Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Педагогикалық факультет
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы
Абильдина С.К., Мухаметжанова А.О., Айдарбекова К.А.
5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен
әдістемесі мамандығының студенттеріне арналған
«Бастауыш мектептегі байқау сабақтары» өндірістік
(педагогикалық) практикасы бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Қарағанды, 2016
36
«Бастауыш мектептегі байқау сабақтары» өндірістік
(педагогикалық)
практикасы
бойынша
әдістемелік
нұсқаулар (5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы
және әдістемесі мамандығына арналған)/ құраст.: Абильдина
С.К., Мухаметжанова А.О., Айдарбекова К.А.– Қарағанды,
2016.- 36 б.
Пікір берушілер:
Самашова Г.Е. – ҚарМТУ кәсіби оқыту кафедрасының
доценті. п.ғ.к.
Сарсекеева Ж.Е.- п.ғ.д., бастауыш оқыту педагогикасы
кафедрасының профессоры
Әдістемелік нұсқау 5В010200- Бастауыш оқытудың
педагогикасы және әдістемесі мамандығы бакалаврларын
дайындау бойынша Типтік оқу бағдарламасы, 2013 негізінде
жасалды.
Абильдина С.К.
Мухаметжанова А.О.
Айдарбекова К.А., 2016
35
Алғысөз
Өндірістік (педагогикалық) практика болашақ бастауыш
сынып мұғалімін кәсіби даярлауда басты рөл атқарады. Ол
студенттердің педагогикалық қызмет түрлерін тәжірибеде
қолдануына бағытталып, оларды шығармашылық және
педагогикалық қабілетті дамытуға мүмкіндік береді. Болашақ
мамандардың
педагогикалық
шығармашылыққа,
педагогикалық мәдениеттің негіздерін меңгеруге дайындығын
қалыптастыру көбіне жоғары оқу орны мен жалпы білім
беретін мектеп оқытушыларының мақсатты және бірлескен
жұмысы арқылы іске асатынын атап өтуге болады. Сондықтан
да
өндірістік
(педагогикалық)
практиканың
негізгі
міндеттерін көрсетіп және практиканың әр кезеңіне
студенттердің орындайтын жұмыс түрлерін қарастыру
қажеттігі туындап отыр.
Білім беру жүйесін реформалау жағдайында мектептің
жоғары құзыреттілік деңгейдегі білімді мұғалімге сұранысы
өсіп отыр. Мұндай деңгейдегі маман жылдам өзгеретін
ақпараттар, ағымы жағдайында бағдарлай білуге, оқу
бағдарламалары, оқулықтар, басқа да оқу-әдістемелік
материалдардың көп түрлілігі жағдайында жұмыс істеуге
дайын болуы керек. Бұл жерде өндірістік (педагогикалық)
практика маңызды роль атқарады.
Өндірістік (педагогикалық) практика түрлерінің оқу
жоспарына бірізділікпен жүйелі енгізілуі болашақ бастауыш
сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ең
басты алғышарты болып табылады.
Оқу
және
өндірістік
(педагогикалық)
практика
уақытында студенттерде бірқатар тұлғалық және қызметтік
сапалар қалыптасады. Жеке тұлғалық сапаларына: ғылыми
дүниетанымы,
жалпы
мәдениеттің
жоғары
деңгейі,
креативтілігі, ақпараттық (компьютерлік) сауаттылығы т.б.
жатқызуға болады. Қызметтік компонетте педагогикалық
қабілеттілігін, өзіндік мотивациялық бағыттылығын, кәсіби
құзыреттілігін
(гностикалық,
диогностикалық
коммуникативті,
конструктивті,
ұйымдастырушылық,
3
34
арнайы) атап айтуға болады. Бастауыш мектептің қазіргі
заманғы педагогтарына қажет білім көлемі өсіп келеді, ал
ЖОО-да оқыту бірнеше жылмен шектелген. Осыған сәйкес
оқу үдерісін жеделдетіп, жас мамандарға қажетті сапаларды
мақсатты қалыптастыру қажет. Әрбір мұғалім өзінің кәсіби
құзыреттілік деңгейін көтеріп, өзінің білімін жетілдіріп
отыруға міндетті. Студент оқып жүрген уақытында өз
бетінше білім алу әдістемесін меңгеріп, сыни тұрғыдан
ойлауға, кәсіби міндеттерді шешудің дәстүрлі емес жаңа
жолдарын табуға үйренуі керек. Мұндай кәсіби сапалардың
орнығуы үшін өндірістік (педагогикалық) практиканың рөлі
ерекше.
Осыған сәйкес әдістемелік нұсқауда «Бастауыш
мектептегі байқау сабақтары» өндірістік (педагогикалық)
практикасының бағдарламасы, сонымен бірге практика
барысында студентке қажетті әдістемелік материалдар
берілді.
Мазмұны
Алғы сөз .........................................................................
3
«Бастауыш
мектептегі
байқау
сабақтары»
практикасының мазмұны мен ұйымдастырылуы...............
5
«Бастауыш
мектептегі
байқау
сабақтары»
педагогикалық практикасының негізгі міндеттері.............
6
«Бастауыш мектептегі байқау сабақтары» практикасын
ұйымдастыру....................................................................
8
Практиканың
өтілу
үдерісіне
қатысушылардың
міндеттері.........................................................................
10
Өндірістік
(педагогикалық)
практиканы
қорғауды
ұйымдастыру...................................................................
11
Педагогикалық
практика
бойынша
қорытынды
конференцияға дайындайтын материалдар........................
14
Студент-практиканттарды бағалау критерийлері.............. 15
Қосымшалар.......................................................................
16
Пайдаланылған әдебиеттер................................................
30
4
33