Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы « 17 » сәуіріндегі
№ 219 бұйрығына
9 - қосымша
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа:
заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 (екі) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
басқа аумақтық бірлікте шығару орны бо йынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қаэет болған кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
порталда – өтінішті алғанын растау және некені бұзуды тіркеу күнін белгілеу – 1 (бір) жұмыс күн;
2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
Орталыққа – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
Орталыққа – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті алғанын растау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгілеуі туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркегені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
сот шешімі негізінде – 1,5 АЕК (ерлі-зайыптылардың бірінен немесе екеуінен де);
сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардан, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан – 0,1 АЕК.
Некені бұзу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537 - бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Орталықта – Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, ата-анасының біреуінің тұрғылықты жері бойынша немесе баланың туған жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
Сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы жұбайының біреуінің хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған заңдық күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы жұбайының сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі;
4) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе Орталықтың қызметкері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқасын қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші және Орталық қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды).
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Порталда электрондық өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, құжаттардың электронды көшірмелер түрінде табысталады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыстау кезінде, өтініштің қабылданғанын растайтын:
Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі;
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұратылымның қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі.
Орталықта: сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Орталықта дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Орталық нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан соң көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Орталықтың сұрауы бойынша бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды Орталыққа көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) басшыларының атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі –ҚР ӘМ) беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы көрсетiледі.
Шағымдар жұмыс кестесі бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе ҚР ӘМ кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ҚР ӘМ кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Заңнамамен белгіленген тәртіпте көрсетілетін қызметті алушы өзіне- өзі қызмет көрсету қабілетін немесе мүмкіндігін, өз бетімен қозғалу, бағдарлау қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, мемлекеттік қызмет көрсету үшін «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы өтініш жасаған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе Орталықтың қызметкері тұрғылықты жеріне шығумен жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің және www.con.gov.kz Орталықтың интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Өтініш 20___жылғы «____» ____________ қабылданды және журналда
№ _____________________ тіркелді
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу 20___жылғы «___» ___________ тағайындалды
Қолы ______________________
____________________________________
____________________________________
(тіркеуші органның атауы)
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
мекенжайы:
____________________________________
____________________________________
Тел. № _____________________________
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
мекенжайы:
____________________________________
____________________________________
Тел. № _____________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы
Өтініш
_________________________________________________________________ сотының
(сот атауы, сот шешімінің күні және нөмірі)
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде некені бұзуды тіркеуді сұраймыз (-мын).
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын (мыз).
|
|
Азамат
|
Азаматша
|
1.
|
Аты
|
|
|
2.
|
Әкесінің аты (бар болғанда)
|
|
|
3.
|
Тегі: бұзуға дейін
|
|
|
|
бұзудан кейін
|
|
|
4.
|
Туылған күні, жасы
|
__________жылы «_____»_________
_____ жасқа толды
|
__________жылы «_____»_________
_____ жасқа толды
|
5
|
Туған жері
|
|
|
6.
|
Ұлты
|
|
|
7.
|
Азаматтық
|
|
|
8.
|
Заңды мекенжайы
|
|
|
9.
|
Қай жылдан бастап тұрады
|
|
|
10.
|
Білімі
|
|
|
11.
|
Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)
|
|
|
12.
|
Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) отырды
|
|
|
13.
|
Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде қиылған (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазуының нөмірі мен күні)
|
|
|
14.
|
Өндіріліп алынатын мемлекеттік баж сомасы
|
|
|
15.
|
18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі
|
|
|
16.
|
Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)
|
|
|
Өтінішке қосып беремін (-міз):________________________________________
Неке(ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың қолдары:
Азамат _________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Азаматша _________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
20___жылғы «_____» ____________
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___жылғы «______» _______ ___________ құжаттар қарауға қабылданды.
Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә(бар болғанда)______________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін 20___жылғы «______» _____________ келеді.
___________________ құжаттарын қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда).
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Өтініш 20____жылғы «____»___________ қабылданды және журналда
№ _________тіркелді
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу 20____жылғы «____»___________
жылға тағайындалды.
Қолы ______________
___________________________________
___________________________________
(тіркеуші органның атауы)
___________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі,)
мекенжайы:
___________________________________
___________________________________
Тел. № ____________________________
___________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
мекенжайы:
__________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы
Өтініш
Біз, төменде қол қоюшылар, өзара келісім бойынша некені бұзуды сұраймыз. Кәмелетке толмаған балаларымыз және мүлікті бөлумен байланысты дауларымыз жоқ.
|
Азамат
|
Азаматша
|
1.
|
Аты
|
|
|
2.
|
Әкесінің аты (бар болғанда)
|
|
|
3.
|
Тегі
|
|
|
4.
|
Туылған күні, жасы
|
__________жылы «_____»_________
_____ жасқа толды
|
__________жылы «_____»_________
_____ жасқа толды
|
5.
|
Азаматтығы
|
|
|
6.
|
Туған жері (қала, ауыл, аудан, облысы, өңір, республика)
|
|
|
7.
|
Ұлты
|
|
|
8.
|
Білімі
|
|
|
9.
|
Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)
|
|
|
10.
|
Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) отырды
|
|
|
11.
|
Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қайда қиылды,
неке қию туралы актінің нөмірі мен күні
|
|
|
12.
|
Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін қандай тегін алуды қалайды (некеге дейінгі немесе некені тіркеу барысында қабылдаған)
|
|
|
13.
|
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себебі
|
|
|
14.
|
Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)
|
|
|
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудың шарттарымен және тәртібімен таныстық. азаматтық хал актілері жазбасы ережесін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім
Неке бұзушылардың қолдары:
Азамат _________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Азаматша ________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
20___жылғы «_____» __________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___жылғы «______» _______ ___________ құжаттар қарауға қабылданды.
Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә(бар болғанда)______________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін 20___жылғы «______» _____________ келеді.
___________________ құжаттарын қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда).
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Жолданады __________________________
жауап күтілуде 20___жылғы «_____» __________________
20___жылғы «_____» __________________
даудың жоқтығы туралы жауап алдында, даудың бары туралы жауап алынған жоқ
(керектігінің астын сызу)
____________________________________
____________________________________
(тіркеуші органның атауы)
____________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
мекенжайы:
____________________________________
____________________________________
Тел. № _____________________________
____________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
мекенжайы:
____________________________________
____________________________________
Тел. № _____________________________
Жұбайының біреуінің хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған заңдық күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы жұбайының сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініші
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды сұраймын
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
_____________________________________ сотының шешімі/үкімі негізінде
(сот атауы)
______________________________ туралы 20___жылғы «_____» __________________
№ _________
Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мәліметтер:
|
|
Азамат
|
Азаматша
|
1.
|
Аты
|
|
|
2.
|
Әкесінің аты (бар болғанда)
|
|
|
3.
|
Тегі: бұзуға дейін
|
|
|
|
бұзудан кейін
|
|
|
4.
|
Туылған күні, жасы
|
__________жылы «_____»_________
_____ жасқа толды
|
__________жылы «_____»_________
_____ жасқа толды
|
5.
|
Ұлты
|
|
|
6.
|
Азаматтық
|
|
|
7.
|
Заңды мекенжайы
|
|
|
8.
|
Қай жылдан бастап тұрады
|
|
|
9.
|
Білімі
|
|
|
10.
|
Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)
|
|
|
11.
|
Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) отырды
|
|
|
12.
|
Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде қиылған (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазуының нөмірі мен күні)
|
|
|
13.
|
Өндіріліп алынатын мемлекеттік баж сомасы
|
|
|
14.
|
18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
|
|
|
15.
|
Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)
|
|
|
Пошталық мекенжай ____________________________________________________________________
(сотталған жұбайының, әрекетке қабілетсіз жұбайының,
____________________________________________________________________
хабар ошарсыз кеткен мүлкінің қорғаншысының
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі нақты мекенжайды көрсету)
Өтінішке қосып беремін (-міз): _____________________________________________
Өтініш берушінің қолдары:
Азамат __________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Азаматша ________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
20___жылғы «_____» __________________
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___жылғы «______» _______ ___________ құжаттар қарауға қабылданды.
Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә(бар болғанда)______________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін 20___жылғы «______» _____________ келеді.
___________________ құжаттарын қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда).
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
______________________________________
______________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) мекенжайы:
______________________________________
______________________________________
Тел. № _______________________________
Өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу туралы
(керегінің астын сызу)
Өтініш
__________________ туралы № ________ «___» ________ жылы акт жазбасына келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді ______________________
______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1 Аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі ___________________________
2. Туылған күні _____________________________________________________
3. Туылған жері_____________________________________________________
4. Ұлты_____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі және туылған жерлері ____________________________________________________
8. Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес
(керегінің астын сызу)
а) қайда тіркеуде тұр _________________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы ___________________________
____________________________________________________________________
11. Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ___________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекетітк органға тиісті сұрау салу жіберу үшін, ол туралы көрсету
13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме__________________________________________________________________
14. Өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу себебі___________________________________________________________________________________________________________________________________
Өтінішке өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қосып баремін:
1) ______________________________ 4) _______________________________
2) ______________________________ 5) _______________________________
3) ______________________________ 6) _______________________________
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім
20__ жылғы «______» _______________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Журнал бойынша № ____
------------------------------------------------------------------------------------------------------
(жыртып алу сызығы)
20____ жылғы «_____» ____________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы
Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» _______________ хабарланатын болады
Маман _________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
________________________________
(Т.А.Ә (бар болса). не көрсетілетін
қызметті алушының атауы)
_________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
________________________________________;
________________________________________;
________________________________________.
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден.
_________________________________________________________________
(ХҚО қызметкерінің Т.А.Ә(бар болған жағдайда) қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә(бар болса)._____________
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә(бар болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы______________________
20__ жылғы «___» _________
Достарыңызбен бөлісу: |