39
Дәрістің мақсаты: файлдық функциялардың енгізу/шығаруды
зерттеу, файлдың берілгенін жазу, файлдың көрсеткіштерін есептеу,
Электронды кестелер мен текстік редакторларға қолайлы көрсеткіштерді
файлда сақтау.
Көрсеткіштерді есептеу мен жазу операциясы функциялық
файлдарды енгізу/шығару көмегімен атқарылады. Functions >> File I/O
палитрасы енгізу/шығару файлдық функциясын қосады және оның
белгіленуі:
Жазу операциясы мен деректерді жүктеу файлдық енгізу/шығару
функциясы арқылы жүзеге асады. Functions >> File I/O палитрасында
файлдық енгізу/шығару функциясы болады және олардың мағынасы:
-
деректер файлын ашуға және жабу;
-
деректерді файлға(-дан) жазу және жүктеу;
-
деректерді файлға(-дан) кесте түрінде жазу және жүктеу;
-
файл және каталогтың атын өзгерту, орнын ауыстыру;
-
файлдың сипаттамаларын өзгерту;
-
конфигурациялық файлдарды жаңадан кұру, өзгерту және жүктеу.
Файлдық енгізу/шығару функциясының палитрасы, 10.1 суретте
көрсетілген, үш бөлікке бөлінген: жоғарғы деңгейдегі функциялар (high
level File I/O), төменгі деңгейдегі функциялар (low level File I/O) және
кеңейтілген мүмкіндіктер палитрасы (advanced File I/O).
10.1 сурет – Файлдық енгізу/шығару функциясының палитрасы
Жоғарғы деңгейдегі файлдық енгізу/шығару функциясы. Functions →
File I/O палитрасының үстіңгі жолында жоғарғы деңгейдегі файлдық
енгізу/шығару функциясы орналасқан. Негізгі тағайындалған операциясы
40
ол деректерді жазу және жүктеу кезінде уақытты үнемдеу және
бағдарламашының жұмысын жеңілдету үшін қолданылады. Жоғарғы
деңгейдегі файлдық енгізу/шығару функциясы арқылы деректерді жазуға
және жүктеуге, сонымен қатар файлды ашу және жабу операциясын
орындауға болады. Егер де жоғарғы деңгейдегі файлдық енгізу/шығару
функциясында қате болса, онда диалогтік терезеде қатені бейнелейді және
таңдау жасауға сілтеме болады: жалғастыру немесе тоқтату.
Жоғарғы деңгейдегі файлдық енгізу/шығару функциясында:
Write to Spreadsheet File (үлкенформатты файлға жазу) 2D немесе ID
массивті сандық дерекке нақты дәлдікпен мәтіндік жолға түрлендіру және
сол жолды жаңа немесе қолданыстағы файлға қосу. Сонымен қатар
деректерді тасымалдауға болады. ВА файлды жазудың алдында оны ашып
немесе жаңадан құрады да, кейін барлық операциядан соң оны жауып
тастайды. Бұл ВА мәтіндік файл құру үшін қолданылады, ол көптеген
мәтіндік редактор және электрондық кесте редакторында оқыла алады:
1) Read From Spreadsheet File (ірі масштабты файлды оқу) бастапқы
ығысудан белгілі бір сан тізбегін жүктеу үшін start of read offset және
деректерді 2D массивке сандық дерекке нақты дәлдікпен түрлендіру болып
табылады. ВА файлды оқу алдында ашып барлық операциядан соң оны
жабады. Кестелік символдар түрі мәтіндік форматта сақтаулы болса, оны
оқу үшін осы ВА қолданылады.
2) Write Characters to File - символдар жолын жаңа файлға жазуға
немесе қолданыстағы файлға қосуға арналған. Сонымен қатар деректерді
тасымалдауға болады. ВА файлды жазудың алдында оны ашып немесе
жаңадан құрады да, барлық операциядан соң оны жауып тастайды.
3) Read Characters From File символдардың санын жүктеуге
қолданылады number of characters бастапқы ығысудан start ofread offset.
ВА файлды оқу алдында ашады да, барлық операциядан соң оны жабады.
4) Read Lines From File бастапқы ығысудан белгілі бір сан жолын
мәтіндік немесе бинарлық файлдан жүктеу үшін қоланылады start of read
offset. ВА файлды оқу алдында ашады да, барлық операциядан соң оны
жабады.
5) Binary File файлды бинарлық форматта оқу және жазу үшін
қолданылады. Деректер бүтінсанды типті немесе сандық жылжымалы
нүктесі бар сандық дерек болуы мүмкін.
Бұл функция барлық файлдық процесті бір ВА-пен біріктіреді,
сондықтан оны белгілі бір шарт бойынша өзгерту қиынға соғады.
Спецификалық міндет үшін төменгі деңгейдегі файлдық енгізу/шығару
функциясын қолдану қажет.
Төменгі деңгейдегі файлдық енгізу/шығару функциясы.Төменгі
деңгейдегі файлдық енгізу/шығару функциясы Functions >> FiIe I/O
палитрасының орта жолында орналасады.
Төменгі деңгейдегі файлдық енгізу/шығару функциясы жаңадан
41
файл құру үшін немесе бұрын құрылған файлға жүгінуге, деректерді жазу
мен жүктеу үшін және оларды жабу үшін қолданылады. Файлмен жұмыс
істеу барысында керек операциясының барлығы төменгі деңгейдегі
файлмен жұмыс істеу функциясынан қолдау алады.
Төменгі деңгейдегі файлдық енгізу/шығару функциясында:
Open/Create/Replace File (ашу/жаңадан құру/файлдың орнын
ауыстыру) файлды ашуға, қолданыстағы файлды қайта жазуға немесе
жаңадан файлды құруға арналған. Егер file path (файлды орналастыру
жолы) көрсетілмесе, ВА экранға диалогтік терезе шығарады, жаңадан файл
құру немесе қолданыстағы файлды таңдауын жасау қажет.
Read File. Refnum сілтемесі бойынша деректерді файлдан
жүктеу үшін қолданылады, және data шығару өрісінде деректерді
шығарады, count өрісінде жүктеліп жатқан деректердің мәні беріліп
жатады. Деректерді жүктеу pos mode және pos offset айқындалатын
элементтерінен басталады, және файлдың форматына тікелей қатысты.
Write File. Refnum сілтемесі бойынша деректерді файлға
жүктеу үшін қолданылады. Деректерді жазу pos mode және pos offset
айқындалатын элементтерінен басталады, байттық деректер ағынының
файлысы үшін және файл соңының көрсетіліміне протоколдалынған
деректер файлысы үшін.
Close File Refnum сілтемесі бойынша файлды жабуға
міндеттелген.
Қателерді өңдеу. Қателер туралы ақпарат ВА программасында және
төменгі деңгейдегі функциясында болады. Оларды өңдеу үшін кіші
өңдеуге арналған программалар, айта кетсек Simple Error Handler VI (ВА
қарапайым қателерді өңдеуші), Functions Time & Dialog палитрасында
орналасқан. Ақпаратты Еrror in енгізу және error out шығару әр ВА
орналасады, яғни қателік туралы ақпаратпен ауысуды ВА арасында жүзеге
асырады.
ВА LabVIEW жұмыс істеу барысында әр торабтағы қатені тексереді.
Егер LabVIEW қате таппаса, онда торап қалыпты жағдайда істейді. Егер
LabVIEW бір тораптан қатені табатын болса, оны жұмысы тоқтатылады да,
қате туралы ақпарат келесі торапқа беріледі. Келесі торап алдындағыдай
түседі де, соңында LabVIEW қате туралы мәлімдейді.
Деректерді жаңа файлда немесе қолданыстағы файлда сақтау.
Файлдық енгізу/шығару функциясы арқылы құрылған (немесе ашылған)
файлға әртүрлі типтегі деректерді жазуға болады. Қажет болған жағдайда
файлға басқа қолданбалар немесе пайдаланушылардың қолы жететін
болса, деректерді ASCII символ жолы арқылы жазу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |