2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны
10. Блок 1. «Өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам өміріндегі және қоғамдағы рөлі»:
1) өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам өмірінде және мәдениетті дамытудағы рөлі, өнердің бастауы мен мәні, өнер және дүниетаным, халықтық дәстүрлі өнер, бейнелеу символикасы мен дәстүрлі бейнелердің мәдениетті дамытудағы рөлі, тарихи дәуірлер және көркемдік стилдер, мәдениетті көзбен бейнелеу тұтастығы;
2) адамның көркемдік іс-әрекетінің әлемді игерудегі рөлі;
3) әлем, өмірдегі және табиғаттағы құбылыстар туралы түсініктерін өнер туындыларында бейнелеу;
4) әртүрлі тарихи дәуірлерде адамның эстетикалық бейнесі өзгергіштігінің өнерде көрініс алуы, тарихи ескерткіштердің көркемдік-эстетикалық мәні, визуалды-кеңістік өнерлерінің Отан бейнесін қалыптастырудағы рөлі;
5) мәдениеттердің көркемдік диалогы, әртүрлі тарихи дәуірлер мен халықтардың кеңістік-визуалды өнері, Батыс және Шығыс халықтарының көркем мәдениетіндегі мәнерлілік құралдарының ерекшеліктері;
6) өнердегі негізгі көркемдік стилдер мен бағыттар, әлемнің бейнелеу өнерінің ұлы шеберлері, әлемдегі ең ірі көркем мұражайлар;
7) өнердің адам өмірінің материалдық ортасын құрудағы рөлі, өнердің адам өмірінің заттық-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі қазіргі замандағы өнер;
8) қазіргі замандағы бейнелеу өнері, сәулет, дизайн;
9) визуалды өнерлердің бейнелік табиғаты, олардың қазіргі әлемдегі рөлі, мұражайдың қазіргі заман мәдениетіндегі рөлі.
11. Блок 2. «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары»:
1) өнер бейнелерінде адамзаттың өнегелі ізденісін, жеке адамның өнегелі таңдауын көрсету;
2) өнерде көрініс тапқан отбасылық өмірдің дәстүрлі және қазіргі замандағы тіршілік салты;
3) өмірдегі және өнердегі әлем, Отанды қорғау бейнелері;
4) өнердегі және қазіргі өмірдегі халық мерекелері, әдет-ғұрыптар;
5) өмірдегі және өнердегі халықтар арасындағы, әртүрлі буын ұрпақтары арасындағы өзара байланыстар.
12. Блок 3. «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне»:
1) көркем бейнелеу ерекшелігі, көркем бейне – кез келген өнердің негізі мен мақсаты, көркем бейнелеудің шарттылығы, өнердегі шынайылық пен қиял;
2) көркемдік мәнерлеу құралдары, көркемдік материалдар және көркемдік техникалар;
3) кескіндеме, графика, мүсін материалдары;
4) композиция – көркем шығарманың басты мәнерлілік құралы, композицияда шығарманың болмысын ашу, пропорциялар, желілік және әуе перспективасы, композициядағы қарама-қарсылық;
5) түс, түстік байланыстар, картина реңкі, түстің қарбаластығы мен қанықтығы, жарық пен түс, бояудың сипаты;
6) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;
7) табиғаттың, адамның, аңның эмоциялық жай-күйін кескіндеу құралдарымен жеткізу;
8) көлем және пішін, заттай әлемнің көптүрлі пішіндерін жазықтық пен кеңістікте бейнелеп көрсету, пішіндерді өзгерту және стильдеу, пішін мен сипаттың өзара байланысы;
9) кескіндеме мен суретте, сәулет, сәндік-қолданбалы өнерде композиция жасаудағы ырғақтың рөлі.
13. Блок 4. «Әсем өнер түрлері мен жанрлары»:
1) кескіндеме, графика, мүсін, өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері;
2) портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи, анималистикалық жанрлар;
3) өнер туындысындағы сюжет және мазмұн, заттай әлемді бейнелеу;
4) натурадан салу, көзге елестету арқылы салу;
5) бейнелеу өнеріндегі тарихи, мифологиялық тақырыптар;
6) көркем шығармашылық тәжірибесі;
7) өнердің конструктивтік түрлері, сәулет және дизайн, өнердің адам өмірінің заттай-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі;
8) сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық, архитектуралық бейне, сәулет – ғасырлар шежіресі, дизайн түрлері;
9) өнеркәсіптік дизайн, сән индустриясы, архитектуралық және ландшафтты дизайн;
10) жобалау мәдениеті, кеңістік және заттай ортаны жобалау, графикалық дизайн, арт-дизайн, компьютерлік графика және анимация;
11) сәндік-қолданбалы өнер түрлері, халық өнері, сәндік-қолданбалы өнер бастаулары, халық өнеріндегі бейне семантикасы, ою-өрнек және оның шығу тегі, ою-өрнек түрлері, сәндік бейнені стильдеу және белгілік сипаты, сәндік-қолданбалы өнер материалдары, адам өміріндегі безендіру, сәндік-қолданбалы өнерінің қоғам өміріндегі функциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |