Кестелер импорты
Кейбір жағдайда Word бағдарламасына басқа бағдарламада құрылған кестені импорттау қажет болады (мысалы, басқа мәтіндік процессордың файлдары, Microsoft Excel және Lotus электрондық кестелері). Электронды кестелерді импорттау кезінде ұяшықтарда орналасқан формулалар және функциялар тасымалданбайды, сонымен қатар безендірілуі жоғалуы мүмкін.
Басқа қосымшаларда құрылған кестелерді импорттау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Қосымшада құрылған кестені ашыңыз;
Кестені Алмастыру буферіне көшіріңіз;
Word құжатында кестені қою қажет орынға курсорды орнатыңыз;
Басты қосымшада Алмастыру буфері тобындағы лентада Қоюбатырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз. Басқа қосымшадан импорттау кезінде кестенің ені бет енінен асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда сәйкес келетін маркердің көмегі арқылы кестенің бағандарының енін қолмен орнатыңыз
Кестедегі деректерді сұрыптау
Деректерді сұрыптау- бұл кестелерді ұйымдастыру үшін ерекше маңызды командалардың бірі. Егер кестедегі деректер біртіндеп терілген болса және әрбір жазба бір жол төмен жасалған болса онда көбінесе сұрыптау қолданылады. Бұндай кестеде ақпаратты табу өте қиын. Сұрыптауды қолдану деректерді реттеуге көмектеседі.
Кестедегі деректерді сұрыптау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Сұрыптау үшін бағандарды ерекшелеңіз немесе толығымен сұрыптау қажет болса кестеге курсорды орнатыңыз;
Макет қосымшасында Деректер батырмасын басыңыз және менюден Сұрыптау пунктін таңдаңыз (5.20. Сурет)
5.20.Сурет. Сұрыптау командасын таңдау
Сұрыптау диалогтық терезесінде ... бойынша басынан тізімінен кестенің сұрыптауын жүргізу қажет бағанды таңдаңыз. Бұл жерде бағандар солдан оңға нөмір бойынша түгенделіп шығарылған.
5.21. Сурет. Сұрыптау диалогтық терезесі
Сұрыптау деректерінің типін таңдаңыз: Мәтін, Сан немесе Мезгіл;
Сұрыптау типін орнатыңыз: өсуі бойынша немесе кемуі бойынша;
Екінші және үшінші бағандар бойынша екінші рет сұрыптау үшін қажет болған жағдайда параметрлер орнатыңыз;
Егер әріптердің регистрі ескерілетін сұрыптауды қолдану қажет болса, онда Параметрлер батырмасын басыңыз және Сұрыптау параметрлері аймағында Регистрді ескеру жалаушасын орнатыңыз (5.24. Сурет)
5.21. Сурет. Сұрыптау параметрлері диалогтық терезесі
Сұрыптаудың таңдалған параметрлерін растау үшін ОК батырмасын басыңыз
Тақырып бойынша сұрақтар тізбегі:
Кез келген кесте неден құралады?
Кестелерді редактілеу операциясына ұяшықтардағы қандай жүргізілетін әрекетттер қатысады?
Ұяшықтардың арасында жылжу үшін қандай пернесі пайдаланылады?
Кестені редактілеу үшін қандай маркерлері қолданылады?
Жылжыту маркері кестенің қай бұрышында орналасқан?
Кестенің өлшемін өзгерту маркері қай бұрышта пайда болады?
Кестеге элементтер қосудың тәсілі?
Кестенің енін және жолдың биіктігін бірнеше тәсілмен өзгеруге болады.Қарапайымның тәсілі қандай?
Microsoft Word 2007 бағдарламасында қандай терезеге біріктірілген өте қолайлы функциялар жиыны бар?
Кестелерді пішімдеу үшін қандай стиль функциясы пайдаланылады?
Оқушыларға арналған әдебиет:
1. Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Даулетқұлов «Жаңа ақпараттық технология» Информатикадан 30 сабақ, Алматы ИНТ, 2003
2. «Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» Есжанов А.Е., Тәжіғұлова Ә.І., Тюлеев Т.К. Алматы, 2007 ж.
Өз бетемен жұмыс бойынша оқушыларға арналған әдістемелік құрал.(Пәнді меңгеру үшін қажет уақытты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша ұсынымдар,әдебиеттер және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасау бойынша ұсынымдар).
Тақырыбы: Нысандарды кірістіру: кесте және олармен жұмыс.
Сабақтың мақсаттары: Кесте ұғымын түсіндіру, кестелерді даярлап үйрену, тор сызықтарды бинелеу, кестелерді баптау, конструккор мен макетпен жұмыс жасау
Оқыту мақсаты-Оқушылардың теориялық білімдерін бекіту
Тәрбиелеу мақсаты-адамға деген мейірімділікті сезінуге тәрбиелеу
Көрнекілік: Мультипроектор: Демонстрациялық материал
Презентация.Microsoft Power Point,Movie Maker програмалары.
Сабақтың жоспары:
1.Слайдтарды қарау
2.Терминдерді талдау
1Презентация
Жабық сұрақ:
Кез келген кесте неден құралады? ж/бы: ( ұяшықтарды құрайтын жолдар мен бағандардан құралады)
Ұяшықтардың арасында жылжу үшін қанда перне пайдаланылады? ж/бы: (Tab пернесі пайдаланылады)
Кестені редактілеу үшін қандай маркерлері қолданылады? ж/бы: өзгерту және жылжыту маркерлері)
Кестенің енін және жолдың биіктігін ненін көмегімен өзгеруге болады? ж/бы: ( тышқанның)
Кестелерді пішімдеу үшін қандай функция пайдаланылады? ж/бы: (Кестелер стилі функциясы пайдаланылады)
Деректерді сұрыптау? ж/бы: (бұл кестелерді ұйымдастыру үшін ерекше маңызды командалардың бірі)
Microsoft Word 2007 бағдарламасында қандай терезеге біріктірілген өте қолайлы функциялар жиыны бар? ж/бы: ( Кестелер қасиеті диалогтық)
Кстенің элементтерінің өлшемін өзгерту үшін қандай команданы қолдануға болады? ж/бы: (Макет қосымшасында Ұяшықтар өлшемі тобындағы командаларды)
Электронды кестелерді импорттау кезінде не жоғалуы мүмкін? Ж/бы: (ұяшықтарда орналасқан формулалар және функциялар тасымалданбайды, сонымен қатар безендірілуі жоғалуы мүмкін)
Кестенің жаңа стилін құру үшін қандай команда пайдаланады? ж/бы: (стилдер менюіндегі Кестелер стилін құру)
Бақылаушы блок:
-бақылауды іске асыру бойынша материалдарға мыналар кіреді:
а)тақырып бойынша тестілік бақылау
б)бақылаушы тарату материалдары
Тест:
Кез келген кесте неден құралады?
А) жолдар мен бағандардан құралады
Б) таңбалар
В) Конструктор
Ұяшықтардың арасында жылжу үшін қанда перне пайдаланылады?
А) enter
Б) Tab
В) Shift
Кестені редактілеу үшін қандай маркерлері қолданылады?
А) пішімдеу және редактілеу
Б) өзгерту және жылжыту маркерлері
В) ерекшелеу және конструкторлау
Кестенің енін және жолдың биіктігін ненін көмегімен өзгеруге болады?
А) enter көмегімен
Б) Shift көмегімен
В) тышқанның көмегімен
Бұл кестелерді ұйымдастыру үшін ерекше маңызды командалардың бірі не?
А) Деректерді сұрыптау
Б) импорттау
В) Кестелерді редактілеу
Достарыңызбен бөлісу: |