шығындалуының нәтижелілігін, негізділігін, жауапкершілігін, атаулы сипаттылығын және мақсатты сипатын сақтауға негізделуі тиіс.
Осыған байланысты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар техникалық сипаттамаларды құрастыру ісіне асқан жауапкершілікпен қараулары қажет және мүмкіндігіне қарай сәйкес бағыттар бойынша тәжірибелі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатарынан сарапшыларды тартуы керек.
6-критерий: Жобаны жүзеге асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша индикаторлардың болуы
Барлық деңгейдегі (үлес, процесс, қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік нәтижелер) сандық және сапалық индикаторларының болу мысалы
И ндикаторлардың бірнеше жіктемесі бар. Жобаны жүзеге асыру кезеңдеріне байланысты индикаторларды келесідей деңгейлерге бөлуге болады:
Үлес және процесс индикаторлары қызмет нәтижелерін есептейді және әкімшілік басқарушылық қорды сипаттайды.
Бұл индикаторлар қоршаған ақиқаттық жағдайындағы өзгерістерді немесе қызметті алушылардың тәртіптерін өздігінен көрсетпейді, бірақ мақсатқа жету және өзгерістер индикаторларын анықтау үшін қандай қор және қандай мөлшерде қолданылғандығын көрсетеді.
Бұл салымдарды және жобаның тиімділігін салыстыру мен бағалауға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімдік нәтижелердің, аралық нәтижелер мен әсерлердің индикаторлары дамуға арналған нәтижелерді: адамдардағы нақты өзгерістер, күрмеулі жағдайдың айналаға оң қалыпта әсер етуі мен өзгеруін өлшейді.
Басқаша сөзбен айтқанда, ҮЕҰ қызметінің мақсаттылығын растайды және салынған қаражат пен күш-жігер жобаның мақсатты топтарының өмір сапасын өзгертетіндігін айғақтайды.
Жобаны өлшеу сипаттамаларын анықтау кезінде индикаторларды былайша бөледі:
сандық
сапалық
Әңгіме сандық сипаттама туралы болғанда оны сандық сипатта ұсыну ешқандай қиындық тудырмайды.
МЫСАЛДАР: іс-шаралар саны, оқу құралдарының таралымы, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға пікірлер саны, қатысушылардың саны және т.б.
Сапалық индикаторлар жобаның алдына қойылған мақсаттарға (әсерлерге) жету деңгейін сипаттайды.
7-критерий: Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі туралы мәліметтер (пайыздық және сандық сипатта)
Аталған критерий бойынша 12-қосымшада мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманы жасақтаушылар тармақтар бойынша таратылып жазылуда 5 және 10 балмен екі түрлі түсінік – «растады» және «көрсетті» сәйкесінше қолданылатындығына назар аударуы тиіс.
Қазіргі таңда сатып алуларды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізуші техникалық сипаттаманың 7-т. сұратылып отырған соманың 10%-ы мөлшерінде бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту туралы мүмкіндігі бар екендігін көрсеткен жағдайда критерий бойынша мәліметтерді растаусыз 10 балл есептеген тәжірибе бар.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындаушылар ұмтылуы тиіс сапалық индикаторларды анықтаудағы негізгі қағидаттар бюджеттік қаражатты шығындаудың нәтижелілігі, негізділігі, тиімділігі, жауапкершілігі, атаулы сипаттылығы және мақсатты сипаты саналады.
Бұл ретте әлеуетті жеткізуші критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия олардың техникалық сипаттамаларын бағалауға арналған сәйкес балдарды есепке алмайтындығы туралы Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларының 238-б. талаптары ескерілмеді.
Сол себепті мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға әлеуетті жеткізуші техникалық сипаттамасының 7-т. сұратылып отырған соманың 10%-ы мөлшерінде бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту туралы мүмкіндігі бар екендігін көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларының бұзылуына жол бермеу кеңес етіледі.
8-критерий: Тапсырыс беруші белгілеген мақсаттарға жету бойынша толық жоспардың болуы (іс-шаралардың атауы мен түрі, мақсатты топ, өткізілетін орны мен мерзімі, халықты қамтуы)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен конкурс бойынша жеткізушілерді таңдау процедураларының объективті себептер бойынша созылып кету жағдайларының болатындығын есепке ала отырып, техникалық сипаттамада іс-шараларды өткізудің нақты мерзімдерін анықтамауға, оларды жеткізушіден жобаға қол қойғаннан кейін күнтізбелік жоспар түрінде және келесі кезеңге аралық есеппен бірге сұратуға кеңес беріледі. Аталған нұсқау ТС-ға өзгерістер енгізудің қиындығымен байланысты. Себебі ТС шарттың ажырамас бөлшегі саналады және сәйкесінше, көп ретте мемлекеттік органдар аталған өзгерістерді Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларының 13.3-т. негіздеме ретінде келтіреді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін бір қаржылық жылдан көп мерзімге мемлекеттік сатып алулар
Мемлекеттік бағдарламалардың көпшілігінде жобаларға қаржыландыру мемлекеттік бюджеттік жоспарлау процесіне сәйкес бір жылға дейінгі мерзімге бөлінеді.
Бір жылдық қаржыландырылатын жобаларды ұсынудың артықшылығы бұның көптеген ҮЕҰ-ның қаржыландырудың әрбір жылдық циклына қатысуына мүмкіндік беретіндігінде, сондықтан процесс жаңа ұсыныстар үшін әрқашан ашық.
Дегенмен бірқатар жобалар мейлінше ұзақ мерзімдік жоспарлауды қажет ететіндігі және бір жыл ішінде мақсатына жете алмайтындығы себепті 2013 жылдан бастап мемлекеттік органдар өздерінің жоспарлау процестеріне 3 жылға дейінгі мерзімге есептелген әлеуметтік жобаларды қаржыландыру сызбаларын енгізуді бастады.
Мысалы, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы 7 ұзақ мерзімдік жобаны жүзеге асыруда.
Ұзақ мерзімдік жобалармен халық арасында әлеуметтік тапсырысты мейлінше сапалы орындауға жұмыс жол ашты. Мысалы, «Гендерлік теңдік стратегиясы тұрғысынан ерлер мен әйелдердің теңдігі» жобасы 3 жыл ішінде облыстың барлық 18 қаласы мен облыс аудандарында саясаткер әйелдер клубын ашуға мүмкіндік берді.
«ҮЕҰ ақпараттық-білім беру орталығының қызмет атқаруын қамтамасыз ету» жобасы жаңадан құрылған ҮЕҰ-ларға әдістемелік және практикалық көмекті (орынжай, кеңсе техникаларын ұсыну), жобаларды дайындау мен жүзеге асыруда көмектесуді қамтамасыз етеді.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік оңалту іс-шараларын ұйымдастыру (Мүмкіндігі шектеулі балалардың спорт және шығармашылық фестивалі)» жобасы 10 жыл бойына мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылық қабілеттерді анықтауға жағдай жасады, олар үшін ортамен араласу және өз талантын таныту мүмкіндігі тоғысқан алаң саналады.
Ұзақ мерзімдік қаржыландыру мейлінше бекем нәтижелі жобаларды жүзеге асыруға және сектордың барынша терең дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дегенмен мұндай қаржыландырулы жобалар мақсатына жетуі үшін мейлінше жиі мониторинг пен бағалау қажет болуы мүмкін. Ұзақ мерзімдік жобаларды қаржыландыруға ие болған ҮЕҰ-нің өз шығындарын азайтатын артықшылығы бар, өйткені жобаны іске қосуға қаражатты тек бір рет жояды, ал содан кейін оны жүзеге асыруға жұмылдырылып, бір жыл емес, одан да ұзақ уақыт бойы алаңсыз жұмыс жасай алады. Сонымен бірге ұзақ мерзімдік қаржыландыру оларға нақты жұмысқа көп көңіл бөліп, уақыты мен қуатын қаражат іздеуге шығындамауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне ұзақ мерзімдік жобаларды жоспарлауға және шарт жасасатын әлеуметтік тапсырыстарды бір қаржылық жылдан артық мерзімге жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 8-тарауы, 43-бабы, 14-тармақшасына сәйкес:
«Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар бір қаржылық жылдан артық уақытқа мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасаса алады...»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. №648 «Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 17-параграфы 226-т. сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін бір қаржылық жылдан артық мерзімге мемлекеттік сатып алу кезінде Заңда және қағидаларға қарастырылған талаптардан бөлек, конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушінің материалдық-техникалық базасына сипаттау мен талаптар болуы тиіс.
Сондай-ақ көрсетілген Қағидалардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті жеткізушілерге келесідей біліктілік талаптары таратылмайтындығын мәлімдейтін 225-тармағына назар аударған жөн:
1) төлем қабілеттілігінің болуы;
2) мемлекеттік сатып алулар туралы міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және қаржылық қорларға ие болу.
Аталған тапмақтың 2) тармақшасында қарастырылған норма мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бір қаржылық жылдан артық мерзімге жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізу бойынша конкурстарға қатысатын әлеуетті жеткізушілерге таратылмайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін бір қаржылық жылдан артық мерзімге мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңымен (43-б.14-т. 4-т.), Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларымен (225, 226, 232, 410-б.), Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен (96-б. 5-т. 3-т.), Бюджетті орындау және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларымен (165-б.) және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен реттеледі.
Ұзақ мерзімдік жобаларды жүзеге асырудың болжалды механизмі:
Ұзақ мерзімдік жобаларға бюджетті қамтамасыз ету үшін бұл сомаларды мемлекеттік сатып алулардың жылдық есебіне кіргізу қажет.
Одан әрі конкурстық құжаттама құрастырылады, соның ішінде міндетті түрде жүзеге асырылу жылдары көрсетіліп (мысалы, 2018, 2019, 2020 ж.ж.), жобаның техникалық сипаттамасы жасақталады.
Бюджетті жобаның ерекшелігіне байланысты 30-дан 50% аралығындағы алдын ала төлемді есепке ала отырып құрған дұрыс.
Аталған мәселе бойынша үкіметтік емес ұйымдардың коммерциялық емес екендіктерін және қорлық әлеуеті болғандығына қарамастан, жобаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржыландырылуы болмай қалуы мүмкін екендігін есепке алған жөн.
Сонымен бірге Тапсырыс беруші техникалық сипаттамада әр жылды немесе ағымдағы жылды есепке ала отырып, Тапсырыс берушінің жоспарланған бюджетті объективті бөлуді есепке алып, алдағы жылдардың іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізуге құқылы екендігі ескертумен талаптарды көрсетеді.
Бұл жерде жобаның мақсатты бағытын бағалауға мүмкіндік беретін негізгі индикаторларды есепке алу қажет.
Әрі қарай 1 қаржылық жылға мемлекеттік сатып алулар кезіндегідей мемлекеттік сатып алулар процедуралары жүргізіледі (хабарландыру, өтінімдерді ашу, өтінімдерді қарастыру, жеңімпазды хабарлау және т.б.).
Лоттар бойныша 1 қаржылық жылдан артық мерзімге мемлекеттік сатып алуларды жариялау кезінде веб-порталда хабарландыруды құрастырғанда барлық 3 жылдың жалпы сомасы және 2-ші, 3-ші жылдарға бөлінген болжалды сомалар көрінеді.
Техникалық сипаттамаларды жасақтау кезінде Тапсырыс беруші мақсатқа жету бойынша міндеттер мен мерзімдерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсы бойынша үміткер әлеуеттік жеткізушілер техникалық сипаттамаларында ұсынатындығын есепке алғаны жөн.
Бір қаржылық жылдан артық мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін сатып алу бойынша конкурс аяқталғаннан кейін белгіленген процедураларға сәйкес, конкурстық комиссия Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларының негізінде өз әрекетінің легитимділігін анықтай отырып, мейлінше орнықты өтінімді таңдайды.
Жобаны жүзеге асыруды мониторингілеу қорытындылары бойынша бағалау Тапсырыс беруші қызметтерді сатып алу бойынша хабарландыруды орналастыру кезінде үлгілік техникалық сипаттамада көрсеткен индикаторлар негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, бір қаржылық жылдан артық мерзімге қызметтерді сатып алу бойынша процедуралар қысқа мерзімдік жобалар бойынша қызметтерді сатып алудан айтарлық ерекшеленбейді.
Ұзақ мерзімдік жобалардың артықшылығы мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландырудан тұратындығы, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тиімді шешуге жол ашатындығы және сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес сектордың нығаюы мен дамуына оң әсер ететіндігі талассыз.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс соның ішінде азаматтық қоғамды қолдау үшін жүргізілетіндігін есепке ала отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру бойынша қызметтерді сатып алуға қадамдарды жетілдіру үшін үкіметтік емес ұйымдардан нұсқаулар жинақталды.
Қоғамның ой-пікірін есепке ала отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) тақырыптарын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет
МӘТ-ты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өз қызметтік бағыттары бойынша қоғамдастықтың мұқтаждығы мен қажеттіліктерін анықтау мақсатында МӘТ бойынша лоттарды қалыптастыру сатысында қоғамдық кеңестердің талқылауына әлеуметтік жобалар тақырыптарын, соның ішінде ұзақ мерзімдік тақырыптарды ұсынуы қажет.
Техникалық сипаттамалар талаптарын жасақтау үшін азаматтық қоғам өкілдерінің қатарынан, соның ішінде депутаттық корпустан сарапшылар тарту.
3. Конкурстық комиссия құрамына кіретін үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің конкурстық процедураларға қатыспауын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, аталған заңдағы барлық өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, мүдделер қайшылығын сақтау.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражатына ұзақ мерзімдік әлеуметтік жобаларды (3 жылға дейін) қаржыландыру тәжірибесін белсенділендіру.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарын қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдар үшін бірыңғай қағидалар мен процедураларды жасақтау үшін ұсыныстар енгізу.
МӘТ-ты сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажет:
Тапсырыс берушінің Жеткізушімен – мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қызметтер көрсету туралы шартты жасасқаннан кейін бірден алдын ала төлемді беруін қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы үлгілік шартқа сәйкес, Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес мөлшердегі алдын ала төлемді жүргізетіндігіне қарамастан, МӘТ бойынша конкурстар өткізу кезінде алдын ала төлем енгізбейтін жағдайлар да болады
МӘТ-ты қалыптастырушы және жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың өз қызметтік бағыттары бойынша қаражатты игеру әр жылдың алғашқы жартыжылдығынан кешіктірілмей басталуы үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстардың уақтылы өткізілуін қамтамасыз етуі. Басқаша жағдайда, егер жобаның жүзеге асырылуына 6 айдан аз уақыт қалса, лот бойынша техникалық сипаттамаға өзгерістер енгізу және мұндай өзгерістерге жүзеге асыру мерзімдері бойынша рұқсат ету, сонда -ақ 6 айдан кем мерзім ішінде жүзеге асыруға болатын әділ санын қалдыра отырып, өткен жүзеге асыру мерзімдері бойынша іс-шараларды қысқарту.
Есептілік процедураларын оларды ұсыну бөлігінде оңайлату. МӘТ жобалары бойынша есепті тоқсанына бір рет ұсынуды қарастыру, себебі ай сайынғы есептер өте көп уақытты алады. Тапсырыс берушіге алдағы айға арналған іс-шаралар жоспарын ұсынса, жеткілікті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттің азаматтық қоғам қорларын мемлекеттік аппаратты жеңілдету мақсатында әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу процесіне қатыстыру ұмтылысын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сол себепті Елбасы Н. Назарбаев ұсынған 100 ұлттық қадамды жүзеге асыру бойынша қойылған мақсаттарға жету үшін МӘТ-ты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өз қызметтік бағыттары бойынша үкіметтік емес сектордың әлеуетін барынша жұмылдырып, іске қосуы қажет.
Мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың экономикалық-құқықтық түрі ретінде бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз етілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығын түсінген жөн.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және орналастырудың қағидаттары:
Шешімін табуды қажет ететін мейлінше маңызды әлеуметтік міндеттер мен мәселелерді таңдау;
тең шарттарға, талаптардың бірлігіне және бағалаудың объективтілігіне негізделген мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаушыны таңдау процедурасының жариялылығы мен әділеттілігі;
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау пайда табуды көздеумен байланысты болмауы тиіс;
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бюджет, мақсатты бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ мемлекеттік емес көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және жүзеге асыру туралы ақпаратқа тең және еркін қолжетімділік.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырудың функционалдық сызбасы:
Мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды жасақтау және қабылдау (соның ішінде: қажеттіліктерді бағалауды жүргізу және бюджеттік қаржыландыру мөлшерін анықтау).
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа техникалық тапсырма жасақтау (соның ішінде: мақсатты топтарды, тапсырысты орындаудың болжалды нәтижесін және оны бағалау индикаторларын сипаттау).
Бекітілген процедуралар негізінде орындаушыларды таңдау
Әлеуметтік тапсырысты орындау үшін мемлекеттік тапсырыс беруші мен орындаушы арасында шарт жасасу.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау.
Тапсырысты орындауды мониторингілеу және бағалау.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізгі артықшылығы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілердің бәсекелестік ортасын туындатуды ынталандырудан тұрады, бұл қызметтер сапасының артуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатын тиімді дамытуға әкеледі.
Сол себепті мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өз тараптарынан өз қызметінің өзгешелігін және үкіметтік емес сектордың әлеуетін есепке ала отырып, әлеуметтік жобаларға қойылатын мақсаттар мен талаптарды нақты қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
_______________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |