4.2.7-сурет. Қағылмалы темірбетон қадалар
Тұтқарлы (анкерлі) іргетастар. Кейбір жағдайларда, мы- салы, жартасты жəне жартылай жартасты топырақтарда ірге- тастың ерекше түрі – тұтқарлы іргетасты қолданған дұрыс. Олар іргетас табанындағы сығылатын жəне созылатын кернеу- лерді қабылдай алады.
Терең салынған іргетастар. Кейбір жағдайларда іргетас ашық қазба шұңқырда емес, жердің түбінде төселеді.
Мұндай іргетасты қажетті тереңдікке дейін жеткізу оның астын қазу жолымен жүргізіледі. Кейде іргетас алдын ала қа- зылған бос қуысқа төселеді, мұндай жағдайда түсірілмелі құдықтар мен тіктөбеойықтар қуысына түсіріледі.
Мұндай іргетастардың бəрі терең салынған іргетастар деп аталады, өйткені олардың табанының топыраққа ену тереңдігі көбінесе олардың жоспардағы мөлшерінен бірнеше есе асып түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |