Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет17/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36

            4)  нысаналы  мақсаты  –  "АШҚҚҚ"  АҚ  үшін  –  Бағдарлама  шеңберіндегі 
бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама 
шеңберіндегі  бизнес-жобаларға  кредит/микрокредит  беру  үшін  МҚҰ/КС/ЕДБ-ны 
қорландыру.
      МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:
            1)  қорландыру  мерзімділік,  қайтарымдылық,  ақылылық,  мақсатты  пайдалану 
шарттарында  жүзеге  асырылады  (қаржылық-орнықты  микроқаржы  ұйымдарын 
қоспағанда,  микроқаржы  ұйымдары,  кредиттік  серіктестіктер  үшін  қарыз  қаражаты 
микрокредит ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз етумен беріледі);
      2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
      3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға 
дейін және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ үшін жылдық 2 %-ға дейін;
      4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және 
ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалалар мен моноқалаларда 9 ай;
            5)  нысаналы  мақсаты  –  Бағдарлама  шеңберінде  бизнес-жобаларға  кредит/
микрокредит беру.
            Микрокредит  беру  ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ"  АҚ-ға  негізгі  қарызды 
өтеу  бойынша  кредит  беру  мерзімі  ұзақтығының  үштен  бір  бөлігінен  аспайтын 
мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.
      Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:


      1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы 
жобалар  және  ауыл  шаруашылығы  кооперативтерін  құру  үшін  кредит/микрокредит 
беру мерзімі – 7 жылға дейін;
      2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:
      ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және 
шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 
мың АЕК-ке дейін;
            қалаларда,  моноқалаларда  (Нұр-Сұлтан,  Алматы,  Шымкент,  Ақтау,  Атырау 
қалаларынан басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;
      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке 
дейін;
      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;
            4)  ЕДБ/МҚҰ/КС/  "АШҚҚҚ"  АҚ-ға  Бағдарламаға  қатысушының  кредит/
микрокредит  бойынша  міндеттемелерін  бұзуы  себебімен  алынатын  комиссияларды, 
алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың
кредитімен/микрокредитімен  байланысты  қандай  да  бір  комиссияларды,  алымдарды 
және/немесе  төлемдерді  алуға  тыйым  салынады,  бұл  ретте  мұндай  комиссиялардың, 
алымдардың  және/немесе  өзге  де  төлемдердің  мөлшері  "АШҚҚҚ"  АҚ  қоспағанда, 
кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;
      5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан), 
шағын  қалаларда,  қалалар  мен  моноқалаларда  кредит/микрокредит  Қазақстан 
Республикасының  Кәсіпкерлік  кодексіне  сәйкес  айқындалатын  орта  және  ірі 
кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;


            6)  негізгі  қарызды  өтеу  бойынша  жеңілдікті  кезеңді  және  кредитордың  шешімі 
бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын 
мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
      7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы ауылдық
елді  мекендерде  және  шағын  қалаларда  кредит/микрокредит  беру  туралы  шарттарда 
кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде 
мемлекеттік  тіркелген  мерзімі  үш  жылдан  аспайтын  қатысушыларды  қоспағанда, 
жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін жаңа
жұмыс орындарын құру бойынша шарт міндетті түрде көрсетіледі;
            8)  қарыздың  мерзімдері  мен  сомалары  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамыту 
саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде
кредит/микрокредит  беру  қағидаларына  (бұдан  әрі  –  Микрокредит  беру  қағидалары) 
сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша айқындалады;
      9) МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ ЖЖК 2020 бағдарламасының және Бағдарлама 
шеңберінде  бұрын  берілген  кредиттер/микрокредиттер  бойынша  соңғы  қарыз 
алушылар  қайтарған  қаражат  есебінен  аудандардың  және  шағын  қалалардың 
мамандану  картасында  көрсетілген  қызметтердің  басым  түрлеріне  қарамастан, 
Бағдарлама  шарттарымен  соңғы  қарыз  алушыларға  қайта  микрокредит/кредит  беруді 
мынадай тәртіппен іске асырады:
      2018 жыл аяқталғанға дейін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген 
кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 – 2016 жылдар ішінде соңғы қарыз алушылар
қайтарған қаражат есебінен;
      осы Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы 
ішінде  және  ЖАО-мен  жасалған  қаржыны  тарту  туралы  шарттың  қолданылу 
мерзімінен  аспайтын  мерзімге  бұрын  берілген  кредиттер/микрокредиттер  бойынша 
қайтарылған қаражат есебінен.


      Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/
ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
      Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ кәсіпкерлік және халықты жұмыспен
қамту  мәселелері  жөніндегі  ЖАО-ға  кәсіпкерлік  мәселелері  жөніндегі  ЖАО  мен 
микрокредит беру ұйымы/"АШҚҚҚ" АҚ арасындағы кредиттік келісімде белгіленген 
нысанға  сәйкес  ай  сайын,  есепті  айдан  кейінгі  айдың  25-күніне  дейінгі  мерзімде 
берілген  кредиттер/микрокредиттер  және  олардың  мақсатты  пайдаланылуы  бойынша 
ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.
      Микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері 
жөніндегі  ЖАО-ға  кәсіпкерлік  мәселелері  жөніндегі  ЖАО  мен  микрокредит  беру 
ұйымы  арасындағы  кредиттік  келісімде  белгіленген  нысанға  сәйкес  ай  сайын,  есепті 
айдан  кейінгі  айдың  25-күніне  дейінгі  мерзімде  берілген  кредиттер/микрокредиттер 
және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық 
түрде/қолма-қол) ұсынады.
            Қалалар  мен  моноқалаларда  кредиттер/микрокредиттер  беру  тәртібі  кәсіпкерлік 
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда кредит беру
/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру 
тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін
Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру 
қағидаларында айқындалады.
      Ескерту. 5.2.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 
№ 521
 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
қаулысымен.
            5.2.3.  Ауылдық  елді  мекендер  мен  шағын  қалалардағы,  қалалар  мен 
моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру
      Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау