Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Қолданбалы математика және информатика кафедрасы
Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің
5В011100 - «Информатика» мамандығы студенттері үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ӨНДІРІСТІК (ПЕДАГОГИКАЛЫҚ) ІС-ТӘЖІРИБЕ
бойынша
Қарағанды
2015
2
Серикбаева А.Б., Валиева Д.Г. Математика және
ақпараттық технологиялар факультетінің 5В011100 -
«Информатика» мамандығы студенттері үшін өндірістік
(педагогикалық)
іс-тәжірибе
бойынша
әдістемелік
нұсқаулар – Қарағанды: ҚарМУ баспасы. – 2015. – 34 б.
Әдістемелік нұсқауларда информатика мұғалімін
даярлау
жүйесінде
өндірістік
(педагогикалық)
іс-
тәжірибені өткізу мен ұйымдастыру материалдары
ұсынылған. Бұл материал 5В011100-«Информатика»
мамандығының студенттері үшін және іс-тәжірибе
жетекшілеріне арналған.
Қарағанды мемелекеттік университеті, 2015
3
Мазмұны
1. Жалпы ережелер ........................................................................... 4
2. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе бойынша түлектерді
дайындау деңгейіне қойылатын талаптар ...................................... 5
3. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің мақсаттары мен
міндеттері .......................................................................................... 5
4. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибені ұйымдастыру мен
басқарудың формасы ........................................................................ 7
5. Құқықтары мен міндеттері .......................................................... 7
5.1. Факультет пен кафедра жетекшілері ....................................... 7
5.2. Базалық мекемелерден жетекшілер ......................................... 9
5.3 Студенттердің құқықтары мен міндеттері ............................. 11
6. Іс-тәжірибенің мазмұны ............................................................. 12
7. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің қорытындылары 17
8. Есеп беруді рәсімдеудің әдістемелік нұсқаулықтары ............. 19
Әдебиеттер тізімі ............................................................................ 23
1 Қосымша. Титулды парақты рәсімдеу үлгісі ............................ 24
2 Қосымша. Пән мұғалімінің студентке пікір рәсімдеудің үлгісі
.......................................................................................................... 25
3 Қосымша. Сынып жетекшісінің студентке пікір рәсімдеудің
үлгісі ................................................................................................ 26
4
Қосымша.
Оқушыға
психологиялық-педагогикалық
мінездемені жазудың сұлбасы ....................................................... 27
5 Қосымша. Сыныпқа (топқа) мінездеме құрудың үлгілік
сұлбасы ............................................................................................ 28
6 Қосымша. Тәрбиелік істі талдаудың үлгілік сұлбасы
………………………………………………………….........……..33
7 Қосымша. Информатика пәнінен сабақты талдаудың үлгілік
сұлбасы....... ……………………………………………………….34
8 Қосымша. Ашық сабақтың жоспары ......................................... 32
4
1. Жалпы ережелер
Квалификациялық
мінездемеде
5В011100
–
«Информатика» мамандығының түлектерінің кәсіби
жұмысының мазмұны, бағыттары, типтік есептері,
функциялары, түрлері, пәндері, объектілері, қолданылу
аясы нақты түрде анықталған. Берілген мінездемеге сәйкес
мамандықтың түлегі келесідей кәсіби жұмысты атқара
алады: жалпы білім беретін мекемелерде информатиканы
оқыту, программалық математикалық және ақпараттық
қамтамасыз етуді жобалаудың, қолдануға енгізудің барлық
кезеңдеріне
қатысу;
ақпараттық
технологияларды
қолданып, ғылыми негіз ретінде ғылыми-педагогикалық
зерттеулерді жүргізу.
Пән
педагогтарын
даярлауда
өндірістік
(педагогикалық) іс-тәжірибе маңызды орын алады. Іс-
тәжірибе уақытында нақты шарттардың әр түрлі аймақ
саласында
психологиялық-педагогикалық
пәндердің
теориялық интеграциясы жүргізіледі, олар өз алдына
педагогикалық еңбекке рефлексифты қатынасты қызмет
үшін қажетті шарттарды туындатып, жеке тәжірибеге ие
бола отырып, студенттер нақты жағдайда кәсіби біліктілік
пен икемділік қалыптастырады. Сөйтіп іс-тәжірибе
барысында заманауи педагогты кәсіби құзыреттілікпен
қалыптастыру аяқталады.
Нарық саласында әлеуметтік-кәсіби қажеттіліктердің
арқасында білім беретін мекемелерде педагогикалық
кадрларды даярлау сапасын арттыру өзекті мәселеге
айналып отыр.
Педагогикалық білімнің негізгі кілттік міндеттері
күрделі
педагогикалық,
кәсіби-ғылыми
процестерді
орындай алатын кәсіби педагогты даярлау болып
табылады.
5
Осыған
орай
келешек
информатика
пәнінің
мұғалімдерін дайындауда өндірістік (педагогикалық) іс-
тәжірибенің әдістемелік қамтамасыз етуін құрастыру
көкейкесті мәселе болып отыр.
Әдістемелік қамтамасыз етуді құрастырудың мақсаты
даярлаудың теориялық және практикалық арақатынасын
орнату, студенттерде болашақ информатика мұғалімдерінің
кәсіби-ғылыми және педагогикалық қызметі туралы
көзқарастарын қалыптастыру болып табылады.
Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе студенттер
үшін міндетті және сыртқы мекемелерде (жалпыбілім
беретін, өндірістік, ғылыми-зерттеу, жобалық) өткізіледі.
Мекемелердің негізгі қызметі 5В011100-«Информатика»
мамандығы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің
түрлерін және объектілерін алдын ала анықтайды.
2. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе бойынша
түлектерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптар
Іс-тәжірибе өту барысында студент келесідей
білімділіктерді,
арнайы
пәндердің
психологиялық-
педагогикалық дағдыларын, топтың немесе сыныптың
жеке дара тұлғаларын зерттеуде практикалық іс-
тәжірибені, информатикадан түрлі сабақтарды және
сыныптан тыс шараларды жоспарлап, қалыптастыруы
керек.
3. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің
мақсаттары мен міндеттері
Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің мақсаты –
студент-педагогтың
кәсіби
құзыреттіліктерін
6
қалыптастыруды аяқтау, пәнпедагогының негізгі жұмыс
функцияларын іс-тәжірибелік салада меңгерту, сынып
жетекшісі жұмысының элементтерімен таныстыру.
Іс-тәжірибенің негізгі міндеттері:
игерілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану,
педагогикалық техникалар мен технологияларды білім
саласындағы есептерді шешуде практикалық қолдану;
педагогикалық
және
басқарушылық
салада
жұмыстардың негізгі түрлері мен формаларын меңгеру,
педагогтың кәсіби-тұлғалық, ептілігі мен икемділігін
қалыптастыру;
педагогикалық іс-тәжірибе аясында әр түрлі білім
беретін мекемелерде оқу-тәрбиелік жұмысының заманауи
жағдайын зерттеу;
студенттерді педагогикалық қызметке тәрбиелеп,
тұрақты қызығушылығын дамыту;
студенттерде педагогикалық қызметке сәйкес
шығармашылық, зерттеу тәсілін қалыптастыру;
білім жүйесінің қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне
сәйкес кәсіби қызметі өзіндік стилде одан әрі
ерекшелендіріп, өндіру негізін жетілдіруді қалыптастыру.
Нәтижесінде келесідей дағдылар қалыптасады:
педагогикалық
жағдайларды,
оқыту
мен
тәрбиелеудің процестерінің нәтижелерін талдау;
кәсіби-педагогикалық қызметті
жүзеге асыру
мақсатында кәсіби және психологиялық-педагогикалық
пен басқарушылық білімділіктерді интеграциялау;
оқу және оқудан тыс қызметті жобалау;
оқу және оқудан тыс қызметте оқу-тәрбиелік
процесті ұйымдастыру;
қызметке шығармашылық бағыт аудару;
өзіндік педагогикалық жүйені модельдеу;
жаңашыл инновациялық процесстердің тиімділігін
іс-тәжірибеде тексеру.
7
4. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибені
ұйымдастыру мен басқарудың формасы
Өндірістік тәжірибе оқу процесінің кестесіне сәйкес
жоспарланады. Өндірістік іс-тәжірибені өткізудің негізгі
формасы жеке берілген тапсырмаларды іс-тәжірибе
базасында өзіндік түрде орындау болып табылады.
Студенттер өндірістік іс-тәжірибені өту нысанына ректор
бұйрығына сәйкес жіберіледі. Өндірістік (педагогикалық)
іс-тәжірибе базасында іс-тәжірибе өту кезінде студентке
информатика мұғалімі және сынып жетекшісі бекітіледі.
Профильді кафедрадан топтық жетекші мен іс-тәжірибе
базасынан жоғары маманды жетекшілер тағайындалады.
Студенттер үшін жеке тапсырмалар профильді кафедрамен
бекітіледі.
Тек жеке оқу жоспарын орындаған студенттер ғана
өндірістік іс-тәжірибеге жіберіледі.
5. Құқықтары мен міндеттері
5.1. Факультет пен кафедрадан жетекшілері
Факультет деканы:
ППҚ құрамынан мамандықтың және қызметтің
ерекшелігін
жақсы
меңгерген
профессорларды,
доценттерді, аға оқытушыларды іс-тәжірибе жетекшілері
ретінде тағайындайды;
өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің бекітілген
уақыты мен мазмұнын ескере отырып мекемелерде
бақылау жұмысын жүргізеді;
бекіту
мен
қорытынды
конференцияларына
қатысады;
іс-тәжірибе есептерін қорғауда қатысады;
8
факультет кеңесінде және деканат отырыстарында
іс-тәжірибенің қорытынды сұрақтарын қарастырады.
Кафедра меңгерушісі және факультеттен жетекші:
базалық мекемелерді сұрыптап және келісім-шартқа
отырып,
іс-тәжірибе
өткізу
жұмыстарының
ұйымдастырушылық сұрақтарын қарастырады;
университеттен іс-тәжірибе жетекшесіне қажетті
құжаттарды
ұсынады:
студенттерді
іс-тәжірибеге
бағыттаудың бұйрығына қосымша, іс-тәжірибе базаларын
бақылау кестесін, студенттердің есептерін қорғау және
бекіту мен қорытынды конференцияларының кестелерін;
іс-тәжірибе
жұмысын
бақылауды
орындау,
мекемелерде және іс-тәжірибе өту нысандарында болатын
ақаулардың алдын-алу;
коммисияны құрып, практиканттардың есептерін
қорғауды, бекіту және қорытынды конференцияларды
ұйымдастырады;
іс-тәжірибе қорытындысы бойынша есеп құрады.
Топтық жетекші:
іс-тәжірибені басқаруды іске асырады;
іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуын және
өткізілу сапасына жауапты;
жеке жұмыс жоспарын құрып, оны бекітіп және
орындалуын қадағалайды;
іс-тәжірибе бағдарламасының сұрақтары бойынша
практиканттарға кеңес береді;
практиканттар мен базалық мекемелердің арасында
коммуникативтік
қарым-қатынастың
орнауына
жәрдемдеседі;
студенттердің есеп беру құжаттарын талдайды, іс-
тәжірибе есептерін қорғауға ұсынады, іс-тәжірибе
бағаларына ықпал жасайды;
9
есепті
құрастырып,
факульттен
іс-тәжірибе
жетекшісіне ұсынады;
бекіту
және
қорытынды
конференцияларына
қатысады;
студенттер құжаттарды уақытында тапсырмаған
кезде іс-тәжірибе бойынша бағасын кемітуге құқығы бар.
5.2. Базалық мекемелердің жетекшілері
Іс-тәжірибе базалары практиканттарды іс-тәжірибе
өтетін орындарымен және практикалық материалдарымен
қамтамасыз етуі тиіс. Іс-тәжірибе жетекшісі жоғары саналы
мамандардан тағайындалады.
1. Іс-тәжірибе базасының жетекшісі немесе оның оқу
жұмысының орынбасары:
екіжақты келісім-шарттарды келістіру негізінде
студенттердің
іс-тәжірибесін
ұйымдастырады
және
жүргізеді;
педагогикалық іс-тәжірибені тиімді жүргізуге
ықпал
жасап,
оқытушылармен
қызмет
көрсетуші
қызметкерлермен және қатысушылармен алдағы уақыттағы
оқу-кәсіби сұрақтары бойынша жұмыстар жүргізеді;
жоғары оқу орнымен келісілген уақыт бойынша іс-
тәжірибеге бақылау жүргізеді;
іс-тәжірибе базасында практиканттардың ішкі
жұмыс ережелерін, басталу уақытын, жұмыс барысын және
аяқталуын орындауды қадағалайды;
студенттерді іс-тәжірибебазасымен, оқытушылар
құрамымен, құжаттарымен, оқу-өндірістік базасымен
(кабинеттермен, компьютер кластарымен, кітапханамен
және т.б.), оқу-тәрбие жұмысын орнатумен, педагогикалық
кеңестің, пәндік комиссиясының, ата-аналық комитеттің
отырыстарына қатысуына ықпал жасап, олардың жұмыс
жоспарларымен таныстырады;
10
сынып
жетекшілерімен
бірге
студенттерді
сыныптарға (топтарға) бекітеді;
сабақтарға (таңдау бойынша), тәрбилік мәндегі
және басқа да шараларға қатысады.
2. Іс-тәжірибе базасының пән мұғалімі:
бекітілген студенттерді негізгі педагогикалық
әдістермен,
оқу-тәрбие
жұмысының
жоспарымен
таныстырады, ашық және сабақтан тыс сабақтарды
өткізуге және оларды талқылауға;
жұмыс орнында еңбек пен техника қауіпсіздігі
бойынша нұсқама жүргізеді;
іс-тәжірибенің топ жетекшісімен бірге ашық
сабақтар және сабақтан тыс шаралардың тақырыптарын
бірігіп үлестіреді;
студенттерге сабақтарды өткізуде кеңестер беріп,
бекітілген сабақтардың жоспар-тіректерін қарап, бекітеді;
студенттерге сабаққа дайындалуға көмек жасайды;
студентпен өткізілген әр сабаққа талдау және баға
береді;
студенттерге үлгерімнен қалып бара жатқан
оқушылармен жұмыс жасауды үлестіреді, дәптерлерді
тексеруге, үйірме сабақтарын, көрнекі құралдарды жасауға
тапсырыс береді және т.б.;
күнделік
пен
есеп-қисаптың
дайындалуын
қадағалап отырады;
студенттерге мінездеме және оқу жұмысының
бағасын береді.
3. Іс-тәжірибе базасының сынып жетекшісі:
студенттерді сынып (топ) құрамымен, олардың
жеке ісімен, үлгерімімен, сабаққа қатысу үрдісімен,
тәртібімен, тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаттарымен
және жұмыс жоспарымен таныстырады;
11
топ
жетекшісімен
бірігіп,
іс-тәжірибе
бағдарламасының
тәрбие
сұрақтарын
нақтылайды,
студенттерге жеке оқу тәрбие жоспарын құруда көмек
жасайды және олардың орындалуын қадағалайды;
психолог маманмен бірлесіп іс-тәжірибеден
өтушілердің
психологиялық-педагогикалық
сипаттамаларын зерделеу жөніндегі жұмысына басшылық
жасайды және жасауға септігін тигізеді;
студенттердің тәрбиелік іс-шараларына, олардың
дербес талқылауына қатысып, бағалайды;
студенттердің сыныппен тәрбие жұмысын істеуіне
(кезекшілікке
бару,
оқушылардың
ата-аналарымен
сұқбаттасу және т.б.) ықпал жасайды, оларға сипаттама
береді, тәрбие жұмысын бағалайды;
студенттерге мінездеме және олардың тәрбие
жұмысына баға береді.
5.3 Студенттердің құқықтары мен міндеттері
Іс-тәжірибеден өтуші студенттердің құқықтары:
бағдарламада
көзделмеген
жұмыстарды
орындамауға;
бос орын болған кезде орындалатын іс-жұмыстар
бойынша ақы төленетін лауазымға жұмысқа тұруға;
болашақ жұмыс орнында іс-тәжірибеден өту;
іс-тәжірибе
процесінде
туындайтын
барлық
мәселелер
бойынша
іс-тәжірибе
әкімшіліктің
басшыларына, университет іс-тәжірибесінің базасының
жетекшісіне жүгінуге;
ұйымдастыру және жүргізу бойынша іс-тәжірибені
жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға;
кітапхана,
ғылыми-әдістемелік
әдебиетті
пайдалануға; дербес компьютерлер, бағдарламалар мен
деректер базасын және Интернет залын, мультимедиялық
сыныпты пайдалануға.
12
Іс-тәжірибеден өтуші суденттердің міндеттері:
өндірістік іс-тәжірибеден өту үшін белгіленген
мерзімде келу;
бағдарламада көзделген жеке жоспарына сай
жұмыстарды және тапсырманы толық көлемде орындау;
ішкі еңбек тәртібінің қолданыстағы ережелерді
сақтау;
күнделік жүргізу және іс-тәжірибе жетекшісіне күн
сайын тексерту;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасының және
өндірістік санитария ережелерін қатаң сақтау;
штаттық мамандармен тең ережелерді сақтау және
орындалатын жұмыс үшін жауапты болу;
іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін бір апта мерзімде
топ жетекшісіне жазбаша есеп және іс-тәжірибе күнделігін
тапсыру;
бекіту мен қорытынды конференцияларына қатысу.
6. Іс-тәжірибенің мазмұны
Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің мазмұны
мамандықтың оқу процесінде алынған білімді, ептілікті,
дағдыны студенттермен іс-тәжірибеде пайдалану, сондай-
ақ практикалық дағдыларды меңгеру қазіргі заманғы
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялармен
орындалуы болып табылады.
Өндірістік іс-тәжірибенің бекіту конференциясында
топ жетекшісі іс-тәжірибенің мақсаттары мен міндеттеріне
тоқталып,
студент-практиканттарға
күнделіктерді
таратады.
Студенттер
өндірістік
(педагогикалық)
базасын
ұсынылған келісім шартқа тұрған тізімнен таңдап алады.
Егер студент-практикант өз бетінше тәжірибе базасын
13
тапса, одан арғы жұмысқа орналасу туралы жеке дара
келісім шартқа қол қояды.
Бағдарламаның
орындалуына,
іс-тәжірибенің
ұйымдастыруына
топ
жетекшісі
жауап
береді.
Студенттердің іс-тәжірибелеріне тікелей басшылықты іс-
тәжірибе базасының жетекшісі алады. Топтық жетекшісі
бірлесіп тақырыптық күнтізбе мен іс-тәжірибеден өту
жоспарын құрады.
Сырттай оқу бөліміндегі студенттер мамандығы
бойынша
жұмыс
істейтін
жағдайда
өндірістік
(педагогикалық) іс-тәжірибеден өтуден босатылады. Ол
үшін оларға жұмыс орнынан анықтама, олардың кәсіби
қызметін және сипатын көрсететін төртбалдық баға
қойылған мінездеме көрсету керек. Өз мамандығы
бойынша жұмыс істемейтін азаматтар, белгіленген тәртіпте
іс-тәжірибеге жіберіледі.
Егер студент себеппен (студенттік емханада расталған
денсаулық анықтамасы) іс-тәжірибеге уақытына сәйкес
келмесе, онда іс-тәжірибенің уақытын кейінге шегіндіруге
негіз жасалады. Егер студент себепсіз іс-тәжірибеге
уақытында келмесе, онда өз қаражатына ақылы түрде іс-
тәжірибеден қайта өтуі тиіс.
Өндірістік іс-тәжірибеден өту кезінде студенттерді
жалпы бақылау факультет деканы және кафедраның
меңгерушісіне жүктеледі. Топ жетекшісі және базалық
тәжірибенің
жетекшісі
өндірістік
тәжірибенің
программасын студенттің негізгі бөлігі ретінде анықтап
және студенттердің қаншалықты өзіндік жұмысын
игергенін
анықтайды.
Іс-тәжірибенің
қорытындысы
қорытынды конференциясында қорытындылады.
Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерін зерделеу, оның
құрылымымен, міндеттерімен, оқу орнымен танысу іс-
тәжірибенің бірінші аптасында (пассивті іс-тәжірибе)
өткізіледі. Іс-тәжірибеден өтуші студенттер сыныппен
14
танысу мақсатында информатика және басқа сабақтарына
қатысады; тәрбие және оқу жұмыстарының оқыту
материалдарын жоспарлау үшін әдіс пен тәсілдерді
меңгереді, алғашқы сабақтың тірек жоспарын жасайды,
сонымен қатар іс-тәжірибенің қойылған есептерін орындау
үшін жұмыстар атқарады. Келесі апталарда (белсенді іс-
тәжірибе) студенттер өздері сабақ береді, сынып
жетекшісімен жұмыс істейді, сынып жетекшісімен және
пән мұғалімімен бірлесіп, информатикадан сыныптан тыс
жұмыстар өткізеді.
Іс-тәжірибе
уақытында
жұмыстарды
орындау
жоспары:
1. Оқу мекемесінің білім беру қызметін зерттеу
кезінде ұсынылады:
білім беру мекемесінің негізгі міндеттері мен
бағыттарын,
оның
даму
кезеңдерінің,
жұмыстың,
материалдық-техникалық базасының профилімен танысу;
білім беру мекемелері басшыларымен және
педагогикалық ұжымымен танысу;
жұмыс күні мен сабақтар кестесінің режимімен
(сыныптың (топтың) бекітілген кестесін күнделікке
енгізуге) танысу;
өндірістік (педагогикалық) жеке жоспарын күнделік
пішінінде жасау;
білім беру мекемесі туралы анықтама-сипаттама
құру (есеп үшін, күнделік пішінінде).
2. Білім беру мекемесінің тәрбие қызметін зерттеу
кезінде ұсынылады:
білім
беру
мекемесінің
тәрбие
қызметін
ұйымдастырудың
мақсаттары,
міндеттері,
негізгі
принциптерін зерттеу;
білім беру мекемесінің тәрбие жұмысының
перспективалық және ағымдағы жоспарларын, бағыттарын,
нысандары мен әдістерін зерттеу;
15
сабақтан тыс кезеңіндегі тәрбие жұмысы жоспарын
құрастыру, өзіндік тәрбие іс-тәжірибесін іс-шараларын
көздеу және дайындауы;
сынып жетекшісінің жұмысының жүйесін зерттеу;
3. Сыныптың
(топтың)
ұжымын,
өзара
арақатынасын зерттеу кезінде ұсынылады:
сыныптың (топтың) сипаттамасын құру үшін үлгілік
сұлбаны зерттеу (4 қосымша);
сыныптың (топтың) жалпы сипаттамасын зерттеу:
пәндерін, үлгерімін (5 қосымша);
білім беру мекемесінің жалпы шаралық өмірінде
сыныптың (топтың) қатысуын зерттеу;
топ ішінде арақатынасты зерттеу: сынып ұжымын
қалыптастыру;
сыныптың
(топтың)
өзара
қарым-
қатынасын зерттеу;
оқу
сыныбының
(топтың)
психологиялық-
педагогикалық сипаттамасын құрастыру (5 қосымша).
4. Оқушының тұлғасын зерттеу кезінде ұсынылады:
оқушылардың
психологиялық-педагогикалық
сипаттамаларын жасау үшін бастапқы схемасын зерттеу;
оқушының
психологиялық-педагогикалық
сипаттамасын жасау. Осы мақсатта:
сауал жүргізу және жүргізілген сауалнаманы
зерделеу;
сынып журналын қарап шығу;
оқушылар сабақтарын бақылап, оқушылардың жеке
басын, жүйелі түрде зерделеуге арналған іс-шараларға
сыныптан тыс бақылау;
оқушылармен жеке әңгімелесулер жүргізу.
5. Пән бойынша сабақтарды жоспарлау және өткізу
кезінде ұсынылады:
16
бекітілген сыныпта (топ) информатика бойынша
күнтізбелік жоспарды, жоспарлау схемасын зерттеу,
ұйымдастыру және информатика бойынша сабақтар өткізу;
ашық сабақтар тақырыбы бойынша материал,
ресурстар (бейне, презентациялар, постерлар, тапсырмалар,
үлестірме материалдар және т.б.) дайындау мен пән
мұғалімімен талқылау;
информатика бойынша сабақ жоспарларын құру (8
қосымша);
сабақта
пайдаланылған
инновациялық
технологиялар (топтық жұмыс, диалогты оқыту, сын
тұрғысынан ойлау, бағалау, дарынды мен инклюзивты
балалармен жұмыс, және қолданылған стратегиялар)
бойынша тізбекті рефлексиялық талдау жасау (8 қосымша);
өткізілген сабақтарды пән мұғалімімен және басқа
іс-тәжірибеден өтуші студенттермен талдау, орындалған
жұмыстарға қорытынды жасау.
6. Сыныптан тыс шараларды жобалау мен өткізу
кезінде ұсынылады:
сыныпта
(топ)
сабақтан
тыс
жұмысты
ұйымдастыруды мен жоспарлауды зерделеу;
сыныпта
(топта)
тәрбие
жұмысының
перспективалық жоспарын талдау;
сыныпта (топта) жүргізілетін барлық сыныптан тыс
жұмыстарға қатысу және оны талдау;
сабақтан тыс іс-шараларды дайындауға және
өткізуге қатысу;
сабақтан тыс іс-шараның талдау схемасын зерттеп
және бір тәрбиелік сыныптан тыс жұмысқа жазбаша талдау
береді;
сыныпта (топта) сыныптан тыс бір іс-шараны
өзіндік ұйымдастырып, өткізеді.
7. Есепті рәсімдеу және қорғау.
17
7. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің
қорытындылары
Өндірістік іс-тәжірибе «5В011100 – Информатика»
мамандығы студенттерінің даярлық дәрежесін анықтауға
көмектеседі. Білім алған студенттің сипаттамалары күрделі
және арнайы пәндерді тиісті бағдарламаларда айқындалған
біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Іс-тәжірибеден өту кезінде студент қаншалықты дайын
болып, іс-тәжірибелік қызметті орындауы, теориялық
принциптері мен әдістерін пайдалануға қойылған
мәселелерді шеше алатындай білім көрсетуі тиіс.
5В011100 - «Информатика» мамандығының жұмыс
жоспарына
сәйкес
қолданбалы
математика
және
информатика
кафедрасымен
іс-тәжірибеден
өтуші
студенттердің есептерін қорғау үшін белгілі мерзім
таңдалып, нәтижелерін тыңдау үшін арнайы комиссия
құрылады.
Іс-тәжірибе аяқталған кезде арнайы критерийлердің
талаптарына сәйкес рәсімделген есеп тапсырылады.
Топ жетекшісі есеп құжатнамасын тексеріп, қорғауға
жібереді.
Есептерді қорғау арнайы комиссияның алдында
жүргізіледі, бұл комиссия кафедра меңгерушісімен
тағайындалады. Бағалау нәтижелері бойынша есептерді
есепке жатқызу арқылы қорғау жүйесі белгіленген әріптік
рейтингтік балмен бағаланады. Қосынды балдарға сәйкес
келетін дәстүрлі бағалар кестесі төменде көрсетілген.
Қосынды
балл
пән
мұғалімі
мен
рәсімделген
құжатнаманың сынып жетекшісінің қойған бағаларынан
құрылады. Қорытынды баға тәжірибе базасының іс-
тәжірибе жетекшісінің бағасын есепке алумен байланысты
қорытынды бағаның салмағының 40% және есепті қорғау
18
кезінде топтық жетекшісінің қойған бағасының 60%
құрайды.
Дәстүрлі баға
Қосынды балл
«үздік»
91-100
«жақсы»
81-90
«қанағаттанарлық»
61-80
«қанағаттанарлықсыз» 60 және төмен
Орындалған жұмыстар бойынша
дифференциалданған балл
Ағымдық
жұмыс
Жұмыстың жалпы
нәтижесі
Есептік
құжатнама
15-25
32-40
21-35
Іс-тәжірибе нәтижелерін бағалау өлшемдерінің болуы:
студенттер теориялық ойларын практикалық қызметте
көрсете алу деңгейі (мақсаттары, міндеттері, мазмұны,
әдістері); кәсіптік шеберлікті қалыптастыру дәрежесі;
болашақ мамандардың кәсіптік бағыттағы деңгейі,
олардың әлеуметтік белсенділігін (таңдалған кәсіпке
қызығушылығы, белсенділігі, жауапкершілікпен қарау
жұмысы және т.б.); есептік құжаттаманы даярлау сапасы
болып табылады.
1. "Үздік" бағасы қойылады, егер студент іс-тәжірибе
элементтерін есептілік құжаттамасын мерзімде тапсырса,
дер кезінде бүкіл бағдарламаны орындаса, іс-тәжірибе
өткен орнынан "үздік" деген бағасы қойылса, өз жұмысын
қорытынды конференциясында қорғаса.
2. "Жақсы" бағасы қойылады, егер студент іс-тәжірибе
элементтерін есептілік құжаттамасын мерзімде тапсырса,
дер кезінде бүкіл бағдарламаны орындаса, іс-тәжірибе
өткен орнынан "үздік" және "жақсы" деген бағасы қойылса,
өз жұмысын қорытынды конференциясында қорғаса.
19
3. "Қанағаттанарлық" баға қойылады, егер студент
бағдарламасын орындаса, бірақ елеулі қателіктер орын
алса.
4. «Қанағаттанарлықсыз» баға қойылады, егер студент
іс-тәжірибе бағдарламасын орындамаса.
Есепті қорғау көпшілік алдында өтеді. Іс-тәжірибеден
өтпеген студенттер, іс-тәжірибені орындамаған не
жағымсыз пікір қанағаттандырарлықсыз баға алған
жағдайда қайта ақылы негізде өтеді немесе студенттер
қатарынан шығарылады. Факультет деканымен іс-
тәжірибеден қайта өту мерзімі мен шарттары белгіленеді.
Қорытынды конференциясының қорытындыларын шығару
кафедраның отырысында талқыланғаннан кейін жүзеге
асырылады, ол 1 аптадан кешіктірілмей өткізіледі.
8. Есепті рәсімдеудің әдістемелік нұсқаулықтары
Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибені сәтті өткен
студенттер топтың жетекшіге есептік құжатнаманы
тапсыруы тиіс. Есеп келесілерден құрылады:
1. Күнделік.
Күнделік жұмыстың күнделікті сипатаммасынан
құралып, өту орны бойынша жетекшінің қолымен
расталады. Студент күн сайын өндірістік (педагогикалық)
іс-тәжірибе күнделігін өзі толтырады. Жазба тақырыптық
жоспарына сәйкес топ жетекшісінің тапсырмасы бойынша
атқарылған жұмыс бағдарламасы мазмұны туралы
ақпаратты ашады және күнтізбелік тізімде толтырылады.
Студент күнделіктің барлық бөлімдерін толтыруы тиіс.
2. Білім беру мекемесінен іс-тәжірибе жетекшісінің
қолы бар мінездемесі (2, 3 қосымша).
Студентке берілген мінездемеде пән мұғалімінің және
сынып жетекшісінің бағдарламаны орындауда берген
20
бағасы және іс-тәжірибенің мақсатқа сай орындалуының
көрінісі көрсетіледі. Мінездеменің соңында балдық-
рейтингтік шкала бойынша сәйкес балл қойылады
(мысалы, «баға» (балл));
3. Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің есебі
келесілерден құралады:
титул парағы (1 қосымша);
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды;
қосымшалар.
Есеп жүйелі аналитикалық құжатты білдіреді, іс-
тәжірибенің
мақсаттарына
қол
жеткізгенін
және
бағдарламасын меңгеруін көрсетеді. Есеп Word мәтіндік
редакторде теріледі, А4 форматты парақтын бір жағында,
14 каріппен, бір жол аралығымен. Мынадай өрістердің
көлемдерін сақтау керек: солжағында - 30 мм, оң - 10 мм,
жоғарғы, төменгі - 20 мм. Жұмыс дәл айқын, анық
баяндалуы тиіс. Сөздерді қысқартуға және белгісіз
терминологияны қолдануға болмайды. Барлық кестелер,
схемалар, сызбалар, суреттер, суретті материалдардың
атаулары нөмірленген болуы тиіс.
Беттердің номерленуі толассыз болуы керек. Титул
парағы есептің жалпы парақ санына кіреді. Титул
парағында номер қойылмайды, келесі беттерде номер
төменнен оң жақ немесе ортадан қойылады.
Кіріспе өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің
мақсаттарынан, міндеттерінен, мерзімдерінен, базадан,
өзектілігінен тұрады.
Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің негізгі
бөлімі
жеке
орындалатын
жұмыстың
қысқаша
сипаттамасынан тұрады:
1. білім беру мекемесі туралы жалпы мәліметтер:
- мектеп тарихынан дәйектер;
21
- мектеп жетістіктері;
-
жұмыс
бағыты
(жаратылыстану-ғылыми,
гуманитарлық, көркем, спорттық және т.б.);
- ақпараттық, коммуникациялық технологиялар және
бағдарламалық
қамтамасыз
ету
құралдарымен
жарақтандыруы;
-
мектеп
басқарудағы
ақпараттық
және
коммуникациялық технологияларды пайдалану;
2. психологтың бағасы бар сыныптың (топтың)
оқушысына
психолого-педагогикалық
мінездеме
(4
қосымша);
3. психологтың бағасы бар сыныпқа (топқа) мінездеме
(5 қосымша);
4.
сынып
жетекшісінің
бағасы
бар
тәрбие
шараларының жоспарлары (6 қосымша);
5.
іс-тәжірибенің
апта
санына
байланысты
информатикадан 4-7 ашық сабақтарының жоспарлары
(атап көрсетсек, 8 апта – 4, 10 апта – 5, 15 апта - 7) (8
қосымша);
6. өткізілген сабақтардың тізбекті рефлексивты
талдауы (сабақтарда инновациялық технологияларды
пайдалану: топтық жұмыс, диалогты оқыту, критикалық
ойлау,
бағалау
формалары,
іс-әрекеттегі
зерттеу,
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
қолдану) (7 қосымша);
Өндірістік
(педагогикалық)
іс-тәжірибенің
қорытындысы жетілдіру бойынша тұжырымдар мен
ұсыныстардан тұрады.
Өндірістік
(педагогикалық)
іс-тәжірибенің
қосымшалары атқарылған жұмыс дәлелдеулерден тұрады
(қағаз немесе дискке жазылған электронды нұсқада):
-
өткізілген сабақтардың фото және бейне
материалдары;
- сабақтардың конспектілері;
22
- қолданылған ресурстар (презентациялар, видео,
үлестіру материалы, тапсырмалардың үлгілері және т.б.),
-
оқушылардың жұмыстары (постерлар, кері
байланысы немесе бағалануы бар стикерлер және т.б.);
- психолого-педагогикалық сипаттамалады құрудағы
сауалнамалар;
- ағымдағы оқу жылына арналған сыныптың (топтың)
тәрбие жұмысының жоспары (мөрі бар көшірме);
- ағымдағы оқу жылына арналған информатикадан
оқу жоспары (мөрі бар көшірме);
23
Әдебиеттер тізімі
1.
Типовые
правила
деятельности
организации
высшего и послевузовского образования. Постановление
Правительства РК от 17.05.2013 №499 .
2.
ГОСО
высшего
образования.
Постановление
Правительства РК от 23.08.2012 г. № 1080.
3.
Алыбаева Р. Использование элементов научного
исследования в компьютерных программах, применяемых
в учебном процессе // Высшая школа Казахстана, -2010, -№
4-5.
4.
Валеев Г.Х. Объект, предмет и тема научного
исследования // Педагогика. -2002, -№ 2.
5.
Егоров В.В., Скибицкий Э.Г. Методология и
методика научного исследования: -Алматы. -2005.
6.
Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы
2004.
7.
Вазина К. Я., Отвагина Н. Е., Маркова С. М.
Социально-психологические
методы
диагностики
обучающихся. Н. Новгоро. -2003.
8.
Дьяченко
В. К. Организаторская структура
учебного процесса и ее развитие. - М.: Педагогика. -1999.
9.
Селевко
Г.К.
Современные
образовательные
технологии: Учеб.-М.: Наука. -2010.
10.
Коцюбинский А.О. Современный самоучитель
работы в сети интернет. – М.:Триумф. -2008г.
11.
Лобашев В. Комплескная выпускная работа //
Высшее образование в России. -2007, -№ 4.
12.
Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.
Алматы: Дарын, 2004.
13.
Берікұлы Н. Педагогика курсының дәрістері –
Ақтөбе, 2004 – 427 бет
24
1 Қосымша
Титул парағын рәсімдеудің үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
___ _____20___ аралығында өткен өндірістік (педагогикалық)
іс-тәжірибенің
ЕСЕБІ
Орындаған
____________топ
студенті
__________________ А.Ж.Т.
Кафедрадан жетекші
______________________
қызметі, А.Ж.Т.
Қарағанды
20___
25
2 Қосымша
Пән мұғалімінің студентке берген мінездемені рәсімдеудің үлгісі
Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ
____________мамандығының
______________ А.Ж.Т.
студентіне берілген
МІНЕЗДЕМЕ
Пән мұғалімінің студентке берген пікірінде студенттің
білім деңгейі, сондай-ақ, бағдарламаның орындалуы және оның
Іс-тәжірибе мақсаттарына қол жеткізуі көрсетіледі. Ашық
сабақтардың барлық тақырыптарын ашып көрсету керек.
Пікірдің соңында балдық-рейтингті шкалаға сәйкес балл
қойылады (мысалы, «баға» (балл)).
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ___________А.Ж.Т.
Информатика мұғалімі
___________А.Ж.Т.
М.О.
26
3 Қосымша
Сынып жетекшісінің студентке берген мінездемені рәсімдеудің
үлгісі
Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ
____________мамандығының
______________ А.Ж.Т.
студентіне берілген
МІНЕЗДЕМЕ
Сынып
жетекшісінің
студентке
берген
пікірінде
студенттің білім деңгейі, сондай-ақ, бағдарламаның орындалуы
және оның Іс-тәжірибе мақсаттарына қол жеткізуі көрсетіледі.
Сабақтан тыс өткізілген барлық шаралардың тақырыптарын
ашып көрсету керек. Пікірдің соңында балдық-рейтингті
шкалаға сәйкес балл қойылады (мысалы, «баға» (балл)).
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ___________А.Ж.Т.
Сынып жетекшісі
___________А.Ж.Т.
М.О.
27
4 Қосымша
Оқушыға
психологиялық-педагогикалық
мінездемені
жазудың схемасы
1. Оқушы туралы жалпы мағлұматтар: аты, тегі, туылған
күні.
2. Отбасында оқыту мен тәрбиелеудің шарттары:
- отбасы құрамы, ата-ананың қызметі, отбасының жалпы
мәдени деңгейі;
- ата-ананың баласының оқу жұмысына қатынасы және оның
көрініс табуы.
3. Оқушының оқу жұмысына мінездеме;
4. Оқушылардың жалпы даму деңгейі (білімді, ойлау,
сөйлеу ерекшеліктері шеңбері және назар аударуы; тапқыр және
қаншалықты әуестігі және т. б.).
5. Оқушының негізгі ерекшеліктері:
- ерік шегі: табандылық немесе керісінше басында билігі жоқ,
оңай әсерлі, тәуелсіз және т. б.
- адамдарға қарым-қатынасы (әке-шешесіне, мұғалімге,
достарына): қайырымды, мейірімді, бауырмал, адал, немесе
керісінше, өзімшіл, ызалы және т. б.
- өзіне қатынасы: өзіне сенімді, қарапайым, ұялшақ, асқақ,
өзіне деген адамгершілігін жоғалтқан.
- оқу және еңбек қызметіне қатысы: істегіш, ұқыпты, ұқыпсыз.
6. Оқушының негізгі қажеттіліктерінің, талпыныстарының
сипаттамасы:
- көбінесе оның оқудан бос уақытын қалай өткізетіні;
- мектепті бітіргеннен кейінгі іс-әрекеті қандай.
7. Оқушының ұжымдағы қатынасы (сыныптағы басқа
оқушылармен қарым-қатынасы):
- беделге ие ма және бұл немен түсіндіріледі;
- жақын жолдастары бар ма және оларды не байланыстырады;
- қоғамдық өмірге қатыса ма, егер жоқ болса, неге.
8. Қорытынды: оқушы туралы жалпы қорытынды жасау.
Жиналған
зерттеу
материалдары
бойынша
осындай
мінездеменің пайда болуы қандай шарттарға байланысты
болғаны туралы талдау жасаңыз.
28
5 Қосымша
Сыныпқа (топқа) мінездеменің жалпы схемасы
Сынып (топ) туралы жалпы мағлұматтар:
1. Сынып (топтың) атауы.
2. Оқушылар саны, оның ішінде: ұл балалар, қыз балалар,
интернатта тұратындар, ата-анасыз қалғандар, тұрмысы нашар
отбасылар, көпбалалы отбасылар және т. б.
3. Ұжымның басқарушылығы мен тұтастылығы.
4. Оқу мекеменің басқа сыныптарымен (топтарымен)
байланысы.
Сыныптың (топтың) оқуға деген қызметі және қарым-
қатынасы:
1. Үлгерімі, үлгермеудің себебі, ұжымдағы өзаракөмегі.
2. Оқушылардың сабаққа деген қатынасы.
3. Ұжымда тәртіпке деген жалпы көзқарасы. Жеке
оқушылардың тәртіпке үлесі. Жағымды психологиялық
климаттың қалыптасуына сынып (топ) белсенділерінің ролі.
Сыныптың (топтың) сабақтан тыс және жалпы қызметі:
1. Мәдениет жалпы деңгейі: сыртқы пішіні, үндеу әдеті,
мінез-құлық және т. б.
2. Үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларға, жарыстарға
қатысу.
3. Жатақханада, оқу орнында қоғамдық еңбек ұйымдастыруға
қатысу (кезекшілік, аумақты жинау және т. б.).
Сынып оқушыларының (топтың) өзара қатынасы:
1. Ұжымда ынтымақтастық деңгейі: оқшауланған топтардың
болуы, достық жұп; бейресми топтардың рөлі.
2. Топ белсенділер ролі.
3. Қақтығыстар, олардың жиілігі мен шешу тәсілдері.
4. Сыныпты басқарудағы мұғалімнің қатысуы (қарым-
қатынасы, сипаты, мұғалімнің беделі, қатысушыларға әсері).
5.
Топтың тіршілігін жақсартуға бағытталған қорытындылар
мен ұсыныстар.
29
6 Қосымша
Тәрбиелік іс-шараны талдаудың үлгілік схемасы
Сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараның тақырыбы____________
_______________________________________________________
Мақсаты ____________________________________________
Күні__________________________
Топ, оқушылар саны_________________________________
Ұйымдастырушылар_______________________________
Сабақтан тыс тәрбиелік ic-шараны жүйелі түрде талдау
үшін мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:
- бағдарламаның мазмұны алдына қойған мақсатына жауап
берді ме;
- ұйымдастырудың деңгейі қойылған мақсатқа, міндеттерге
және талаптарға тиісті болды ма;
- сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар жоспарында барлық
дайындау қадамдары мен өткізулер көрініс тапты ма;
- барлық жоспарланған шаралар жеткілікті дәрежеде
ресурстармен қамтамасыз етілді ме;
- ойдың қандай фрагменттері жақсы орындалды, неге;
- уақыт жеткілікті болды ма;
- сабақтан тыс тәрбиелік іс-шара жүйелі түрде өткізілді ме;
- жаңашылдық эффект болды ма;
- тәрбиелік істің эмоциональдық бояуы оның ниетіне тиісті
болды ма;
- сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараға қатысқан ұжымның
әрбір мүшесі қандай бағалауға ие;
- оқушылардың әрекеті қандай болды;
- неден бас тарту керек;
- келесі тәрбиелік шараларға қандай жаңалық енгізу керек?
30
7 Қосымша
Информатикадан сабақты талдаудың үлгілік схемасы
Күні _________________
Пән ___________________________
Сынып (топ) ______________
Оқытушы _________________________________________
Тақырып________________________________________________
1. Сабақты бағалаудың мақсаты:
- дәлдік дәрежесі, айқындығы, тұжырымы, мақсатты қысқа және
анық қою;
- шынайылығы, мақсаттылығы, күрделілігі және мақсатқа
жеткізушілігі;
- мақсатты және жоспарды құру.
2. Сабаққа дайындылығы:
- жоспарлау;
- қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету;
- оқушылардың сабаққа дайындығы.
3. Мазмұн бағасы:
- материалдың ғылымилығы, қолжетімділігі;
- өзектілігі және өмірмен байланысы (теория практикамен);
- жаңашылдық деңгейі;
- меңгеру материалының көлемдік тиімділігі.
4. Оқытушы мен оқушылардың қызметінің тиімділігі:
- сабақта уақытты рационалды және тиімді пайдалану;
- темп тиімділігі, қызметің ауысу түрінің мен алмасуы;
- жұмысты ұйымдастыру формаларының тиімділігі мен әдісті
қолданудың тиімді дәрежесі;
- көрнекілік пен оқытудың техникалық құралдары деңгейін
тиімді пайдалану мен мақсаттылығы;
- оқушылар жұмысы мен қадағалау деңгейін бақылау тиімділігін
өткізу жөніндегі бағалар, икемділігі мен икемі;
- студенттерге өзіндік жұмыс істеуге ықпал жасау;
- оқытушы мен оқушылардың сабақ барысы кезінде еңбекті
қорғау мен техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтауы.
5. Оқушылардың сабақтағы жалпы сипаттамаларын талдау:
- өзіндік жұмыс істеу, белсенділік, шығармашылық деңгей;
31
- жалпы білім беретін және арнайы дағдылар мен іскерліктерді
дамыту деңгейі;
- сабақ барысындағы топтық жұмыстың қолданылуы мен
тиімділігі;
- тәртіптілік, қызығушылық, ұйымдастырушылық деңгейі.
6. Оқытудың психологиялық негіздерін жүзеге асыру:
- оқушылардың жас ерекшелік және жеке ерекшеліктерін есепке
алу;
- оқушылардың ой-жүйесін дамыту;
- сабаққа қызығушылықты арттыру.
Өткізілген ашық сабақтардың тізбекті рефлексивты талдауы
Рефлексиялық есеп әр инновациялық технологиясы
бойынша кезекпен жазылу керек және келесі жоспарға сәйкес
келуі тиіс:
- осы технологияның таңдауын дәлелдеу;
- өткізу кезінде қандай ресурстар қолданылды және
ұйымдастырылды?
- қандай стратегиялар қолданылды?
- қандай нәтижелер алынды және не күтілді?
- рефлексияны және бағалауды қалай жүргізілді.
32
8 Қосымша
Ашық сабақтың жоспары
Тақырып атауы:
Уақыты:
Оқытудың мақсаты (SMART):
Сәттілік критериі:
Кілтті ойлары:
Уақыты
Педагог
әрекеті
Оқушылардың
әрекеттері
Рефлексия
Ресурстар
Информатика мұғалімі ____________ А.Ж.Т.
қолы
33
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың
Ғылыми-Әдістемелік Кеңесі бекіткен
(хаттама № , ..2015 ж.)
Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің
5В011100 - «Информатика» мамандығы студенттері үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе бойынша
Серикбаева Асем Балтабековна
Валиева Динара Ғалымжанқызы
Басуға 2015 ж. қол қойылды. Пішім 1/16. Газеттік қағазы.
Көлемі 2,1 ес. -б.т. Таралымы 20 дана. Тапсырыс №
«PrintShop» жарнама-өндірістік фирмасының баспаханасында шықты
100009 Қарағанды қ., Полетаева к-сі, 13
Достарыңызбен бөлісу: |