Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес
келмеуінен жыл сайын жұмыс берушілер мәлімдеген 20 мыңға жуық бос жұмыс
орнына ешкім орналаспайды.
Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға
қажеттіліктің 73%-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға тиесілі
екенін көрсетті.
Болжамды бағалауға сәйкес 2025 жылға қарай 15-тен 24 жасқа дейінгі жастағы
еңбекке қабілетті жастардың саны 446 мың адамға 2017 жылғы 2 399 адамнан 2 845
мың адамға дейін өседі деп күтілуде. Осы жастардың еңбек нарығына сәтті
интеграциялануы үшін оларға қазірден бастап өзекті, сапалы білім беру қажет және
сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету қажет.
Білім беру жүйесінен жыл сайын еңбек нарығына шығатын 15-тен 24 жасқа дейінгі
жастағы жастардың саны 2025 жылға дейін орташа есеппен 3 %-ға өсетін болады. Ал
2025 – 2030 жылдар аралығындағы кезеңде 2000 жылдың соңына қарай көптеп туу
кезеңінде дүниеге келген балалардың өсуі әсерінен жылына 5 %-ға дейін тез өседі деп
күтілуде.
Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге
қолжетімділігін қамтамасыз ету, жұмыс берушілермен әріптестікте, әсіресе NEET
санатындағы жастар үшін жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, мансаптық
консультациялар беру және еңбек қызметінің ерте кезеңдерінде дамыту, сондай-ақ
еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы біліктіліктер санаттары бойынша ересек
тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет.
2) Нәтижесіз жұмыспен қамтылу.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2015 жылғы 2,3 млн. адамнан (
жұмыспен қамтылған халықтың 27 %) 2017 жылы 2,1 млн. адамға (24,5 %) дейін
қысқарды. Қызметін тіркемей жүзеге асыратын немесе табысы ең төмен күнкөріс
деңгейінен төмен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш
жылда 66 %-ға – 2015 жылғы 330,9 мың адамнан 2016 жылы 301,2 мың адамға дейін
және 2017 жылы 217,7 адамға дейін қысқарды.
2017 жылы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен
ауыл шаруашылығында шоғырланған (58 %), мұнда еңбек өнімділігінің ең төмен
деңгейі байқалады (жан басына шаққанда 1402 мың теңге). Халықтың табыс деңгейі
экономика салаларындағы еңбек өнімділігінің деңгейімен тікелей байланысты.
Білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі едәуір өнімді әрі табысты жұмыс
орындарына қолжетімділікті шектейді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың 49,1 %-
ында тек негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімдері бар.
Нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты өнімді экономикалық қызметке тарту
экономикалық белсенділіктің өсуіне және олардың табыстарының артуына ықпал етеді.
3) Өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздік.
2015 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 946 мың адамды құраса, ал
2017 жылы – 2 934 мың адамды құраған, яғни 12 мың адамға қысқарған. Ал оңтүстік
өңірлерде халықтың саны 186 мың адамға – 2015 жылғы 6 564 мың адамнан 2017
жылғы 6 750 мың адамға дейін өскен. Бұл ретте 2017 жылы солтүстік өңірлердің
барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі орта
есеппен 19 %-ды, ал оңтүстік өңірлерде орта есеппен 34 %-ды құраған.
Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауға сәйкес еліміздегі тұрғындардың
саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Бұл ретте ағымдағы үрдістер
сақталғанда солтүстік өңірлердің тұрғындары 0,9 млн. адамға азайып, ал оңтүстік
өңірлердегі тұрғындардың саны 5,3 млн. адамға өседі деп күтілуде. Оңтүстік өңірлерде
халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады.
Сондықтан жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге
азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының
аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған орынды.
4) Экономиканың жеке секторында өнімді жұмыс орындарының жеткіліксіз түрде
генерациялануы.
Жұмыспен қамтуда мемлекеттік сектордың (мемлекеттік меншік үлесі 50%-дан
артық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың) үлесі 2015 – 2017 жылдары
жұмыспен қамтылған халықтың орта есеппен 25,4 %-ын құрады. Аталған көрсеткіш
ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады, мұнда
халықты жұмыспен қамту құрылымындағы мемлекеттік сектор үлесінің орташа мәні 18
%-ды құрайды.
ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жұмыспен қамтамасыз етуде ШОБ-тың үлесі
жеткіліксіз. ЭЫДҰ-да шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен
айналысатындардың орташа үлесі 64 %-ды құрайды, бұл Қазақстандағы деңгейден 1,4
есеге артық (45 %).
Осылайша жеке секторда жұмыс орындарын құру үшін жаппай кәсіпкерлікті
дамытуды ынталандыру қажет. Әлемнің дамыған елдерінің озық тәжірибесі
микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және жаңа жұмыс
орындарын құруға ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігін және ауқымын
арттыратынын көрсетеді.
Әлемдік практикада еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын
дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (
жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық
сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметін жетілдіру,
сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |