«назарбаев зияткерлік мектептері»



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет4/18
Дата31.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
#18534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

10 

 

әзірлеуге,  эксперименттер  мен  инновацияларды  байқаудан  өткізуге 



белсенді қатысуға мүмкіндік береді.  

 

2.6 

Есептілік 

 

ДББҰ  қызметі  туралы  есептерді  басқарушы  органдарға  және 



жұртшылыққа мынадай қағидаттарға сәйкес ұсынады: 

 



ашықтық; 

 



еркін қолжетімділік; 

 



нәтижеге бағдарлану. 

Осы  Даму  стратегиясына  қосымша  ДББҰ  өз  ресми  сайтында 

www.nis.edu.kz 

жарияланатын  жоспарлар,  қызметі  туралы  жыл  сайынғы  есеп 

жасайды.  

Мектептердің  есептері  Зияткерлік  мектептерді  дамыту  жоспарларына 

негізделген. Олар талқылау үшін мектептің Қамқоршылық кеңесіне, Ата-аналар 

комитетіне,  сондай-ақ  басқа  да  кеңестерге  беріледі.  Барлық  есептерді 

Зияткерлік мектептердің сайтынан алуға болады.  

 

 





СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР 

 

3.1 



Сабақ беру және оқыту 

 

Қазақстандық  және  әлемдік  білім  беру  жүйелерінің  үздік  дәстүрін 



үйлестіретін  мектепте  білім  берудің  инновациялық  моделін  қалыптастыру 

қазіргі заманғы білім берудің объективті қажеттілігі болып табылады. Осындай 

модельді  жасау  білім  беру  мазмұнын,  оқыту  әдістемелерін,  оқу  жетістіктерін 

бағалау  қағидаттарын,  қалыптасқан  мектеп  құрылымын,  өзара  қарым-қатынас 

жүйесін өзгертуді талап етеді.   

 

3.1.1 Білім беру модельдері 



 

Зияткерлік мектептер 2 білім беру моделін іске асырады: 



Біріншісі – ДББҰ-ның стратегиялық әріптесі  Кембридж университетінің 

Халықаралық  емтихан  кеңесімен  бірлесіп  әзірленген  жаратылыстану-

математика бағытындағы Интеграцияланған білім беру бағдарламасы; 

Екіншісі – Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы

Зияткерлік мектептерде оқыту 1-кестеде берілген білім беру деңгейлеріне 

сәйкес ұйымдастырылған.   

 

1-кесте. Зияткерлік мектептердің білім беру деңгейлері  

 



11 

 

ДЕҢГЕЙЛЕР 



ЖАСЫ 

СЫНЫПТАР 

Бастауыш мектеп 

3-5 жас 

Балабақша  (кіші,  орта  және 

жоғары топтар) 

6-11 жас 

1-5-сыныптар, 

бастауыш 

сыныптар  

Негізгі мектеп 

12-16 жас 

6-10-сыныптар 

Жоғары мектеп  

17-18 жас 

11-12-сыныптар 

 

Бұл  деңгейлерде  оқушылардың  есею  кезеңдері,  дамуындағы  жас 

ерекшеліктері,  олардың  тану  мүмкіндіктері,  сондай-ақ  әлемдік  білім  беру 

практикасында білім беру процесін ұйымдастырудың оң тәжірибесі ескерілген. 



Бірінші  білім  беру  моделі  жаратылыстану-математика    бағытындағы 

Интеграцияланған білім беру бағдарламасын  екі құрылымда іске асырады.  

1-құрылым  білім  берудің  үш  деңгейін  көздейді:  бастауыш,  негізгі  және 

жоғары  мектептер.  Ол  Талдықорған  және  Көкшетау  қалаларының  Зияткерлік 

мектептерінде енгізіледі. 

 

2-кесте. 1-білім беру моделі: 1-құрылым 

 

Екінші  құрылым  екі  деңгейді  көздейді:  негізгі  және  жоғары  мектептер 



және барлық қалған Зияткерлік мектептерде енгізіледі. 

 

3-кесте. 1-білім беру моделі

: 2-құрылым

 


12 

 

 

Интеграцияланған  білім  беру  бағдарламасы  Кембридж  университетінің 

Халықаралық  емтихан  кеңесімен  (CIE),  Кембридж  университетінің  білім  беру 

факультетімен (FoE) ынтымақтастықта әзірленеді. 

Интеграцияланған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері: 

Бастауыш мектеп 

Балабақшадан және бастауыш сыныптардан (1-5-сыныптар) тұрады. 

Баланың  білуге  құмарлығы,  ойын,  жобалау  және  танымдық  қызмет 

арқылы баланың жеке басын дамытады. 

Бастауыш мектепте оқуға қажетті ептілік пен дағдыны дамытады. 

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытады. 

Жаңа  интеграцияланған  пәндер  енгізіледі:  «Ғылымға  ену»,  «Әлемді 

тану», «АКТ», «Өнер». 



Негізгі мектеп  

Математика мен жаратылыстану ғылымдарын тереңдетіп оқу. 

Екінші  тілде  оқытатын  бірқатар  пәндер  енгізіледі:  «Қазақстан  тарихы», 

«География»,  «Құқық  негіздері»  қазақ  тілінде,  «Дүниежүзілік  тарих», 

«Информатика», «Дене тәрбиесі» орыс тілінде. 

«Өнер» жаңа интеграцияланған пән енгізіледі. 

Ағылшын және бірінші тілдерде командалық сабақ беру енгізіледі. 

Жоғары мектеп 

Стандартты және тереңдетілген деңгейде оқу үшін пәндерді таңдап алу. 

Математика мен жаратылыстану ғылымдарын тереңдетіп оқу. 

Кәсіби бағдар (CareerBuilding). 

Жаңа  интеграцияланған  пәндер  енгізіледі:  «Қазіргі  заманғы  әлемдегі 

Қазақстан»,  «Жаһандық  перспективалар  мен  зерттеулер»,  «Экономика», 

«Әдебиет». 



13 

 

Академиялық  қазақ  және  орыс  тілдерін  дамытуға  көңіл  бөлінеді, 



ағылшын тілінде оқытуға мән беріледі. 

12-сыныптың  түлектері  Жоғары  мектепті  бітіргені  туралы  аттестат,  ҰБТ 

сертификатын,  сондай-ақ  халықаралық  емтихандар  сертификаттарын    (IELTS, 

бітірушілердің тілегі бойынша TOEFL, SAT I, SAT II және басқалары) алады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  2015  жылдан  бастап  12 

жылдық оқытуға көшу көзделген.  

Зияткерлік  мектептер  12  жылдық  оқытуға  көшуді  2010  жылдың 

Интеграцияланған  экспериментальды  білім  беру  бағдарламасына  сәйкес  2010 

жылдан  бастады,  2013  жылы  осы  бағдарлама  бойынша  12-сынып 

оқушыларының алғашқы түлегі күтілуде.  

2012  жылдан  бастап  Зияткерлік  мектептер  7  және  11-сыныптардың 

оқушыларын Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесімен (CIE) 

бірлесіп әзірленген жаңа Интеграцияланған білім беру бағдарламасы бойынша 

оқытуды бастады.   

Зияткерлік  мектептердің  барлық  сыныптарын  Интеграцияланған  білім 

беру бағдарламасына толық көшіру 2015 – 2016 оқу жылына жоспарланған.  

 

4-кесте. Зияткерлік мектептерде 12 жылдық оқытуды енгізу схемасы 

 

Деңгейлер 

Бастауыш мектеп 

Негізгі мектеп 

Жоғарғы 

мектеп 

Сыныптар  

















10 

11 

12 

2012-2013 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



К 

 

 



2013-2014 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

К 

 



 

2014-2015 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



К 

 

 



2015-2016 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ж 



 

2016-2017 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ж 



2017-2018 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

2018-2019 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



*Ж – түлектер жоқ 

**К – бірден көшу 



 

2-білім  беру  моделі  негізгі  мектеп  бағдарламасы  (MYP  –  Middle  Years 

Programme)  –  Халықаралық  Бакалавриат  (бұдан  әрі  –  ХБ)  бағдарламаларына 

және  жоғары  мектептің  Диплом  бағдарламасына  (DP  –  DiplomaProgramme) 

сәйкес  әзірленген.  ХБ  дипломын  әлемнің  102  елінде  2000-нан  астам 




жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау