24) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және
одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру
ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын
балалары бар отбасы;
25) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығындағы ахуал, игерген мамандығы
бойынша жұмысқа орналасу, қайта оқытудан өту, біліктілікті арттыру мүмкіндігі
туралы ақпарат ұсыну;
26) кепілгер – кепілдіктерді беруге уәкілетті "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі
" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы ("ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ), "Даму"
кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
27) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша Кредитор алдында
Кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
28) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы
уәкілетті органдар бекітетін нысандар бойынша кепілдік беру туралы жасалған
үшжақты жазбаша келісім;
29) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік
серіктестіктер/ "АШҚҚҚ" АҚ;
30) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер
(ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/ "АШҚҚҚ" АҚ ақылылық, мерзімділік,
қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасында кредиттік желімен жаңартылмайтын кредит/
микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз
қаражаты;
31) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" Қазақстан Республикасының
ұлттық кәсіпкерлер палатасы ("Атамекен" ҰҚП);
32) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын,
жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлықтан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек
қызметінің түрлері;
33) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге
қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
34) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің
жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқыту мерзімі
қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;
35) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы – жұмыс күші артық
өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық
және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа
орналастыруға бағытталған жоба;
36) микрокредит беру ұйымы – кепілдіктерді беруге уәкілетті "ҚазАгро" ұлттық
басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы ("ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ
), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
37) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі
әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен
айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ "Микроқаржы
ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының
рұқсат етілген қосымша
Заңында
қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
38) мобильді оқу орталығы – практиканы қамтамасыз етумен және конструкциялық
элементтер мен жабдықтарды оқу орнына тасымалдау мүмкіндігімен қосымша білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын көшпелі оқу орталығы;
39) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен
төмен жұмыспен айналысатындар және/немесе жоғары, техникалық және кәсіптік
білімі жоқ және/немесе біліктілігі төмен жұмыс орындарында жұмыс істейтіндер;
40) оқу орны – жоғары, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
41) оқу орталығы – міндетті түрде өндірістік практиканы ұйымдастырып, қосымша
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;
42) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік
одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері
жөніндегі жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия;
43) скрининг – қаржылық емес қолдау операторы "Атамекен" ҰКП аудандық
деңгейде әлеуетті тауашалар мен перспективалы бағыттарды анықтау бойынша
өткізетін маркетингтік зерттеу;
44) субсидиялау жөніндегі оператор – ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы орган;
45) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы
облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік
шегінен төмен адамдар (отбасылар);
46) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрларды және орта буын мамандарын
даярлауды көздейтін бөлігі;
47) үміткер – жұмыссыз адам, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарындағы адам, NEET
Достарыңызбен бөлісу: |