Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет
және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан
Республикасының азаматтары қатарындағы жұмыссыздар және Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген
санаттары болып табылады.
Мыналар:
1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының
тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас
аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған мектеп интернаттардың түлектері;
2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының
түлектері;
3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның
бірінші бағытына қатысушылар;
4) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға
қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына,
жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің
және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне
байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге
материалдық көмек беруді;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан
бөлме беруді;
3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үй беруді;
4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа
мерзімді
кәсіптік курстарға жіберуді;
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыруды қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге отағасына
және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге
субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне қоныс аударғаннан кейін ұсынылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аудару мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс
берушілердің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган азаматтардың
ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық