Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет5/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

санатындағы жастар, табысы аз көпбалалы отбасы мүшесі, табысы аз еңбекке қабілетті 
мүгедек, ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер, 
ауыл  шаруашылығы  кооперативтері  және  олардың  мүшелері,  шаруа  және  фермер 
қожалықтары, қызмет мерзіміне қарамастан зәкірлік кооперацияға қатысушылар;
            48)  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  –  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің 
белсенді  шараларын  іске  асыру  және  жұмыссыздықтан  әлеуметтік  қорғауды  және  "
Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 
 (бұдан әрі – 
Заңына
Заң)  сәйкес  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің  өзге  де  шараларын  ұйымдастыру 
мақсатында  ауданның,  облыстық  және  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 
астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
      49) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – мемлекеттік тіркелген мерзімі ауылдық елді 
мекендерде,  шағын  қалаларда,  қалалар  мен  моноқалаларда  кредиторға  кредит/
микрокредит/кепілдік алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын жиырма 
тоғыз жасқа дейінгі (қоса алғанда) дара кәсіпкер;
            50)  ісін  жаңа  бастаған  кәсіпкер  –  ЕДБ/  "АШҚҚҚ"  АҚ/МҰ/КС-ке  кредит/
микрокредит  алу  үшін  жүгінген  сәтте  дара  кәсіпкер  немесе  заңды  тұлға  ретінде 
мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын кәсіпкер;
      51) NEET санатындағы жастар – әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі 
бір  жағдайларға  байланысты  оқымайтын,  жұмыс  істемейтін  және  біліктілігін 
арттырмайтын жастар.
3. Ағымдағы ахуалды талдау
      Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2007 жылмен
салыстырғанда  жұмыс  күші  санының  9,7  %-ға  өсуімен  бірге  жалдамалы 
жұмыскерлердің де саны 1,7 млн. адамға артты, жұмыссыздардың саны 155 мың адамға
және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 558 мың адамға төмендеді.
      Жас жұмыс күшінің 9 %-ға азайғаны байқалады, бұл шамамен 209,6 мың адам.


      2010 – 2017 жылдар аралығындағы кезеңде жастардың экономикалық белсенділігі 
айтарлықтай жоғары деңгейде (44 %), алайда ЭЫДҰ елдері үшін орташа көрсеткіш 47 
%-дан аз.
            2018  жылдың  қорытындысы  бойынша  елде  15-тен  28  жасқа  дейінгі  жастағы 
жастардың экономикалық белсенді бөлігі (жұмыс күші) 2 087,6 мың адам, оның ішінде 
2 007,9 мың адам (96 %-ы) жұмыспен қамтылғандар, оның 1 536,6 мыңы немесе 76,5 %-
ы жалдамалы жұмыскерлер, 471,3 мыңы (23,5 %) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
            Республика  бойынша  жалпы  жұмыссыздық  деңгейі  4,9  %-ды  құраса,  жастар 
жұмыссыздығы 3,8 %-ды немесе 79,7 мың адамды құрады.
      ЖЖК 2020 бағдарламасы қолданыста болған уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік
қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына 
жұмысқа орналастырылды.
      Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 5,1 %-дан 2016 жылы 5,0 %-ға 
және 2017 жылы 4,9 %-ға дейін төмендеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 
2015 жылғы 4,2 %-дан, 2016, 2017 жылдары 3,8 %-ға дейін төмендеген.
      Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де әсер ететін 
мынадай жүйелі проблемалар сақталуда:
      1) еңбек ресурстары сапасының еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі.
            Егер  2015  –  2017  жылдары  жоғары  және  аяқталмаған  жоғары  білімі  бар  жұмыс 
күшінің үлесі 38 %-ды құраса, онда техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің
үлесі 2015 жылғы 38 %-дан 2016 жылы 41 %-ға дейін, 2017 жылы 42 %-ға дейін өскен.
            Бұл  ретте  2015  жылғы  24  %-дан  2016  жылы  22,6  %-ға  дейін  төмендегеніне 
қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 
жоғары болып отыр.


            Қазіргі  уақытта  білім  беру  жүйесі  еңбек  нарығы  үшін  жастарды  даярлаудың 
жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейді.
      Мәселен, 2017 жылы мектептердің 11-сыныбын 127 мың адам бітірген, оның 22 
мыңы (18 %-ы) колледждерге түскен, 77 мыңы (60 %-ы) ЖОО-ларға түскен, 4 мыңы (3 
%-ы)  шетелге  кеткен.  11-сыныптардың  түлектері  арасында  24  мың  адам  (19  %-ы) 
оқуларын жалғастырмай, біліктіліксіз қалды.
      2017 жылы ТжКБ-ны 147 мың адам бітірген, оның 14 мыңы (10 %-ы) ЖОО-ларда 
оқуларын жалғастыруда, 90 мыңы (61 %-ы) оқу бітірген жылы жұмысқа орналасқан, ал 
43 мыңы (29 %-ы) оқуларын жалғастырмаған және жұмысқа орналаспаған. Бастапқыда 
оқуға түскен 16 мың адам оқуларын аяқтамай, оқудан шығып қалған, яғни біліктіліксіз 
қалған.
      2017 жылы ЖОО-ларадың бакалавр бағдарламалары түлектерінің саны 127 мың 
адамды құрады, оның 16 мыңы (12 %-ы) магистратурада және аспирантурада оқуларын
жалғастыруда, 88 мыңы (69 %-ы) оқу бітірген жылы жұмысқа орналасқан, ал 23 мыңы (
18 %-ы) оқуларын жалғастырмаған және жұмысқа орналаспаған. Сондай-ақ бастапқыда
оқуға түскен 12 мың адам оқуларын аяқтамай, оқудан шығып қалған, яғни біліктіліксіз 
қалған.
      2017 – 2018 оқу жылының басында оқудан шығып қалған студенттердің 20 %-ы 
қаржылық  қиындықтарға  байланысты  оқуларын  аяқтамаса,  ал  19  %-ы  оқу  үлгерімі 
нашарлығы  себебі  бойынша  немесе  оқу  тәртібін  бұзғаны  үшін  (7  %),  ішкі  тәртіп 
қағидаларын және оқу орнының жарғысын бұзғаны үшін (12 %) оқуларын аяқтамаған. 
Студенттердің  39  %-ы  белгісіз  себептермен  (өз  қалауы  бойынша  немесе  басқа 
себептермен) оқудан шығарылған.
            Осылайша  2017  жылдың  қорытындысы  бойынша  ғана  жалпы  алғанда  52  мың 
жастар  біліктіліксіз  қалған,  ал  ТжКБ  мен  ЖОО-лардың  66  мың  түлегі  оқу  бітірген 
жылы жұмысқа орналаспаған.


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау