Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет30/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36

            Жаңа  бизнес-идеяларды  іске  асыруға  мемлекеттік  гранттар  беруді  ұйымдастыру 
және  қаржыландыру  осы  Бағдарламаның  5-тармағының  5.2.5-тармақшасына  сәйкес 
жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5.4.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 
№ 521
 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
қаулысымен.
Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
      Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 
 (алғашқы ресми
№ 521
жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі) 
қаулысымен.
      Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен құрылыммен басқарылады, оның 
құрамына  Бағдарламаны  іске  асыру  мәселелері  жөніндегі  ВАК  (Ведомствоаралық 
комиссия), Бағдарламаның операторлары, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру
жөніндегі  өңірлік  және  аудандық  (қалалық)  комиссиялар,  орталық  және  облыстық, 
аудандық және ауылдық маңызы бар ЖАО-лар кіреді.
      Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:
      республикалық деңгейде:
      1) ВАК;
      2) Бағдарлама операторлары;
      облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде:
      1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия;


            2)  халықты  жұмыспен  қамту,  білім  беру,  кәсіпкерлік  және  ауыл  шаруашылығы 
мәселелері жөніндегі ЖАО;
      аудандық (қалалық) деңгейде:
      1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;
            2)  халықты  жұмыспен  қамту,  білім  беру,  кәсіпкерлік  және  ауыл  шаруашылығы 
мәселелері жөніндегі ЖАО;
            3)  кент,  ауыл  және  ауылдық  округтер  деңгейінде  –  кенттердің,  ауылдар  мен 
ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
      ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық 
органдар мен ЖАО-лардың Бағдарламаны, сондай-ақ тиісінше салалар бойынша және 
өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде мемлекеттік 
бағдарламалар  мен  аумақтарды  дамыту  бағдарламаларын  іске  асыру  бойынша 
есептерін тыңдайды;
            2)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қарауына  Бағдарламаны  іске  асыруға 
байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
      Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық 
және ЖАО-лармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
      1) Бағдарламаны нормативтік-құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді
жүзеге асырады;


      2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар 
дайындайды;
            3)  Бағдарламаның  бағыттары  бойынша  тетіктердің  тиімді  іске  асырылуын 
қамтамасыз етеді;
            4)  Бағдарламаның  іске  асырылуына  мониторингті  қамтамасыз  етеді  және 
Бағдарлама  бағыттары  бойынша  қатысушылар  және  мемлекеттік  қолдау  шаралары 
туралы дәйекті мәліметтер беру үшін жауапты болады;
      5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту жөнінде ұсыныстар 
әзірлейді және енгізеді;
      6) ЖАО-лардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері 
жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.
      Өңірлік комиссия:
            1)  ТжКБ  бар  кадрларды  даярлау  және  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқу  үшін,  оның 
ішінде мобильді оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының 
тізбесін бекітеді;
            2)  ТжКБ  бар  кадрларды  даярлау  үшін  мамандықтардың  және  қысқа  мерзімді 
кәсіптік  оқу  үшін,  оның  ішінде  оқу  орталықтарының  базасында  оқыту  үшін 
біліктіліктердің тізбесін бекітеді;
      3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру 
ұйымдары және біліктіліктер бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.
      Аудандық (қалалық) комиссия:


      1) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің
тізімдерін бекітеді;
            2)  Бағдарламаға  қатысушыларды  оқудан  шығару  және  үміткерді  бос  орынға 
ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
      3) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша 
мобильді топтар құрады.
            4)  "Жастар  –  ел  тірегі"  ұлттық  жобасына  қатысу  үшін  NEET  санатындағы 
жастардың тізімін қалыптастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады.
      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      1) Бағдарламаның бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді қамтамасыз етеді;
      3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз 
етеді;
      4) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп, Бағдарламаны нормативтік 
құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
      5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік
комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;
      6) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп, республикалық бюджеттік 
бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін белгілеу 
және қаражат бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;


      7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі 
орталық атқарушы органдармен келіседі;
            8)  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органмен  бірлесіп,  Бағдарламаның  бірінші 
бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингілеуді жүзеге асырады
;
            9)  қаржыландыруға  қажеттілікті  айқындайды  және  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқу 
бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
      10) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті 
аяқтаған  Бағдарламаға  қатысушыларды  жұмысқа  орналастырудың  мониторингі 
бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      11) білім беру саласындағы уәкілетті органмен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, 
нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізбесін бекітеді.
      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:
            1)  өңірлік  еңбек  нарығындағы  жұмыс  күшіне  сұраныс  пен  ұсынысты  талдауды, 
болжауды жүргізеді;
      2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
            3)  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқыту  бойынша  іс-шаралардың  іске  асырылуын 
үйлестіреді;
      4) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың 
мониторингін жүргізеді;
      5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау