26
6.3 сурет – Екіөлшемді массивтің блок-диаграммасы
МассиВАен жұмыс жасау функциялары. Массивті құру және оны
басқару үшін Array палитрасында орналасқан Functions палитрасы
қолданылады.
МассиВАен
жұмыс
жасауда
жиі
қолданылатын
функцияларға мыналар жатады:
Array Size (Массивтің өлшемі). Бұл функция әрбір өлшемдегі
массив элементтерінің санын көрсету үшін қажет. Егер массив n- өлшемді
болса, онда Array Size функциясының шығысында массив n элементтен
тұрады.
Мысалы, Array Size функциясы төменде келтірілген массив бойынша
үш мән береді.
Initialize Array (Массивті беру) n-өлшемді массивті құру үшін
қызмет етеді. Деректерді енгізу өрістерін енгізу массивтің өлшемін
үлкейтеді. Мысалы, Initialize Array функциясын беру үшін параметрлердің
келесі мәндері беріледі: поле element өрісіне төрт мәні, dimension size
өрісіне үш мәні беріледі және шығысында төменде көрсетілгендей массив
алынады.
Build Array (Массив құру) бірнеше массивтерді біріктіру үшін
немесе n-өлшемді массивке элемент қосылуы үшін қызмет етеді.
Қосылатын элементтердің санын ұлғайту үшін функцияның өлшемін
өзгерту жолы арқылы орындауға болады, яғни деректерді енгізу
27
өрістерінің санын көбейту керек. Мысалы, алдыңғы екі массивті
біріктіргенде Build Array функциясы келесі массивті береді:
Кіріс деректерді дәл сондай өлшемдегі бірақ ұзын массивке біріктіру
үшін төменде көрсетілгендей тінтуірдің оң жағымен функцияны басып,
содан кейін Concatenate Inputs пунктін таңдау керек.
Array Subset берілген функциясы индекс өрісіне келіп түскен
индекстен бастап массивтің бөлігін беру үшін қажет. Мысалы, Array Subset
функциясының енгізу өрісіне өткен массивті енгізетін болсақ, яғни index
өрісіне 2 мәнін , ал көбейту өрісіне 3 мәнін берсек, онда:
Index Array index енгізу өрісіне берілетін индекске сәйкес
келетін элементті беру үшін қызмет етеді. Мысалы, алдыңғы массивті
қолданатын болсақ, егер index деректерді енгізу өрісіне 0 мәнін беретін
болсақ, онда Index Array функциясы 2 мәнін береді.
Index Array функциясы сонымен қатар екіөлшемді массивте жолды
немесе бағанды белгілеу үшін де қолданылады. Index Array функциясы екі
index өрісін иелену керек. Төменгі өріс бағандарды көрсетсе, жоғырғысы
жолды көрсетеді. Екі index өрісі де жеке элементті таңдауда қолданылуы
мүмкін. Тек қана бір index өрісі қолданылса жол немес баған ғана таңдап
алынады.
Егер index өрісіне 0 мәнін берсе, онда Index Array функциясы шығыс
өрісінде келесі массивті береді:
7 Дәріс №7. Кластерлерді құру және олармен жұмыс
Дәрістің мазмұны: кластер түсінігі; кластердегі элемент реті;
кластерлермен жұмыс жасау функциясы.
Дәрістің мақсаты: кластер түсінігі және кластер элементі,
кластерлерді құрудың типтік әдістері және кластерлерді беттік панельде
28
көрсету фукнциялары, кластерлердің полиморфизмі секілді түсініктерді
оқып уйрену.
Массив секілді кластерлер де деректерді жинақтау құрылымына ие.
Клатерлердің массивтер негізгі ерекшеліктері олар әртүрлі типтегі
деректерді жинақтап, топтай алады. Бірнеше деректер топтарын
кластерлерге біріктіру блок диаграммадағы элементтерді реттейді және
енгізу немесе шығару өрістерінің санын азайтады. Массив секілді
кластерлер де басқару және бейнелеу элементтері бола алады. Кластер бір
мезгілде тек басқару немесе тек қана бейнелеу элементін құрай алады.
Басқару және бейнелеу элементтерінен кластрлер құру. Басқару
және бейнелеу элементтерінен кластрлер құру үшін беттік панельге
Controls палитрасындағы Array & Cluster палитрасында орналасқан,
кластер шаблонын орнату керек. Әрі қарай, кластердің шаблонын
элементтермен толтыру керек. Кластер өлшемінің өзгеруі меңзердің
көмегімен жүзеге асырылады.
7.1 суретте үш бақылау кластері ұсынылған.
7.1 сурет - Кластер
Кластердегі
элементтер
реті.
Кластердің
элементтерінің
әрқайсысы үлгісіндегі оның жағдайына байланысты емес өз логикалық
реттік нөмірі бар. Кластердің элементтерін нөмірлеу нөлден басталады.
сондықтан бірінші элементі автоматты түрде 0 нөмірді, екінші элемент
кластерде 1нөмірін алады. Элементтерінің кластер мүшесінің элементінің
сериялық нөмірлері кез келген мүшесін жою жағдайда автоматты түрде
өзгереді.
Кластердегі элементтер реті блок сұлба терминалдар бума
функциясы Bundle (біріктіру) және Unbundle (ажырату) бойынша кластер
мүшелерінің бөлуіне әсер етеді.
Кластердегі орналастырылған элементтер сериялық нөмірін көру
және өзгерту үшін, сіз, кластер шетіне, мәтін мәндік мәзірден тінтуірдің оң
жағымен басып, кастердегі ретке келтіру Controls тармағын таңдау керек.