Негіздері



жүктеу 0,54 Mb.
бет2/3
Дата25.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5944
1   2   3

МҰСТАХАБ
Мұстахаб (мақұл) дегеніміз – пайғамбар жиі орындаған амалдар. Мұстахабтарды орындағандарға сауап болады. Орындамағандар күнәһар болып есептелмейді және қиямет күні жауапқа тартылмайды.

Діншілдер үшін келесі 149 мұстахаб мақтауға тұрарлық болып табылады.



  1. Мәдинадағы пайғамбарымыздың зиратына бару (бұл мұстахаб уәжіп пен сүннетке теңгеріледі).

  2. Қосымша дұғалар оқу.

  3. Қосымша ораза ұстау.

  4. Қосымша қажылыққа бару.

  5. Бекітілген зекет пен ұшырдан басқа қайыр - садақа беру.

  6. Дәрет алғанда жүзді құбылаға қарату.

  7. Мүмкіндігінше әрдайым дәретпен жүру.

  8. Намаздың уақыты кірмей тұрып, алдын-ала дәрет алу.

  9. Дәрет алған соң оны бұзатын бірдеңе жасалса, келесі намаз үшін қайта дәрет алу.

  10. Дәрет алу кезінде қажетті дұғаларды оқу.

  11. Алланы ұлықтайтын «Аллаху акбар» деген сөздерді жиі айту.

  12. Алланың жалғыз екенін айтатын «лә иллаха илла Алла» деген сөздерді жиі айту.

  13. Аллада кемшілік болмайтынын білдіретін «субхана Алла» дейтін сөздерді айту.

  14. Әркез Алланы мадақтайтын «әлхамду лиллахи» деген сөздерді айту.

  15. Жасалған күнәлар үшін әркез Алладан «астағфир Алла» деп, кешірім сұрау.

  16. Бос уақытта Құранды оқу.

  17. Пайғамбарға «Аллахумма салли ғала мухаммадиу уа тағала али мухаммадиу уа салиму» деп, көп мәрте салауат айту.

  18. Пайғамбардың сахабаларын (серіктерін) еске алғанда олардың аттарына және әйгілі дінтанушы ғалымдардың есімдеріне құрметтеу сөздерін қосу.

  19. Дастархан жайып, жерде тамақтану.

  20. Кез-келген тамақты аз мөлшерде алып, жақсылап шайнау.

  21. Тамақты үш саусақпен алу.

  22. Тамақ ішіп болған соң қолды (саусақтарды) және ауызды сүрту.

  23. Ас үстінде аш-арықтарды еске алу және Аллаға шүкіршілік ету.

  24. Дастархан басында өзін әдепті ұстау.

  25. Артық ішіп-жемеу.

  26. Тамақты жинап, әкеткенше дастархан басында отыру.

  27. Дастархан басында тамақты тек өзіңнің алдыңнан жеу.

  28. Астан кейін үй иесіне жақсылық тілеу (бата беру).

  29. Егер тамақ әзірленіп, дастархан жайылса – тамақты ішу керек.

  30. Тағам мен сусынды әбден ыстық күйде қолданбау.

  31. Марқұмның отбасына немесе жапа шеккендердің отбасына тамақ апару.

  32. Мақтаншақтықтан құтылу үшін жамауы бар киім кию.

  33. Жүннен жасалған бұйымдарды кию.

  34. Киімді кигенде алдымен оң қолға немесе оң аяққа кию.

  35. Үстегі киімді немесе аяқкиімді шешкенде сол қол, сол аяқтан бастау.

  36. Жаңа киімдерді жұма күндері кию.

  37. Киілетін киімді алдымен сілку.

  38. Кірлеген киімді жуу.

  39. Мешітке сәлдемен бару.

  40. Аяқ киімдерді сұр немесе сары түстерден кию.

  41. Ауланы таза және жинақы ұстау.

  42. Шалбарды және мәсіні отырып кию.

  43. Қонаққа шақырылғанда, егер тамақтың тазалығы күмән туғызбаса, тіптен ең кедей кісінікіне де бару керек.

  44. Кешке, қақпалар мен есіктерді жапқан кезде Алланың есімін еске алу.

  45. Кешке терезе пердесін жабу.

  46. Төсекке жатарда көрпе-төсеніштерді сілку қажет.

  47. Ұйықтар алдында қасындағыларға өзінің өсиеттерін айту.

  48. Жасаған күнәлары үшін ұйықтар алдында опық жеу және Алладан кешірім сұрау.

  49. Ұйықтар алдында жанып тұрған оттарды өшіру.

  50. Ұйықтарда бетті Құбылаға қаратып, аяқтарды батысқа созып, оң қырынан жату.

  51. Мүмкіндігінше әке-шешемен аптасына бір мәрте кеэдесу және олардың тек ризашылығын алуға талаптану.

  52. Жасы үлкен туыстарыңды өз ата-анаңдай сыйлау.

  53. Ата-анаңның достарын жақсы көріп, сыйлау.

  54. Жасы кіші туысқандарыңды өз балаларыңдай сыйлау.

  55. Әйел өз күйеуінің туыстарын сыйлауы тиіс.

  56. Күйеуі әйелінің туыстарын сыйлауы тиіс.

  57. Әйелге босанудан кейінгі кезеңде және етеккірдің кезінде ескілеу киім кию.

  58. Етеккір кезінде және босанудан кейінгі ауру кезеңінде еркектің әйелімен бірге түнемеуі.

  59. Ақылды, биязы мінезді адамдармен достықта болуға тырысу.

  60. Дос-жарандармен, туысқандармен кездескенеде қуану.

  61. Қол алысқанда қолды бас бармақтың түбірінен ұстау.

  62. Алғаш танысуда аты-жөнін, туысқандары туралы сұрау.

  63. Дос, жақын адамдарға кемшіліктері туралы жеке жерде тұспалдап айту.

  64. Әйелінің, дос-жарандарының алдында тәуір көріну үшін жақсы киіну.

  65. Айнаның алдында жөнделу.

  66. Үйде ұнамды көріну үшін әйелдің жақсы киінуі.

  67. Киімге хош иісті иіссу себу.

  68. Көшеге шығарда әйелдің жөнтектеу сырт киім киюі.

  69. Көзге, қасқа сүрме жаққан пайдалы.

  70. Еркектердің сақал-мұрттарын қынамен бояуы.

  71. Шашты, сақал-мұртты таза, әдемі қалыпта ұстау, тарау.

  72. Шашты қасқартып тұру немесе тақырлау.

  73. Ауызды, мұрынды, құлақты, саусақтарды, тырнақтарды жиірек жуу, яғни тазалықта ұстау.

  74. Бейсенбі немесе жұма күндері тырнақтарды алу, мұртты қысқарту, қырыну ләзім.

  75. Шаш пен тырнақты жерге көму.

  76. Құдайдан қорқатындарды қайырымдылығы, адалдығы үшін жақсы көру және сыйлау.

  77. Мүмкіндігінше әділетсіздіктен, рақымсыздықтан зардап шегіп жүргендерге көмектесу.

  78. Мүмкіндігінше игі істермен айналысатын адамдарға жәрдемдесу.

  79. Мүмкіндігінше ұйығандарды тура жолға бағыттау, оларға пайдалы нәрселерді үйрету.

  80. Қандай да бір зиянкестік жасырылмаса, басқаларға көмек беру.

  81. Өз күнәлары мен кемшіліктерін жасыру.

  82. Басқалардың кемшіліктерін жарияламауға тырысу.

  83. Адасқанға жол көрсету.

  84. Қайғырғанды жылы сөздермен жұбату.

  85. Егер өзіңді қайғы басса: «Расында да біз Алланың құлымыз және Оған қайтып ораламыз» (Құранның аяты) деу керек.

  86. Жазықсыз жапа шеккенге болысу.

  87. Күнәһарларды тура жолға салуды Алладан сұрау.

  88. Күнәһар адамдардың күнәларын кешіруді Алладан сұрау.

  89. Мәжіліске жиналғандардың арасында жақсылыққа үндейтін әңгімелер айтылған кезде отырып тыңдау.

  90. Ізгі және пайдалы істерді дабыра қылмай істеу.

  91. Тіптен ол кәпір немесе күнәһар болса да марқұмды әкетіп бара жатқанда тұру.

  92. Марқұмды шығарып салу.

  93. Мұқтаж адамға үйдің құрал-жабдықтарын беріп, көмек көрсету (ол үшін ақы талап етуге рұқсат жоқ).

  94. Мешіт, медресе, тағы басқаларға ақшалай көмек беру және өз қызметіңді көрсету.

  95. Ғимараттарды, жолдарды, көпірлерді жөндеуге немесе құрылысқа және басқа істерге ақшалай көмек беру және қызмет көрсету.

  96. Пайдалы екпе ағаштарды күтіп, өсіру.

  97. Адамдарға кедергі жасайтын нәрселерді, мәселен, тастарды жолдан алып, шетке тастау.

  98. Құрбан шалғанда еттің үштен бір бөлігін жарлы-жақыбайларға тарату.

  99. Қыз туғанда бір қой, ұл туғанда екі қой сойып, тарату.

  100. Бала туған соң 7 күннен кейін оның шашын алу және сол шаштың салмағына тең алтыннан немесе күмістен қайыр-садақа беру.

  101. Жетінші күні балаға жақсы ат қою.

  102. Іске ерте кірісу.

  103. Күмәнді нәрселерді, мәселен, ауру малды сатып алудан сақтану.

  104. Егер сатушы сатқанына өкініп, өзінің затын қайта алғысы келсе, ол үшін ештеңе талап етпестен оны қайтару керек.

  105. Егер алушы өкінсе және сатып алынған затты қайтарғысы келсе, оны иесі ақшаны түгел қайтарумен, қайта алуы керек.

  106. Достармен жолға шыққанда жолбасшы сайлау.

  107. Салт немесе арбамен өрге шыққанда (тауға және т.б.) жылдамдатып жүру.

  108. Жолаушыға рамазан айындағы оразаны кейінге қалдырмауға тырысу.

  109. Жол жүріп қайтқан кісінің балалары мен жақындарына базарлық әкелуі.

  110. Алған қарызды мүмкіндігінше тезірек қайтару.

  111. Қарыз берген мүмкіндігінше қарызды қайтаруды асықтырмау.

  112. Өз байлығының мөлшері туралы айтпау.

  113. Өз байлығы туралы жариялау (мөлшерін айтпай).

  114. Алға да, артқа да емес, шет жаққа түкіру.

  115. Құнды тауарды, қымбат заттарды кемінде екі куәгердің көзінше сату немесе сатып алу.

  116. Көңіл-күйі жоқ адамға көп тамақ ішуден тартыну.

  117. Қарыз беруші екі куәгердің көзінше алушыдан қолхат алуы.

  118. Жаман әсер қалдыратын жерлерге барудан тартыну.

  119. Марқұмдар туралы жақсы айту.

  120. Құран оқу, қосымша намаздар оқу және осы үшін Алладан марқұмдардың күнәларын кешіруді сұрау.

  121. Суы және азық-түлігі бар ыдыстың бетін жабу.

  122. Кез-келген істі асықпай, сапалы орындау.

  123. Іс істегенде және әркім үшін биязы, мейрімді болу.

  124. Өзіңдегі байлыққа шүкіршілік ету.

  125. Әрбір істе қарапайым және тәртіпті болу.

  126. Қонақтарға ас-ауқат бергенде алдымен сыйлы адамдарға ұсыну.

  127. Тамақты ұсынғанда оң жақтан бастау.

  128. Олар аса асқақтап кетпес үшін мақтаншақтар мен өзімшілдерге солай жауап беру.

  129. Болашақ күйеу қалыңдығын көруі тиіс.

  130. Ислам рухына, шариғатқа қарсы келмейтін жаңа дүниелерге рұқсат етіледі.

  131. Өз халқының құрметті адамдары болып табылатын халық өкілдерін сыйлау және қонақжайлық көрсету.

  132. Ислам рухына және шариғатқа қарсы келмейтін жаңалықтарды пайдалануға рұқсат етіледі.

  133. Жолға шыққанда немесе қандай да бір жұмысқа кіріскенде жақсы адамдар жолықса іс жақсы болар деп жорамалдау.

  134. Тәуір боласың, жазыласың деп науқасты қуанту, үміттендіру.

  135. Науқастың маңдайын, тамырын ұстап көру.

  136. Жауынгерлік дайындыққа мүмкіндік туғызатын ойындарды, мысалы, атыс ойындарын ойнау.

  137. Аттың, техниканың үстінде жауынгерлік дайындықты жетілдіру, соған ұқсас ойындар ойнау.

  138. Жетімдерге моральдық және материалдық көмек көрсету, оларды қуанту.

  139. Кедейлерге, жесірлерге моральдық қолдау және материалдық көмек көрсету.

  140. Кәрі кісілерге, кедейлерге, кембағалдарға қайыр-садақа беру.

  141. Қыз туғанда жақсылыққа жорып, қуану.

  142. Әке-шешенің қыздарына қарым-қатынасы ұлдарынан жақсырақ болуы тиіс.

  143. Исламды (мұсылмандықты) қабылдаған адам ғұсыл алу керек.

  144. 15 жаста, кәмелетке толған соң ғұсыл алу.

  145. Дәрет алу үшін суды өзі әзірлеу.

  146. Дәрет алғанда денені келісті қалыпта ұстау.

  147. Дәрет алғанда киімге су шашырамас үшін жерден көтеріңкі тұру.

  148. Әдемі жазуды үйрену.

  149. Намаздарды және шариғаттың басқа салт-жораларын оларға кіретін барлық мұстахабтарымен орындау.

МҮБАХ
Бұл істеуге де, істемеуге де болатын іс-әрекет. Оның орындалғаны және орындалмағаны үшін сауап та, күнә да болмайды. Бұл әрекеттер сансыз көп. Шариғаттың міндеттемейтіні және айыптамайтыны мүбахқа кіреді.

  1. Тойғанша жеу, бірақ артық жемеу.

  2. Рұқсат етілгенді шөл қанғанша ішу.

  3. Дінсіздер дайындаған, рұқсат етілгенді жеу.

  4. Алланы (құдайды) және оның кейбір пайғамбарларын және кітаптарын мойындайтын, өзге діндегі кісі бауыздаған, рұқсат етілген жануарлардың етін жеу.

  5. Тәбетті ашу үшін алкогольсіз шырындарды ішу.

  6. Шарап жүзімінен жасалған сірке суын қолдану.

  7. Тұз өндіретін жерде қалып, тұз кесегіне айналған жануардың маңайындағы тұзды қолдану.

  8. Өте қажет болғанда егер сенімді, білгір дәрігер кеңес берсе, рұқсат етілмейтін сусындар мен азық -түлікті қолдану.

  9. Егер аңшылықтың мақсаты қандайда бір пайда табу болса (ет. май т.б.), жабайы жануарларды аулау.

  10. Жануарларды пішу.

  11. Әйелге 100 пайыз жібек бұйымдарды кию (еркектерге тыйым салынады – харам).

  12. Егер жіптердің біреуі – мата негізінің жібі немесе арқауы жібек болмаса, еркектерге жібек бұйымдарды киюге рұқсат етіледі.

  13. Еркектерге сән үшін, киіміне енін төрт еліден асырмай, таза жібектен жолақтар салып кию.

  14. Жібекпен кестеленген төсек орын жабдығын пайдалану.

  15. Күміспен әшекейленген ыдысты күмістелген жеріне тиіспей пайдалану.

  16. Әйелдерге алтын мен күмістен жасалған әшекейлер тағу.

  17. Еркектердің күміс жүзігі, күмістелген белбеуі немесе қаруы болу керек.

  18. Өзінің аты жазылған жүзік тағу.

  19. Зиянсыз тақырыптарға әңгімелесу.

  20. Үлгі-өнеге болатын өлеңдерді оқу.

  21. Тәрбиелік мәні бар өлеңдерді оқу.

  22. Әділетсіздікті, зорлық-зомбылықты болдырмау үшін өтірік айту.

  23. Ұрсысып қалғандарды татуластыру және олардың арасындағы достықты қалпына келтіру үшін жалған ақпарат беруге рұқсат етіледі.

  24. Әйелінің көңілін көншіту үшін және отбасында ұнамды ахуал орнату үшін өтірік айтуға жол беріледі.

  25. Соғыста дұшпанды адастыру үшін жалған ақпарат беру.

  26. Кез-келген жағдайда, зиянын тигізуі мүмкін (сатылғыш немесе айналасына кесірі тиетін) кісі туралы сыртынан шындықты айту. Санамалап шыққан жағдайлардан басқа алдау түрлерінің бәріне тыйым салынады.

  27. Зорлықшыл, әділетсіз туралы сыртынан сөз қылу.

  28. Қандай да бір қаланың, ауылдың кемшіліктері туралы айту.

  29. Кім адамдарды әдейі ызаландырса, соларды ұятсыз, тәрбиесіз деген сөздермен сөгу.

  30. Күлдіргі, қызық оқиғаларды өз қалпында (өтірік қоспай) әңгімелеу.

  31. Жақсы, тәртіпті адамдарға қызығу және өзіңді сондай болуға жігерлендіру.

  32. Егер біреу туралы оған зиян жасалатыны әңгімеленсе, әлгі адамды сақтандыру.

  33. Қажеттілік болса, тістерді алтын, күміс немесе басқа материалдармен жөндеу.

  34. Аса қажеттілік болғанда баланы анасының құрсағынан операция жасап, алу.

  35. Саудаласу кезінде кім көп төлесе, тауарды соған сату.

  36. Жансыз нәрселердің суретін салу, мәселен, гүлдерді.

  37. Қажеттілік мәжбүрлегенде емдеу үшін жыныс мүшелеріне қарау.

  38. Өз әйелінің немесе өз күйеуінің кез-келген мүшесіне көз жүгірту.

  39. Жақын туыстардың мойнына, қолының шынтағына дейін және балтырына қарау (отбасында бұл әрдайым болатындықтан күнә саналмайды).

  40. Бөгде әйелдердің беттеріне мәжбүрліктен қаралады деп саналады (махаббат, зина жасау туралы ойлауға жол жоқ), алайда рұқсат етілмейтін ойлармен және ғашық көзбен қарауға тыйым салынады (харам).

  41. Еркектердің денесіне қарағанда белден жоғары, тізеден төмен қарау.

  42. Дәулетті, теңдік пен әділдікті қамтамасыз етуге қабілетті, денсаулығы мықты еркектердің екі әйел (төртке дейін) алуына тыйым салынбайды. Санамаланған жағдайлар болмаса, рұқсат етілмейді.

  43. Егер бұған шариғатқа қайшы келмейтін дәлелді себептер болса, ажырасу.

  44. Қызметші әйелдерге сарай маңындағы моншаға бару.

  45. Рамазан айында жолға шыққан адамға қайта оралғанша ораза ұстауды қоя тұру (кейін, басқа айларда орнын толтырады).

  46. Дәрет алу үшін аяқкиімін тек үш күнге дейін ғана шешпеген жолаушылар кітапты ұстай алады.

  47. Жеуге рұқсат етілген жануарлардың етімен қоректену.

  48. Еті тамақ үшін рұқсат етілген жануарлардың сүтін ішу.

  49. Қорек үшін рұқсат етілген құстардың жұмыртқаларын тамаққа пайдалану.

  50. Денсаулыққа залал келтірмейтін, масайтпайтын өсімдіктерді жеу.

  51. Ағза үшін зиянсыз және масайтатын әсері жоқ сусындарды ішу.

  52. Өз өніміңді қымбатырақ өткізу үшін сақтап қою.

  53. Босаған кезде ыдыс өлшеніп, жалпы салмақтан алынатын болса, ыдыстың салмағын өткізетін тауарға қосу.

  54. Дінсіздердің сәлемін алғанда «уағалейкум» деп жауап беру.

  55. Қарыз берген тауардың орнына кепілдікке бірдеңе алу.

  56. Қатты ашыққанда рұқсат етілмеген ет пен басқа азық-түліктерді қолдану.

  57. Қатты ашыққан жағдайда иесінен сұрамай біреудің нанын жеу; ал егер мүмкіндік болса, сұрау керек.

  58. Егер оқытумен айналысатын адамның өз отбасын асырайтын қаражат табуына мүмкіндігі болмаса, онда оған оқытқаны үшін ақша алуына рұқсат етіледі.

  59. Ыдысты жұқалап алтынмен аптауға, күміспен күптеуге болады.


ХАРАМ
Харам – ислам шариғаты үзілді-кесілді тыйым салатын және айыптайтын іс-әрекет. Харам жасаушы адам аса күнәһар болып табылады. Кім күнәдан қорқып, харам жасаудан тартынса, соны Алла жарылқайды. Харамды бекерге шығаратындар діннен шығады және дінсіздердің категориясына ауысады.

Харамның екі түрі болады: харам зүлми және харам ғайри зүлми.

Харам зүлми – жасалуы оны жасаушыдан басқа, бөгде адамдарға зиянын тигізетін харам. Мысалы, ұрлық.

Харам ғайри зүлми – жасалуы тек соны жасаушыға зиян келтіретін харам. Мысалы, рұқсат етілмегенді қолдану.

Харам зүлмиді жасаған және оны алдағы уақытта жасамауға ант еткенді содан жапа шегуші кешірген жағдайда ғана Алла кешіреді.

Егер харам хайри зүлмиді жасаған адам істеген ісіне опық жеп, енді қайталамауға ант етсе, Алла оны мүмкін кешірер.



ХАРАМ ЗҮЛМИ


  1. Оның өзін өлтіргісі келмеген адамды өлтіру.

  2. Адамның қандай да бір мүшесін кесіп тастау немесе соққымен зақымдау.

  3. Тірі ағзаны (организмді) өртеу.

  4. Жануарларды басқа ұру.

  5. Еш пайда табуды мақсат етпей, зиянсыз жануарларды қыру.

  6. Біреудің дүние-мүлкін ұрлау.

  7. Біреудің дүние-мүлкін тонау.

  8. Адамдарды, жануарларды қорлау, қинау.

  9. Иесі белгілі болса да, тауып алған бұйымды қайтармау.

  10. Біреудің нәрсесін, ақшасын иелену мақсатында сатып алғанда, сатқанда, өлшегенде әділетсіздік жасау.

  11. Бүлінген, жарамсыз тауарларды өтірік жақсы деп, сапалы тауардың бағасына сату.

  12. Қарызды қайтармау.

  13. Біреуге беру аманат етілген мүлікті бермей, өзінде қалдыру (аманатты бұзу).

  14. Жасанды түсік немесе дәрілер ішу арқылы шеше құрсағындағы баланың өмірін қию.

  15. Жетімдердің мүлкін өзінің мақсаттары үшін пайдалану.

  16. Мұрагерлерге тиесілі мүлікті басқа адамдарға немесе бір мүрагерге беру арқылы қалғандарының мүдделеріне нұқсан келтіру.

  17. Жұмысшының еңбекақысын бірден төлемей, өзінде ұстау.

  18. Бұқара игілігін біреудің пайдалануына қаскүнемдікпен бөгет жасау.

  19. Алдау арқылы біреуге залал келтіру.

  20. Алтын, күміс ақшаларға қоспалар қосу және оларды өтірік таза деп көрсету.

  21. Біреудің кемшіліктерін анықтаумен, тыңшылықпен айналысу.

  22. Біреудің кемшіліктері туралы өлеңдер шығару.

  23. Біреуге елдің көзінше оның кемшіліктері туралы айту.

  24. Біреудің сыртынан кемшіліктері туралы айту.

  25. Біреудің кемшіліктерін ашып, шұқып көрсету.

  26. Біреуге, онда жоқ нәрсені телу.

  27. Марқұмның кемшіліктері туралы айту.

  28. Жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін т.б. келтіру арқылы біреуді масқаралау.

  29. Марқұмдардың сүйектерін сындыру.

  30. Діншіл адамды «дінсіз» деп және осыған ұқсас сөздермен сөгу.

  31. Ата-ананы немесе туыстарды айтуға болмайтын сөздермен тілдеу.

  32. Егер ол бұдан таза болса, кімге болса да зинақор деп ат тағу.

  33. Бала менен емес деп, өз әйелінен туған баладан күмәндану.

  34. Онда жоқ кемшіліктерді теліп, жазықсыз адамды әділетсіз басшыларға өсектеу.

  35. Күйеуі мен әйелінің арасына өсек тасып, отбасының шырқын бұзу.

  36. Кім туралы сөз болса - соған жеткізу, жалпы өсек айту.

  37. Араздасқан жақтардың әрқайсысының сеніміне кіру және сөзін сөйлеу.

  38. Достардың арасындағы татулықты бұзу және олардың араздасуына септігін тигізу.

  39. Жануарларды және құстарды төбелестіру үшін бір-біріне айтақтау.

  40. Адамға қосымша аттар ойлап табу және солармен оны атау.

  41. Сөйлегеннің сыртынан тың тыңдау, сонысымен оның сөзін бөлу.

  42. Мәнсіз және пайдасыз әңгімелерде жеңу мақсатында дауласу.

  43. Біреудің ешкімге зияны жоқ сырын жариялау.

  44. Алдау, жалған құжаттар жасау, басқа да жолдар арқылы мұрагерлердің үлесін азайтуға тырысу.

  45. Жақсылыққа жақсылықпен жауап бермеу.

  46. Қайыр немесе басқа бірдеме сұрағанға ұрсу немесе тіптен тілдеу.

  47. Адамға қалжыңдап болсын пышақ, қылыш және сол сияқты бірдемелерді оқтау.

  48. Қандай да бір болмашы жазығы үшін, әйеліне, балаларына, қызметшілеріне қатты ұрсу.

  49. Әйелін, балаларын, қызметшілерін олардың шамасы келмейтін жұмысты орындауға мәжбүрлеу.

  50. Бірдеме үшін омыраудағы баланы ұру.

  51. Қызметшіллерді ұру.

  52. Көршінің мазасын алу, қастандық жасау.

  53. Амандасқан немесе басқадай ықылас білдірген адамға жауап бермеу, теріс қарау.

  54. Орындауды ойламаса да уәде беру.

  55. Діндар адамның істеріне жаманшылық тілеу және негізсіз жаман ойларға бару.

  56. Біреудің әйелін өзіне қызықтырып, күйеуінің көзіне шөп салғызу.

  57. Біреудің үйіне, пәтеріне рұқсатсыз кіріп-шығу.

  58. Бөгде әйелге немесе қызға зорлықпен жанасу.

  59. Біреудің үйіне рұқсатсыз, күтпеген жерден кіру.

  60. Біреудің хатын рұқсатсыз оқу.

  61. Анық куәгер болып табылса да, куәлік көрсетуден бас тарту.

  62. Өзін өзі (өтірік) куәгермін деу және жалған куәлік беру.

  63. Өзі ақиқаттың жағында болмаса да өзін ақиқатты іздеуші ретінде көрсету және оны соттың алдында даулау.

  64. Әділетсіздің немесе зорлықшылдың амалдарына көмектесу.

  65. Шариғаттың заңын бұзу, сол арқылы біреуге залалын тигізу.

  66. Қаскүнемдікпен бағаны көтеріп, сатушының алушыға қиянат жасауы.

  67. Сатушының әдейі бағаны түсіріп, біреуге (иесіне) шығын келтіруі.

  68. Дуалаумен, балгерлікпен айналысып, біреуге зиян келтіру, алаңдату.

  69. Адамдар арасында ыңғайсыздық, алаңдаушылық, араздық және т.б. туғызу.

  70. Адамдар осы тауарды сатып алуға мәжбүр болған кезде қымбатқа сату үшін астықты (немесе басқаны) көп жинап алу.

  71. Өз бағасынан тек те екі есе қымбатқа алатын алушыны алдау.

  72. Өз тауарының кемшіліктері туралы оған айтпай, сатып алушыны алдау.

  73. Пайғамбарға қатысты лайықсыз сөздер айту.

  74. Ол айтпаған сөздерді Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) өсиеттері деу.

  75. Әке-шешені алаңдататын істер жасау.

  76. Мұғалімді келемеждеу және масқаралау.

  77. Әке-шешенің өз балаларына, мұғалімнің оқушыларға қатысты қатыгездік пен әділетсіздікке жол беруі.

  78. Әйелі күйеуін, күйеуі әйелін ренжітуі.

  79. Жақын достардың айрылысуы.

  80. Мұхаммедтің (с.а.у.) сахабаларына қатысты лайықсыз сөздер айту.

  81. Ғалымды сөгу, масқаралау.

  82. Адамды қорлау үшін масқарлау.

  83. Адамды қорлау үшін шошыту.

  84. Адамды (соқырды) алдап, басқа жолға түсіру.

  85. Адамдарды алдау үшін зиянды кеңестер беру.

  86. Жолды бүлдіру, сол арқылы адамдарды жағымсыз жағдайға душар ету.

  87. Екі әйелі бардың біреуімен салыстырғанда басқасына әділетсіз немесе құлықсыз болуы.

  88. Кедейлерді олардың жағдайы үшін масқаралау және төмендету.

  89. Біреудің сырларын ашу мақсатында, алдаумен адамның іші-бауырына кіріп, әңгімелесу.

  90. Қалыңдықты еркінен тыс күйеуге беру.

  91. Әйелімен кездеспей, төрт айдан артық жолда жүру.

  92. Төрт айға дейін әйелімен жыныстық қатынасқа түспеуге серт беру.

  93. Біреуді алдау үшін оның көңілін көтеру және мақтап қою арқылы өзінің достығын көрсету.

  94. Әйелге күйеуінің үйін тастап, оралмай жүруі.

  95. Зинақорлықтан таза әйелін «бұзылған» т.б. сөздермен ұрсу.

  96. Алдаумен, біреуді өзіне жұмыс істетуге немесе қызмет көрсетуге мәжбүрлеу.

  97. Алған міндеттемені, берген уәдені бұзу.

  98. Жоғары биліктегілердің, басшылардың өздеріне бағынышты тұлғаларға қатысты қатыгездік пен әділетсіздікке жол берулері.

  99. Басшылардың бұйрықтарына бағынбау, оларды орындаудан жалтару.


ХАРАМ ҒАЙРИ ЗҮЛМИ


  1. Имансыз болу.

  2. Алланың қалауымен жасалатын амалдарға қатысты наразылық білдіру.

  3. Сенбейтінін білдіретін сөздерді айту.

  4. Сенбейтінін білдіретін қылықтар жасау. Мысалы: Алладан басқа бір нәрсеге немесе біреуге табыну, Құранды масқаралау.

  5. Алладан басқа біреудің атына құрбандық шалу.

  6. Алланың жазасынан қорықпау, ештеңеден үрейленбей, бейқам жүру.

  7. Алланың рахымынан сырт айналу.

  8. Дін және наным-сенімдер мәселесінде айғақтарды және дәлелдерді өзі танып білуге күш салмай, көзжұмбайлықпен кім-көрінгенніің соңынан еруге тыйым салынады.

  9. Парызға немесе уәжіпке қатысты басталған амалдарды әдейі бөлу.

  10. Уәжіпке немесе парызға қатысты шариғаттың бұйрығын орындамау.

  11. Оразаны айт күндері, құрбан айттың алдындағы және соңындағы 4 күнде ұстау.

  12. Дуалаумен айналысып, зиянын тигізу.

  13. Балгерлікпен айналысып, болашақты болжау.

  14. Жұлдыздарға қарап, болашақты болжайтын балгерлердің сөздеріне сену.

  15. Еңбегі сіңбеген мақтауды мақтан тұту.

  16. Мұсылман елдерінде әскери міндетінен жалтару.

  17. Меккедегі «харам» деп аталатын ауданда күнәлі істер жасау.

  18. Күнә жасап жатқан кісіні көргенде іштей қуану.

  19. Адамдарды күнәлі істерге үндеу.

  20. Адамдарды ізгі істерден тоқтату.

  21. Адамдарды күнәлі істерге еліктіретін сөздер айту.

  22. Адамдарды күнәлі істерге оятатын өлеңдерді оқу және әндерді айту.

  23. Күнәлі істердің жасалуына септігін тигізу.

  24. Күнә жасаушыларға іштей қуану және қолдау.

  25. Мәкруһке жататын істерді жиі жасау (харамнан гөрі жеңіл формадағы күнәлі қылықтар).

  26. Пайғамбардың сүннетіне қайшы жаман амалдар ойлап шығару.

  27. Осы дүниедегі істерді ақиреттегіден жақсы көру.

  28. Дүниелік істерді тек қана дүниелік өмір үшін жақсы көру.

  29. Кез-келген істегі қажеттілікттен асатын қанағатсыздық (ысрап).

  30. Ақшаға немесе басқа заттарға ойындар ойнау.

  31. Ұтыс ойындарын, мысалы, қарта ойнау.

  32. Өсімін төлеу шартымен қарызға ақша беру.

  33. Екі жаққа да зәредей қиянат жасамай, әділ болуға тырысса да сот және сауда істерінде пара алу.

  34. Шариғат бойынша харам делінетін және тыйым салынған тауарларды саудалау (спирттік ішімдіктер, есірткілер, доңыз еті т.б.).

  35. Өз ағзасына зиян, ауру әкелетін кәсіпорындарда немесе басқа орындарда өз еркімен жұмыс істеу.

  36. Біреуді әсіре көтермелеу: бірдеме сұрап бас ию, аяғына жығылу және алдында тізерлеу.

  37. Дүниелік амалдарды, қуаныштарды, байлықты шамадан тыс жақсы көру және ашкөз болу.

  38. Білімі арқылы тек дүниелік игіліктерді иеленуді мақсат ету.

  39. «Ананы және мынаны істемесем кәпір болайын» деп, серт етуге болмайды (қатаң тыйым салынады).

  40. Алланың атымен емес, мәселен, нанмен, күнмен және басқалармен ант ету.

  41. Харам істегенде Алланың атын еске алу, Құран аяттарын немесе сауап болатын басқадай сөздерді оқу.

  42. Шариғатта маңызды деп саналатын нәрсені ұсақ-түйек деп қабылдау.

  43. Діндар адамға қатысты лайықсыз амал жасауды ойластыру.

  44. Егер біреу бақытсыздыққа душар болса, қуану.

  45. Өзін өзі өлтіру.

  46. Өз еркімен өзінің қандай да бір мүшесін зақымдау немесе кесу.

  47. Моншада, жағажайда және басқа қоғамдық орындарда адамдардың көзінше алжапқышсыз (юбка) жүру.

  48. Өте ұзын киім кию.

  49. Көңіл көтеру үшін драмалық (қайғылы) ойындарды ойнау.

  50. Адамдардың көңілін көтеру үшін билеу.

  51. Көңілді басу үшін жағымсыз әсер ететін өлең оқу және ән айту.

  52. Ешкімге қарамайтын кейіппен, ешкімді көзге ілмей, кекірейіп жүру.

  53. Өзін өзгелерден артық санау.

  54. Шариғат алдындағы өзінің ұқыптылығы және ізгілігі үшін өзін іштей әулиелердің және құдайдан қорқатындардың қатарына қосу.

  55. Шариғат бойынша қандай да бір сұрақ қойған кісіге біле тұра жауап бермеу.

  56. Алланың атымен адамды немесе жануарды қарғау.

  57. Біреуге бәле келтіріп, жамандық жасауды Алладан тілеу.

  58. Біреудің кемшіліктері туралы күнә болатын әңгімелерді, өсектерді тыңдау.

  59. Өзінің түстері жайлы әсірелеп айту.

  60. Қызғаныштан, көре алмаушылықтан біреудің масқара болуын, банкрот болуын тілеу.

  61. Ренжіскен адаммен үш күннен артық сөйлеспеу және кездеспеу.

  62. Ашу-ыза кернегенде үстегі киімдерді жырту, нәрселерді сындыру және лақтыру.

  63. Харамға жататын істеріңді жариялау (көрсеткені үшін екі есе харам).

  64. Адамдар мақтасын және қайыр берсін деген мақсатпен намаз оқу және басқа істер істеу.

  65. Шариғат бойынша лайықсыз деп есептелетін амалдарды жасайтын күнәһарларға сүйсіну.

  66. Құдайдан қорқатын, мейірбан адамдарды жек көру.

  67. Дүниелік байлығы болғандықтан біреуді зор, ал өзін қор санау.

  68. Ойында жоқ нәрсені тілмен айтып, алдау.

  69. Қатыгез, дінсізге ұзақ өмір тілеу.

  70. Пайдалы еңбекпен айналыспайтын еріншек, жатып ішер болу.

  71. Өзін өзі асырау үшін пайдалы іспен айналыспай, қайыр-садақа күту.

  72. Тәпсірлерге, Құранның аудармаларына сүйенбей, өз білгенінше Құран аяттарына түсінік беру.

  73. Қоғам игілігін шығындау (уақап).

  74. Қоғамның ақшасын өзі иеленіп кету.

  75. Істелген ісімен ант ету.

  76. Еркектердің әйел киімін киюі және сонымен жүруі.

  77. Әйелдердің ерлер киімін киіп жүруі.

  78. Жүннен жасалған қара түсті шляпа кию (оны пұтқа табынушылар киеді).

  79. Саусақтың жуандығындай, есілген жіп сияқты белбеу байлану.

  80. Еркектердің таза жібектен киім киюі.

  81. Еркектердің әшекейлерді, алтыннан жасалған бұйымдарды тағуы (сағат, жүзік).

  82. Ерркектердің күмістен жасалған бұйымдарды (жүзіктен, белбеудегі және қарудағы әшекейден басқа) тағуы.

  83. Алтын ыдыс-аяқты, бұйымдарды, түрлі жабдықтарды тұрмыста пайдалану.

  84. Тұрмыста күміс бұйымдарды, ыдыс-аяқты қолдану.

  85. Зинақорлықтың кез-келген түрі.

  86. Адамдардың, жануарлардың суретін салу.

  87. Зинақорлыққа делдал (жеңгетай) болу.

  88. Әйелінің басқа еркектермен қатынас жасауына жол беру.

  89. Белгілі бір мөлшерде қалыңмал беріп, белгілі бір уақытқа дейін үйлену.

  90. Етеккірі келген әйелімен жыныстық қатынасқа түсу.

  91. Әйелінің босанудан кейінгі ауруы кезінде жыныстық қатынасқа түсу.

  92. Бесінші әйелге үйлену.

  93. Егер оларды асырауға, екеуінің арасына әділеттілікті қамтамасыз етуге шамасы жетпесе де екінші әйелге үйлену.

  94. Әйелімен етеккірі келіп жүргенде ажырасу.

  95. Ажырасуды білдіретін сөзді (талақ) бірден үш рет қайталау.

  96. Күйеуінің басқа әйелдерге ғашық көзбен қарауы.

  97. Әйелінің басқа еркектерге ғашық көзбен қарауы.

  98. Еркектердің бөгде әйелдердің денесіне арам пиғылсыз болсын, қарауы.

  99. Әйелдердің де.

  100. Еркектердің денесіне еркектердің көз жүгіртуі (дененің бел мен тізе аралығындағы бөлігіне).

  101. Әйелдердің денесіне әйелдердің көз жүгіртуі.

  102. Жасөспірімдердің бетіне еркектердің ғашық көзбен қарауы.

  103. Қарауға тыйым салынған басқа адамның дене бөлігіне жанасу.

  104. Туысқандық байланысы жоқ еркек пен әйелдің бір жерде жеке қалуы.

  105. Әйелдің жұқа матадан киім киюі.

  106. Өзіне керексіз нәрсені біреуге бермей өртеу немесе суға батыру.

  107. Тауарды немесе азық-түлікті өзі де пайдаланбай, басқаға да бермей шіріту немесе бүлдіру.

  108. Артылған, қалып қойған азық-түлікті лақтырып тастау.

  109. Өз еркімен ашығып, ағзасын намаз оқуға әлі келмейтін жағдайға жеткізу.

  110. Тойғанынан артық тамақ қабылдау.

  111. Бір-екі күндік тамағы бола тұра қайыр сұрау.

  112. Байлықтың тазартуын (зекет) беруге шамасы бар адамға қайыр-садақа қабылдау (үйді, қажетті киім-кешекті және жеке адамның мүлкіне жататын нәрселерді есепке алмағандағы дәулеті асса, зекет беруге міндетті, яғни жылына бір рет кедей-кепшікке соның 2,5 пайызын тарату).

  113. Тағамдық азық-түлікке немкетті қарау.

  114. Шариғат бойынша арам деп саналатын тамақтарды ішіп-жеу.

  115. Ағзаны уландыратын, ауру қылатын азық-түлікпен қоректену.

  116. Сары, қара топырақты жеу.

  117. Тамаққа қолдануға тыйым салынған жануарлардың етімен қоректену.

  118. Етін тамақ үшін қолдануға тыйым салынған жануарлардың сүтін ішу.

  119. Өлген малдың етін жеу.

  120. Шариғаттың талабы бойынша бауыздалмаған жануарлардың етін қолдану.

  121. Тамаққа еті жарамды жабайы жануарлар шариғат бойынша аң аулау ережелеріне қайшы жолмен өлтірілген болса.

  122. Сасыған, шіріген еттермен қоректену.

  123. Кәпір немесе пұтқа табынушы бауыздаған немесе шаншып өлтірген етпен қоректену.

  124. Кәпір, құдайсыз өлтірген жабайы құстың етін жеу.

  125. Еті жеуге жарайтын жануарлардың жыныс мүшелерін, қуығын, бездерін тамаққа қолдану.

  126. Малды бауыздағанда аққан қанды тамаққа қолдану.

  127. Шарап жүзімінен дайындалған спиртттік ішімдіктерді ішу.

  128. Олардың неден дайындалғанына қарамастан спирттік ішімдіктерді ішу харам.

  129. Масайтатын әсері бар өсімдіктерді жұту, иіскеу, ішке қолдану.

  130. Масайтатын әсері бар сұйықты немесе өсімдіктің түтінін қолдану.

  131. Біле тұра ұрланған заттарды сатып алу.

  132. Біреуді пішу немесе өзін піштіру (әтек).

  133. Қажылыққа барған кезеңде тыйым салынған іс-әрекеттерді жасау (ұрсысу, аң аулау).

  134. Меккенің «харам» деп аталатын ауданында мал сою, аң аулау (күнә жасауға тыйым салынған жер).

  135. Намазды шариғат белгілеген мерзімде оқымау.

  136. Рамазан айында ораза ұстамау.

  137. Заңды қайыр-садақаны дер кезінде таратпау немесе белгіленген орындарға бермеу.

  138. Мүмкіндігі бола тұра Меккеге қажылыққа бармау.

  139. Құранды оқыған кезде сөздерін қате айтып, ережесіз оқып, бұрмалау.

  140. Толық дәреттің (ғұсыл) уақытын өткізу.

  141. Басшылық қызметке қатыгездерді сайлау.

  142. Жалғыз, достарынсыз қауіпті жолға шығу


МӘКРУҺ ТАХРИМИ
Мәкруһ – Мұхаммед (с.а.у.) тыйым салған іс-әрекеттер. Кім күнәдан қорқып, саналы түрде мәкруһ жасамаса, соған Алладан сауап болады. Жасаушы күнәһар болады.

Кім оны бекерге шығарып, осы іс-әрекеттерді жасауға болады десе, сол тіптен дінсіздердің категориясына ауыспаса да, күнәһар болып шығады.



Көбірек таралған мәкруһ тахрими ұсынылған харамдармен қосылып 317 тармақтан тұрады.

  1. Өзінің көңіл-күйін көтеру үшін ән айту.

  2. Әндерді, музыкалық әуендерді тыңдау.

  3. Көңіл көтеру үшін музыкалық аспаптарда ойнау.

  4. Көңілі тасып, би билеу.

  5. Музыкалық ойындарды, хабарларды тыңдау.

  6. Орындаушыларға қол соғу.

  7. Тіптен, ойнамасаң да үйде музыкалық аспаптарды сақтау.

  8. Ақша қойылатын ойындарға қатысу.

  9. Көңіл көтеру және уақытты көңілді өткізу мақсатында алкогольсіз, рұқсат етілген ішімдіктерді ішу.

  10. Өзінің аса білімсіздігін түсінуге қабілетсіз адамға сабақ оқыту.

  11. Бұрын білетін Құранның аяттары мен сүрелерін ұмыту.

  12. Қолы бос емес, жұмыс істейтін адамдардың алдында Құранды дауыстап оқу.

  13. Құранды, аяттар жазылған қағаздарды, діни кітаптарды көрінген жерге қою.

  14. Аяттары бар беттерді немесе бағалы ойлар немесе жақсы сөздер жазылған басқадай қағаздарды жағу.

  15. Тысы жоқ Құранды былғанған еркек пен әйелдің ұстауы: дәретсіз ұстау.

  16. Былғанған еркек пен әйелге Құранды ұстау және оқу: әйелге етеккір кезінде және босанған соң (тек қана қажетті дұғаларды ауызша айту): дәретсіз Құранды оқуға болмайды.

  17. Былғанған немесе дәретсіз еркекке азан шақыру (азан уа қамат).

  18. Былғанғандарға, сонымен қатар етеккір кезінде әйелдің мешітке кіруі.

  19. Мешітте дүниелік әңгімелер айту.

  20. Мешітте дүниелік амалдарды тындыру (мысалы, сату, сатып алу)

  21. Мешітте алдыңғы қатарға жету үшін адамдардың арасынан аттап-бұттау.

  22. Мешітте сақал-мұртымен ойнау, саусақтарын сыртылдатып, қолдарын қусырып, мәдениесіз қалыпта отыру.

  23. Мешітте тісті, мұрынды немесе құлақты шұқылау.

  24. Мешіттің ішінде қатты түшкіру, есінеу, кекіру.

  25. Мешітте кекірейіп, тәкаппар қалыпта отыру.

  26. Мешітте түкіру, сіңбіру.

  27. Имам уағыз оқығанда немесе салт жорасын жасаған кезде назарды басқа жаққа аудару, әңгімелесу.

  28. Жұма намазы кезінде имам уағыз оқығанда мешітте намаз оқуға болмайды.

  29. Намаз оқып жатқан адамның алдынан өту (егер шымылдық құрылса, болады).

  30. Азан шақырып тұрып, біреумен амандасу немесе сәлемін алу.

  31. Азан шақырылып жатқан кезде дүниелік тақырыптарда әңгімелесу.

  32. Намазға шақыру кезінде (азан) дүниелік амалдарды тындыру.

  33. Адамның ниеттеніп, өз қалауы бойынша бастаған намазды немесе оразаны себепсіз бұзуы. Алайда, егер адал ниетпен ораза ұстауға кіріссең, ал сені түске дейін қонаққа шақырса немесе керісінше, қонақтар келсе, онда оразаны бұзуға рұқсат етіледі.

  34. Тыйым салынған уақыттарда (күн шығып келе жатқанда, талтүсте, күн батып бара жатқанда) намаз оқу.

  35. Таң сәріден күн шыққанға дейінгі немесе ақшам намазынан соң күн батқанға дейінгі кезеңдерде ерікті намаздарды оқу.

  36. Белгілі бір күндерде ораза ұстау.

  37. Кешегі ұстаған оразадан кейін тамақ ішпестен, екінші күні қайта ораза ұстау.

  38. Күйеуімен ақылдаспай, әйелдің өз еркімен ораза ұстауы.

  39. Құрбан айтта және одан кейінгі 4 күнде қажылыққа бару.

  40. Арттағы намаз оқитындар мұны қаламайтындарын білетін адамның намаз уақытында имам болуы.

  41. «Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен» дегенді арабша айтпастан ішіп-жеу.

  42. Былғанған адамның дәрет алмай, қолдарын жумай, аузын шаймай дастархан басына отыруы.

  43. Тамақты сол қолмен қабылдау.

  44. Тамақты баскиімсіз қабылдау.

  45. Қандай да бір той-думанға шақырусыз, жетіп бару.

  46. Егер үй иесі мұны қаламайтынын сезсе, кімдікінен болсын тамақ ішу мәкруһ.

  47. Қонақта отырғанда басқа адамның алдындағы тамақтан алу.

  48. Тамақты немесе сусынды үрлеп суыту.

  49. Тамақты қатты, шикі, дүмбілез, көп қуырылған және т.б. сөздермен сынап-мінеу. Алдыңа қойылған тамақты үндемей жеу керек.

  50. Нанды және басқа азық-түлікті иіскелеу.

  51. Нанның үстіне бірдеме қою.

  52. Ыдысты нан үзімдерінің үстіне қою.

  53. Пышақты және басқаны нанға сүрту.

  54. Нанды бір қолмен үзу.

  55. Тәкәппар кейіппен, жантаұйып жатып, тамақтану.

  56. Тұрып ішіп-жеу.

  57. Қонаққа барғанда, үйіне әкету үшін, бірдемені дастарханнан рұқсатсыз алу.

  58. Етбеттеп жатып, тамақтану.

  59. Стол басында жағымсыз жайттарды айту.

  60. Тамақты жинаудан бұрын дастархан басынан тұру.

  61. Ауысып отыруын өтініп, дастарханның басында біреудің мазасын алу.

  62. Тойдың дайындығынсыз некелесудің салт жораларын бастау.

  63. Жағымды сусын бергенде, сияпат көрсетіумен бірдеме ұсынғанда бас тарту.

  64. Алдына қойған тамақты ішпей, қарап отыру.

  65. Әжетханаға оң аяқпен кіру (сол аяқпен кіру керек).

  66. Әжетханадан сол аяқпен шығу (оң аяқпен шығу керек).

  67. Құран аяттарын, дұғаларды өзімен бірге әжетханаға алып кіру.

  68. Бөлменің, үйдің ішінде іш босату.

  69. Әжетханаға бас киімсіз кіру.

  70. Тұрып іш босату, зәр шығару.

  71. Мешіттен, зираттан 40 адымнан жақын жерге іш босату, зәр шығару.

  72. Әжетхананың ішінде ғұсыл құйыну, дәрет алу.

  73. Астыңғы жақты оң қолмен сүрту.

  74. Іш босату (нәжіс шығару) кезінде өзінің жыныс мүшелеріне қарау.

  75. Өзінің нәжісіне қарау.

  76. Әжетханада тым көп ашылу.

  77. Суға іш босату, зәр шығару.

  78. Ағаш түбіне.

  79. Желге қарсы зәр шығару.

  80. Жолдың, көк шөптің үстіне іш босату.

  81. Адамдардың көзінше.

  82. Алдын немесе артын Құбыла жаққа қаратып отыру, яғни Қааба бағытына (қырындап отыру керек).

  83. Ашық жерде жеңілдеу үшін күнге немесе айға қарсы қарап, немесе оларға артын беріп отыру. Егер олар көрінбесе, қалай отырса да бәрібір.

  84. Жеңілдеу кезінде әжетхана ішінде сөйлесу.

  85. Астыңғы жақты жуғанда оң қолды пайдалану.

  86. Намазға шақырған кезде іш босату немесе зәр шығару.

  87. Құндылығы бар нәрселермен астын сүрту.

  88. Кісімен әжетхана ішінде амандасу.

  89. Іш босатып отырып, сәлем алу.

  90. Адамдардың арасында сүйкеліп, тың тыңдап жүру.

  91. Бір-бірімен амандасқанда басты ию немесе қолды кеудеге қою.

  92. Амандаспай жатып, әңгіме бастау.

  93. Зәр шығарып тұрған адаммен амандасу.

  94. Кәпірге бірінші болып сәлем беру мәкруһ, ал егер ол бірінші сәлем берсе – сәлемін алу керек.

  95. Оң қолмен сіңбіру.

  96. Аса қажеттілігі болмаса да өз жыныс мүшелерін ұстау.

  97. Харам жасайтын адаммен амандасу.

  98. Қажеттіліктен мәжбүр болмаса да елдің арасында жел шығару.

  99. Ұсақ жануарлардың, жәндіктердің ұясына зәр шығару (мысалы, құмырысқаның илеуіне).

  100. Жол үстіне және көшеге арам жуынды-шайындыны төгу.

  101. Мұрынның астынан ауызға түсуі мүмкін ұзын мұрт қалдыру.

  102. Сақалды төрт еліден қысқа етіп қалдыру.

  103. Еркектердің басындағы шашының бір бөлігін алып, басқасын қалдыруы.

  104. Еркектердің сақал-мұртын алуы.

  105. Әйелдердің шаш қиюы.

  106. Ағарған шаштарды бастан, сақал-мұрттан жұлу.

  107. Беттегі , екі қастың арасындағы қылшықтарды жұлу.

  108. Еркектердің шашын, сақалын қараға бояуы (сарғыш және жирен түске бояуға болады).

  109. Еркектердің қолын және саусақтарын қынамен бояуы.

  110. Былғанған қалыпта шаш алу.

  111. Былғанған кезде, етеккір келгенде, босанған соң тырнақ алу.

  112. Тырнақты тіспен қыршу.

  113. Сенбі, жексенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері тырнақ алу (дүйсенбіде, бейсенбіде және жұмада алу керек).

  114. Тырнақты 40 күннен артық өсіру.

  115. Алынуы тиісті жүндерді 40 күннен артық алмау.

  116. Қырқылған шаш пен тырнақты көрінген жерге шашып тастау.

  117. Әйелдердің шаштарына шаш қосуы.

  118. Әдемі көрсету үшін тістерін егеу.

  119. Әйелдердің қоғамдық моншаларға қатынауы.

  120. Көшеге шыққан кезде әйелдердің әдемі әшекейленген сырт киім киюі.

  121. Бірдеңемен (мәселен, тушьпен) теріні піскілеп, оның астына жазбалар түсіру.

  122. Күйеусіз немесе туыстарынсыз әйелдің жолға жалғыз шығуы.

  123. Тіпттен оларға сенбесе де, балгердің болашақты болжауын тыңдау.

  124. Аса қажеттілік болмаса да Алланың атымен ант ету.

  125. Сатушының өз тауарының жақсылығына ант етуі.

  126. Кәпірлер киетін киімді кию.

  127. Жас ұл балалардың жібек киім киюі.

  128. Кір, лас киімдерді кию (зәр шашыраған т.б.)

  129. Өте жақсы немесе адамдарды таңырқатытын жаман киім кию.

  130. Еркектердің ашық қызыл немесе ашық сары киімдер киюі.

  131. Шалбарды қызыласықтан төмен кию.

  132. Алладан өлім тілеу.

  133. Ұзақ өмір сүруге және көп іс тындыруға ниеттеніп жүру.

  134. Ауру тараған қаладан кету.

  135. Жұқпалы аурулардың эпидемиясы таралған қалаға, ауданға кіру.

  136. Марқұмның соңынан еріп, оның жақсы істерін, қылықтарын айтып, жоқтау.

  137. Жеңілгендер санатына қосылмас үшін ақиқатқа қарсы шығу.

  138. Ақиқатты білмей, түйсікті, болжамдарды негізге алып, дауласу.

  139. Жоқ нәрсемен мақтану.

  140. Біреуге онда жоқты және ол оған лайық еместі теліп, мақтау.

  141. Адамдарды күлдіру үшін анекдоттар, өтірік әңгімелер айту.

  142. Адамның беті күйетін әдепсіз әңгімелер айту.

  143. «Құдай үшін» деп біреуден бірдеме сұрау.

  144. «Құдай үшін» деген өтінішті орындамау.

  145. Берген сыйлықтарын, қайыр-садақасын есіне салып, бетіне басу.

  146. Пайдалы сөздерді қажетінен артық айту.

  147. Бос сөйлеу.

  148. Бірдемені сұрағанда көп рет қайталап, мезі ету.

  149. Айттқан сөздерім әдемі болсын деп, зорланып сөйлеу.

  150. Адамның сөздерін, тағылған жалған атын күлкіге айналдыру.

  151. Күлкілі болмаса да, себепсіз көп күлу.

  152. Зиянсыз, өтірік әңгімелер айту.

  153. Мыстан, темірден, қоладан жасалған жүзіктерді тағу.

  154. Үйдің ішіне жануарлардың, адамдардың бейнесі салынған суреттерді (фото) ілу.

  155. Бөлмеде ит ұстау.

  156. Әділетсіздерді, қатыгездерді сыйлау, әспеттеу.

  157. Әке-шеше, ұстаз немесе ғалымнан басқа біреулердің қолын сүю.

  158. Алладан өзі үшін бірдеме сұрау.

  159. Кішкене балаға берген уәдені орындамау.

  160. Тамақ үшін айқындалмаған - жылқының, қарлығаштың, жарғанаттың еттері сияқтылармен қоректену.

  161. Жануарлардың ішек-қарнын тамаққа қолдану.

  162. Мысық, тауықтар, жабайы құстар ішкен суды дәрет алуға пайдалану.

  163. Тамақ болмайтын өсімдіктерді жеу (сабан т.б.).

  164. Жануарды өтпейтін пышақпен бауыздау.

  165. Жануарды кешке немесе түнде сою.

  166. Малды жыққан соң пышақты қайрау.

  167. Жануардың көзінше пышақ қайрау.

  168. Мойынды жұлынға дейін кесу (екі күре тамырды, өңеш пен кеңірдекті кессе жеткілікті).

  169. Мойнын толық кесіп тастау.

  170. Төлін бөлек сату арқылы енесінен айыру немесе біреуін сою.

  171. Жануарды желке жағынан бауыздау.

  172. Жануар толық тынышталмай жатып, терісін шешу.

  173. Бауыздаған кезде жануарды Құбыладан басқа жаққа бағыттау.

  174. Сауын малды сою.

  175. Туғайы жүрген жануарды сою.

  176. Аса жас малды сою.

  177. Көңіл көтеру немесе уақыт өткізу үшін аң аулау.

  178. Түйені басына жақын бауыздау.

  179. Түйеден басқа жануарларды басына жақын бауыздау.

  180. Жануарлардың құлағын, тұмсығын, мүйізін кесу арқылы белгі салу немесе қызған темірмен таңба басу.

  181. Отбасын асырауға мүмкіндігі бар адамның үйленуден тартынуы.

  182. Себепсіз және қатаң негізсіз әйелімен ажырасу.

  183. Өз досымен себепсіз достығын үзу.

  184. Жасалып жатқан харамға қарау және рахаттану.

  185. Аса қажеттілік болмаса да бұзылған, жолдан тайған адамдармен бас қосу.

  186. Жаман әсер туғызатын жерлерге бару.

  187. Иесін іздеп, әуре болғысы келмей, табылған мүлікті жолда қалдыру.

  188. Байлығының тазалығы күмәнді адамның үйінен тамақтану (егер шариғат тыйым салған қаражат есебінен жиналса және алынса - оның тамағын жеуге рұқсат етілмейді).

  189. Ол үй ұрланған ақшаға, қаражатқа сатып алынды деген күмән болса да сонда тұру.

  190. Күдікті, яғни ұрланған деген мағынадағы, тыйым салынған жолдармен, қаражатпен алынған киімдерді кию.

  191. Күмәнді байлықты пайдалану.

  192. Таң сәріден күн шыққанша, екінті және ақшам намаздарының аралығында, ақшам және құптан намаздарының аралығында ұйықтау.

  193. Етбеттеп жатып, ұйықтау.

  194. Аяқтарды Құбылаға жаққа созып, ұйықтау.

  195. Аяқтарды кітаптардың үстіне қойып ұйықтау.

  196. Дәрет алу кезінде дүниелік тақырыптарға әңгімелесу.

  197. Дәрет алу кезінде басқа адамның қызметін пайдалану.

  198. Суды бетке шашып жуыну.

  199. Дәрет алу үшін суды қажет мөлшерден көп жұмсау.

  200. Балалардың біреуін басқаларынан артық көру (егер ол оқуға ынталылығымен және тәртіптілігімен ерекшеленсе, оны қалғандарына үлгі етуге болады).

  201. Қазының немесе басшының дауласқан жақтардың біреуіне емеурін танытуы.

  202. Біреудің бақшасын рұқсатсыз аралау.

  203. Біреудің дәулетін рұқсатсыз пайдалану.

  204. Өзіне жүктелген шаруашылық амалдарды орындауға әйелдің ерінуі.

  205. Дәулеттіні оның жағдайы үшін ұлықтау және сыйлау.

  206. Бағасы одан бетер қымбаттауын күтіп, өнімді өткізуден тартыну.

  207. Қалаға апара жатқан тауарды алыпсату мақсатында жол-жөнекей ұстап қалу.

  208. Бұдан да қымбат бағаға алыпсату мақсатында бір қала үшін қажетті тауарды басқа қалаға бағыттау.

  209. Оның салмағын өткізетін тауардың салмағына қосу мақсатында тауарды ыдыспен өлшеу.

  210. Бағаны әдейі қымбаттату.

  211. Иесі тауарды қайтып алуды қалаған жағдайда, алушы оны өзі төлегеннен қымбатырақ бағамен қайтаруы.

  212. Алушы сатып алғанына өкініп, тауарды қайтаруды қаласа, оған алғанынан аз сома төлеу.

  213. Басқа сатушының тауарын қарап жатқан кезде алушыға өз өнімін ұсыну.

  214. Сатушы мен алушы баға жөнінде келісіп жатқан кезде тауардың бағасын көтеру.

  215. Айттырылып қойғанын біле тұра, қызға құда түсу.

  216. Саудаласу кезінде сауда ісіне қатысы жоқ қандай да бір шарттарды енгізу.

  217. Қымбатырақ сату мақсатында жануарды сауудан тартыну.

  218. Байлықтың міндетті түрде тазартуын орындау үшін жаман тауарды таңдау және беру.

  219. Құран оқығаны үшін, діни уағызы үшін ақша алу.

  220. Өзінің қорқақтығынан, өзіне зиян келтіруі мүмкін шамадан тыс жасқаншақ-тыққа жол беру.

  221. Ашу-ыза кернегенде шамасы жетпейтін жұмысқа кірісіп, батылдық көрсету.

  222. Жаман кісілерді кездестіргендіктен немесе жаман сөздер естігендіктен ісіміз оңға баспайды деп, ырымдау.

  223. Қулықпен жарыместерге ұқсау.

  224. Жиренбестен және ұялмастан адамдардың алдында лайықсыз, арсыз істер жасау.

  225. Рұқсат етілген тамақты қолданудан өзін ерікті түрде тежеу.

  226. Әлі келмейтін істерде өзін білгір көрсету.

  227. Адамды масқаралау үшін сұрақтар қою.

  228. Кісілердің көзінше екеуара сыбырласу.

  229. Жаңылысқан немесе абайсызда қате қылық жасаған адамға күлу.

  230. Құрметті адамдарды елемей, олардың алдында сөйлеу.

  231. Сыйлы адамдардың көзінше ұзақ және қатты күлу.

  232. Сөйлеуді талап етіп тұрған адам сөзін аяқтамай жатып, біреулердің сөз бастауы.

  233. Құрметті адамдардан озып, алдына түсу.

  234. Алдын-ала жалақысын белгілеп алмай, біреуді жұмысқа алу.

  235. Өтеуге мүмкіндігі бола тұра, қарызды қайтаруды кешіктіру.

  236. Қалған нәрсесін бергізумен борышкерді қарызын қайтаруға мәжбүрлеу.

  237. Дүниелік игіліктерді иелену мақсатында және мақтан үшін баю.

  238. Үйді өте биік салу.

  239. Үйді әсіре сәулетті етіп, әшекейлеу.

  240. Егер оның қандай да бір тілегі орындалса, бірдеме істемекке өзіне уәде беру.

  241. Өзін қаталдық пен қатыгездікке үйрету.

  242. Марқұмды бейтіне ат көлікпен немесе мәшинемен жеткізу (оны көтеру керек).

  243. Марқұмның жаназасын мешіттің ішінде шығару.

  244. Марқұм көрге түсірілмей, жерге отыру.

  245. Көрдегі қуысты күйген кірпішпен немесе ағашпен жабу.

  246. Аса қажеттілік болмаса да екі адамды бір көрге жатқызу.

  247. Марқұмның қасында күліп сөйлеу.

  248. Марқұмды күн батқан соң жерлеу.

  249. Әйелдерге марқұмның соңынан жүру.

  250. Бейттің қасында және бейттің үстінде намаз оқу.

  251. Әйелдердің бейттердің арасымен жүруі.

  252. Түнде зират басында от жағу.

  253. Молаларды таптау, олардың үстіне отыру.

  254. Моланың үстіне өскен шөптерді, гүлдерді немесе өсімдіктердің жемістерін алу.

  255. Молаға шатыры бар қоршау қою.

  256. Марқұмның қасында тамақ қабылдау.

  257. Бейіттердің қасында тамақтану.

  258. Құбыла жаққа түкіру немесе сіңбіру.

  259. Аяқтарды Құбыла жаққа созып отыру.

  260. Жақсы сөздер жазылған қағаздарға немкетті қарау, бүлдіру, ластау.

  261. Тұраққа (демалуға) тұрғанда жануардың үстінде отыру.

  262. Аса қажеттілік болмаса да түнде жолдан қайту.

  263. Олардың дауысын, әндерін тыңдап, рахаттану үшін құстарды тор ішінде ұстау.

  264. Алған ақшаны спирттік ішімдіктерге, азғындауға және тағы сондайларға пайдалануы мүмкін кісілерге қайыр-садақа беру.

  265. Бұрын өзі берген сыйлықты қайтарып алу.

  266. Белгісіз және шариғатқа негізделмеген дұғаларды оқу және олармен адамдарды дуалау.

  267. Махабатта көмектеседі-мыс деп, ойдан құрастырылған, жалған жазбаларды өзімен алып жүру (тұмар).

  268. Шариғатқа негізделмеген жазбаларды немесе басқа заттарды жаман көзден, жын-шайтаннан сақтайды деп, өзімен алып жүру.

  269. Қажеттілігі болмаса да бөгде әйелдермен сөйлесу.

  270. Жас жігіттің егде әйелге үйленуі.

  271. Жас жігіттің әдейі бедеу әйелге үйленуі.

  272. Қызды егде, арсыз адамдарға күйеуге беру.

  273. Аса қажеттілігі болмаса да тыйым салынған дәрмектермен емделу.

  274. Егер ол өзін айттырған адамға күйеуге шығуға уәделескен жағдайда, кәмелетке толған қыздың некелесуін себепсіз кешіктіру.

  275. Науқасты ас қабылдауға мәжбүрлеу.

  276. Қонақты күшпен тамақ ішуге мәжбүрлеу.

  277. Балаға мағынасыз, екіжүзді, әдепсіз аттарды тағу.

  278. Балаға аса жоғары мәнге ие есімді қою.

  279. Мұхаммед есімді адамға пайғамбардікі сияқты қосалқы аттарды тағу.

  280. Қажылықтың уақыты келмей тұрып, ерте бастан қандай да бір салт жорасын орындауға кірісу.

  281. Шағбан айының отызыншы күні, бұл күннің рамазан айының басталғандығы болып табылатыны күмәнді кезде ораза ұстау (әдетте, ораза ұстауды жаңа ай анық көрінген күннен бастайды).

  282. Үгіт арқылы адамды бейтарап күйден қарама-қарсы жақты қабылдайтын күйге жеткізу.

  283. Саудаға күн шықпай кірісу.

  284. Бауыздалған соң ішек-қарны ақтарылмай, бір тәуліктен артық жатып қалған жануардың етін тамаққа қолдану.

  285. Жуынды-шайындымен қоректенетін жануардың етін қолдану.

  286. Жуынды-шайындыммен қоректенетін жануардың сүтін ішу.

  287. Алайда, егер жануар бұрын ондайлармен қоректенбесе, олар үшін кепілдік кезең белгіленеді, содан кейін олардың еті де, сүті де тамаққа жарамды болады: түйе үшін бұл -40, сиырға – 20, қойға – 10, тауыққа – 3 күн.

  288. Тірі малды етке айырбастау.

  289. Жануарларды шағылыстырғаны үшін ақы алу.

  290. Өнімді өлшемей, көп-көптен айырбастау.

  291. Өзіңнен артылатын суды сату.

  292. Шариғатты негізге алмай, әйелдің күйеуінен некені бұзуды өтінуі.

  293. Бұдан да жақсысын қарымтаға алуды ойлап, сыйлық, жәдігерлер сыйлау.

  294. Көгершіндермен ойнау.

  295. Адамды мазалау, оның орнына отыру.

  296. Қатар отырған екі адамды мазалап, олардың араларына отыру.

  297. Қатар кетіп бара жатқан екі әйелдің ортасынан өту.

  298. Марқұмға мақтауы жеткізілген құлыптас қою.

  299. Қажеті болмаса да аралап жүріп, құлыптастарды оқу.

  300. Күнкөріске қаражат табу үшін біреудің тиын-тебенін өзіне тарту қаупі бар кәсіппен айналысу.

  301. Мақтан үшін қандай да бір іс істеу.

  302. Мақтаусүйгіш адамды әдейі мақтау.

  303. Құр мақтаулармен әуестену.

  304. Біреуді ызаландыру үшін қандай да бір іс жасау.

  305. Сол туралы сұрастырумен адамның қайғысын есіне түсіру.

  306. Әйелінің қыз туғанына қайғыру.

  307. Біршама сәнденіп, науқастың көңілін сұрауға бару.

  308. Науқасының ауыр екенін хабарлау арқылы науқасты шошыту, көңіл-күйін бұзу.

  309. Науқаспен көп сөйлесу.

  310. Науқастың қасында көп отыру.

  311. Бүркітті аң аулауға үйреткен кезде тірі жандыларды қинау.

  312. Жұмыс істеп жатқан адамның қасына барып, әңгіме-дүкен құру.

  313. Жиі қатынаумен адамның мазасын алу.

  314. Үнемі аңшылықпен айналысу.

  315. Түнде аңға шығу.

  316. Сүнеттке қатысты қандай да бір істі орындамау.

  317. Салт жорасына кіретін қандай да бір мәкруһты жасау. Мысалы: намазда – 70, дәретте – 10, оразада – 10 мәкруһ.


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау