Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»



жүктеу 13,67 Mb.
бет5/49
Дата04.12.2017
өлшемі13,67 Mb.
#3122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

Өмекеңе
Бұқа мойын, тәпелтек,

Шардақылау, аласа.

Кірпігі көзін жабушы еді,

Адамға тура қараса.


Саулық қойды қоздатып,

Еркек қойды сатты кеп.

Бастығымен төбелесіп,

Бәлніске барып жатты кеп.


Өмекен - колхоздың қойшысы, ұрықсатсыз іске қойды сатып жіберіп, ферма бастығымен төбелесіп қалып, ауруханаға қой бақпай жатып алады. Кәкім мен Өмекен «Қара қора» деген қыстақта бірге отырғанда болған оқиға. Кәкімнің мысқыл өлеңі 1951 ж шығарған.

Кәрілікке айтылған сөз

Жетпістен адам асқан соң,

Азайтады сезімін.

Қағаздан алмай түсінік,

Жанары кетіп көзінің.
Безері жоқ ойласаң,

Үлкендер айтқан сөзінің.

Ойла-деп еді өмірің,

Жылмиып жүріп ұрлайды.


Толқыны күшті алдамшы,

Бір қалыпта тұрмайды.

Жайнаған жас өмірің,

Кетеді мойнын бұрмайды.


Ол қашқан жоқ, сен қаштың,

Тоқта,-деп қолын бұлғайды.

Асқанша белден шақырып,

Асқан соң белден қумайды.


Қайта асуға жолы жоқ,

Лашсыз төмен құлдайды.

Қайда кетіп барам-деп,

Қарт көңілі мұңайды.


Мұңайған өнері жоқ,

Жасарып қайта тумайды.

Тағдыр буып аяқ-қолын,

Қимылдауға дәрмен жоқ.


Жүрегің қорқып тулайды,

Артын тәңірім оңда!-деп,

Тірек еттім жүрекпен,

Жаратқан жалғыз құдайды!

Жалпы Кәкім Оңдасынов тірі күнінде өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде аздап әр жылдары басылғаны болмаса, шығармалары баспадан кітап болып шықпаған, ғалымдар мен әдебиетшілердің назарына ілінбеген ақын. Бұл оның өзінің хаттарында келтірілгендей қолының қысқалығы, тақыр кедейлігі, шығармалары жарыққа шығуда жолы болмаған. Төлеу Көбдіковтың сөзімен айтқанда:

«...Оңдасынов Кәкім жүр Шұбартауда,

Өзінің өзі білмей дара жасын»,-

(«Жырларым» кітабы-1975 ж «Семей ақындарына» деген өлеңінде көрсеткеніндей, өз дәрежесінде ақындықты көрсете алмай өткен адам.

Кәкім өз әңгімелерінде Керей Уәйіс ақын мен халық ақыны Төлеу Көбдіковты ұстаз, аға ретінде айтып отыратын, олардың өлеңдерін насихаттайтын.

Алматыға барған сапарлары кезінде ұлы жазушы-академиктер Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтармен кездесіп әңгімелескендерін, Семейге барғанда ғұлама ғалым Қайым Мұхаметханов інісінің үйінде болғанын мақтанышпен айтатын.

Ақын Кәкім Оңдасынов туралы білетіндерімді жаза отырып, әдебиетші-ғалымдарымыздың назарына ілінер, шығармалары зерттеліп, жарық көрер және Шұбартауда осындай ақын болған екен, өлеңдері қайда, неге жарық көрмей жүр,-деп ойлайтын көпшілік қауымды да хабардар ету мақсатында жаздым.

Халық ақыны – Төлеу Көбдіков
Академик Мұхтар Әуезов орыс жазушысы Павел Кузнецовқа 1943 жылы жазған бір хатында былай деген: «...жол сапарымыздың соңғы күндерін біз Семейде өткіздік. Онда ақындар айтысы болды. Облыста бұрын неге көрінбегенін кім білсін, Төлеу деген ірі ақын бар екен. Оның тума шежіресі өте қызық. Ата-бабасынан-сонау алтыншы атасынан бері қарай тұқым қуалаған белгілі ақындар. Ал шешесі-көпке әйгілі Қуандық. Қуандық Абаймен айтысқа түскен. Менің бірінші кітабымда осы жай суреттелген-ді. Сонымен, несін айтасың, Төлеу ақсақалды көргенде мен Қуандықпен кездесіп, жүздескендей күйге келдім...»

Төлеудің баласы Мұраттың естелігінен:

«Мұхаңның осы бір хатындағы «бұрын неге көрінбегенін кім білсін» деген сөздерінде себеп бар. Оның мәнісі-әкем Төлеу 1928 жылғы ірі байларды конфискациялаудан кейінгі «мыналар кешегі би-болыс, бай, қажылардың шашбауын көтергендер» деген желеумен болған кейбір асыра сілтеушіліктің зардабына ұшырап, кесікті мерзімнің жартысын өтегеннен кейін босатылыпты да, соның салдарынан, туған елінен жырақтап, «ішкі жақ» деп аталатын Батыс Сібір өлкесі мен Алтай маңында болған екен. Менің атамның шын аты Көбдік емес, Көпжар болыпты. Кезінде әкем «ішкі жақта» жүріп паспорт алғанда «Көбдіков» болып жазылыпты да, өмір бойы осы фамилиямен кетті. Туған жылы 1874. Туған жері-Семей облысының Шұбартау ауданы, бұрынғыша Қарқаралы дуаны, Дағанды болысы.

Әкем ақындық тәрбиеге жас шағынан кездескен. Өйткені, шешесі Қуандық сөзін өлеңмен айтып отыратын ақын адам болған. Нағашы атасы Сабырбай, нағашы ағасы Төлепхан-бәрі де суырып салма ақындар. Бірен-саран болмаса, хатқа түспегендіктен ұмытылған. Демек әкеме және інісі Мұқашқа өлең өнері нағашы жұртынан келген. Әкемнің ертеректе бір өлеңінде:

Нәпсіні жамандықтан тыйып жүрмін,

Көңіліме жақсы сөзді түйіп жүрмін.

«Нағашың он жеті ақын» дегеннен соң,

Солардың ыстығына күйіп жүрмін.
Нұсқалы сөз асылын теріп жүрмін,

Бетімді шыншылдыққа беріп жүрмін.

Әйтпесе әкем де жоқ, атам да жоқ,

Шешем ақын болған соң-сеніп жүрмін,-деуі содан.

Өлең жолына әкем ерте түсіпті. Ол туралы былай дейтін «Он екі жасар бала кезім еді. Жаздың бір күнінде әкем қой жайғызды. Ыстықтан шаршап-шөлдеп әрі тас батқан табанымды ауырсынып отырғанымда, бір жылқышы келе қалды.

Сонда оған:

Қой жайдым қызыл шақа тасқа жаяу,

Көңілім жаяу жүріп болды қаяу.

Түк қалмай табанымнан түсіп қалды,

Бір тұғыр әкеп берші, ағатай-ау-дегенімде риза болып күліп, бір құнан ұстап әкеліп берген еді. Ең алғаш айтқан өлеңім осы болар деп ойлаймын».

Советтік дәуірге өмірінің шау тартқан шағында жеткен әкем Төлеу Көбдіков көз тірісінде үш өлеңдер жинағымен ғана танылды. Алып күшті Отаным»-1948, «Өмір жыры»-1953, «Өлеңдер»-1955 жыл. Барлығының да құрастырушысы Сапарғали Бегалин.)
Кеш келдім дүниеге ерте туып,

Жетпіске жеткізгенде өмір қуып.

Өлеңді көп жыл бұрын қапқа салып,

Қоймаға тастап едім аузын буып,-деп өткеніне өкініш білдірген.

Үлкен ата-әкелеріміз айтып отырушы еді «Төкеңнің үй іші түгел ақын, бір-бірімен өлеңдетіп сөйлесетін» деп. Соның бір көрінісін айта кеткенді жөн көрдік.

Төлеу ақын Дағанды болысының іс қағаз жүргізуші, сол кездегі тілмен айтқанда «поштабай» болып қызмет атқарып жүргенде, бір сапарында іс қағаздары салынған «поштабай» қоржынын жоғалтып алса керек. Бұл хабар сол кездегі ауыл арасындағы байланыс арқылы үйіне өзінен бұрын жеткен екен...

Төкең аттап түсіп, үйге кіре бергенде інісі Мұқаш өлеңмен амандасқан екен.

«Ассалаумағалейкум, ауылнайым»-деп. Сол кезде жеңгесі тұрып: Жоғалтып қайда жүрсің, поштабайың» - дегенде, Төкеңнің шешесі Қуандық анамыз тұрып «Сенген қойым сен болсаң нәйім» дегенде Төлеу тұрып: «Жауабын не болса да өзім берем, құр босқа салмаңдаршы сары уайым»-деген екен. Бұл Төкеңнің жанұясының бір-бірімен өлең арқылы сөйлесіп отыратынының бір көрінісі.


Шұбартау
Шұбартауды он үш жылдай көрмей жүріп елді, жерді сағынып келгендегі айтқаны.

Шұбартау-туысқан ел, туған жерім,

Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім.

Жалаңаш, жалаң аяқ жарға ойнаған,

Көйлек желпіп, көбелек қуған жерім.
Жаралып дүниеге келген жерім,

Жалғанның жарығына енген жерім.

Босанып алтын ұя-тар құрсақтан,

Аймалап ана сүтін емген жерім.


Ләззаты кәусар суын татқан жерім,

Қызыққа неше түрлі батқан жерім.

«Ақбесті ат» деп ақ сабауды мініп алып,

Ши садақ, торғай қуып атқан жерім.


Дүниені арзан-қымбат парыз қылмай,

Асыққа алтынымды сатқан жерім.

Төсеніп масатыдай көк шалғынды,

Сарыарқа салқын төсте жатқан жерім.


Ірге көміп, күлімді төккен жерім,

Сағындым көрмеген соң көптен жерім.

Ақсүйек, асық ойнап, асыр салып,

Әлпеншек, алтыбақан тепкен жерім.


Бой түзеп, әсем киім киген жерім,

Енші алып есе өзіме тиген жерім.

Басыма үй, бауырыма қазан асып,

Жар құшып, бала-перзент сүйген жерім.


Ер жетіп ақылесім білген жерім,

Сайрандап сауық салып жүрген жерім.

Ақ тұйғын, қанды балақ қаршығадай,

Көктен қу, жерден бұлғын ілген жерім.

Тарқатып жас өмірдің шер құмарын

Бұралтып бұраң белмен күлген жерім.


Ер жетіп кәмелетке толған жерім,

Жаз жайлап, қыс мекендеп қонған жерім.

Зираты ата-анамның бәрі осында,

Мекке мен Мәдинедей болған жерім.


Сондықтан көрінесің маған жылы,

Адамзат қайда айдаса тұрмыс құлы.

Өз елің, өскен жерің-Мысыр шаһар,

Бекер деп айта алмайды ешкім мұны.

Сарыарқа сағындым ғой, салқын белім,

Малға жай, жанға рахат шалқар көлім.

Көзімнен бір көргенше бұлбұл ұштың,

Біріңмен сен деспеген қайран елім.


Қызбын ғой мен бір кәрі төркіндеген,

Келдім ғой көрсем еген сертімменен.

Бұйырып басқа жердің дәм мен суы,

Уақыт мезгілінде келтірмеген.

Қой тастың жерден шеті көрінгенде

Жас келді екі көзге мөлтілдеген.

Сіздерге көзін көрген мақтан болмас

Жүйріктің бірі едім ғой серпіндеген.

Алқа топ, қалың дуда сөйлегенде

Ұмтыла, оза шауып еркіндеген.


Тіс түсіп, ұрт суалып, ажар кетіп,

Тұрғам жоқ мен баяғы көркімменен.

Айрылып өлі-тірі бар баламнан,

Кебім көп жүрегімде шертілмеген.


Үстіне кәріліктің қайта басып,

Ағарды сақал-мұртым желкілдеген.

Жақындап жар басына келіп қалдым-

Өмірдің ұшығына елпілдеген.


Тағдырдың бергеніне ризамын,

Халқымды бір көргенше өлтірмеген.

Бір көрдім енді, сірә, арманым жоқ,

Еркелеп өскен елім еркімменен.


Халық ақыны Төлеу Көбдіковтың Қазақстан Басшысы Елтай Ерназаровпен кездесуі.

Жаппай коллективизация кезі. Ашаршылық басталып бай да, орта шаруа да ұсталып, абақтыға жабылып жатқан кез. Содан 1930 жылы 30 тамыз күні көпшіліктің атынан Семей қаласында Елтай Ерназаровқа Төлеу ақынның айтқан өтініші:


Ассаламағалейкум, ханымызға,

Көтерген қазақ жүгін нарымызға.

Еңбекші ел, бүгін сенің арманың жоқ,

Қарайтын ағаң келді халыңызға.


Белсенді, батрақтар елді тонап,

Конфиска қатты жүрді-ау малымызға.

Жақсылар жер жастанып түгел құрып,

Ие жоқ басымызға, санымызға.


«Егін ор, қар үстінен бидай тап»-деп,

Айрықша қысым болды-ау барымызға.

Болған соң басқа қиын, малың құрсын,

Бір қайран болар ма екен жанымызға.


Үй басы бірді-екілі қара қалды,

Бұл күнде талай момын жазаланды.

Киер киім, қолында дәні болмай,

Ана менен баласы жалаң қалды.


Мүбәрәк ұстаған соң қолыңызды,

Көрерсіз қайнап жатқан сорымызды.

Қаталдық, қараңғылық, надандықпен,

Сыпырды белсенділер жонымызды.


Атқан таң, шыққан күнім, туған айым,

Тауыстық сізге қарап көздің майын.

Ішінде бес қаралы кедей де бар,

Міне, отыр, қорқақ қоян сорлы байың.


Қалайша мемлекетке қас болады,

Білесіз қойдан момын қазақ жайын.

Жұмысты таза шешіп, қылмыс тауып,

Алсаңыз мен разы, басым дайын.


Ежелден қазақ елі езілген тап,

Көрпесі ерте күннен бойына шақ.

Ұлы Октябрь жеңген соң қатарға алып,

Басшы етіп азаматына мінгізген тақ.


Ағамыз таққа мінген қиядағы,

Сен едің бұқараның тиянағы.

Отырған аузын ашып, көзін жұмып,

Көк қанат біз балапан ұядағы.


Келіпсіз жылап жатқан еліңізге,

Кір жуып, кіндік кескен жерімізге.

Бал қылсаң қара суды құдіретің бар,

От жақпай қазан қайнар деміңізге.


Ұзамай келер жұмыс ырғағына,

Жібермей белсендінің тырнағына.

Көпшілік «жасасын» деп соқ қолыңды,

«Хан тағыңда», «халық оңында» тұрмағына.


Елтай Ерназаров Төлеуді қайта шақырып, тағы өлең айт депті. Сонда ақын:

Өлеңді айт дегенде кең де айтамын,

Кеңде айтсам бұдан гөрі өңді айтамын.

Есігін абақ үйдің бір ашпайсың,

Қараңғы көрде жатып немді айтамын,-депті.
Осы өлеңді айтқаны үшін Төлеу он жылға сотталып кетеді. Ақын Хромтау, Долиновка деген лагерде болған. 1954 жылы И.В.Сталинге өлеңмен арыз жазып, жоғарыдағы өлеңді қосып жіберіпті. Өлеңді Москвада қызметте жүрген Ғаббас Тоғжановқа аудартады.

Содан Төлеу Көбдіков Қазақ ССР-нің халық ақыны (Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1954 жылғы 18 октябрьдегі Указы)

Төлеу атаның бойына біткен ақындық – табиғи дарын. Анасынан, нағашы жұртынан баланың басына қонған бақыт.

Әрине, ақындық қабілет, дарын үнемі жетілу, ұшталу үстінде болуға тиісті. Импровизатор ақын-үлкен шығармашылықтың адамы.

Алғашқы өлеңдерін ақын ауызша айтылатын көне түрімен айтса, Абай шығармаларын оқығаннан кейін өлеңге сыншылдықпен қарайды. Алғашқы тырнақ алды өлеңінде:

«Өлеңге әркімнің-ақ құмары бар,

Ішінде аз ғана ұғары бар.

Көп жаман былғарыға былғанарлық,

Әр сөздің өз жөні мен ұнары бар»-деген екен.

Өнер иелерін аузынан тастамаушы еді әкем.

1945 ж. Абайдың 100 жылдық тойына барып келгеннен соң атақты Әсет ақын Естайды әңгімеледі, оның сол тойда бұрынғы әндерімен қоса жаңадан қосылған «Қызыл тулы домбыра» атты ән салғанын айтып, «Естайдың қолынан бір жіңішке алтын жүзік көрдім, ол баяғы Хорланның жүзігі екен. Шіркін, махаббат ғажап нәрсе ғой» деп аса толғаныс сезіммен сөйлеген еді.

Естайға өлеңінің мына жолдарын арнаған еді:

Ақыны Павлодардың Естай саңлақ,

Баяғы ән шырқаған Хорланға арнап.

Жалпыға Естай болу қиын еді,

Шықпаса шыңнан біреу толғап-талғап.

Советтік дәуірге өмірінің батқан шағында әкем көзі тірісінде үш өлеңдер жинағы танылды, 1948 ж., 1953 және 1955 ж.
Кеш келдім дүниеге ерте туып,

Жетпіске жеткізгенде өнер қуып.

Өлеңді көп жыл бұрын қапқа салып,

Қоймаға тастап едім аузын буып,

-деп өткенге өкініш білдірсе де, Компартияның қамқорлығының арқасында еңбегінің жемісін көзімен көріп:

Тас батып тар заманда табаныма,

Жоқ еді мұндай болу хабарымда.

Тарихтан мәңгі өшпейтін орын берді,

Ризамын бүгін өлсем заманыма - деп өмірден риза болып аттанды.

1945 ж. ұлы Абайдың 100 жылдық тойына Төлеу Көбдіков жырмен шашу шашқан.

Ақылы, парасаты асқан Абай,

Елі үшін еңбек еткен ардақты Абай.

Әуелден әлемге айқын ардақты Абай

Ел үшін көздің жасын қорғ ып өткен,

Қояма оны халқым ардақтамай, - деген екен.

Ал ақынның 150 жылдық тойында республикаға белгілі импровизатор ақын Қалиқан Алтынбаев былай деп арнау айтыпты:

«Төлеудей шалқар емес, шақ қанамын,

Соған шәкірт болғам-деп мақтанамын.

Абайдың 100 жылдығын Төлеу жазды,

Мен бүгін 150-ге тоқталамын».

Бұл ақынның «Жер кіндігі-Қарауыл» деген, тойға арнап жазылған дастанында айтылған.

Иә, ұлы адамдарды өлді деп айту қиын-ақ, ешкім сенбейтін сияқты. Өйткені, күнделікті оның шығармасын оқып, ой толғанысын біліп, біліміңді толықтырып, ақылдасып, сырласқандай боласың.

Ақынның өзі Абай туралы жазған өлеңінде:

«Болмас еді артық айтқан менің сөзім,

Абайды күні бүгін тірі десем»-деуі сол қимастықтан ғой.

Ақынның шөбересі Есентай Құлжанбеков былай жазады:

Естеліктерде Батыс Сібір аймағында Новосибирск, Бийск, Челябинск, Барнауыл қалаларында ауыл стансасында жер аударылып жүргенде басынан бірсыпыра ауыр күндер өтіпті.
Кешігейін дедім бе, кешіктіріп,

Уақыт қой мезгілінде келтірмеген.

Ұмытайын дедім бе, ұмыттырып,

Өмірдің бақсысы ғой селкілдеген.


Сол бақсының соңынан мұрнын тескен,

Ілестім боз тайлақша елпілдеген.

Айрылып 15 жылда азар көрдім,

Шұбартау, қайран елім, еркіндеген.

-деп тебірене жырлаған екен.

Төлеуді 1940 жылы Абайдың немере інісі Әрхам Ысқақов Жазушылар Одағының тапсыруы бойынша Барнауыл қаласынан тауып, елге шақырады. Сол жылы елге оралып, Шар қаласына қоныстаныпты. Оған себеп тұңғыш ұлы Құлжанбек «Халық жауы» деген айыппен сотталып кеткен көрінеді және кенже ұлы Мақұлбек Шарда жерленуіне байланысты алысқа бармауды жөн көреді. Төлеу Көбдіковтың іздестірілуіне 1936 жылы латын әрпімен шыққан «1916 жыл» атты өлеңдер жинағындағы «1916 жыл» өлеңнің тұңғыш рет баспа бетіне шығуы себепші болған көрінеді.

Бір асыл туындының автор тағдырына қаншама өзгеріс әкелгенін байқаған боларсыздар.

Төлеу ақынның аса бір ерекшелігі-ол кейбір ақындардай ұсақ-түйек, отбасының, ауыл арасының оқиғасы емес, жаңағыдай қоғамдық, әлеуметтік мәні бар тақырыптарды жырлайтыны. Заман ырғағына, күнделікті ел өміріне, елеулі оқиғаларға тез ұштасып, іліп әкетіп, жырлай ала жөнелетін. Оның осы жақсы қасиеті әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында өте-мөте көзге түсті. Бұл жылдары оның патриоттық сезімге толы әр өлеңі облыстық «Екпінді» газетінде жарияланып тұрды.

Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кездерінде қарт ақын домбырасын қолына алып, тыл майданының жауынгері ретінде үнемі алғы шепте болды. Өзінің адамға дем беретін ұшқыр өлеңдерімен майдандағы жеңісті шыңдап, егін даласында, мал отарында еңбек етіп жатқан елдің еңсесін көтерді, екпін беретін жырлар төкті. Алыстағы ауылдарды аралады, қаланың өндірісіне барып өлең айтты.

Төлеу ақын туралы толғанған аз-кем сөзімізді оның ізбасар шәкірті марқұм Кашаф Туғанбаевтың өмірден озған соң жарияланған («Семей таңы», 26 ақпан 1995 ж.) арнау өлеңімен тәмәмдаймыз...(Құрастырушы Медеу Сәрсеке «Бес тұғыр» Семей қаласы 2000 ж.).

Халқымның қасиетін арқалаған,

Алдыңнан ақын бар ма тарқамаған.

Абайдың өзін көрген көрегенім,

Кезің жоқ «мен кіммін» деп шалқалаған.

Дүниенің білдің келер-кетерін де,

Жақсылық-жамандықтың өтерін де.

Сабырлы, сабаз қалпың айнымайтын,

Кетпедің кейбіреудің жетегінде.

Қаракөк он жеті ақын жиені едің,

Дуалы сөз иесі, киелі едің.

Кеудеңді өлең кернеп күмбірлесе,

Абайдың әруағы еді сүйенерің.

Сыпайы атам едің алдың ашық,

Тұратын мейірбандық нұрын шашып.

Қазақтың жақсыларын жоқтап жүрміз.

Тапқандай көшкен жұрттан алтын асық.

Ананың ақ сүтіндей ақын жаның,

Тілеуің халқың еді, атар таңың.

Даламның қасиетті батагөйі,

Ақ селеу, күміс сақал пайғамбарым!



Халық ақыны Төлеу Көбдіков 1874-1954 жылдар аралығында өмір сүрген. Зираты Шар қаласының іргесіндегі бейіттегі күмбез.

ІІ бөлім

(2012 жылы жазылған)
«Алғабас – ауылым,

Малкелді - мекенім»

Қысқаша ел тарихынан және ауыл тарихы
Біздің елдің тарихы Жобалай бидің басындағы тастағы жазудан басталады.

«Діні – ислам,

Нәсілі – қазақ.

Руы – Керей,

Бекназар, Қосай екеу еді.

Бұлар 1760 жылдары Қытай Алтайынан келіп едік. Келгенде 200-дей үй едік, кейінде 3000-дай үй болдық. Бақанас өзені жайлы қоныс екен».


«Атыма тай бер,

Тайыма қой бер,

Қой болар,

Қозы болар,

Келер жылы өзі болар» - деген сөздер.

Шұбартау өңірін 1928 жылға дейін екі болыс ел: Дағанды (Керей руы), Шұбартау (Төлеңгіт руы) мекендеген.

Дағанды болысында – 3000 үй, 15000 адам.

Шұбартау болысында – 2500 үй, 13000 адам, немесе 27-28 мың халық болған.

Жер көлемі – 3,5 млн. га тарта.

Бір ғажабы не қиындықты басынан кешірген елімізде жетпіс жыл үстемдік еткен советтік қызыл саясат кезінде (1920-1991 ж.ж.) оның 1928 жылғы ірі байларды тәркілеу, 1931-1932 жылдардағы алапат ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы да қаншама зұлмат әкелсе де, осы жер сақталып, ел орнында қалған.

Осыдан 200 жылдан артық уақыт бұрын Байғотан би (Бабаң) орыс оязынан жыртылмайтын қағазға (аңызда көк серкенің терісіне), өшпейтін бояумен сызғызып алған картасында көрсетілген жер көлемі Бабаң сөзімен айтқанда:

«Теріскейім – Шыңғыстау,

Күнгейім – Көкше теңізі,

Батысымда – Көкшетау,

Шығысымда – Ақшатау,» -

деген жер кеңейіп, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жер бөлу сызығында бұрынғы Тобықты елінің (қазіргі Абай ауданының) Көксеңгір, Бидайық, Борлыхақ, Қаршығалы жайлаулары бізге қараған. Совхоздар құрылған 1961-1962 жылдарда Шұбартау жері бұрынғыдан да кеңейтіліп, Найман елінің (Аягөз ауданы) Айғыз, Көксала және Бақанас сияқты шұрайлы жерлері қосылған.

Оның есесіне 1947-1950 жылдардағы облыс аралық жер сызығын (шекара) белгілеу кезінде Балхаш көлінің теріскей жағындағы Тораңғы, Байсейіт түбегі, Құсшы түбегі, Боран түбегі сияқты жерлер Алматы облысына, ал елдің батыс жағындағы бұрынғы Шұбартау болысының көп жері: Қусақтың бойы, Айыртас, Өгізтау, Толағай, Бас Дуайт, Аяқ Дуайт, Егінді бұлақ, Бітібайдың қызылтасы сияқты шұрайлы жерлер Қарағанды облысына тиесілі болып кеткен.

Қарқаралы, Абыралы және Шұбартау аудандарының ортасындағы Еспенің бойы, Болаттың үш қорасы мен Ақбастау-Құсмұрын аралығындағы жүз мың гектар мемлекеттік қордағы (ГОС.Фонд.) жер Шұбартауға, оның ішінде қазіргі Малкелді ауылына тиесілі болып есептеледі.

Ауылдың арғы тарихын қарт ұстаз, осы ауылда өмір бойы мұғалім болған Ұзақбаев Нұртөлеу ақсақал «Дүрбелең жылдардан естелік» деп жазған қол жазбасында былай деп жазады:

«1930 жылдың көктемі. Шөл елін сонау Изенді, Берікқара, Саяқ, Қаражал, Қараүңгірден бастап коллективке ұйымдастырамыз, – деп Шырайымбеков Байдаулет, Көккөз, Сейфолла бастаған азаматтар көшіріп, қазіргі «Алғабас» совхозының үшінші бөлімшесі орналасқан Малкелді және оның батыс жағындағы Байқотан (Бабаң) өзендерінің бойына әкелді.

Бұл жерде айтулары бойынша 1928 жылдан күштерін біріктірген (басшылары Махамбаев Әкімжан, Қазыбаев Иманша бастаған) 20 шақты үй бар екен.

Олардың үстіне бүкіл шөл елі күп ете түсті. Малкелді, Байқотан өзенді өлкелерінің бойы киіз үйлі қалың елге сыймай кетті. Сол кездегі есеп бойынша бес жүз үйден кем емес. Төрт түлік мал екі өлкенің бойына әзер сыйды.

Осы кезде Қазақстанның басшысы Елтай Ерназаров ақсақал: «Белдеуде бұзау қалмасын, малды жинап түгел мемлекет қарамағына өткізу керек» - деп жатыр деп, белсенділер халықтың қолындағы малын берсе қолынан, бермесе жолынан дегендей әй-шай жоқ бас салып ала бастады.

Бұрын мұндайды көрмеген халық шошып кетті. Не істерін білмеді. Әйтеуір күн көріп отырған малға иелік жоқ екен, одан да жеп өлейік деп, бірлі-жарым қолдарында қалғанын сойып, тығып алды.

Малкелді өзенінің тау бөктерінің күнбатыс жағындағы қыр үстіне ұзыннан салынып жатқан «Жаңа қала» шала-шарпы бітті. Амал бар ма, бітпесе де күз болып қалды, күйзелген халықты 3-4 үйден бір бөлмеге бастығырылта қамады. Бұл кездегі коммунаның (бірлестіктің) бастығы (руы – Қаракесек) Бәкей деген болды. Оның үстіне мылқау інісі бар болатын. Аш-жалаңаш, бірдеңе сұрап барған адамды өзінен бұрын мылқау інісі сабап шығаратын болды.

Сол 1930-1931 жылдың қысында осы күнгі Ермектің әкесі Байдаулеттікі, біздікі, сенің әкең Божан мен Кенжебайдікі бәріміз бір көшеде қарама-қарсы бөлмеде тұрдық.

Марқұм Кенжебаев Шыныбек сол кезде аудан Жорғада болатын, аудандық соттың хатшысы болып істейтін. Анда-санда кір-қоңын жуғызуға келіп кететін.

Қыс өте қатты болды. Бірлі-жарым азыққа сойып алған малдарының еттерін белсенділер тінтіп алып жатты, қайда апаратынын білмейміз.

Сонымен халық басына ауыр да азапты күн туды. Аштық басталды, 1931 жылдың жазында халық үлкен қырғынға ұшырады.

Бәкей босап, оның орнына Халилин Қасен келді, коммунаның басшысы болып (кешегі марқұм Мәдінің ағасы, Келістің әкесі). Қасен Бәкейге қарағанда халыққа көмектесті. Килолап тұқымының астығын таратты. Кіремен келген азық-түлікті дұрыстап бөлгізіп беріп отырды.

Амал қанша, кетеуі кеткен халық қырыла берді. Не қатығы, не тұзы жоқ, үкімет тарапынан берілген шикі тарыны жегеннен кейін халықтың көпшілігі іш ауырудан қырылды.

1932 жылдың күзінде тұқым бидайды халыққа әдейі таратқан деген айып тағылып, Халилин Қасен орынынан алынып, сотталды. Оның орнына коммунаға бастық болып (әкесінің аты есімде жоқ) Мырзабай деген келді, бірақ Мырзабай көп тұрған жоқ, ауырып 1932 жылдың аяғы, 1933 жылдың басында дүние салды. Осы күнгі Малкелдінің жоғарғы тауға таяған жағында шошақ күмбез Қауқай деген кісінің зираттарының сыртына жерленді.

Мырзабайдан кейін Битібаев Жақан бастық болып келді. Бұл да көп тұрған жоқ. Тағашев деген уәкіл екеуі келіспей, апыр-топыр Тағашев соңына түсіп, босаттырып жіберді.

Тағашев өте қатыгез, халыққа жайсыз, қу адам болатын. Кезінде «Қасқа таң» атанған. Аш-жалаңаш халықты таң қылаң бере жұмысқа сабап айдап шыққандықтан Тағашев «Қасқа таң» атанған.

Ол кезде техника жоқ, күш-көлік өте жоқтың қасы, салынатын егінді аяқпен күрекпен басып салады. Әр адамға таяқпен 15-20 сотық деп өлшеп береді. Оны орындауға аш адамның шамасы келе ме, ішетіні қатықсыз шай, қазанға далаға істеген сұйық бидай көже. Соның өзінде қайнап тұрған ыстықта сапқа тұрғызып, қолыңа қызыл ту ұстатып, өлең айтқызып жұмысқа апарады. Жұмыстан жай қайтасың, тағы да өлең айтып, сапқа тұрып келесің.

Бұл коммуна мүшелерінің заңы сияқты, бұлжытпай орындайтын.

Талай адамдар сапта жүріп дүние салды ғой, қайран өмір-ай!

1933 жылдың көктемінен бастап үкімет тарапынан халыққа мал әкелініп берілетін болыпты, малға азық шөп дайындау керек делінеді. Мал азығын дайындауға шөп шабуға бес машина кірісті.

Бірінші шөп машинада Қожасбаев Шынарбек (атының басында мен), екінші шөп машинада Оспанов Шәкуан марқұм (атының басында марқұм Шүлембаев Боранбай), үшінші машинада Шүлембаев Мырзабек марқұм (атының басында Жаманбалин Әбеу марқұм), төртінші машинада Уақбаев Қажығапбас (атының басында Жұнаев Алтай), бесінші машинада Омарбаев Тайпақ марқұм (атының басында Елеусізов Тілеухан марқұм).

Осы бес машина бүкіл Малкелді, Қорық бойын шауып, мал азығын дайындады. Ұсталарымыз Тобықтин Қашымашым мен Кержікенов Шаяхмет марқұмдар, күндікке шөп шауып жүрген машиналар мен тырмалардың артынан ілесе отырып, сынған жерлерін жөндеп, тоқтаусыз жүргізетін. Екеуі де он саусақтарынан өнер тамған, нағыз темірдің құдайы, еңбекшіл адамдар еді.

Мал келетін 1933 жылдың күзінде (аудан басшысының біреуі болу керек) Сапиоллин деген ноғай келіп, ең бірінші аузымыз аққа тиді. Шөп машинадағы біздердің әрқайсымызға 4 кг-нан бидай, 1 кг-нан сары май үлестіріп берді.

1933 жылдың күзінде үкімет тарапынан мал (қой, сиыр, жылқы) әкелініп таратылғанда артель бастығы Иманғұшаев Иманғали (Арғын марқұмның әкесі) болды. Немерелері қазір «Шұбартау» совхозында тұрады.

Мал таратылған кезде Малкелді бойына алғашқы коллективтендіруге жиналған 500-ге тарта үйден не бары «Алғабас», «Социал» артельдері бойынша 60-қа тарта ғана үй қалыпты.

Ел есін жиып, мал алғаннан кейін-бірлі жарымдары туыстарын жерлейміз деп барғанда, бір үйде қанша жан болса, соншасы от басында отырған орындарында киіз үйдің қайырма есігі ашылмаған бойымен жусап қалғанын көргенде жаның түршігеді, көз жасың көл болады.

Күзде киіз үйді дауыл құлатқанда Орта қорадан Еңкеге дейінгі аралықтағы өлген адамдардың көпшілігі көмусіз киіз үйдің астында қалды.

1934 жылы Иманғали марқұм болғаннан кейін «Алғабас» артеліне (руы – Қаракесек) Кірмаңдаев Әмірхан деген азамат бастық болды. Кірмаңдаев Темірхан деген інісі болды. Әмірханның жұбайы – Шайза аудандағы ұзын Хамзаның жұбайы болды, кейінде Әмірхан дүние салғаннан кейін. Қазір Хамзаның ұлы ауданда тұрады. Ал, Темірханның жұбайы Мәмила қазір Алғабаста тұрады. Естуімше Әмірхан «Екпін» артеліне барып, сонда қайтыс болған көрінеді (Шымыров Тілеубектің әйелі – Әлия марқұмның бауыры). Әмірханнан кейін 1935 жылдан 1937 жылға дейін марқұм Көбдіков Тәттібек колхоз басқарамасы болыпты (елден естуім). Мұнан кейін қазірде «Көктал» совхозында тұратын соғыс және еңбек ардагері Қожасбаев Шынарбек 1939 жылға дейін «Алғабас» колхозының басқарма председателі болыпты. 1939 жылы әйел жолдастарды басшы қызметке жоғарылату туралы қаулыға байланысты 1940 жылға дейін колхоз басқармасының председательдері болып «Алғабас» колхозына Шыңғысова Қаныша, «Социал» колхозына Төрегелдина Мәнсура, «Тельман» колхозына Трайысова Әлпен марқұм тағайындалған.

Мұнан кейін Қаныша босап, 1942 жылға дейін Алғабаста Жәнібеков Жағыпар, Мәнсура босап, Социалда Күшігенов Төлеу, Әлпен босап, Тельманда Бексейітов Төлеген марқұмдар колхоздың басқарма председательдері болды.

Ал, 1942 жылдан 1944 жылға дейін «Алғабас» колхозына Төлегенов Мақаш колхоз басқарма председателі болған.

1944 жылдан (арасында 4-5 ай Түсібай марқұм болды дейді) 1952 жылға дейін үш колхоз қосылып іріленгенге дейін («Алғабас», «Социал», «Тельман») «Алғабас» колхозының басқарма председателі болып соғыс және еңбек ардагері марқұм Кәріпбаев Шәйкен істеді.

Кәріпбаев Шәйкен колхоздың сан-салалы шаруашылығын өркендетуде жан аямай еңбек сіңірген адам. Колхоз председателінің орынбасары Өсімбек болды. Колхоздар қосылған кезде Социалда – Садуақасов Мәлкен, Тельманда – Бексейітов Төлеген, Алғабаста – Кәріпбаев Шәйкен марқұмдар колхоздарды басқарған болатын.

1953 жылдан 1955 жылға дейін «Алғабас» колхозының басқарма председателі болып Қайырбеков Түсібай, орынбасары болып Бейсембаев Өсімбек істеді.

Осы кезде колхоз аймағындағы қой фермасының бастығы Байсарин Саматай, Түлкілі отгоніндегі қой фермасының бастығы Искаков Нұртаза, сиыр фермасының бастығы Боғаев Ақай, жылқы фермасының бастығы Ақтаев Төкен марқұмдар болды. Бірталаев Нұрлан марқұм бригадир болған.

Кейінде Боғаев Ақай марқұм Байсарин Саматайдың орнына қой фермасына бастық болып тұрды да, қой кем болып, сотталып, бір жылдан аса әуреленіп, аман-есен құтылды, ағарды.

1955 жылдан 1960 жылға дейін 30 мыңдықтар есебінде келген Мұқажанов Бимұрат «Алғабас» колхозының басқарма председателі болып жұмыс істеді.

1961 жылы мартта колхоз совхозға айналдырылды. Совхоз директоры Сатаев Уәсіл», - деп, аяқталған Нүкеңнің естелігі.

Ұзақбаев Нұртөлеу ақсақалдың бұл естелігі өзі көзімен көріп, басынан кешкен оқиғалардың нақты шындығын жазғандығымен құнды.

Естелік совет үкіметі ыдырамай тұрғанда, яғни 1980-1990 жылдар аралығында жазылған сияқты.

«...Сенің әкең Божан мен Кенжебайдікі...» - деген сөздеріне қарағанда сол жылдарда газетте істейтін журналист Мелия Божановқа айтып отырғаны байқалады.

Естелікке қол қойылып, жазған уақыты көрсетілмеген, толық аяқталмаған.

Мен Нұртөлеу қызы Күлзәкеннен көшірмесін 2012 жылы сәуір айында алдым.




Ауыл тарихы
Яғни, кешегі «Алғабас» совхозы, бүгінгі Малкелді ауылының тарихына үңілсек:

І. 1929 жылы «Коммуна» болып, үш ауылға бөлінді:

Жетінші ауыл – Қорық ауылы;

Оныншы ауыл – Құр ауылы;

Он бірінші ауыл – Малкелді ауылы.
ІІ. 1931-1932 жылдары үш ауыл «Серіктік» болып қайта құрылды;

ІІІ. 1934 жылы үш колхоз (коллективное хозяйство – ұжымдық шаруашылық):

«Социал» колхозы, «Алғабас» колхозы, Ораз Исаев атындағы колхоз – кейіннен «Тельман» колхозы болып аталды.

1931-1932 жылдардағы алапат ашаршылықтан аса зор зардап шеккен өңірдің бірі біздің Шұбартау. Оны мына деректер анық көрсетеді:

1928-1929 жылдардағы бірқатар байларды кәмпескелеп, жер аударғаннан кейін елде мал біршама азайған. Соның өзінде 1930 жылы ауданда 17214 бас ірі қара, 49287 бас жылқы, 336937 бас қой-ешкі, барлығы 403479 бас мал болған. Түйе 16141 бас. Сол малдан 1933 жылы 6 бас ірі қара, 50 бас жылқы, 453 бас қой-ешкі, барлығы 509 бас қана мал қалған.

1928 жылы ауданда бар халықтың 28000 жаннан 1933 жылы 2800 ғана жан, екінші сөзбен айтқанда 10 ℅ ғана қалған.

Осы алапат ашаршылықтан кейін 1933 жылдың күзінде совет үкіметі Шұбартауға басқа мемлекеттен мал әкеліп, 2000 бас қой, 350 жылқы, 150 сиыр серіктестіктерге мүше адамдарға таратылып берілген.

1935 жылы тағы да үкіметтен 1000 бас қой, 12 жылқы, 15 сиыр, 254 бас тайынша колхоз мүшелеріне бөлініп таратылып берілген, аудан бойынша.

Әр жанұя осы малдың аналығын сақтай отырып, төлінің өсімінен колхозға мал беріп отырған. Олар мыналар:

«Социал» колхозынан:


  1. Елеусізов Иманғали

  2. Елеусізов Тілеухан (Бөбек)

  3. Домбаев Ахметжан

  4. Байсарин Саматай

  5. Маукебаев Рахымбай

  6. Смағұлов Түсіпжан

  7. Төрегелдин Құйқалақ

  8. Төрегелдин Суықбай

  9. Төрегелдин Тобықбай

  10. Төрегелдин Тілеубала

  11. Кержіков Шаяхмет

  12. Мәніғұлов Таукен

  13. Елеубаев Ахмади

  14. Жадрин Омар

  15. Слаубай, Нақыпбай Мажриндер - сияқты адамдар.

«Алғабас» совхозынан:

  1. Омарбаев Мәугі

  2. Омарбаев Сқатай

  3. Омарбаев Тайпақ

  4. Кәріпбаев Шайкен

  5. Кәріпбаев Шәми

  6. Тобықтин Қашымашым

  7. Қашымашынов Ыбырай

  8. Қашымашынов Мақамбай

  9. Боғаев Ахай

  10. Боғаев Тақай

  11. Мақамбаев Есімжан

  12. Мақамбаев Досымжан, Топанбай, Шөңгел, Шрайымбек

«Тельман» колхозынан:

  1. Мағзұмбаев Иманжан

  2. Собықанов Болысбай

  3. Собықанов Бірталай

  4. Лжебаев Лақ

  5. Лжебаев Мұсабай

  6. Қуақбаев Жедел

  7. Трайсов Нұртөлеу

  8. Трайсов Тайтөлеу

  9. Мырсейітов Тайтөлеу сияқты азаматтар.

1938-1939 жылдары осы үш шаруашылықтарда халқы мен малы төмендегі мөлшерде болған:

«Социал» колхозында 15 үй, 500 бас қой, 20 сиыр, 10 жылқы;

«Алғабас» колхозында 20 үй, 550 бас қой, 15 сиыр, -7 жылқы;

«Тельман» колхозында 12 үй, 420 бас қой, 10 сиыр, 5 жылқы малы болған, аз ғана жанұямен, міне, ауылдың алғашқы тарихы осылай басталса, одан бері жағдайы осы ауылда өмір сүрген, еңбек еткен бетке ұстар азаматтарының 1930-1937 жылдардағы қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына аттанып, көбінің елге оралмауы үлкен зобалаң мен қиыншылыққа ұрындырды.

Халқы аз, осы шағын ауылдардан оншақты азаматтар атылған, айдалған.

Ал, соғысқа сексеннен артық ер азаматтар қатынасқан, көбі оралмаған, оралғандарының көбі мүгедек болып келген.

Малкелді ауылының ең өркендеген жылдары «Алғабас» совхозы болып аталған 1961-1995 жылдар аралығы десек, сол кезде 1980 жылы жерлесіміз Мыңбай Рашев ағамыз ауылға келгендегі кездесуде совхоз директоры ретінде өзімнің сөйлеген сөзімді келтіруді жөн көрдім (ауыл тарихының бір көрінісі болғандықтан).

«Алғабас» совхозы еңбеккерлерінің жерлес ақынымыз Мыңбай Рашевпен кездесуінде совхоз директоры Сәменбетов Нәстілектің сөйлеген сөзі»

12 июнь, 1980 жыл

Қымбатты жолдастар!
Өзінің жарты ғасырлық торқалы тойын туған топырағы Шұбартау жерінде атап өтіп жүрген жерлес ақынымыз Мыңбай Рашевті совхоз, партия, совет, кәсіподақ, комсомол ұйымдары мен барлық еңбеккерлері атынан қызу және шын жүректен құттықтап, сау-саламат болып, Отанымыздың игілігі үшін, коммунизмнің даңқы үшін, туған өлкенің көркейе беруі үшін шабытпен, асқан жігермен еңбек етуіңізге тілектестік білдіруіме рұқсат етіңіздер.

Сонымен қатар, жерлес ақынымыз Мыңбай Рашевпен бірге елге бірінші рет келіп отырған ғалым әдебиетші, қазақ әдебиетімен фольклорындағы қанатты нақыл сөздерді жинақтаудың шебері Нысанбек Төреқұлов жолдасты да Шұбартау топырағына хош келіпсіз дей отырып, деніне саулық, еңбегіне жеміс, сөздеріне қанат бітуіне тілектестік білдіреміз.

Ұлы Октябрьдің шұғылалы шуағы бұл жерді өзгерген өлкеге айналдырды. Ел дәулеті еселеп артып, экономикасы нығая түсті.

Совхоз еңбеккерлері КПММ ХХV съезінің тарихи шешімдерін жүзеге асыра отырып, таяуда болып өткен даталы күн В.И.Лениннің туғанына 110 жыл толуын және Совет халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 35 жылдығын еңбек табыстарымен атап өткен болса, бүгін республикамызбен Қазақстан Коммунистік партиясының 60 жылға толатын мерекелі күнін жетістіктермен қарсы алу жолында еселі еңбек етуде.

Біз республикамыздың, оның ішінде ауданымыздың 60 жыл ішінде жаңа белестерге көтеріліп, экономика, ғылым мен әдебиет саласында қол жеткен табыстарына шын жүректен қуанамыз.

Октябрь революциясына дейін сауатсыздық пен мешеулік жайлаған шет аймақтардың бірі – бұрынғы Дағанды, Шұбартау болыстарынан біріктірілген Шұбартау ауданы 1928 жылы қарауында 13 ауылдық советі бар аудан болып құрылды. Соның бірі – біздің Малкелді ауылдық советіне қарасты елді мекен болды.

1930 жылы Малкелді Мойынсерік болып ұйымдастырылды, 1933-1934 жылдары колхоз бойынша 11 үй, әр үйде 10 қой, 1 сиырдан колхоз малы өсірілді. Колхоз алғаш құрылған күннен бастап Шәйкен Кәріпбаев, Ақай Боғаев, Шаяхмет Кержіков, Тілеухан Елеусізов, Сқатай Омарбаев, Шәкен Омарбаева, Жақия Әйелбекова сияқты басқа да көптеген колхозшылар аянбай еңбек етті.

1934 жылы қазіргі Құр өзені бойынан 34 гектар жердің егін алқабы игеріліп, қолмен, темір күрекпен басып егін салу жұмысы бірінші болып жүзеге асырылды.

1950 жылы «Тельман», «Социал» және «Алғабас» сияқты ұсақ колхоздар бірігіп, «Алғабас» колхозы болып ірілендірілді.

1961 жылғы мартта аудан шаруашылықтарының ішінде бірінші болып «Алғабас» совхозы шаңырақ көтерді. Сол жылда совхоз бойынша 60 гектар егістік, 23000 бас қой, 800 бас мүйізді ірі-қара және 700 бас жылқы болды.

Кешегі жер кепе үйлердің орнында қазір екі қабатты еңселі орта мектеп, машина трактор шеберханасы, учаскелік аурухана, интернат, балалар бақшасы, совхоз кеңсесі және жаңа тұрғын үйлер бой көтерді.

Қазір совхозда 1500 адамы бар 300-ге жуық семья тұрады. Мұның 340 адамы жұмыскер, 450 оқу жасындағы балалар.

Совхозда 600 балалық орта мектеп, 25 төсектік аурухана, 50 балалық интернат, 75 балаға арналған балабақша жұмыс істейді.

Совхоздағы 85 коммунистпен 96 комсомол мүшесінен тікелей ауыл шаруашылығында 58 коммунист, 76 комсомол мүшелері материалдық игілікті өндіруге қатынасып, бастаушылық роль көрсетіп, социалистік жарыстың алдыңғы сапында келеді.

Совхоз бойынша 255000-ға жер көлемі бекітілген, қазіргі уақытта мұның 20000 гектары егістік, 6667 гектар шабындық, 6500 гектары екпе шөптерге, 221000 гектары жайылымдықтарға пайдаланылды.

Бүгінгі күнге совхозда 47270 бас қой, оның ішінде аналығы 17078 бас, 1046 бас ірі-қара, аналығы 330 бас, 1000 бас жылқы, аналығы 357 басқа өсіп отыр.

Совхозда жақсы жабдықталған машина-трактор мастерскойы (МТМ) бар. Мұнда 50 астық комбайны, 107 әртүрлі маркалы трактор, оның ішінде 15 К-700 тракторы бар. 40 жүк автомашинасы және ауыл шаруашылығына керекті тіркеме саймандарымен толықтай жабдықталған.

Бұл салада совхоздың бас инженері Кенжеғалиев Серікжан, автогараж меңгерушісі Мұсабаев Кәшсыздық сияқты коммунистер қажырлы еңбек етуде.

Өткен 1979 жылғы КПСС Орталық комитетінің ноябрь пленумы халық шаруашылығын дамытудың көлемді міндеттерін қойды.

Осы тұрғыдан алғанда Л.И.Брежнев жолдастың Москваның Бауман ауданы еңбекшілерінің сайлау алдындағы кездесу жиналысында сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттермен тұжырымдарды орындауға «Алғабас» совхозының еңбекшілері өздерінің алдына үлкен міндеттер қойып, бірсыпыра жұмыстар жүргізді.

Шаруашылық 1979 жылында қой өсірудің мемлекеттік жоспарын орындады. Жоспардан тыс 572 қозы артық алуға жетісті.

Совхозымыз өткен шаруашылық жылында мемлекетке ауыл шаруашылық өнімін тапсыруда жоспардағы 6000 центнер еттің орнына 6075 центнер, жоспар 101℅, 730 центнер жүннің орнына 794 центнер, жоспар 108℅, 4200 центнер астықтың орнына 27933 центнер, жоспар 6 есе болып, ауыл шаруашылық өнімдерін тапсыру асыра орындалды. Мұның сыртында аудан совхоздарына 80 мың центнер құнарлы азық сатылды.

Совхоз бес жыл ішінде қарызға алған 17 мың центнер ссуда берешектен құтылды. Совхоз еңбеккерлері өткен мал қыстату науқанына жақсы әзірленіп келді. Қоғамдық малға жеткілікті мөлшерде азық дайындалды. Жоспардағы 110 мың центнер азықтың орнына 120 мың центнер шөп, 49600 центнер салом дайындалды. Өткен жылы 18 мың гектар дәнді егіс, 600 гектар сүрлем, 1000 гектар көпжылдық шөп егіліп, 2000 гектар пар, 13000 гектар зябь жыртылды. Осындай зор көлемді шаруашылық жұмыстарын жүргізуде совхозымызда еңбек ардагер шамшырақтарының қатары өсіп, олар өздерінің 1979 жылға қабылдаған социалистік міндеттемелерін орындап шықты.

Атақты механизаторларымыз: Шамиев Тілек, Ыбыраев Бахан, Мейірбеков Саят, Суықбаев Кенжеғали, Суықбаев Адамғали, Ошыбаев Саян, Шыңғысбаев Жоламан, Бибасов Мұрат, Бірталаев Өнертай, Ахтаев Әскербек, Өмірбаев Тілеш, Әбенов Әубәкір, Омарғалиев Қуанышбек, Қашқынбаев Тілеген, Мұқанов Тілек, Сқатаев Мұсақым. Барлығы социалистік міндеттемелерін 140-160℅ аралығында орындап шықты.

Тыңның жиырма бесінші орағында өздерінің социалистік міндеттемелерін асыра орындаған қабілетті механизаторларымыз және басқа мамандық иелері: Шамиев Тілек – «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Бибасов Мұрат ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, Нұртөлеуов Мақсатбек – «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Төлеуов Халықберген мен Жақытаев Өміртай «Еңбектегі үздік шыққаны үшін» медальдарымен наградталды.

Мал шаруашылығы саласындағы әр жүз аналықтан 105-110 аралығындағы төл алған мал шаруашылығының жұлдыздары: Кемпірбаев Нұрсағат, Омаров Байсан, Тулақбаев Рамазан, Ыбышев Кәрібай, Ахметжанов Базартай, Бітікбаев Разбек, Бітікбаев Тұрсын, Манекин Базартай, Шарипов Хасен, Мыңбаев Әбуләйіс жолдастардың есімін ерекше мақтанышпен айта аламыз.

Сөйтіп, шаруашылығымыз1979-1980 шаруашылық жылының мал қыстату науқанына үлкен жауапкершілікпен кірісті. Совхозымызда 42 отар қоғамдық мал қыстамаға орналастырылды. Мал қыстату науқанын совхоздың партком мүшелері: Садықов Ерқара, Шайкенов Мақсұтбек, Ожықов Алшынбек, Байғожин Төлеуғазы және бас мал мамандары әр учаскеге бөлініп, үлкен ұйымдастыру саяси жұмыс жүргізудің нәтижесінде қоғамдық мал қыстамадан шығынсыз аман шықты. Қоғамдық мал қыстамаға келгенде 80℅ ғана азықпен қамтамасыз етілгеніне қарамастан октябрь, ноябрь, декабрь айларында ауа райының қолайлы күндерін пайдаланып, жетіспейтін азық қорына үнем жасалды.

Қыстаманың аяғында № 1 ферма 5 мың, № 2 ферма 12 мың, №3 ферма 11 мың центнер, совхоз бойынша 29 мың центнер қатаң мал азығы және 500 центнер құнарлы азық үнемделді.

Мал қыстату науқанына байланысты қоғамдық малдан шығын бермеген, мал азығын үнемдеген шопан-бақташыларға ынталандыру шарасы белгіленіп, ай сайын қорытындыланып 3,5 мың сом ақша, 32 бас қой совхоздың ынталандыру қорынан берілді.

Мемлекетке ауыл шаруашылық өнімін бірінші тоқсанда ет тапсыру жоспарын орындауда ірі-қараның жас малын бордақылап семіртуші, аудан, облыс чемпионы Таукенов Ферметай соңғы 4 жыл бойында 120-130 бас өгізшенің орта салмағын 430-516 килограмға жеткізіп, жоғарғы қоңдылықта мемлекетке етке тапсырды.

Биыл бір бас өгізше 1114 сомнан бағаланып алынды. Біз бұдан былайда ірі-қара малын семіртуде қол жеткен табыстарды баянды етуге тиіспіз.

Совхоз еңбеккерлері В.И.Лениннің туғанына 110 жыл толу мерекесін лайықты табыстармен қарсы ала отырып, 1980 жылды, яғни оныншы бесжылдықтың қорытындылаушы жылында да жақсы табыстармен келіп отыр. Атап айтқанда, егін шаруашылығы бойынша қысқа мерзімде 18200 гектар дәнді егіс, 600 гектар сүрлем, 600 гектар бір жылдық шөп егісі, 1000 гектар көп жылдық шөп егілді, егіннің шығымы жаман емес.

Жұрымбай учаскесінде мал бордақылау алаңы мен мал азығын өңдеп беру цехы салынуда.

Совхоз бойынша төл алу жұмысы ойдағыдай аяқталып, 100 аналыққа шаққанда қозы, құлын алу жоспары артығымен орындалды. Бұзау алу жоспары таяу күндері орындалмақ.

Биылғы 1980 жылды табысты бастаған еңбек ардагерлерінің эстафетасын жалғастырушы еңбек азаматтары: шопан бақташылар – Ахметжанов Базартай, Рахимов Садық, Манекен Базартай, Таукенов Ферметай, механизаторлар – Ибраев Бақан, Мейірбеков Саят, Шамиев Тілек, Әбенов Әубәкір, Нұртөлеуов Мақсат, Тұрысбеков Бекет, Иманғалиев Қойшығали, Айтқалиев Әмір сияқты еңбек озаттарының есімдерін айтуға болады.

Малшыларға керекті тұрғын үйлер мен қораларын, төл үйшіктерін салу жұмыстары жылма-жыл жақсы жолға қойылып келеді. Бұл салада бас құрылыс инженері Ахметжанов Үркімбай, шеберлер Берікбосынов Ақатай, Ұзақбаев Әділғали, Әзімов Әбіләкім сияқты азаматтар үлес қосуда.

Совхоз бойынша бір бас малдан өнім өндіру мөлшері де артып отыр. Жылма-жыл бір қойдан 1,5-1,8 килограмнан жүн қырқуға, мемлекетке етке тапсырылған әрбір бас қой 50-55 килограмға жеткізіп келеді.

Қазір совхозымызда «Самал» (ұстаз-жетекшісі – Шарипов Хасен мен Қасымова Нүрилә), «Салтанат» (ұстаз-жетекшілері – Ахметжанов Базартай, Алшымбекова Күлзада), «Алау» (ұстаз-жетекшілері – Бітікбаев Разбек, Байсағызова Асем), «Жас қайрат» (ұстаз-жетекшілері – Баданов Нағымжан, Темірғалиева Марфуға), «Жас дәурен» (ұсаз-жеекшілері – Солтанбеков Демеуғали, Қасымова Мағрипа), «Алға» (ұстаз-жетекшілері – әкелі-балалы Өлеңбаев Таласбай, Өлеңбаева Бижамал, Өлеңбаева Гәнай) қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары жұмыс істейді. Бұл бригадаларда 17000 қой малы шығынсыз бағылып күтіледі. Бригадалар жылма-жыл мектеп бітірушілер есебінен толықтырылып отырады.

Биылғы жылы «Самал», «Салтанат», «Алау» қой өсіруші комсомол жастар бригадалары жыл басында бекітіліп берілген аналықтан 100-130 аралығында қозы алуға жетісті.

Еңбекшілерді мәдени-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуде жеті сауда орны – сатушылары Қожабаева Кентай, Суықбаева Ұлболсын, Төлепбекова Мұзән, Мырзабекова Жәміш, Әбуләйісова Күмән, Омарова Мәрмен, бір автолавка-сатушысы Тілеубаев Әділ, бір автоклуб меңгерушісі Нұртөлеу Секіш, үш селолық клуб меңгерушілері Болысбаев Төлеутай, Исаханова Амантай, төрт кітапхана, пошта байланыс мекемесі меңгерушісі Шаяхметов Аман жеті кино қондырғы және клуб үйі меңгерушісі Рсаев Сағат, Рымбекқызы Күміс үлгілі жұмыс істеп, халыққа қызмет етуде.

Биыл совхозда 300 орындық мәдениет үйі шаруашылықтың өз есебінен салынып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ үлкен магазин мен пошта-байланыс үйі де шаруашылық есебінен салынады.

Совхозда еңбек ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жұмысы біршама жақсы жолға қойылған. Соның нәтижесінде совхозымызда еңбек озаттарының саны артып, социалистік жарыс озаттары көбеюде. Қазірде 32 еңбек озаттары үкіметіміздің жоғарғы наградаларына ие болып отыр.

Мұның сыртында 40-қа жуық семьяда «Волга», «Жигули» және «Москвич» жеңіл машиналарын өз игіліктеріне пайдалануда.

Шаруашылық көгілдір экранмен, мемлекеттік жоғарғы кернеулі электр жүйесіне көшірілген. Автоматтық телефон-байланыс жүйесі жұмыс істейді.

Міне, бүгінгі өзіңіз туған ауылдың, Мыңбай аға, кешегі Төлеу Көбдіковтың елінің «Сары қорығы» аталған «Алғабас» өңірінің тынысы осындай».

Бұл сөзде шаруашылықтың жиырма жылдық және арғы-бергі тарихы айтылса, 1991 жылы «Алғабас» совхозының құрылғанына 30 толу қарсаңында «Алғашқы совхоздың жаңа қадамдары» деген мақаласында (№21 16 ақпан 1991 ж. «Шұбартау шұғыласы» газеті) «Алғабас» совхозының алғашқы директоры Қазақ ССР-нің ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері Уәсіл Сатаев ағамыз былай деп жазады:

«1961 жылы ақпан айында Семей өңірінде қосымша тың жерлерді игеру мақсатымен 11 астық совхозы жаңадан құрылған болатын. Соның бірі болып ауданымыздағы «Алғабас» колхозының негізінде «Алғабас» астық совхозы құрылды. Сол кездегі совхоздың жер көлемі 256 мың гектар, оның 30 мың гектары игерілетін егістікке арналған тың жерлер болатын. 24000 бас қой, 1100 мүйізді ірі-қара, 800 бас жылқы, 1200 гектар егістік болды, совхозға жаңадан 25 трактор, 20 комбайн, 15 автомашина және басқа да көптеген ауылшаруашылық машиналары берілді. Облыстық совхоздар басқармасы жаңа совхозға техника, жанар-жағар майларды, құрылыс материалдарды, ұйымдастыру мақсаттарына арналған қаржыны керегінше беріп отырды. Алайда совхозда техниканы меңгеретін, иелік жасайтын механизаторлар кадрлары жетіспеді.

Осы орайда облыстық партия комитетінің көмегімен Семейдегі №25 селолық кәсіптік-техникалық училище үш жыл бойы оқуды бітірген түлектерін біздің совхозға жылына бір группадан жазғы дала жұмыстарына жіберіп отырды. Облыстық партия комитетінің хатшысы Н.И.Акуленко, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы К.Нурбаев , облыстық совхоздар басқармасының бастығы М.Жексембинов біздің совхоздың өсіп өркендеуіне үнемі қамқорлық жасап отырды. Сол кезде қысқарған аудандық ауыл шаруашылық инспекциясының мамандарын біздің совхозға жұмысқа жіберді.

Совхозда бас агроном Қ.Тілемісов, бас зоотехник Р.Біләлов, бас инженер Ш.Айғазин, бас бухгалтер С.Султанбеков, бас мал дәрігері Қ.Қашымашинов, бас экономист болып Гузенко Л.Т. келді. Осылардың бәрі де ұйымдастыру қабілеті бар адамдар. Олар совхоздың өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Совхозда үш бөлімшенің орталығы жаңадан салынды. Жалпы жыл ішінде 20-25 үй жаңадан салынып, пайдалануға беріліп отырды, 2 механикаландырылған жабық қырман, 5 астық қоймасы, совхоздың машина-трактор шеберханасы, 50 төсектік аурухана, асхана, монша, дүкендер, жатақхананың құрылыстары жаңадан салынды.

1964 жылы егістіктің көлемі тың игерудің есебінен 17000 гектарға жеткізілді. Совхоз сол жылы әр гектардан 8,2 центнерден жалпы 140 мың центнер астық алды. Мемлекетке жоспардағы 7300 тоннаның орнына 9000 тонна астық тапсырды. Совхоз есімі республикалық Құрмет тақтасына жазылды. Аягөз ауданы совхоздарына қатты бидайдың тұқымын сата бастадық.

«Алғабас» совхозы сол кезде Шұбартау өңіріндегі үлгі тірек шаруашылығы болып есептелді. Совхоз өзіне берілген жоспарларын жылма-жыл асыра орындап, шаруашылық жылын тек қана таза пайдамен аяқтап отырды.

Совхоздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан еңбек адамдары: Т.Ақтаев, А.Рымғожин, Қ.Қожабеков, Ы.Қажыбиев, Қ.Боқбасаров, Т.Манасбаев, Т.Күшігенов, М.Мотышев, Ш.Әйелбеков, А.Боғаев, Ә.Жаманбалин, Н.Бірталаев, С.Төрегелдин, Б.Байсарин, Т.Мәніғұлов, С.Омарбаев, Т.Омарбаев, Ә.Сембеков, Ә.Мыңбаев, Қ.Смағұлов, Б.Собыханов, Б.Иманғалиев, Б.Мерекин, Р.Жыртықов, О.Сейілбеков, Т.Сейілбеков, К.Смокин, Т.Мерекин, В.Богачев, В.С.Коновалов, Т.Шәмиев, Б.Асаубаев, А.Сейітбеков, О.Сейфуллин, Б.Тұрысбеков, Ө.Бірталаев есімдері ұмытылмайды.

Бүгінде «Алғабас» совхозы аудан экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосып келе жатқан іргелі шаруашылықтарының бірі. Алғашқы астық совхозы «Алғабас» совхозының өсуінің бір қадамы осы шығар» - деп аяқтайды сөзін Уәсіл ағамыз.

Ал осы 26 ақпан, 1991 жылы «Шұбартау шұғыласы» аудандық газетінде № 25 «Өскен ел, өзгерген өңір» - «Алғабас» совхозының 30 жылдық мерей тойында совхоз партия комитетінің сол кездегі хатшысы Е.Қуанышбековтың жасаған баяндамасында ауыл тарихы, оның өткен өмір жолдарынан нақты деректер берілді.

Осы баяндаманы толық келтіруді жөн көрдім.

«Ауылымыздың қайта құрылып совхоз болып құрылғанына 30 жыл толды. Бұл мерзім адамзат үшін аса ұзақ уақыт болмаса да, оның тарихы әріден басталады, коллективтендіру науқаны қарсаңында небәрі 20-дан астам түтіні бар шағын ауылға сол заманның көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары: Байдаулет Шырайымбеков, Көккөз Қажығалиевтар «Изенді», «Берікқара», «Саяқ», «Қараүңгір» елді мекендерден шамамен 500 үй көшіріп әкеліп, Малгелді өңіріне орналастырды. Төрт түлік мал Малкелді, Бабаң өзендерінің бойына симай кетеді, халықтың тұрмысы жақсара түскендей болады. Алайда, 1931-1932 жылдары бүкіл қазақ халқының басына түскен ауыртпашылық – Голощекин нәубеті елдің бей-берекетін кетіріп, аштыққа әкеліп соқтырды. Осынау бір сүреңсіз кезеңде ел басқару билігі сеніп тапсырған кейбір ожар, ұрда жық әкімсымақтар онсыз да аштық есеңгіретіп, тапшылық пен жоқшылық жолын кескен елдің жағдайын одан сайын ауырлата түсті. Айналдырған 1-2 жылдың ішінде жоғарыда аталған 500 үйден 50 қаралы түтін ғана қалды. Тек жергілікті азаматтар Қасен Халилин, Жақан Бітібаевтар басқару тізгініне ие болғанда ғана есеңгіреген ел біраз есін жиғандай болды. 1933 жылдың күзінде үкімет тарапынан көмек көрсетіліп, халыққа мал таратылды. Артель ұйымдастырылып, адамдар алғаш рет қоғамдасып атқарылған жұмысының зейнетін көре бастады. Колхоздар ұйымдасқан жылдардан бастап, ұсақ шаруашылықтар іріленіп, бір коллективке топтасқанға дейін көптеген адамдар басшылық тұғырында болып, шағын шаруашылықтың көркейе түсуіне өз үлестерін қосты. Сол қилы заман кездері колхоз басқармасы төрағалары болып, жұртты игілікті іске жұмылдыра білген Тәттібек Көбдіковты, Шынарбек Қожасбаевты, Қанша Шыңғысованы, Төлеутай Ибраевты, Әлкен Трайысованы, Жағынар Жәнібековты, Түсібай Қайырбековты, Төлеу Күшігеновты, Мәлкен Садуақасовты, Төлеген Бексейітовтың есімдерін бүгінгі күні ерекше құрметпен атап өтіп, рухтарына тағзым етуіміз керек.

Әрбір халықтың тарихында оның қажырлылығын, оның талантын, оның ерлігін қажет ететін, қоғамдық-мемлекеттік құрылымның да ерекше сын кезеңдері болады. Міне, сол сын кезең совет халқы үшін Ұлы Отан соғысы жылдары болды. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» - деген жалынды ұранмен бүкіл халықтық күрес басталды. Осы бір өмір мен өлім белдескен, ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен сәттерде «Алғабас» өңірінің азаматтары да елдік пен ерліктің ерен үлгісін танытты.

Елімізге соғыс әкелген ауыртпалық тауқыметі біздің жерімізде де жеткілікті еді. Бүкіл ауыртпашылық, ел тағдыры қарттар мен жасөспірім балалардың, аналар мен қыз-келіншектердің иығына түсті. Олар шаруашылық тұтқасына ие болып, майдандағы азаматтардың орнын жоқтатпай, майдан үшін, жеңіс үшін жанкештілікпен жұмыс жасады.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң колхоздар іріленіп, Алғабас, Социал және Тельман атындағы шаруашылықтар негізінде «Алғабас» колхозы құрылды. Алғашқыда колхозды майдангер, бүгінде соғыс және еңбек ардагері Битөлеу Мансұров, кейіннен ұзақ жылдар бойы СОКП мүшесі (Совет Одағы Коммунистік Партиясы) майдангер Шәйкен Кәріпбаев басқарды. Марқұм Шәкең ерекше еңбекқорлығымен, біліктілігімен, жаңашылдығымен ел алғысына бөленіп, ауыл мәдениеті мен экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосты.

Осы жылдары қаһармандықпен еңбек етіп, тер төккен аға ұрпақ өкілдері бүгінгі күні арамызда жүрген көне көз қариялар: Нұрқасен, Шәріп, Әбуләйіс, Мұқаш, Төкен, Рымқұл, Тілеубай, Сақтапберген, Көккөз, Қабдықалым, Әскен, Бодаубек, Алшынбек, Қажығаппас, Шәми әкелерімізбен Зұлхия, Несіпжан, Қалдыкен, Қажария, Шәкен, Мәнсура, Тұрарбек, Жамал, Бинұр, Ажар, Биғайша, Әйкен, Қапия, Шәрбет сынды аналарымыз ауылдың жүріп өткен тарихи жолының ескерткіші іспеттес.

Арттарына өшпес із, кейінгі ұрпаққа жоғалмас мұра қалдырған марқұм Әбен Әбдіқалықов, Нұртөлеу Трайсов, Төкен Ахтаев, Әбеу Жаманбалин, Қашымашым, Өмірсерік Тобықтиндер, Ыбырай Қажыбиев, Лақ Лжебаев, Шаяхмет Кержіков, Бөбек Елеусізов, Жедел Құрақбаев, Мөрән, Қадылбек Әліпбековтер, Рымбай Ахтаев, Кенжебай Сарсенбин, Суықбай, Тілеубала Төрегелдиндер, Кәрібай Ыбышев, Бейісқұл, Қасым Боқбасаровтар, Исағали Исайынов, Шөңгел Әйелбеков, Төкеш Баяндин, Кәрім Әбдуәлиев, Иманғали Елеусізов, Әсербай Сембеков, Түзубек Жұмабеков, Рсай Жыртықов, Саматай Байсарин, Есенсары Қалиев, Шайхан Жәнібеков, Мұсабай Самажанов, Оразхан Сейілбеков, Сейфолла, Тұрысбек Шыңғысовтар, Төлепбек, Жақсыбек Майткиндер, Өмеш Шөтебаев, Оқап Тайтөлеуов, Қожабек Бибасов, Қалиақбар Бибатыров, Әбділдә Мұхамедиев, Қали Жақатаев, Рымғажы Аязбаев, Ахиянбек Сейітбеков, Сейітбатыл Рымқұлов, Әлпіш Төленбаев, Мереке Тұрғанбаев, Манеке Мотышов, Иманжан Мағзұмбаев, Омарғали, Бейсенбай Қаншыровтар, Есімжан, Досымжан Маханбаевтар, Түсіпжан, Ахметжан Смағұловтар, Таласбай Өлеңбаев, Сейсенбай Төленбаев, Отарбай Қасқин, Жұмабек Сембеков, Біләл Уызбаев, Рахымбай Мәукебаев, Рсай Жаманбалин, Шөкім Туғанбаев сияқты ардақты ағаларымыз бен әкелерімізді еске алып, аруақтарына тағзым етіп, есімдерін мәңгілік ел ішінде сақтау біздер үшін мерейлі де мәртебелі міндет».

1961 жылдың наурыз айында Шұбартау өңірінде тұңғыш рет «Алғабас» колхозы социалистік шаруашылыққа айналды. Совхоз құрылған алғашқы қиын кезеңдерде, оның игілігін баянды ету барысында, экономикасын арттырып, шаруашылығын жетілдіру жұмыстарында алғаш шаруашылық басшысы У.Сатаев, партия комитетінің хатшысы Ә.Доғамбеков, селолық советтің төрағасы Қ.Балықбаев, кәсіподақ комитетінің төрағасы Уәлиев Жұмабай, мамандар: Ш.Айғазин, Қ.Қашымашымов, Ж.Қожахметов, Р.Біләлов, ферма меңгерушілері: А.Ожықов, М.Шоқыбасов, Б.Ғабдуллин сияқты ауыл азаматтары тізе қосып, ерекше еңбек сіңірді. Тап сол жылдары партия мен үкіметіміздің үндеуі бойынша Россия, Украина, Белоруссия тағы басқа одақтас республикалардан тың көтеруге жас комсомол жігіттер мен қыздар келіп қоныстанды.

Олармен қатары бүгінгі күні құрметті демалыста отырған ауыл ақсақалдары: Б.Асаубаев, Т.Сейілбеков, Ш.Кәріпбаев, К.Г.Смокиндер қажырлы еңбектерімен қазіргі Алғабастық механизаторлардың ел арасында таралған атақ даңқының негізін қалады.

Сол күндерде шаруашылықтың әр саласындағы жұмыстарға қатысып, совхоздың төрт аяғынан тік тұрып, дәулетті шаруашылыққа айналуына себепші болған марқұм Түстікбай Мерекин, Әділжан Ахаев, Болысбай Собыханов, Ақай Боғаев, Оразхан Сейілбеков, Нұрлан Бірталаев, Кеңесқали Досымжанов, Тыныбек Әбеуов, Тілеухан Елеусізов, Рысқали Диханбаев, Бадан Омаров, Төлеуғазы Байғожин, Шәріп Құлбаев, Ахметжан Домбаев, ағайынды Қабыловтар, Солтанбек Серікбаевтардың есімін Алғабастықтар ешқашан ұмытпақ емес.

Осы ауылымыздың дамуының әр кезеңінде игілікті еңбек етіп, ел басқарған Махметқали Мұхамедияровтың, Нәсіпбек Сәменбетовтың, Амангелді Әбдіхалықовтың, Әлібек Райымқұловтың, қазіргі уақытта аудандық атқару комитетінің төрағасы Аманжол Оразбековтың, он жылдан астам совхоз партия ұйымының жетекшісі болған Қуат Серіковтің, Ерғара Садықовтардың есімдерін атап өтуді лайық деп есептеймін.

«Алғабас» совхозының тарихында бүкіл халқы ерекше құрмет тұтатын бір тұлға бар. Ол 1965-1972 жылдар аралығында шаруашылықты басқарған ардагер Бекен Әмірбеков ағамыз. Ол кісінің совхоз экономикасы мен мәдениетін, халықтың тұрмысын жақсартудағы ерекше еңбегін «Алғабас» жұртшылығы үлкен ілтипатпен атайды.

Сол мезгілде салынған типті орта мектеп, аурухана, совхоз бен селолық кеңестің кеңсесі, МТМ және жанар жағар май қоймасы күні бүгінге дейін халыққа қалтықсыз қызмет көрсетуде. Ауылдың мәдени келбетін арттыруға, көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Орталық көшелердегі жолдар көтеріліп, ағаштар егілді.

Алтай өлкесінен 42 семья, Үржардан 18 семья көшіріліп әкелініп, Малгелді фермасында қоныстандырылды. Бүкіл Одаққа әйгілі аудан комсомол ұйымының «Мал шаруашылығы – жастардың төл ісі» - атты патриоттық бастамасына үн қосқан совхоз комсомолецтерінің инициативасымен Б.Әмірбековтың басшылығымен алғашқылардың қатарында «Жас қайрат», «Жас Даурен» комсомол-жастар бригадалары шаңырақ көтерді.

Алдыңғы толқын әкелеріміз бен ағаларымыздың, бүкіл совхоз еңбекшілерінің жасампаз да жарқын еңбегі арқасында бұл күндерде «Алғабас» өңірі танымастай өзгерді, ауылымыздың экономикасы артып, жұпыны ұсақ елді мекендердің орнына осы заманғы қуатты техникамен жарақтанған, сәулеті артық, дәулеті шалқыған советтік шаруашылық орнады. Совхоз, ферма орталықтары көрікті де көлемді елді мекендерге айналды. Бір кездегі жатаған үйлер, бәкене құрылыстар келмеске кетті. Көшелер көркейіп, селоның архитектуралық сәулеті артты. Халқымыздың мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік хал ахуалы жақсара түсті.

Қоңырсыған білте шаммен күн кешкен ауыл адамдары Ильич шамының шұғылалы шуағына бөленді. Совхоз, ферма орталықтарын былай қойғанда малшы қыстақтарының көпшілігі жоғарғы кернеулі электр жүйесіне көшірілді. Тұрмысқа газ отыны мықтап енді, көгілдір экранды үш бағдарлама бойынша тамашалайды, радио, телефон жұртшылықтың күнделікті қажетіне айналды. Халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету түрлерінің саны артып, сапасы жақсара түсті. Совхозда осы заманғы талаптар негізінде қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген 3 селолық кітапхана, автоклуб, 3 киноқондырғы халыққа қызмет көрсетеді. Қалааралық және жергілікті автоматты телефон жүйелері іске қосылған, қалаған уақытыңызда еліміздің қай түкпірімен болса да хабарласа алатын мүмкіншілік туды. Медициналық қызметтің жайы да жақсара түскен, 25 адамдық ауруханамен ондағы медицина қызметкерлерінің кіршіксіз еңбегіне алғабастықтар дән риза.

«Алғабас» орта мектебі аудандағы іргелі білім ордаларының бірі болып саналады. Онда қазірдің өзінде 476 бала оқып, ғылым тұнығынан сусындауда. Олармен 40 жоғары және 13 арнаулы орта білімдері бар ұстаз-педагогтар жемісті еңбек етуде. Олардың қатарында бір ССРО, 6 Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, екі аға мұғалім бар. Мұғалімдеріміздің іскерліктері арқылы шәкірттеріміздің дүние танымы кеңейіп келеді. Рухани дүниелері алуан түрлі де күрделі. Жыл сайын мектеп бітірушілердің бір бөлігі еңбек ардагерлерінің ісін абыроймен жалғастырып, өмірден өз орындарын табуда.

Мектептің материалдық базасы нығайтылып, кабинеттік оқу жүйесі қалыптасқан. Қазіргі заманның талабына сай компьютерлік класс ашылды. Ұрпаққа коммунистік тәрбие беру жұмыстарында ұлағатты ұстаздар қазіргі кезде еңбек демалысына шыққан Н.Ұзақбаев, Д.Дармурзин ағаларымыз, мол ізденіспен еңбек етіп жүрген мұғалімдер: Р.Аманбаева, М.Бижанова, қайтыс болған марқұмдар: Қ.Сейілбекова, М.Шәйкенов, Е.Жакеевалардың жемісті еңбегі нәтижесінде «Алғабас» орта мектебінен талай шәкірттер қанаттарын қатайтып, түлеп ұшып өмірге жолдама алды.

Ауыл адамдары өз орталарына шығып, бүкіл елдің құрметі мен ілтипатына ие болған шешен тілді шежіре, Қазақстан ақындарының ақсақалы Төлеу Көбдіковты, өмірден өтсе де артына өшпейтұғын сөз қалдырған, ССРО Жазушылар Одағының мүшесі Төлеуғали Есімжановты, қазақ сатирасының қара шаңырағын көтерушілердің бірі, белгілі ақын Мыңбай Рәшевты, Алматыдағы М.Әуезов музейінің ғылыми қызметкері Қайрат Раевты, зерттеуші Омар Хаймолдинді, ғылым докторлары профессор Тілеуғажы Шойынбаев, Кәрім Ибраев, Айтқазы Серғазин, Жеңіс Жұмабаев, Жанұзақ Қасымбаевтарды, ғылым кандидаттары: Нүрзия Кәріпбаева мен Алтын Есімжанова, Зәмзәмия Бейсенбаева мен Блок Шәйкеновтерді, жергілікті әуесқой компазитор Қанат Исағалиевты, ауыл ақындары Ержахан, Әлібек Шаяхметовтарды, аудан комсомол ұйымының бірінші хатшысы Қарлығаш Нұртөлеуованы, аудан көлемінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарып жүрген Мелия Божановты, Бату, Бағлан Жұмағұловтарды, Болат Шөтебаевты, Әскербек Әсербаевты орынды мақтан етеді.

Әрине, асыра сілтеу мен әміршілік кезеңінің, тоқырау жылдарының шаруашылықтың бірқалыпты дамуына кесірі тимей қойған жоқ. Олай болмағанда халық шаруашылығының қай саласын алсақ та қол жеткен табыстар тұғыры бұдан да биік, бұдан да қомақты болары сөзсіз еді. Дегенмен, атап өтіліп отырған 30 жыл ішінде шаруашылық экономикасы біршама алға басты. Совхоз құрылған алғашқы жылдары қолмен атқарылатын жұмыстар механизм күшімен алмастырылып, игілікті істерді жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндіктер тудырды. Алғаш совхоз құрылғанда техника күшінен небары 14 трактор, 2 комбайн, оншақты автомашина болса, берекесі артып, берері молайған социалистік шаруашылығымызда бүгінгі күнгі 45 жүк машинасы, 29 комбайн, 73 әртүрлі маркалы трактор, оның ішінде 15 «К-700» және «К-701» алып тракторлары жұмыс жасайтынын айтсақ, осының өзі біздің қаншалықты өсіп, қаншалықты дамығанымызға жарқын мысал болар еді.

«Алғабас» - ауданымыздағы бірден бір астықты алқап. Ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесі игерілді, тұқым шаруашылығы жетілдірілді. Бидайдың және жемдік дақылдардың аудандастырылған жаңа сорттары енгізілуде. Барлық агрономиялық шаралар ойластырылып, жоғарғы сапамен қысқа мерзімде өткізілді. Егістіктің жалпы көлемі 18700 гектарға жеткізілді. Білгір де білікті механизатор кадрлары өсіп жетілді. Соның нәтижесінде өткен жылы дәнді дақылдардың әр гектарынан біз 12 центнерден астық алдық, мемлекетке 3 мың тонна алтын дән тапсырылып, бесжылдық жоспарды орындадық. Жемдік және тұқымдық қор жеткілікті мөлшерде дайындалды.

СОКП ХХVІІІ съезі мен Қазақстан компартиясының ХVІІ съезінің тарихи шешімдерін жүзеге асыра отырып, мал шаруашылығын өркендетуде, оның өнімділігін арттырып, сапасын жақсарту, өнімділігін көтеру бағытында біршама табыстарға қол жетті. Осының нәтижесінде қоғамдық мал басы анағұрлым өсті. Совхоз құрылған жылдары отарларда 13 мыңдай ғана қой болса, бүгінгі күні ол 36 мың басқа жеткізіліп, қой саны 3,5 есеге артты. Аналық малдың үлес салмағы 68 процентке көтерілді. Қоғамдық мал басын өз төлі есебінен өсіруге баса наза аударылды. Басқа жылдарды сөз етпегеннің өзінде ХІІ бесжылдықтың соңғы жылы ғана отарлармен табындарға 21704 қозы, 259 құлын, 40 бұзау қосылды.

Еңбеккерлер шаруашылықты жүргізудің тиімді де прогрессивті әдістерін кеңінен пайдаланып келеді. Мердігерлік жалгерлік және семьялық звенолық жүйелері қалыптасты. Өзін-өзі ақтау және қаржыландыру принципі берік орнықты. Адамдардың қоғамдық шаруаға көзқарасы өзгеріп, екпінді еңбекке деген ынтасы артты. Мемлекетке өткен жылы 6936 центнер сапалы ет, 627 центнер жүн тапсырылып, жоспар тиісінше 101 және 106℅ болып асыра орындалды. Шаруашылықтың барлық саласы бойынша белгіленген жоспарлы межеден шығып, 1 миллион 322 мың сом таза пайда алынды.

Совхоз партия, кәсіподақ комсомол ұйымдары, әкімшілігі, жергілікті кеңес, барлық ауыл тұрғындары еңбекпен есейіп, бұғанасы бекіген шаруашылықтың барлық саласындағы еңбекке белсене қатысып, ел байлығын еселей түскен облыстық партия комитетінің мүшесі Толқын Әбдікәрімованы, Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің бюро мүшесі Саят Мейірбековты, тәжірибелі ферма меңгерушісі К.Мусабаевты, майталман механизаторлар: Тілек Шәмиевті, Қуанышбек Омарғалиевты, Әубәкір Әбеновты, Әскербек Ахтаевты, Мұрат Әбеуовты, Шаймурат, Шайза Қасымовтарды, Мейрамхан Божеевты, Юра Құсайыновты, Естай, Әскербек Сапарғалиевтарды, автомашина жүргізушілері Бекет Тұрысбековты, Дәуен Қуйқалақовты, Төлеужан Қажыбиевты, Берікқайыр Шомановты, Сабыр Шаяхметовты, Бақыт Байғожинды, шопан-бақташылар: Ферметай Таукеновты, Хасен Шариповты, Марат Қабдықалымовты, Қуат Қожабековты, Сыдық Рахимовты, Сіләмғали Тілеухановты, Мақсұтқан Иманқұловты, Бликс Мерекинді, Нурқысан Шариповты, Тұмархан Манасбаевты, Базартай Ахметжановты, Базартай Манекинді, жылқышылар Тұрсынғали, Мұхтар Өлеңбаевтарды және т.б. озаттарымызды орынды мақтан етеді. Олар өздерінің өнегелі ісімен басқаларға үлгі болып, жылма жыл социалистік жарыс көшін бастап келеді.

Бүгінгі салтанатты күні біздер колхоз құрылысы мен совхоз шаруашылығында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, күні бүгінге дейін жұмыстан қол үзбеген Халықберген Төлеуов, Мақсұтбек Шайкенов, Жеңіс Нақыпбаев, Ермек Шырайымбеков, Санақбек Бейсенбаев, Қойшығали Иманғалиев, Олжатай Тахаев, Альберт Асайынов, Кәттай Бірталаев, Қасымғали Тобықбаев, Мақсатбек Нұртолеуов, Кенже Сейфуллин, Сайлауғали Суықбаев, Нағымжан Баданов жолдастарға шын ықыласты ізгі тілегімізді білдіреміз.

Осы орайда шаруашылықтың ыстық-суығына төзіп, аянбай еңбек еткен, бірақ бүгінгі күнге жете алмай мезгілсіз көз жұмған есіл ерлеріміз: Келіс Хасенов, Кенжеғали Суықбаев, Амантай Баяндин, Төлеуғазы Төкенов, Жанұзақ Ошыбаев, Флот Құйқалақов, Омар Сейфуллин, Серіктай Жұмағұлов, Нығмет Нұртөлеуов марқұмдардың жүріп өткен еңбек жолдары болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге бола бермек.

Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің бюросына, аудандық атқару комитеті мен «Қазақ тілі» қоғамына мерекені өткізу жөніндегі совхоз қоғамдық ұйымдарының ұсынысын қабыл алып, қолданғаны үшін және ұйымдастыруға үлкен көмек көрсеткені үшін совхоз еңбекшілерінің ризашылық сезімдерін жеткізгім келеді.

30 жыл жеңісті де жемісті жылдар. Тағылымы мол, табыстары зор кезеңдер болғаны айдай ақиқат, даусыз шындық. Сондықтан да совхоз еңбеккерлері қайта құрудың қаһарман легіне қосыла отырып, алдағы уақыттарда да биік белестерге жете беретін болады. Сөйтіп, ауданымыздың экономикасы мен мәдениетіне үлес қосатын болады деп сенім білдіреміз».

Бұл қызыл саясаттың сиясы әлі кеппеген. Совет Одағы жаңа ыдыраған, шаруашылық түрлері әлі сақталып тұрған кез болатын.

Сөйтсе де, бұл баяндама ауыл тарихының отыз жылын қамтыған деректерімен құнды.


жүктеу 13,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау