63
ішкі жүйеде болатын құбылыстар. Оған жататындар: тұтыну, инвестициалау және үкімет
саясаты. Экономикалық жүйенің өзіне тән ішкі факторлардың әсерінен болатын циклды
түсіндіретін теорияны интериалды теория деп атайды. Синтезді көзқарас – бұл цикл
негізінде сыртқы және ішкі факторлар жинақталып қаралады. Экономикалық циклдардың
ұзақтығына байланысты мынадай түрлерін айқындауға болады: 1. Қысқа мерзімді
циклдар. Бұларды Д.Ж.Китченнің циклдары деп атайды. Ол циклдың ұзақтығын
алтынның дүниежүзілік қорларының ауытқуларымен байланыстырған, ал циклдың
ұзақтығын үш жыл, төрт айға теңеген.
2. Орташа мерзім циклдары. Бұл К.Жуглярдың циклдары атауын алған. Ол экономикалық
циклдың себебін ақша айналымының сферасымен, нақтылап айтқанда, несиемен
байланыстыра қараған. 3. Құрылыс циклдары немесе С.Кузнец циклдары. Ол
экономикалық циклдың себептерін тұрғын үйлердің және өндіріс ғимараттарының белгілі
бір жаңалау кезеңдерімен байланыстырған. 4. Н.Д.Кондратьевтің үлкен циклдары,
инфрақұрылымның жаңа элементтерінің құрылуына жеткілікті капиталдың қолданылуы,
жиналу және таралу механизмімен байланысқан. Қызмет етудің ең ұзақ мерзімі көпірлер,
жолдар, ғимарататтар және басқа инфрақұрылым элементтері болады. Оларды құруға,
капиталды қордаландыруға көп уақытты қажет етеді. Бұл 48-50 жылдар ұзақтығындағы
циклдар. Осыған байланысты экономикалық дағдарысқа былайша анықтама беруге
болады. Экономикалық дағдарыс – бұл, өндірісте және рынок қатынастарындағы қалыпты
байланыстардың ысырысы болмауы мен жойылуы, үзілуі қоса жүретін шаруашылық
жүйедегі тең салмақтылықтың орасан зор бұзылуы. Бұл дамудың соңғы нәтижесінде
экономикалық жүйенің біртұтас қызмет істеуінің бұзылуы басталады. Дағдарыстың
барлық көптүрлілігін мынадай үш түрлі негіздемелер бойынша жіктеуге болады. Бірінші
негіз – шаруашылық жүйесіндегі тең салмақтылықтың бұзылу ауқымдары бойынша
жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды. Сирек түрі экономиканың
белгілі бір саласын немесе сферасын қамтиды. Екінші негізге – экономикалық тең
салмақтылықтың бұзылу тұрақтылығы. Кезеңді, мерзімді дағдарыстар белгілі бір уақыт
ішінде қайталанады. Аралық дағдарыстар толық іскерлік циклдың басталуына мүмкіндік
бермейді және белгілі бір фазада үзіліс табады. Бұл дағдарыс тайыздау және қысқа
мерзімді болады. Тұрақсыз, жиі емес дағдарыстар өзінің пайда болу ерекшеліктерімен
байланысты. Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының саласын қамтиды және өндіріс
жүйесін өзгертеді, қалыптасқан шаруашылық байланыстарын бұзады. Аралық
дағдарыстар – бұл ауылшаруашылық өнімдері сатылуының кілт тоқтатылуы.
Ауылшаруашылық өнімдері бағаларының төмендеуі. Аралық дағдарыстың пайда болуы
мен негізгі белгілері: ауылшаруышылық тауарларының сатылмалы қорының өсуі, оларға
бағаның кемуі, өндіріс көлемінің құлдырауы, өсуі, еңбекақының кемуі. Аграрлық
дағдарыс көбінесе, ұзақ және тоқырамалы болады. Циклдік сипаттамасы байқалмайды.
Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалар арасында қалыптасқан қатынастардың
бұзылуымен байланысты. Мысалы, 70-ші жылдардың ортасында шикізаттық және
энергетикалық дағдарыстар пайда болады. Дағдарысты жіктеудің үшінші негізі – ұдайы
өндіріс прапорциясының бұзылу сипаты бойынша айырмашылығы. Мұнда дағдарыстың
екі түрі айқындалады. Тауарды артық өндіру дағдарысы – артық өндірілген қажетті
заттардың сатылмауы.
Тауарды қажетті мөлшерде өндірмеу дағдарысы – төлем қабілеті бар сұранысты
қанағаттандырмауында. Қоғамдық өнімді өндірудегі ұлғаймалы ұдайы өндірістің
дамуына әсер еткен бірінші фактор – бұл, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми
техникалық революция. ҒТР әсерімен дағдарыстың барысы өзгеріп, оның жаңа түрлері
пайда болып дамиды. ҒТР бір жағынан ғылым нәтижесін көбірек сіңірген өндіріс саласын
өмірге әкеледі (микроэлектроника, робот жасау, нанотехнология). Бұлар дағдарыстық
құлдырауға көнбейтін салалар. Екінші жағынан, ҒТР өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында
(көмір, қара металлургия) құрылымдық дағдарыстың пайда болуына себеп болады.
Құрылымдық дағдарыстың мерзімі ұзақтау болады. Ескі дәстүрлі салалардағы тоқырау
64
және құлдырау процесстері тек қана техникалық және технологиялық артқа қалу мен ғана
емес, сонымен қатар тиімділіктің төменгі дәрежесімен, пайда алудың орнына зиян
шегумен байланысты болады. Мұндай дағдарыстан шығу артта қалған салаларды
жаңаланған жоғарғы тиімділік беретін техникамен технологияларды қолдану арқылы
жүргізіледі. Сонымен қатар, ҒТР негізгі капиталдың айналымын тездетуге елеулі әсер
етті, ескі техниканы жаңа, жетілген техникамен ауыстырып тездетілді. Осының
салдарынан дағдарыстың мерзімі тездетілді – 10-12 жылдың орнына 5-6 жыл ішінде
қайталанды. Қоғамдық өнімді өндірудегі ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуына әсер еткен
екінші фактор мемлекеттің шаруашылықты дамытуға, макроэкономикалық процесстерді
тұрақты дамытуға, кедергі келтіретін дағдарыстың бұзғыштық күшін әлсіретуге
бағытталған белсенді араласуы болды. Батыс елдерінде циклге және дағдарысқа қарсы
саясат жүргізуде үлкен тәжірибе жинақталған. Нәтижесінде дағдарыстардың бұзғыштық
күш әрекеттері әлсіреді, циклдің іс-белсенділігі кейбір дәстүрлі фазасынсыз біркелкі даму
мен құлдыраудың тереңдігі, көтерілудің биіктігі азайды. Барлық экономикалық
дағдарысқа ұдайы өндіріс жүйесінің тез бұзылуынан басталады, оған өндірісаралық
(нарықтағы тауар сұранысы) және халық тұтынуы (төлем қабілеттілік сұранысы)
байланыстарының теңелмеушілігінен пайда болады. Экономикалық цикл – кезеңдік
көтерілу, өрлеу және іскерлік белсенділіктің басылуымен көрінеді. Тербеліс болуының
нәтижесі әртүрлі белсенділік көрсеткішетерін сипаттайды: ЖҰӨ өсуінің қарқыны, жалпы
сату көлемі, жалпы баға деңгейі, жұмыссыздық көлемі т.б. Негізгі цикл болып ЖҰӨ өсу
қарқыны теңселуі кезінде экономикалық 4 фазадан тұрады: жандану, өрлеу, бум
(ағылшын тілінен аударғанда – гүлдену), депрессия, төмендеу, күйзеліс. Төмендеу,
күйзеліс сипаттамасы: - алдымен қор жойылады, өндірістік инвестиция қысқарады; -
еңбекке сұраныс азаяды; - тауар бағасының өсуі төмендейді;
- табыстың тез түсуі байқалады. Максималды басылу. Басылу фазасы, рецессия және
депрессия болып екіге бөлінеді. Рецессия (күйреу) – бұл ұлттық өндіріс көлемінің
басылуы, 6 ай және одан да ары жалғасады. Депрессия ( күйзеліс) – бұл жоғары
жұмыссыздықтың өсуімен біраз жылға созылатын ұлттық өндіріс көлемінің басылуы.
Өрлеу сипаттамасы басылудың қарама-қайшы жағы. Барлық болып жатқан құбылыс
қарама-қарсы бағытта жүреді. Гүлдену сипаттамасы – іскерлік, белсенділік шыңы.
Экономика өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді. Қысқа, орта мерзімді циклдар.
Қысқа мерзімді. Нарықтық сұраныстың тауармен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы:
қысқа, ұзақ мерзімде. Орта ұзақтық цикл. Құрал жабдыққа, құрылысқа сұраныстың
өзгеруімен байланысты ауытқу. Капиталдың күшею жолымен жаңаруы 8-12 жылға
созылады. Ұзындық уақыты 10-15 жыл негізгі капиталдың қызмет ету уақыты сияқты.
Ұзақ мерзімді цикл 40-60 жылға созылады. Өндірісте технологиялық тәсілдің бір түрден
екінші түрге өту ауытқуы. Қазіргі замандағы нарықтық экономикаға мемлекеттің әсер етуі
арқылы экономикалық цикл, дағдарыстың тереңдігі мен жиілігі, циклдің фазаларының
ұзақтығы және олардың ара- қатынастары өзгереді. Мемлекеттің экономикалық циклге
әсер етуінің әдіс-тәсілдері несие- ақша, бюджет салық жүйелері, тұрғалары болып
табылады. Дағдарыс кезеңінде мемлекеттік шаралар: өндірісті ынталандыру, көтерілу
кезеңінде: оны тежеу, ұстау болып табылады. Мәселен, экономиканың «қыздырылуын»
әлсірету мақсатында мемлекет циклдің көтерілу фазасында несиені қымбаттатуға әсер
етеді, салықтардың жаңа түрін енгізеді, ескі салықтарды көтереді, тездетілген
амортизацияны және жаңа инвестицияға арналға салықтың жеңілдіктерін алып тастайды.
Дағдарыс циклінде қарсы бағытталған мемлекеттің саясаты инфляцияға қарсы саясатқа
ауыстырылды. Инфляция қазіргі экономикалық циклдің құрамдас бөлігі болып
есептелінеді, ол экономиканың циклдік қозғалысына әсер етіп, циклдік механизмін
өзгертеді. Бұл өзгеріс бағаның нарықтық сұранысының дағдарыстық тарылуына,
әлсіреуіне әкеледі. Инфляцияның өмірдегі көрінісі – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы
көріністі Американдық ғалым және публицист Д.Ж.Гельбрит «ақшаның тауарды қууы»
деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі – айналымдағы ақша массасы мен сатылуға
65
тиісті тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Бұл диспропорция, біріншіден, өндірістің
күрт қысқаруынан, екіншіден айналымдағы тауарлар массасының аздығына қарамастан,
мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Болып жатқан инфляцияны әлсіретудің (тоқтатудың) бір амалы ретінде үкімет ұлттық
банкпен бірлесіп, инфляцияға қатаң қаржы-несие саясатын жүзеге асыруда,
кәсіпорындарының салық ауыртпалығын төмендету және нарықты қайта құруды жүзеге
асыруға арналған мемлекеттің шығынын инфляциясыз арттыру бағытына біртіндеп
көшіруді ескере отырып, жалғастырды. Коньюктураның циклдік толқуынан болатын
бағаның өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту
барысында (әсіресе, ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басы кезіне тән «классикалық түрі») бағалардың
динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен
депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдік толқулардың тағы бір
көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның
инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді.
Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып
кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс
материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толтыру барысында,
баға төмендеуі тиіс. Қорытып айтқанда, нарықтық экономиканың циклдік дағдарыс
арқылы өзін-өзі реттейтін механизмі мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырылады.
Өйтсе де, циклді мемлекеттік реттеудің өзі де дағдарысқа ұшырауда. Бұл қазіргі
замандағы циклдік дағдарыстардың ерекшеліктері. Осының салдарынан мемлекеттің
экономикалық қызметтері экономиканың тұрақсыз дамуының қосымша себептеріне
айналды.
Бақылау сұрақтары:
1. Нарықтық экономиканың циклдік дамуындағы теориялық көзқарастар.
2. Экономикалық дамудың циклдік сипатының мазмұны мен түсінігі.
3. Экономикалық ауытқудың фазалары.
4. Дағдарыс, тұтыну, жандану, өрлеу.
5. Экономикалық ауытқулардың түрлері.
6. Экономикалық ауытқулардың себептері мен факторлары.
7. Экономикалық ауытқулардың түрлері.
8. Дағдарысты жіктеудің негіздері.
9. Экономикалық ауытқуларға мемлекеттің әсер етуінің әдіс-тәсілдері.
12 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1. ЖІӨ ... соммасы ретінде есептелуі мүмкін
A) тұтыну, инвестиция, мемлекеттік шығындар, таза экспорт
B) тұтыну, трансферттік төлемдер, жал ақы, пайда
C) инвестиция, жал ақы, пайда, аралық тауарлардың құнының
D) ақырғы тауарлардың құны, аралық тауарлардың құны, трансферттік төлемдер,
арендалық төлемдер;
E) ішкі таза өнім және қолдағы жеке кіріс
2. ... жалпы шығындардың компанеты болып есептелмейді
A) мемлекеттік шығындар
B) инвестициялар
C) тұтыну шығындары
D) салықтар;
E) таза экспорт
3. Дамыған елдерде ЖІӨ құрамында айрықша үлесі:
А)
тұтынушылық шығындарда;
B)
инвестициялық шығындарда;
66
C) мемлекеттік шығындарда;
D)
таза экспортта.
E)
бұндай статистикалық мәліметтер жоқ.
4. Ағымды тұтыну шыындарына ... сатып алуы жатпайды
A) гамбургенды
B) тонды
C) театр билетін
D) тіс пастасын;
E) аталғаннын барлығы ағымды тұтынуға жатады
5. Ұзақ мерзімді тұтыну тауарларына ... жатпайды
A) компьютер
B) көлік
C) жиһаз
D) тон;
E) аталған барлығы ұзақ мерзімді тұтыну тауарлары деп аталады
6. Ұзақ мерзімді тұтыну тауарлар шығындарына ... сатып алуы жатпайды
A) жаңа тоңазытқыш
B) жаңа пәтер
C) жаңа кіпат шкафы
D) жаңа бала велосипеды;
E) аталған барлығы ұзақ мерзімді тұтыну тауарлары деп аталады
7. Азаматпен экологиясы таза ауданда 300 мың доллар тұратын котеджжі сатып алу:
А)
жалпыланған тұтынушылық шығындарды 300 мың долларға ұлғайтады;
B)
жалпыланған тұтынушылық шығындарды 300 мың доллардан артық ұлғайтады,
өйткені болашақта азамат мемлекетке жер салығын төлеуге міндетті болады;
C)
жалпыланған тұтынушылық шығындарды 300 мың доллардан төмен ұлғайтады,
өйткені аталған мүлікті жалға беріп ренталық табыстарды алуға болады;
D)
жалпыланған тұтынушылық шығындарды өзгертпейді;
E)
жалпыланған тұтынушылық шығындарды 300 мың долларға ұлғайтады - минус
мүліктіқ салық.
8. Азамат зейнеткерлікке шыққанда тұру үшін ұй сатып алады, онда бұл операция ...
мөлшеріне әсер етеді
A) тұтынушылық шығындар
B) инвестициялар
C) мемлекеттік шығындар
D) таза экспорт;
E) тура айтуға болмады
9. Егер нан өндіріліп, бірақ болашақта сату үшін қалдырылса, онда бұл жағдайды қалай
сипаттауға болады:
А)
ақшаны текке жұмсау;
B)
жинақтау;
C) болашақтағы жинақтау;
D)
негізгі капиталға инвестициялау;
E)
қорларға инвестиция.
10. Аталған операциялардың қайсы инвестиция деп есептелмейді:
А)
өздеріміз тұрамыздеп жан ұямен салынған ұй;
B)
келесі жылда сату мақсатымен көліктерді сатуымен айналысатын дилер осы жылғы
бірнеше модельдерді қорға бағыттайды;
C) азамат антикварды жиһаздың бірнеше данасын сатып алады;
D)
фирма компьютер сатып алады;
E)
фермер өзінің фермасына жануарларды сатып алады.
67
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Әубәкіров Я.Ә. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2005
2. Акимбеков С. Экономикалық теория, Астана, 2000
3. Нүрпейсов Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері.- Ақмола, 2004
4. Мауленова С.С., Құдайбергенов Е.К., Бекмолдин С.К. Экономикалық теория: оқу
құралы. Алматы, 2004
5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы
экономикалық теория.– Ақтөбе, 2004
6. Акимов, Ж. М. Нарықтық қатынастар арқылы кәсіпкерлердің балық өнімдерін
арттыру [Текст] / Ж. М. Акимов // АльПари. - 2007. - № 1. - С. 243-244
7. Әбдіқалық, Айнур Әлеуметтік саясат мураты-әлеуметтік әділдікте. [Текст] / Айнур
Әбдіқалық // Ақиқат. - 2007. - № 11. - С. 20-23.
8. «Ақша, несие, банктер» авт: Саниев. Алматы 2001 жыл. Алматы
статистика және басқару институты. 442 бет
9.Жамишев «ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы шенберіндегі
әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары». Қоғам ж/е Дәуір-2009 № 3 бет 34-37
10. Ихданов Ж.О., Омарбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті
мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002 – 218 бет.
11. Мақыш, С. Б. «Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар өңірдің экономикалық
және әлеуметтік дамуының "локомотиві" бола ала ма ? [Текст] / С. Мақыш // Ақиқат. -
2008. - № 1. - бет 20-25.
12. Сабыров «Қазақстанның әлеуметтік дамуының қазіргі кездегі қарқыны» Қоғам
ж/е дәуір 2008 номер 3 бет 57-60
13. Сабден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Қазақстан баспасы,
Алматы, 1997 жыл.
14. Сейткасымов А.К. «Кәсіпорын экономикасы» 2005 жыл.
15. Тасқымбаева , Р. Б. Орта ғасырдағы әлеуметтік-түлімдік ойларды оқу-тәрбие
үрдісіне ендіру мәселелері [Текст] / Р. Б. Тасқымбаева // Білім = Образование . - 2008. -
№ 3. - С. 48-49.
16. Төреғожина М.Б. Экономиканы реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика
2008 -206 бет
17. Ілиясов Қ.Қ. "Қаржы" Алматы /Экономика/ 2005ж
18. Ходжаниязова Ж.Т. Нарықтық экономика негіздері: Оқулық. – Астана: Фолиант
2007. – 168 бет.
19. Шөптибаева , Г Инновациялық даму кезеңіндегі адам капиталын
қалыптастырудың әлеуметтік мәселелері [Текст] / Г Шөптибаева // САЯСАТ - POLIСЇ. -
2008. - № 5. - С. 96
20. Осипова Г.М. Экномикалық теория негіздері.- Алматы, 2002.
Document Outline - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- Оқу құралы
- Жахеева Мәдина Бөкейқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
- A) Жай ұдайы өндіріс.
- B) Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- A) Мемлекеттiк органдардың қажеттi мөлшерде баға белгiлеуге араласуы.
- B) Монополды бағаларды реттеу.
- C) Филиалдары бар жекеленген iрi кәсiпорындағы баға белгiлеу.
- D) Мемлекеттiк органдардың өндiрiс және айналыс шығындары негiзiнде бағаның қалыптастыруы.
- БӘСЕКЕ ТҮРЛЕРІ
- ТАЗА БӘСЕКЕ
Достарыңызбен бөлісу: |