Қадалы іргетас (свайные фундаменты) – жүктемені берік топыраққа беруге арналған құралым. Өз кезегінде қадалардан жəне оларды біріктіретін ростверктен тұрады.
Олардың көлденең қима тұрақты (цилиндр жəне призма түрінде) жəне ауыспалы (конус жəне пирамида түрінде) болып келеді.
Қадалық іргетас түзетін қадалардың жоғарғы ұшы берік арқалықпен немесе тақтамен бекітіледі, бұл қадалардың жо- ғарғы бөлігі олардың көлденең бағытта қозғалуына кедергі келтіреді жəне ғимараттан түсетін салмақ қысымының барлық қадаларға берілуін қамтамасыз етеді.
Қадалардың ұшын байланыстыратын мұндай арқалық (тақта) топтама (ростверк) деп аталады.
Ростверк – қадалы іргетастың жоғарғы бөлігіндегі бетон немесе темірбетон тақталар немесе арқалық түріндегі құралым- ды айтады, ол қадаларды бір тұрақты жүйеге біріктіреді жəне жүктемені қадаларға беруге қызмет етеді. Оны қада материа- лына жəне жерасты суының деңгейіне байланысты ағаштан, бетоннан жəне темір-бетоннан жасайды.
Қадалы іргетастар, негізінен, қатты топыраққа тірелетін қадаларға орналастырылады. Мұндай қадалы іргетастар тірек- қадалардағы іргетастар деп аталады.
Суретте қадалы іргетастардың түрлері (тірек жəне аспалы қадалар) көрсетілген.
4.2.6-сурет. Қадалы іргетастардың түрлері
Қаданың төменгі ұшы үнемі қатты топыраққа тірелмейді жəне олар жұмсақ сығылған топырақтарда ілініп тұрады.
Мұндай іргетастар аспалы қадалардағы немесе бүйірлік биіктігі жағынан үйкелістегі қадалардағы іргетастар деп ата- лады.
Кағылмалы темірбетон қадалар мен қабыршақ-қадалар не- ғұрлым кең таралған. Ұзындығы 3...24 м болатын, мөлшері 200x200, 400x400 мм тұтас шарты қималы призмалы темір- бетон қадалар жиі қолданылады. Алдын ала кернеусіз темірбетон қадаларды үзындығы 3...16 м. етіп, ал, алдын ала кернелуі - ұзындығы 16 метрден астам етіп дайындайды.
Есептеу бойынша, қадаларды диаметрі 12...22 мм болатын А300 (А-ІІ)* класты ыстық күйінде тапталған бойлық арматура шабықтарымен жəне бас ұшын көлденең арматурамен шиыршық сымдармен, торлармен арматуралайды, сондай-ақ диаметрі 5...6 мм A240 (А-І)* класты ілмекпен қамтамасыз етеді.
Тікелей ұңғыға орналастырылатын толтырмалы қадалар негізгі үш түрге бөлінеді:
бұрғылау арқылы қабықшасы алынатын қадалар. Ұңғыны тазартқаннан кейін шеген құбырды біртіндеп шығара отырып, ұңғыға бетон құйып толтырады;
топыраққа табандығы бар қабақшасы қағылатын ол толтырылғанда қайта алынатын қадалар;
бірінші тəсілмен салыстырғанда, табандық жерде қалады;
қабықшасыз қадалар, ұңғының беті топырақтың байланыстылығы арқылы қалпында сақталады.
Сондай-ақ тапталған темірден жасалған қадалар, бұрандалы қадалар, қағылғаннан кейін бетонмен толтырылатын құбырдан жасалған қадалар, сондай-ақ көтеруші қабілеті жақсартылған, құрылым пішіні мен мөлшері əртүрлі қадалар мен қабыршақ
-қадалар да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |