16
мағлұматтар өткізгіштерімен байланыстырылады. LabVIEW автоматты
тәртіпте мағлұматтарды енгізу/шығару өрістерінің әлдеқайда сәйкес
түрлерін қосады, сәйкес келмейтіндері байланыспаған болып қала береді.
Өткізгіштердің автоматты қосылуы параметрлерін өзгерту үшін бас
мәзірден Tools >> Options >> Block Diagram таңдауға болады.
Объектілерді
мағлұматтардың
өткізгіштерімен
қолданбалы
байланыстыру
«БАЙЛАНЫСТЫРУ»
құралының
көмегімен
іске
асырылады. «БАЙЛАНЫСТЫРУ» құралын мағлұматтарды енгізу/шығару
жолына келтіру барысында экранда өткізгішті қосу орнын анықтау үшін
қажетті ескерту шығарылады.
4 Дәріс №4. ВҚ еншілес бағдарламаларын құру
Дәрістің мазмұны: ВҚ еншілес бағдарламасы; ВҚ иконкасын құру,
ВҚ еншілес бағдарламаларын пайдалану.
Дәрістің
мақсаты:
виртуалдық
құрылғының
еншілес
бағдарламаларын құру мен түзету үрдісін зерттеу, оларды ары қарай
пайдалану үшін икемдеу.
Виртуалдық құрылғының алдыңғы панелін қалыптастыру мен блок-
диаграмманы құрудан кейінгі келесі қадам оның иконкасын құру, сонымен
қатар виртуалдық құрылғыны ВҚ еншілес бағдарламасы ретінде ары қарай
пайдалануға арналған байланыстыру панелін икемдеу болып табылады. ВҚ
еншілес бағдарламасы бағдарламаландырудың мәтіндік тілдерінің еншілес
бағдарламаларына ұқсас болып келеді. ВҚ еншілес бағдарламаларын
пайдалану блок-диаграммаларды өзгерту мен жөндеуге мүмкіндік береді.
Кез келген ВҚ басқа виртуалдық құралдарды құру барысында
еншілес бағдарлама ретінде пайдаланыла алады. Еншілес бағдарламаға
өңделетін блок-диаграмманың бірнеше функционалдық блоктарын
біріктіру үшін оларды тінтуірдің көмегімен Shift пернесін басу арқылы
ерекшелеп, және содан кейін жоғары мәзірден Edit >> Create SubVI таңдау
керек.
Соның өзінде функционалдық блоктар функционалдық панельдегі
жаңа иконкамен жаңа еншілес бағдарламаға бірігеді. Құрылған еншілес
бағдарламаны шақыру үшін, оны икемдеу мен тапсырылған атауда сақтау
үшін ВҚ құрылған иконкасын екі рет басу керек.
Ары қарай құрылған еншілес бағдарлама түрлі ВҚ көп рет
пайдаланылуы мүмкін.
ВҚ иконкасын құру.
иконкасы әрбір виртуалдық құрылғыда
алдыңғы панельдің жоғары оң жақ бұрышында және блок-диаграмма
терезесінде көрсетіледі. Иконка құрылғының графикалық үлгісін көрсетеді
17
және суреттен, мәтіннен, басқа да файлдардан бір уақытта құрала алады.
Егер ВА еншілес бағдарлама ретінде пайдаланылса, онда иконка оны басқа
ВА блок-диаграммасында идентификациялау үшін қолданады.
Құрылатын ВҚ және еншілес бағдарламалардың иконкасын өзгерту
үшін тінтуірдің оң жақ батырмасымен ВҚ пиктограммасының жоғары оң
жақ бұрышын басып, Edit Icon таңдау керек (4.1 сурет).
4.1 сурет - Edit Icon таңдау
Иконканың жеке нұсқасын графикалық редактордың қарапайым
функциялары көмегімен құруға болады. Еншілес бағдарламалардың
кіруі/шығуын (терминалдарын) икемдеу үшін тінтуірдің оң жақ
батырмасын ВҚ оң жақ жоғары бұрышындағы иконкасын басып, Show
Connector таңдау керек (4.2 сурет).
Соның өзінде иконка тік бұрыштарға бөлінеді, олардың жалпы түрі
мен кешенін пиктограмманың шығарылған мәзірі көмегімен жөнге салуға
болады (терминалды қосу/жою– Add Terminal/Remove Terminal, 90
градусқа айналдыру – Rotate 90 Degrees, басқа түрі – Patterns… және т.б.).
Әрбір терминалды белгілі мағлұматтармен сәйкестендіру үшін, тінтуірдің
сол жақ батырмасымен қажетті терминалды басып, одан кейін алдыңғы
панельде суреттеу мен басқарудың сәйкес келетін сол элементін басу
керек. Соның өзінде терминал басқарудың немесе көрсетудің аталған
мағлұматтық элементіне сәйкес келетін түске ие болады. Нәтижесінде
әрбір терминал белгілі кіру немесе шығу мағлұматтарына ие болады.
18
4.2 сурет - Show Connector таңдау
ВҚ еншілес бағдарламаларын пайдалану. ВҚ оны құрғаннан соң,
иконканы рәсімдеп, байланыстыру панелін икемдегеннен соң еншілес
бағдарлама ретінде пайдаланыла алады. ВҚ еншілес бағдарламасын блок-
диаграммада орналастыру үшін Функциялар (Functions) палитрасынан ВҚ
таңдау (Select a VI) командасын таңдап, ВҚ көрсетіп, оны блок-
диаграммаға орналастыру керек.
Ашық ВҚ басқа ВҚ блок-диаграммасына орналастыру үшін Осы ВҚ
иконкасын блок-диаграммаға «АЛМАСТЫРУ» элементінің көмегімен
тасымалдау керек.
5 Дәріс №5. ВҚ құру барысындағы көп реттік қайталаулар мен
циклдар
Дәрістің мазмұны: While циклы; For циклы; кері байланыс түйіндері;
Case таңдау құрылымы; Formula Node формулалық блогы; Sequence
Structure жалғасушылық құрылымы.
Дәрістің мақсаты: LabView ортасының негізгі құрылымдарын және
олардың ерекшеліктерін зерттеу, циклдың алдыңғы итерцияларында
мәндерге қол жетімділікті ұйымдастыру үшін кері байланыс түйіндері мен
жылжымалы регистрлерді пайдалану.
Бағдарламалардырудың мәтіндік тілдерінде пайдаланылатын цикл
операторлары мен Case операторлары (Нұсқа), LabVIEW жүйесінде
құрылымдар түріндегі графикалық үлгіге ие.