«Бейнелеу өнері» пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Бағдарлама 2012 жылдын 23 тамызындағы № 1080 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған.
2. «Бейнелеу өнері» курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани іс-әрекеті қалыптасуының шарты болып табылады.
3. Оқыту мақсаттары:
эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу;
өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;
халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
аңғарымпаздығы мен көріп, есте сақтау қабілетін дамыту;
оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.
4. Оқыту міндеттері:
өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;
сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;
жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;
оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;
өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.
5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:
өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам және қоғам өміріндегі рөлі;
өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары;
әсем өнерлер тілі және көркем бейне;
әсем өнер түрлері мен жанрлары.
6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:
1) бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады;
2) екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді;
3) үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды;
4) төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.
7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.
8. Оқыту процесінде келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
«Қазақ тілі»: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру; бейнелеу нысаналарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту;
«Әдебиет»: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту;оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту;оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту; оқылған мәтін материалын бейнелеу;
«Музыка»: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;
«Өзін-өзі тану»: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану; ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану;
«Математика»: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану;тілді математикалық терминдермен толықтыру;
«Технология»: қол саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамыту; көркем еңбек туындыларын сурет салу және жапсыру үшін пайдалану;
7) «Дене шынықтыру»: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау.
9. Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 68 сағатты (аптасына 1 сағат) құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |