Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

            Бағдарламаның  тетіктеріне  сәйкес  "Еңбек  нарығы"  ААЖ  қоса  алғанда,  еңбек 
нарығының  бірыңғай  ақпараттық  базасы  –  "Еңбек  биржасын"  және  порталды 
республикалық деңгейде сүйемелдеуді "ЕРДО" АҚ қамтамасыз етеді.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының 
түлектері туралы деректерді (ағымдағы жылғы) Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық
базасына  енгізуді  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  ЖАО-мен  бірлесіп 
қамтамасыз етеді.
            Еңбек  нарығының  бірыңғай  ақпараттық  базасын  қалыптастыруды  және 
сүйемелдеуді  қаржыландыру  республикалық  немесе  жергілікті  бюджеттер  есебінен 
жүзеге асырылады.
            5.3.4.  Инфрақұрылымды  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықты  дамыту 
есебінен жұмыспен қамтамасыз ету
      ЖАО осы Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі 
уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджет қаражатын мынадай жұмыстар 
мен  объектілер  түрлері  бойынша  инфрақұрылымдық  жобаларды  іске  асыруға 
пайдалана алады:
            1)  әлеуметтік-мәдениет  объектілерін  (білім  беру,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік 
қамсыздандыру,  мәдениет,  спорт,  ойын-сауық  және  демалыс  объектілерін)  күрделі 
және  ағымдағы  жөндеу  (сейсмологиялық  қауіпті  өңірлер  үшін  сейсмологиялық 
қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі);
      2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру
және  көгалдандыру,  иесі  жоқ  объектілерді  бұзу,  қатты  тұрмыстық  қалдықтар 
полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт 
алаңқайларын жайластыру);


            3)  мүгедектердің  және  халықтың  жүріп-тұруы  шектелген  басқа  да  топтарының 
қолжетімділігін 
қамтамасыз 
ету 
үшін 
әлеуметтік-мәдени 
объектілерді, 
инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, ағымдағы жөндеу;
            4)  инженерлік-көлік  инфрақұрылымын  күрделі,  орташа  және  ағымдағы  жөндеу  (
қалалық  автомобиль  жолдары,  кентішілік  және  ауылішілік  жолдар,  кірме  жолдар, 
аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
            5)  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  объектілерін  күрделі,  орташа  және 
ағымдағы  жөндеу  (сумен  жабдықтау,  кәріз  объектілері,  газбен,  жылумен,  электрмен 
жабдықтау жүйелері).
      ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
      1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
      2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде
уақытша  тіркелген  Бағдарламаға  қатысушыларға  инфрақұрылымдық  жобаларды  іске 
асыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда
,  осы  ауданда  (қалада)  тұратын  Бағдарламаға  қатысушыларды  инфрақұрылымдық 
жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.
      Іске асыру тәртібі мен шарттары:
      ЖАО жобаларды іріктеуді және іске асыруды:
      1) пайдаланылмаған жергілікті бюджет қаражатының қалдығы және үнемдеу, бұл 
ретте  бір  жұмыс  орнының  құны  жобалардың  барлық  түрі  бойынша  3  млн.  теңге 
лимитінен аспайды;


            2)  құрылыс  саласында  сараптамадан  өткен  объектілерді  салуға  және  күрделі 
жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
            3)  жобалар  шеңберінде  орташа  және  (немесе)  ағымдағы  жөндеуді  жүзеге  асыру 
жоспарланып отырған ақау ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс
көлемінің шығыстар сметасының болуы;
            4)  мемлекеттік  сатып  алуды  өткізу  мерзімдері  және  отандық  өндірушілерден 
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;
            5)  елді  мекеннің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  дамыту  және  жақсарту 
қажеттігі;
      6) бірінші кезектілігі және өзектілігі;
      7) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;
            8)  құрылатын  жұмыс  орындарының  саны  және  ұсынылған  жобалар  бойынша 
есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;
      9) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи-климаттық жағдайлары және 
басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.
            Бұл  ретте  Бағдарламаға  қатысушылар  үшін  көбірек  жұмыс  орындарын  құратын 
және  ұзақ  мерзімді  жұмыспен  қамтамасыз  ететін  инфрақұрылымдық  жобаларды  іске 
асыруға басымдық беріледі.
            Құрылатын  жұмыс  орындары  санының  көрсеткіштері  жоқ  және  құны  3  млн. 
теңгеден  асатын  жұмыс  орындарын  құруды  көздейтін  жобалар  іске  асырылуға 
жатпайды.


      10) ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту 
мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органға  құрылатын  жұмыс  орындары  санының 
көрсеткіштерімен  қоса,  іріктелген  инфрақұрылымдық  жобалар  бойынша  жобалардың 
тізбесін ұсынады;
      11) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері ай 
сайын,  есепті  айдан  кейінгі  айдың  10-күніне  қарай  халықты  жұмыспен  қамту 
мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органға  инфрақұрылымдық  жобаларды  және 
абаттандыруды іске асыру бойынша:
            басталған  (аяқталған)  жобалардың  саны,  жобалар  бөлінісінде  орындалған 
жұмыстардың көлемі;
      құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының 
жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, 
сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;
            қаржыландыру  көлемдері,  бөлінген  қаражаттың  игерілуі  және  уақтылы 
игерілмеуінің себептері;
            жол  берілген  бұзушылықтар  және  оларды  жою  бойынша  қабылданған  шаралар 
туралы мәліметтер қамтылған есептерді ұсынады;
            12)  іске  асырылып  жатқан  жобаларға  жұмысқа  орналасуға  ниет  білдірген  және 
мүмкіндігі  бар  Бағдарламаға  әлеуетті  қатысушылар  халықты  жұмыспен  қамту 
орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды:
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;
      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін, уақытша тіркелгенін растайтын 
құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы) көшірмесін;


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау