Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»



жүктеу 13,67 Mb.
бет19/49
Дата04.12.2017
өлшемі13,67 Mb.
#3122
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49

Одағай сөздер

  1. Оңалбай – 1930 жылдары облыстар таратылып, аймақ (округ) құрылып, Шұбартау ауданы Алматыға тікелей бағынған кезде ауданда жалшылар комитетінің бастығы болған адам, кедейден шыққан, руы Ұлы жүз – Ошақты.

Орталық Алматыға жиналысқа самолетпен барып – келіп тұратын кез. Аудан орталығы Баршатас Бақанас өзені бойындағы сай – сайды қуалап салынған жер үйлер. Самолет қонатын жер биік дөңес, түгел көрінеді, орталық тым жұпыны. Жиналыстан қайтып, самолетпен түскен Оңалбай асқақ Алатаудың түбіндегі әсем Алматыны көріп таң – тамаша болып қайтқан адам: «Осындай да аудан орталығы болады екен, ә?» - депті, өзі басқарып отырған Шұбартау ауданының орталығы Баршатасқа көңілі толмай.

Бұл сөз Шұбартау халқының арасында тез тарап «Оңалбай айтпақшы» деген сөз мәтелге айналып кетті.



  1. Ұлы Отан соғысы (1941-1945) аяқталып, тұралаған экономиканы, күйзелген халықтың әл-ауқатын көтеру кезіндегі қиыншылық уақыт. Шұбартау ауданының басшы қызметкерлері жиі ауысатын кезі екен. Оңалбай ол кезде бастық емес, сол өзі істеген аудандық совет атқару комитетінің күзетшісі, атшысы болып істеп жүрген кезі болса керек. Бір күні мекеменің бөлім бастығы жас жігіт кеңсеге келе жатса Оңалбай кеңсенің сыртқы есігін жақтауымен қопарып, шапқылап жатқанын көреді де: «Ойбай, Оңке! Мұныңыз не? Бүтін тұрған кеңсенің есігін талқандап жатқаныңыз, тоқтатыңыз» - деп ренжи бастағанда, Оңалбай тұрып: «Әй, сен ештеңе естімеген екенсің ғой. Кеше бастық ауысқан, бұрынғы бастықтың орнына жаңадан бастық келген. Ал, жаңа келген адамның алдымен кеңсенің есігін басқа жағынан шығаратын әдеті емес пе, мен бүгін жаңа бастыққа соны айтқызбай-ақ, кеңсенің сыртқы есігін басқа жақтан шығарып қояйын деп жатырмын» депті, жарықтық. Өзінің бастық болып жүргендегі қызметіне, өзінен кейінгі бастықтарға да көңілі толмаған Оңалбай артында осындай сөз қалған адам.

Дәкебаев Ілияс – Қарқаралыдан Шұбартауға жіберілген (1924жылдары) партия – совет қызметкері. Ұзақ жылдар басшылық қызметтер атқарған адам, руы орта жүз, арғын.

  1. 1950 жылдары колхоздар ірілендіріліп, одан кейін тың көтеру науқаны басталғанда партияның саясатымен ауыл шаруашылығына отыз мың адам қаладан, жоғарғы оқу орындарынан келген. Ол совхоз атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін тастап, Шұбартаудағы «Сталин» атындағы колхозға бастық болып барады. Бұрын ауданда қызметтес болған құрбылары Ілекеңе қалжың – шыны аралас: «Өзіңіз тіленіп, жылы орын, жақсы қызметіңізді тастап колхозға бастық болдыңыз. Бұрын тек айлық еңбекақы ғана, күн көрісіңіз онша емес еді, енді соятын мал, ішетін тамақ, киетін киімге жарып, тұрмысыңыз оңалған шығар» - десе, Ілекең: «Пәлі, ауданда басшы қызметте жүргенде облысқа жиналысқа барғанда киетін жалғыз таза костюм – шалбарым бар еді, енді колхозға бастық болғаннан кейін кез – келген малшы – шопандардың үйіне күнде қой сойғызып, арақ ішіп, киіз үйге аунай кетіп, ұйықтай саламын деп, содан да айырылып қалдым» - депті.

  2. Ілияс бастық, колхозда бір-екі жүк машинасы бар, жанар-жағар майды Аягөзден бөшкемен қойға айырбастап тасиды. Шофер сол жылдары әскер қатарынан оралған біздің ағамыз Қабас. Машинаның жартысына қой, екінші жартысына бөшке тиеп Қабас ағамызды Аягөзге колхоздың қаладағы өкіліне (экспедитор) телефон шалып, Ілекең жібереді де, басқарма жиналысын өткізіп жатады. Қалаға тез барып, бензинін тиеп ауылға қайтатынын айтып тағы не шаруа тапсыратынын білу үшін, бұрап сөйлесетін телефонды экспедитор бұрап – бұрап колхоз бастығын қосқызады да, трубканы Қабасқа ұстата салады. Телефонмен бұрын сөйлесіп көрмеген, сасқалақтаған Қабас:

- Әлө, Әлө, Ілеке! – дейді. Жиналыс өтіп жатқан кез, кеңсе толы адамдар. Ілекең телефон трубкасын алады да:

- Алло, алло! Кімсің? Қабассың ба? – дейді. Қабас: - Әлө, әлө, Ілеке? – дейді. Басқа сөз жоқ. Ілияс: -Иә, Қабассың ба, бензин алдың ба, қайтасың ба? - деп бастырмалатады. Қабаста «Әлө, Әлө, Ілекеңнен» басқа сөз жоқ. Әбден әбігерге түскен Ілияс жан-жағына қарап, қозғалақтап орнынан тұрады да: «Алло, сен - Қабас, мен - Ілияс - деп үш рет қайталайды. -Қабас болған қақ әкеңнің аузын...» деп боқтапты да, орнына отыра кетіпті. Жиналысқа қатысып отырғандар ду күлкіге бөленеді. Ілекеңнен қалған бұл сөз де ел аузында айтылып жүрді.



Рымтай мен Өсімбек

1950 жылы колхоздар ірілендіріліп, біздің «Киров» атындағы колхоздың (бастығы Құлынтаев Рымтай) «Молотов» атындағы колхозға қосылып (бастығы Бейсембаев Өсімбек) жиналыс өткізіледі, өкіл болып облыстан орыс жігіті қатынасады. Колхозшылар түгел қазақтар, өкіл жалғыз орыс, бірге келген райкомның адамы жиналысты орысша ашып жүргізуді тапсырады да, Рымтайға бұйыра сөйлейді. Сасқалақтаған Рымтай:



  • Товарищи! Укрупненный колхоз собрание обьявит открыт, – деп шала орысшасымен бастағанда, Өсімбек бастық:

  • Да, да, да, правда! – дейді, Рымтайды қостаған болып. Сонда, колхозшылардың ортасында отырған қушыкеш , Рымтай мен Өсімбектің орысшаға шорқақ екенін білетін Төлеутай:

  • Пай, пай! Біздің бастықтардың орысшаға жүйрігін – ай – деп, жұртты ду күлдірді.

Әбдібек бастықтан қалған сөз

Шұбартауда колхоздар ірілендіріліп, аудан орталығы Баршатаста МТС (машина трактор станциясы) құрылып, бір орталықтан шаруашылықтардың егіні мен шөбі техника күшімен атқарыла бастаған кез. Әбдібек Дөненбеков «Каганович» атындағы (қазіргі Мәдениет ауылы) колхозда бастық, Бақанас өзенінің бойында, бұл колхоздан төмен «Екпін» (қазіргі Бидайық ауылы), ал жоғарғы жағында «Сталин» атындағы колхоз (қазіргі Қосағаш ауылы) егін егетін жерлері Бақанас өзені мен Қусақ өзендерінің арасындағы жазық, үш колхоздың егістігі қатар – қатар бір – бірімен жапсарлас салынады. МТС-тың директоры Похабоев Илья Алексеевич орыс азаматы, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі. Егін егу науқаны кешеуілдеп, аудандық партия комитетінің бюро мәжілісінде Каганович атындағы колхоз сынға алынып, бастығы Әбдібектің есебі тыңдалады. Бюро мәжілісінде көп кісі қатынасқан, үлкен жиналыс. Әбден қысылып, сынға ұшыраған Әпекең бастық өзіне сөз тигенде:

-Товарищ, Похабов! Поедишь колхоз «Екпін», трактор дүр – дүр;

Рядом колхоз «Сталин», трактор дүр-дүр;

Почему колхоз «Каганович» трактор не дүр-дүр? – деп. Жан-жағына, Әпекеңнің сөзіне түсінбей жалтақтап қараған Илья Алексеевич бірінші хатшының МТС директорына қарап, «Каганович» атындағы колхозға жіберілген тракторлар көп бұзылып, жүрмей тұрғаны, ал көрші екі колхоздың тракторлары күндіз – түні дүрілдеп жүріп тұрғанын айтып тұрғанын аударып бергеніңде қарқылдап күлген МТС директоры ертеңінде механик жіберіп, техникалық көмек жасап, Әпекеңнің колхозына көмек көрсетіпті.

Мұқажанов Бимурат

Бұл кісі де колхоздар ірілендірілген кезде Шұбартаудағы «Алғабас» Колхозына облыстан жіберілген жоғарғы білімді маман, колхоз бастығы (1956-1960 жылдар аралығы). «Алғабас» бұрынғы «Социал», «Тельман» атындағы және «Алғабас» колхоздары біріктіріліп, мал мен егін шаруашылығы қоса дамыған үлкен шаруашылық. Табиғаты қатал, қысы қатты болып, ұзаққа созылатын аймақ. Бірде қыс қатты болып, аудандық партия комитетінің бюросында Мұқажановтың есебі тыңдалып, сынға алынып, «колхоз малы қыстамадан аман шыға ма» – деген мәселе қойылады. Ауданның хатшысы Нұрбаев Кәрім сұрақ қойып: «Мұқажанов жолдас, қоғамдық мал аман сақтала ма, қыстама дұрыс аяқтала ма, ноябрь, декабрь айлары өтпей – ақ қысылып жатырсыңдар» – дегенде Бимурат та жұлып алғандай: -Жолдас хатшы, «ноябрь мен декабрь жақсы өтті ғой, январь мен февраль осындай болса, март пен апрельге бірдеңе қылып шыдаймыз ғой, - деп қыстың алты айын түгендеп беріпті.



Жаманқұлов Сабырғали

Колхоздар ірілендірілген, тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталған кезде Шұбартауға жіберілген жоғарғы білімді маман. Жоғарғы оқу орындарында оқытушы болып жүрген жерінен Киров атындағы колхозға бастық болып келіп, ауылды өркендетуге елеулі үлес қосқан, Байқошқар ауылына алғашқы электр станциясы, электр қуатымен сиыр сауу сияқты жаңалықтарды енгізген адам, туған жері Атырау өңірі, руы кіші жүз ішінде Адай. Сабырғали колхоз бастығы қызметінен өз өтінішімен босап, Алматы қаласына көшіп кеткеннен кейін Шұбартау аудандық прокуроры колхоздағы бір қылмысты іске байланысты телеграмма беріп шақыртып алады. Жазғытұрымғы лайсаң мезгіл, аудан орталығы Байқошқар арасында тас жол жоқ, көлік қатынасы қиын уақыт, Сабырғали Аягөзден Баршатасқа самолетпен ұшып келеді де, Байқошқар ауылына Төкеңе (Төлеутай Ибраев) телефон шалып, көлік жіберуін өтінеді, әйтеуір ауданға келген соң өзі қызмет істеген ауылына барып қайтпақшы болады. Төкең машинаның ешқандай қисынын келтіре алмай, Афанасийды шақырып алып, «сен Баршатастан мотоцикліңмен барып, бұрынғы колхоз бастығын осында алып кел» дейді. Афанасий Дьяк тың игеруге келген молдаван жігіті, әйелі Женя екеуі Сабырғалидың тұсында электр станциясында және шошқа фермасында жұмыс істеген, кейінгі жылдарға дейін Шұбартаудың әр ауылында болған адамдар. Ол екі аяқты мотоциклімен барып, сол күні Сабырғалиды мінгестіріп, шемоданын екеуінің ортасына қойып ауылға алып келеді. Сабырғали кеңсе алдына жиналған халықпен және Төкеңмен амандасып жатады. Төкең: – Сәке, қалай жеттіңіз!? Жолда шаршаған жоқсыз ба, машинаның ыңғайы болмады, - деп ақтала сөз бастады. Сонда Сабырғали тұрып, мотоциклден былғанған үсті-басының шаңын қағып жатып: -Е, Төке! Керейдің Шақантайының Афанасын жіберген екенсіз. Аман – есен жеттім ғой, - деп, бүкіл ауылдан бір дұрыс көлік бармай, өзімен бірге істеген азаматтардың біреуі барып күтіп алмағанына риза болмай, Төлеутайды ұялтқан екен. Төкең керей руының ішінде Шақантай аталығынан болатын.



Кәріпбаев Шәйкеннен қалған сөздер

  1. Кәріпбаев Шәйкен – «Алғабас» колхозының бастығы. 1950 жылдардың ортасы. Елге автомашиналар енді – енді келе басталған кез.

Аягөзден колхозға машина (самоход) алып, оны сол қаладан бір жүргізушіге айдатып келген Шәйкен ауылдағы Оразханға: «Сен жүргізуші боласың, мына кісіден 2 -3 күн машина жүргізуді үйрен» - деп, тапсырады. Қаланың жүргізушісі қайтпақшы болып, Оразханға машинаның кілтін беріп, «өзің жүргізіп көр» деп, ауыл адамдарымен бірге қарап тұрады. Машинаны от алдырып, төменгі жылдамдықпен барылдатып айдаған Оразхан ауылды айнала беріпті. Тоқтататын тежегішті қалай басуды ұмытып қалып, машинаны тоқтата алмайтынын сезіп, сасқалақтаған, самоходтың соңынан ерген ауыл адамдарына Оразхан: - Арқан керіңдер, арқан керіңдер, - деп айқайлапты. Оразханның машинаны өздігімен тоқтата алмайтынын сезген Шәкең, жорға атына міне салып, машинамен қатарласып: «Оразхан, Оразхан! Қызыл жарға тарт, Қызыл жарға тарт!» - деп бұйрық беріпті.

Сол кезде машина бір шұқанаққа соғылып, өздігінен моторы өшіп, тоқтаған екен. "Қызыл жар» - Қорықтың бойындағы, Құрымбай зираты түбіндегі 5-6 киіз үй сиятын көгалды шұңқыр жер. Бұл әңгіме де «Шәйкең айтпақшы» – деген әзілмен күні бүгінге дейін ауыл адамдарының арасында айтылып жүр.



  1. Совхоз құрылып, ауылға техника келе бастаған 1960 жылдардың басы. Ол кездегі ең мықты деген тракторлар ДТ – 54, МТЗ-2 және МТЗ-5 деген әлсіз тракторлар. Шәкең жанар –жағар май қоймасының меңгерушісі. Қойма ауыл шетіндегі қызыл топырақты дөңестің үстіндегі алды төмендетіліп қазылған, екі-үш үлкен цистерналар қойылған жер. Шәкеңнің ұлы Мақсұтбек мал фермасының зоотехникалық маманы. Мал отарларын трактормен араламақ болып, жанар май алу үшін әкесіне келеді. Сол күні жаңбыр жауып, жер лайсаң. Жанар май алып болғаннан кейін шұңқырдан трактор тайғанақтап шыға алмай қойған соң трактористің қасынан қарғып түскен Мақсұтбек артынан итеріп көмектесіп тырбыңдап жатады. Саз балшыққа трактор де, оны итеріскен Мақсұтбек те өне-бойы мен үсті-басы қып-қызыл сарыала балшық болып былғанады. Дөңнің үстінде осы көріністің бәрін байқап тұрған Шәкең: «Зоотехникті маман, Беларусьты трактор деген кісінің қақ әкесінің аузын» - деп боқтап, үйіне қайтып кетіпті.

Шәйкен мен Альберт

Шәйкен мен Альберттің әкесі Асайын құрдас, бір ауылда соғысқа дейін бірге өмір сүріп, еңбек еткен адамдар. Шәйкен соғыстан жараланып елге ерте оралады, ал Асайын соғыста (1941-1945 ж.ж.) қаза тапқан. «Әкесі құрдастың – баласы құрдас» – деген қазақта сөз бар, Шәйкенге Альберт тиісіп, сөзбен қағытып: «Менің әкем соғыстан оралмады, шешем жесір қалып, сен бастық болып тұрғанда үйіміз өртеніп, оттан қайтыс болды, сен әлі тірі жүрсің» - деп тиісе беріпті. Шәкең де тыныш жүрмей: Е, Альберт, сен де менің баламсың ғой, - деп қағытып қояды екен. Совхоз кезі. Альберт жаңа жүк машинасын алған, Семейден тікелей құрылыс материалдарын тасиды. Кезекті бір сапарында Малкелді мен Қорықтың арасында тас жолдың бойында ертоқымын арқалаған Шәйкенді кезіктіреді де: -Сен далада жаяу неғып жүрсің, отыр, ауылға ала кетейін, – деп, сұрақ қоя қасына отырғызып алады. Шәйкен қолындағы жас құлындаған биесін мініп келіп сол маңда жүрген айғыр үйіріне қосып, енді ауылға қайту үшін жол бойында машина тосып тұрғанын айтады. Сол күні көрші Байқошқар ауылында Өсімбек ақсақал қайтыс болып, хабар келген соң, ауыл адамдары, ішінде Шәйкен де бар, совхоз автобусымен кетіп, ал Альберт жүгін түсіргеннен кейін өзінің жүк машинасымен арттарынан шығады. Орта жолда «Ауыз шағыл» қорасында, Самсының бойында тоқтап тұрған автобустың қасына келген Альберт көпшілікке сәлем беріп қарсы жүреді. Сәл көлегейлеп, Альбертті танымаған болып: «Бұл қай баласың?» - деп, қарсы қарап тұра қалады. Сонда жұлып алғандай Альберт те: - Бағана жолда ертоқымыңды арқалап, жаяу жүргенде үйіңе алып келген мен -Альберт емеспін бе, – деп, бастырмалатады. Шәкең де:- Е, өзімнің балам екенсің ғой, – деп, кекетеді. Сонда Альберт тұрып, көпшілікке естірте: - Ей, Шәйкен! Мен сенің балаң емеспін, соғыстан ерте оралған колхоз бастығы мен бригадирлерден туған. Мен соғыстан бұрын туғанмын, - депті. Шәкең мырс етіп күліп, сөзден ұтылып, автобусқа қарай аяңдап бұрылып кетіпті.



Ахай мен Есімжан

Ахай мен Есімжан құрдас, колхозда екеуі де шопан болып, қой бағады, көрші отырады. Шопандар төбет иттер асырап, қой күзетуге пайдаланады. Қыс кезінде аң аулап, қоян, түлкі қағу үшін екі – үш тазы ит ұстайды. Ол иттерін бір – біріне мақтап жүреді. Қазақта «Итті қонақ жараспас» - деген сөз бар. Бірнеше тазысын ертіп, ауылына келген Ахайға Есімжанның айтқанын ауыл адамдары күні бүгінге дейін олар дүниеден озса да айтып жүреді.

«Ахай жүр аңшы деген атақ алып,

Артына таман итті матап алып.

Ішінде «Арлан» деген бір тазысы,

Ұлиды түлкі көрсе жата қалып», - деп әзілдепті Есекең.



Өзім де Манекешіл қу едім

Манеке әкеміз бен Орынтай шешеміз ерлі – зайыпты адамдар. Орынтай шешеміз айы – күні жетіп, толғағы қатты болып, балаға босана алмай қиналғанда қасында әбігерге түсіп, үйде жіп керіп көмектесіп, өзін босандырып алмақшы болған ауыл әйелдеріне:

«Өзім де Манекешіл қу едім, енді өзіме де обал жоқ» - депті, өзін-өзі жұбатып.

Сқатайдан қалған сөз

Сқатай ақсақал шопан. Мал баққан адам ауа райын болжап, оны жаңа туған айға қарап бақылап жүреді. Осындай сәттердің бірінде қысты күні жаңадан шалқалап туған айды көрген Сықаң:

«Өзіңе жайлы, бізге жайсыз туған екенсің. Жат солай, жат шалқаңнан түсіп, маған не істер екенсің» - деп, ренжіпті.

Таукенге Әнәпия шешейдің айтқаны

Таукен ақсақал Ұлы Отан соғысынан бір аяғынан жараланған, мүгедек болып оралған. Колхозда әйелі Әнәпия екеуі жеке қыстақта бір отар қой бағады. Ол кезде балалары жас, өздерінің орта жастағы кездері. Қыста жайылымда қой бағу оңай емес, аязда, боранда сықырлатып кеш қайтады. Осындай қыстың бір ызғарлы күнінде өрістен кеш оралған Таукен ақсақал әйеліне айқайлап, боқтап, малдың алдынан шығып, қарсы алып, аттан түсіріп ала қоймадың деп кіжіне беріпті.

Сонда Әнәпия шешеміз:

«Таукен-ау, Таукен!

Үйің жайнап тұр,

Шайың қайнап тұр.

Қатының ойнап тұр,

Маған не қыл дейсің» - деп жауап қатыпты.



Нұрбектің райком хатшысына айтқаны

Нұрбек Нұрқыдыров – 1962 жылы Қытай Халық Республикасынан келген, «Алғабаста» шопан болып, қой баққан адам. Қыста ауданнан өкілдер жиі келіп, мал отарларын аралап, партия мен үкіметтің саясатын насихаттайтын заман. Осындай бір сапарда ауданнан келген райкомның хатшысы қасында шаруашылық басшылары мен мал мамандары бар, Ақшоқыда қыстақта отырған Нұрбекке келіп, бір сағаттай басын қатырып, саясаттан бастап, мал бағуға дейін үйретіп, сөйлей беріпті. Сонда отарын өріске шығаруға асығып, көп сөйлеген бастықты ұнатпаған Нұрбек:

«Ал, басеке, бағанадан сіз оттадыңыз, оттап болсаңыз енді жағдайымды айтып, мен де оттайын» - деген екен.

Омарғали ақсақалдың сөзі


  1. Омкең – шопан. Наурыз айында ауылына келген өкілдер «қыс аяқталып келеді, малыңыз аман, жем-шөптің жетімсіздігіне қинала қоймайтын шығарсыз» деп жұбатыпты. Сонда Омарғали ақсақал: «Е, сендер қыс аяқталды, күн жылынды деп тұрсыңдар ғой, менің қысым март пен апрель айлары ғой» - деп, бұл жерде қыстың кей жылдары май айына дейін созылатынын ескертіпті.

  2. Омекең – үй ішіндегі бір кикілжіңде әйелін сабап, ұрып жібергенде Қапия шешеміздің қолын сындырып алыпты. Ауылда шу болып, «коммунист Омарғали феодализмнің қалдығы» деп, партия жиналысына салып, жаза қолданбақ болып шулап жатқан басшыларға: «Әйел өзімдікі, майын шығарып сүйемін, қанын шығарып ұрамын» - депті, Омкең.

Суықбұлақтың суық суы

Исахан Игісінов – осы Малкелдінің тумасы. Ұлы Отан соғысына қатынасқан ардагер. Совхоз кезінде әр түрлі жұмыстар істеген, соның бірі жазда шөп бригадасында қайрақшы болып, шөпшілер «Ержеткеннің суық бұлағында» отырады. Күндіз трактористер түгел далаға кетеді де, бригада басында аспазшы орыс әйелі мен Исекең қалып, жұмысшылардың дала қосына тамағына қой сойып, өздерінің міндетті жұмыстарын атқарған соң түскі асқа трактористер мен жұмысшылар келгенше қойдың құйрық майымен бауырын қуырып жеп, тамаққа тойып алып отырады. Жұмысшылар түгел жас жігіттер. «Суықбұлақтың» басындағы жартаста түскі асқа келмей отырған Исекеңе шулап, «Асқа келіңіз, бізбен бірге отырып тамақ ішіңіз» - деп шақырса, қолындағы кружкасымен бұлақтың суық суын сіміріп отырған Исекең:



  • Е, жігіттер! Өздерің іше беріңдер, менен қою тамақ қалғалы қашан, тек «Суықбұлақтың» суық суы болмаса, – депті, жарықтық.

Қалияқпар ақсақалдан қалған сөз

  1. Қалиақпар ферма меңгерушісі, ал Мақсұтбек ферма зоотехнигі, екеуі күзде мал отарларын орналастырып қыстақтарға бөлгенде біраз тоқтыны ешбір отарға сидыра алмай, екеуі айдап Болысбай шопанның ауылына келеді. Қалиақпар мен Болысбай екеуі жақында ғана құда болып, Қалекеңнің жалғыз қызы Люданы Болысбай ақсақалдың жалғыз ұлы Төлеутай алған, олар да бірге тұрады. Қалекең Мақсұтбекке мақтанып, «сен ешбір шопанға өткізе алмаған мына тоқтыларды мен саулық қой бағып отырған құдама қолқа салып қоса саламын деп», келе жатады. Кештетіп ауылға келіп, тоқтыларды санап өткізбек болып жеке шарбаққа қамап, өздері үйге кіреді. Құда-құдағиы да жік-жапар болып, амандасып, төрге көрпе төселіп, қазан асылып, шәй ішіліп жатады. Тамақ ішіп болған соң Қалекең сөз бастап: -Ал, құда! Біз мына айдап келген тоқтыларды сенің отарыңа қосайық деп келдік, бойдақ қой отарларына қоралар тар болғандықтан басқа шопандарға сидыра алмадық, – дейді. Ат-тонын ала қашқан құдасы тоқтыларды қабылдай алмайтынын айтып, байбалам сала бастайды. «Бойдақ мал, жас тоқтылар ертең қыста саулықтармен бірге жайыла алмайды, мал шығыны көбейсе мен жауапты боламын» - деп, уәж айтып отырып алады. Қалекең де тақымдап, мен сені құдай қосқан құдам деп, бір сөзім өтетін шығар деп келіп едім, онда тоқтыларды қабылдай алмаймын деп үш қайтадан айт» - депті. Ойында ештеңе жоқ, тек қоғамдық малдың жағдайын ойлап отырған Болысбай да: «Жоқ, жоқ, қабылдап ала алмаймын, малдың жөні бөлек, құдалықтың жөні бір басқа» – деп, отырып алыпты. Әбден амалы таусылған Қалекең қасында отырған Мақсұтбекке бір, анадай жерде отырған қызы мен күйеу баласына бір қарап алып: Жарайды құда! Мен бір сөзімді өткізе алмадым, енді ат құйрығын кесісейік . Люда қызым, тез киін, маған мінгесіп үйге қайтасың, бала мен бала азар болса бірер ай ойнаған шығарсыңдар, ештеңе етпейді», – деп, ашуланып орнынан тұра бастапты. Істің насырға шапқанын енді ғана аңғарған Болысбай ақсақал бәйбішесі Ырысты екеуі жік-жапар болып жалынып, құдасын құшақтап жібермей: -Бізден бір білместік болды, қызыңызды да, тоқтыларды да тастап кетіңіз» деп жалыныпты. Сөйтіп құдасының әкелген малын санамай – ақ отарына қосып алып еді – деп, Мақсұтбек Қалекеңнің тапқырлығына риза болып, үнемі айтып жүретін. Бұл әңгіме де «Қалекең айтпақшы» - деген әзілмен ел арасына тарап, күні бүгінге дейін айтылып жүр.

  2. Әлтай бас мал дәрігері. Ұзын бойлы, келбетті жас жігіт. Ал, Қалиақбар аласа бойлы, дембелше келген, балуан денелі адам, қой фермасының меңгерушісі болса, Мақсұтбек те бойы аласа, жоғарғы білімді зоотехник, фермада істейді, жас маман. Шаруашылықтың бас мамандарына жеңіл автомашина бекітіліп берілетін кез. Мал отарларын үшеуі бірге аралайды, барған ауылдарында қой сойылады, жақсы отырыстар болып, арақ – шарап ішіледі. Осындай отырыстарда Қалекең мен Мақсұтбек келесі ауылға жете алмай, қонақ болған ауылда мас болып, қалып қоя беріпті. Осы жағдайды байқап жүрген Қалекең бірде Мақсұтбекке:

  • Әй бала! Сен екеуіміз ылғи тез мас болып, Әлтай бізбен бірдей арақ ішсе де мас болмай тез айығып, келесі ауылға бізді ұйықтатып кетіп қалады, осының себебін білесің бе? – деп, сұрақ қояды. «Жоқ, Қалеке. Үшеуіміз де бірдей ішеміз, Әлтайдың біз сияқты мас болып қалмайтыны қызық екен» – деп, жауап береді Мақан. -Сен бала, тыңда, оның себебі мынау, депті – Қалекең. -Әлтайдың бойы екі метрге таяу, ұзын. Ал, екеуіміздің бойымыз бір метрден сәл ғана асады, қысқа. Адам денесінде артерия және капилляр деген жуанды – жіңішке қан тамырлары болады. Арақ адам ағзасына осы қан тамырлары арқылы жайылады. Арақтың уы Әлтайдың денесін бір айналғанда екеуіміздің денемізді екі айналып қояды, яғни удың жүретін жолы бізде екі есе көп, сондықтан екеуіміз Әлтайдан бұрын мас боламыз, – депті, өз философиясымен дәлелдеген Қалекең.

Егінайдың айтқаны

Искаков Егінай – жас коммунист, алғашқы кезде еңбек жолын шаруашылықта механизатор болып бастаған. 1986 жылы коммунист есебінде шопан таяғын ұстап қой, бағады. Сол жылы қыс қатты болып, оның үстіне қатаң мал азығы да жетпістей, мал шығыны да көп, көктемде саулық қойдан қозы алу көрсеткіші де нашар болады. Жалғыз Егінай емес, бұрыннан мал бағып жүрген ересек коммунистер Базартай Манекин мен Марат Қабдыхалымовтардың отарларында да осындай жағдай. Совхоз партия ұйымының жиналысында осы мәселе қаралып, шопандарға сын айтылып, партиялық жаза қолдану үшін шығып, сөйлеуші басшылар мен мал мамандары Искаков Егінайды бәрі сынай беріпті, «Жуас түйе жүндеуге жақсы» - демекші Егінайға бәрі жабылып, жамандайды, жаза қолдану керек деп даурығады. Шыдай алмаған Егінай мінбеге шығып, өзіне сөз берілгенде: «Бәрің жабылып, жамандап Искаков дейсіңдер. Мал өлтірген Искаков, қозы алмаған Искаков, бәріне кінәлі Искаков! Ал, міне, әкелеріңді өлтірген Искаков алдарыңда тұрмын, басымды кессеңдер де, айдатып жіберсеңдер де міне, менмін Искаков» – деп, қыстығып жылап, мінбеден түсіп кетеді. Осы көріністен кейін жиналыстың беті Егінайға қарай ауып кетеді де, Базартай мен Марат партиялық жазадан құтылып кетіпті.



Бекет айтыпты

  1. Бекет – колхозшының баласы. Ол кезде бастауыш мектеп орталықта, балалар жақын маңайдағы қыстақтардан кейбіреуі көлікпен, көбі жаяу – жалпылы қатынасып оқиды. Бекет әке – шешесі түйе малын бағады, бір жуас тайлақты мектепке мініп келсе, ферма бастығы көріп қойып: «Сен неге ортаның малы тайлақты мектепке мініп келесің, малды жүдетесің» - деп, ұрыса бастағанда жұлып алғандай: «Немене, мен де колхозшының баласымын, бір тайлақ мінуге менің де хақым бар» - деген екен Бекет.

Қаршадай баланың сөзді түйеден түскендей тауып айтқанына риза болған бастық «саған дауа жоқ екен» - деп, бұрылып жүріп кетіпті.

  1. Бекет маған жезде болып келеді. Аталас туысымыз Хисамит атамыздың жалғыз қызы Рәшилаға үйленген, балалары мені «нағашы» дейді. Жездеміз етжеңді, толық денелі, үнемі қызара бөртіп жүретін адам. Оның үстіне шешен сөйлейді, тілі удай, аяқ астынан сөзді тауып айтады. 1996 жылы 60 жасқа толып, жан-жақтан бала-шағалары келіп, өз қадірінше той жасап жатқан кезі. Ұлдың кенжесі Серік аға-жеңгелерімен, апа-жезделерін тойдан кейін Аягөзге, поезға шығарып салып, ауылға қайтып келе жатыр екен, мен қасымда Олжатай екеуіміз қаладан ауылға бірге қайттық. Баршатас пен Малкелдінің арасындағы жол бойындағы «Үш өзек» қыстағынан өткенде мен Серікке «Мына жерде ертеде колхоз кезінде бекет болған, сенің атаң мен апаң Тұрысбек пен Қанша қыстаған 1936 жылы әкең туған екен, содан атын ырымдап Бекет деп қойыпты, сен біле жүр» - деп айтып бердім.

Ойында ештеңе жоқ Серік әкесін: «Папа, мен Аягөзден нағашым Нәстілек пен құрдасыңыз Олжатайды машинаммен алып келдім. Жолда сіздің туған жеріңізді нағашым көрсетіп, айтып берді» десе, жұлып алғандай Бекет:

  • Балам – ау, мен туғанда Нәстілек сол жерде «Үш өзектің» төбесіне шығып қарап тұрып па? - дегенде Серік не дерін білмей тұрып қалыпты.

Мен Бекеттен бес жас кішімін.

Малкелдіде Әртель мен Дәметия үйленген жас отау. Көктем шыға әкесі Шаяхмет пен анасы Күмісжан «Біз қыстай үйден шыққамыз жоқ, біраз күн совхоз орталығына барып, ағайын – туыстарға амандасып келейік, бас – көз болыңдар» - деп, кетіп қалыпты. Он шақты күннен кейін қайтып келсе, желіндеп тұрған ешкілер әлі тумаған сияқты, жас төлдері көрінбейді. Күн жылына есік алдындағы күресіннен ана жерден лақтың сирағы, мына жерден қылтиған сирақтар көріне бастапты. Шәкең сирақтарды суырып алса, түгел өлген лақтар болып шығады. «Балам-ау ешкінің бәрі лақ тастап кеткен бе, әлде сен туған малды қарамай төлін өлтіріп, күлге көміп тастағансың ба» - деп Әртелге ұрыса бастаса, жұлып алғандай Әртель:

«Әке, мал төлдейтін кезде қыдырып кеткен сіздер де жас үйленіп күндіз – түні үйден шықпай, малды қарамаған мен де кінәлі емеспіз. Осының бәріне теке кінәлі, гәп текеден болған сияқты» - депті. Бұл сөз де, бір шаруаның ыңғайы келмесе «Әртель айтпақшы – гәптің бәрі текеден демекші» - болып ауылда мәтел сөзге айналып кетті.

Халықберген мен Нәзір

«Алғабас» егін егетін шаруашылық. Ауданнан өкілдер жиі келеді. Соның бірі аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас инженері Нәзір Қарабалин. Ал, Халықберген Төлеуов ауылда аға агроном. Екеуі Нәзірдің жеңіл машинасымен Көксеңгірде егін орағы кезінде бірге жүреді, маңайда жайлауда іргелес отырған малшы ауылдарға да соғып, қонақ болып барып қайтады. Қыста аудан орталығындағы бір жиналысқа Халықберген де қатысады. Жиналыс аяқталған соң Нәзір Халағаңды үйіне қонаққа шақырады. Дастархан жайып, қонаққа шәй құйып отырған Нәзірдің келіншегіне естірте Халағаң сөз бастап: «Нәзір, мен мына келінге екеуіміздің өткен күзде біздің ауылда егін орағы кезінде көрші Абай ауданының іргелес «Жырық» деген жерінде, Құжық деген шопанның ауылына шәй ішуге барғанда, сен «шай дайын болғанша машинамды жуып келейін» деп, сол үйдің бойжеткен қызына «қарындас, сен маған су құйып беріп көмектес» - деп ауыл шетіндегі құдыққа ертіп кеткеніңді айтайын ба?» – десе, жұлып алғандай Нәзір де: «Ойбай, Халағау! Бұл әңгіменің енді айтылмаған несі қалды» – деп, әйеліне қарапты.




Малкелді ауылының басшылары (2012 ж.)

Солдан оңға қарай:



  1. Дәулет Аяпбергенов – ауыл әкімі;

  2. Нәстілек Сәменбетов – ақсақалдар алқасы төрағасы;

  3. Балтабек Дармурзин – мектеп мүдірі;

  4. Аман Омарғалиев – мал дәрігері;

  5. Егінбек Кәріпбаев – байланыс мекемесінің мастері.




жүктеу 13,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау