Нысандарды кірістіру: кесте және олармен жұмыс. «Емдеу ісі» топтарына арналған



жүктеу 488,5 Kb.
бет3/4
Дата15.02.2020
өлшемі488,5 Kb.
#29156
1   2   3   4

Кестелерді редактілеу

Кестелерді редактілеу операциясына ұяшықтардағы мәтіндермен, кестелер элементтерімен ( жолдармен, бағандармен және шекаралармен) жүргізілетін әрекетттердің де қатысы бар.



Кестедегі мәтінді редактілеу

Кестенің ішіндегі мәтінмен жұмыс жасаудың қарапайым мәтінмен жұмас жасаудан еш айырмашылығы жоқ. Кестенің деректері үшін кез келген пішімдеуді орнатуға және редактілеудің үйреншікті командаларын пайдалауға болады. Ұяшықтардың арасында жылжу үшін Tab пернесі пайдаланылады.Кестенің ішіндегі мәтінді жою үшін, сәйкес келетін ұяшықты ерекшелеңіз және Delete пернесін басыңыз.Кестенің ішіндегі мәтінің өз ерекшелігі бар. Мысалы, оған кез келген бағытты келесі түрде беруге болады:



  1. Мәтіннің бағытын өзгертіңіз келген ұяшыққа курсорды орналастырыңыз, немесе кестенің қажет үзіндісін ерекшелеңіз;

  2. Макет қосымшасына өтіңіз, Мәтін бағыты батырмасын басыңыз (5.9. Сурет). Қажетті бағытты таңдау үшін Мәтін бағыты батырмасын бірнеше рет басыңыз;




5.9.  Сурет. Мәтінің бағыты диалогтық терезесі

 

Кестенің қалпын және өлшемін өзгерту

Кестені редактілеу үшін өзгерту және жылжыту маркерлері қолданылады. Жылжыту маркері кестенің сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан, егер тышқанның нұсқағышы кестенің шетінде тұрса, онда ол жақтау ішіндегі крестик пішініне айналады (5.10. Сурет). Ал егер оған шертетін болсақ және тышқанның батырмасын жібермей тартатын болсақ, онда кесте жылжиды.

  



5.10.  Сурет. Кестені жылжыту маркері

Егер тышқанны нұсқағышы кестенің шетінде тұрса, онда кестенің өлшемін өзгерту маркері оң жақ төменгі бұрышта пайда болады (5.11. Сурет). Кестенің өлшемін өзгертетін маркерге шертсек және тартатын болсақ, онда кестенің өлшемі өзгереді. Бұл жағдайда барлық бағандар мен ұяшықтар пропорционалды үлкейеді немесе кішірейеді.



5.11Сурет. Кестенің өлшемін өзгерту маркері

Кестені ерекшелеу

Кестенің бағанын немесе жолын ерекшелеу үшін келесі тәсілдердін бірін таңдаңыз:



  • Тышқанның сол жақ батырмасын басып және жібермей ұстап тұрып кестенің қажетті бөлігін ұяшық бойынша ерекшелеңіз;

  • Нұсқағышты жолдың сол жақ шекарасына немесе бағанның жоғарғы жақ шекарасына әкеліңіз, тышқанмен шертіңіз.

Егер кесте бірнеше бетте орналасса, онда тышқанның көмегімен қажетті ұяшықтарды ерекшелеу өте қиын. Осындай жағдайда қарапайым мәтінмен жұмыс жасау кезіндегідей, Shift пернесін басып ұстап тұрып және  курсорды жәнепернелерінің көмегімен жылжыту арқылы қажетті бөлімді ерекшелей аласыз.

Кесте элементтерін қосу

Кестелерді редактілеу кезінде оған қосымша элементтерді, мысалы, жолдар немесе бағандар қосу қажет болса, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:



  • Қанша қосу қажет сонша жолды немесе бағанды ерекшелеңіз;

  •  Макет қосымшасына өтіңіз және Жолдар және бағандар тобында қажетті батырманы басыңыз:

  •  Сол жағына қою;

  •   Оң жағына қою;

  •  Төбесіне қою;

  • Астына қою (5.12. Сурет)

 5.12. Сурет. Макет қосымшасындағы Жолдар және бағандар тобы
Кестеге элементтер қосудың тағы бір тәсілі-  Ұяшықтар командасы. Оны қолдану үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • Жолдар және бағандар тобының төменгі бөлігінде орналасқанКестеге ұяшықтар қою батырмасын басыңыз (5. 13. Сурет)



5.13. Сурет.  Кестеге ұяшықтар қою батырмасы
Ұяшықтарды қосу диалогтық терезесінде қоюды қалай жүргізу керек екенін көрсетіңіз (5.14. Сурет):

  • Оңға жылжумен;

  •   Солға жылжумен;

  • Тұтас жолды қою;

  • Тұтас бағанды қою.

 
5.12.сурет Ұяшықтарды қосу диалогтық терезесі

Кестелердің элементтерінің өлшемін өзгерту

Кестенің енін және жолдың биіктігін бірнеше тәсілмен өзгеруге болады. Ең қарапайым тәсіл- тышқанның көмегімен. Ол үшін нұсқағышты бағанның оң жақ шекарасына немесе жолдың төменгі шекарасына орналастырыңыз. Нұсқағыш қарама- қарсы жаққа бағытталған бағыттауышы бар қос сызық пішініне айналған кезде, тышқанның батырмасын жібермей бағанның шекарасын немесе жолдың шекарасын қажетті орынға жылжытыңыз. (Осы кезде пунктир сызығы жаңа шекара қайда орнатылатынын көрсетеді).



5.13.Сурет. Кесте шекараларын орнату 



Сонымен қатар кестенің элементтерінің өлшемін өзгерту үшін  Макет қосымшасында  Ұяшықтар өлшемі тобындағы командаларды қолдануға болады. Өлшемін өзгерту қажет ұяшыққа курсорды орнату немесе ұяшықтар тобын ерекшелеу қажет, одан кейін Кестенің бағандарының ені және Кестенің жолдарының биіктігі өрістерінде сандық мәндерді енгіземіз ( 5.15. Сурет).

5.14. Сурет. Макет қосымшасындағы Ұяшықтар өлшемі тобы

Кестелермен жұмыс істеу кезінде сіздер мынаған назар аударыңыздар: мәтін енгізу кезінде бағанның ені өте қолайсыз өзгереді. Осы жағдай үшін Бағандардың енін автотаңдау  командасы қызмет етеді. Оны қолдану үшін келесі әрекеттерді қолданыңыз:



  • Кестені ерекшелеңіз;

  •   Макет қосымшасындағы Ұяшықтар өлшемі тобында Автотаңдау батырмасын басыңыз (5.17. Сурет);




    1. Сурет. Автотаңдау батырмасының менюі




  • Үнсіз келісім бойынша орнатылған параметрден өзгеше параметрді таңдаңыз (ішіндегілері бойынша автотаңдау)

  • Бағанның бекітілген ені;

Терезенің ені бойынша автотаңдау- кестені веб- құжатқа орналастыру қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады. Егер осы нұсқа таңдалса, онда кестелердің ені браузердің терезесі енінің өзгеруіне сәйкес қайта өзгереді.

Кестелер қасиеті

Microsoft Word 2007 бағдарламасында Кестелер қасиеті диалогтық терезесіне біріктірілген өте қолайлы функциялар жиыны бар (5.16. Сурет). Оны лентада Макет қосымшасындағы  Кестелер тобында Қасиет батырмасын басу арқылы ашуға болады.



5.16. Сурет. Кестелер қасиеті диалогтық терезесі

Кестелер қасиеті диалогтық терезесінде келесі параметрлерді анықтауға болады:

  • Мәтінге сәйкес кестелердің орналасуы;

  •  Көлеңкелер және шекаралар;

  •  Кестенің әрбір жолының және бағандарының параметрлері;

  • Ұяшыққа мәтінің орналасуы.

Кестелер автопішімі

Кестелерді пішімдеу үшін Кестелер стилі функциясы пайдаланылады. Осы функцияның көмегімен сіз кестені безендірудің стилін жылдам таңдай аласыз.Кестелер стиліне қатынау үшін Конструктор қосымшасын өтіңіз және Кестелер стилі тобындағы Қосымша параметрлер батырмасын басыңыз (5.19. Сурет)





5.17. Сурет. Кестелер автопішімі диалогтық терезесі

Өзіңіздің кесте стиліңізді құрғыңыз келсе стилдер менюіндегі Кестелер стилін өзгерту командасын пайдаланыңыз. Стилді өзгерту диалогтық терезесінде (5.18. Сурет) қаріптің кеглін, гарнитурасын, құюды, сызық түсін, түрін таңдауға болады.





5.18. Сурет. Стилді өзгерту диалогтық терезесі

Кестенің жаңа стилін құру үшін стилдер менюіндегі Кестелер стилін құрукомандасын пайдаланыңыз. Стилді құру диалогтық терезесінде қаріптің кеглін, гарнитурасын, құюды, сызық түсін, түрін таңдауға болады (5. 19. Сурет)
5.19.Сурет. Стилді құру диалогтық терезесі

жүктеу 488,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау