«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата18.12.2017
өлшемі0,51 Mb.
#4996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

 

 

3-



сурет. Жазбаша кері байланыс үлгісі  

 

 



4-

сурет. Графикалық кері байланыс үлгісі  

 

 

 



 

 

 



 

 

Стандартты түрде жазылған сандардың  



реті?! 

21 


 




Асқар, мен жұмысты тексеріп шықтым. Орындаған жұмысыңда өрнек 

дұрыс түрлендірілген, жарайсың. 



Рақмет, мен орындауға тырыстым. 



Алайда, мен қазір біз оқыған материалға назарыңды аударғым келеді. Қазір 

біз нені оқып жатырмыз? 



Ықшамдалған көбейту формуласын. 



Иә, дұрыс. Біз оны не үшін қолданамыз? 



Өрнекті түрлендіру кезінде уақытты үнемдеу үшін. 



Дұрыс. Енді орындалған жұмысқа қарашы. Қалай ойлайсың, не қалып қойған?  



Мен квадраттың айырым формуласын ұмытыппын.   



Иә, дұрыс. Келесі жолы мұқият бол.  



Жақсы, рақмет. 

 

5-



сурет. Ауызша кері байланыс үлгісі  

 

Кері байланыс бойынша берілген мысалда мұғалім білім алушының 



жақсы  меңгерген  тұсына  ақпарат  береді  және  қатені  түзету  үшін 

тақырыптарды қайталауды ұсынады.  

 

4.1.3 

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау  

Қалыптастырушы 

бағалауды 

ұйымдастырудағы 

маңызды 

кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау 

жасау.  Қалыптастырушы  бағалау  нәтижелеріне  талдау  жасау  білім 

алушыларда  кездесетін  қиыншылықтар  туралы  ақпарат  алуға,  оның 

алдын  алу  шаралары  туралы  шешім  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  

Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

 

• 

белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;



 

• 

бөлім,  тақырыптар  бойынша  қиындықтар  туындайтын  жеке  білім 



алушыларды;

 

• 



білім  алушылар  үшін  аса  күрделі,  қиын  сұрақтар,  тапсырмалар, 

тақырыптарды айқындап береді.

 

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі 



үшін: 

• 

әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік 



бағыттағы мәселелерді анықтау; 

• 

орындалған  тапсырмалар  мен  нақты  мақсаттарға  жету  үшін 



талдау жүргізу; 

• 

талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу; 



22 

 



• 

шешімнің  сыни  нұсқаларын  қарастыру,  яғни,  мәселені  шешудің 

жоспарлылығын,  баламалылығын  (альтернативтілігін),  жетістігін, 

кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау; 

• 

мәселені  шешу,  кемшілікті  жою  үшін  өз  тәжірибесін  нақты  қалай 



өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құру; 

• 

талдау  нәтижелерін  тіркеуде  қысқа,  түсінікті  стильді  ұстану 



(күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.); 

• 

ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу; 



• 

ұжымға  көмектесу,  білім  алушылардың  қажеттілігіне  бағыттай 

отырып,  сабақтастықты  сақтай  отырып,  жүйелі  талдау  жүргізу 

ұсынылады.     

Мәліметтерді  жинау  және  талдау  жасау  үшін  мұғалімге  бақылау 

парағын,  журналды,  күнделікті,  басқа  да  қалыптастырушы  бағалау 

нәтижелерін  тіркеудің  формаларын  жүргізу  ұсынылады.  Бұл  мұғалім 

әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.  

Қалыптастырушы  бағалау  нәтижелерін  талдау  мұғалімнің  өз 

шешіміне  қарай  жүзеге  асырылатынын  және  есеп  беру  құжаттарын 

толтыруды қажет етпейтінін атап көрсетуге болады.  

 

Сондықтан  қалыптастырушы  бағалау  үдерісін  жүзеге  асыру  үшін 



мұғалім:  

• 

сыныптағы  мәдениетті  сақтауға  және  тиімді  өзара  әрекет  ету 



дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;  

• 

қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін 



және сапасын арттыруы; 

• 

кері байланыстың тиімді формасын қолдануы; 



• 

қалыптастырушы  бағалауды  қолдану  үдерісін  көрсететін  сабақ 

жоспарын құруы;  

• 

рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы 



(

білім  алушылар  жұмысының  сапасы,  бағалау  құралдарының  сапасы, 

білім  алушылардан,  әріптестерден,  кері  байланыс,  ата-аналармен 

әңгімелесу және т.б.)

 

қажет.


 

 

4.2 



Жиынтық бағалау үдерісі 

Жиынтық  бағалау  белгілі  бір  оқу  кезеңінде  оқу  бағдарламасының 

мазмұнын  меңгеру  деңгейін  тіркеу,  анықтау  үшін  жүргізіледі.  Тіркеу 

үдерісі  кезінде  оқу  бағдарламасының  мазмұнына  сәйкес  білім 

алушылардың  білімін,  дағдысын  көрсететін  дәлелдерді  жинау  жүзеге 

асырылады.  Жиынтық  бағалау  тоқсан  барысында  (бөлім/ортақ 

23 

 



тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау),  тоқсан  соңында  (тоқсандық 

жиынтық  бағалау)  және  білім  беру  деңгейін  аяқтағанда  (негізгі  орта, 

жалпы орта) жүргізіледі.   

Жиынтық  бағалау  бойынша  балл/деңгей/баға  туралы  шешімді 

мұғалім  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  қолданады.  Сонымен  бірге 

мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы 

үшін  дескрипторлар  немесе  балл  қою  кестелері  көмектеседі.  Аталған 

ақпарат  қалыптастырушы  бағалаудағы  сияқты  жоспарлау,  түзету,  оқу 

үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.  

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты 

бақылау  тапсырмаларын,  әдістерін,  кезеңдерін  көрсетіп,  оқу  жылына 

жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (5-қосымша). 

 

4.2.1 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  оқу 

бағдарламасына,  оқу  жоспарына  сәйкес  бөлім  немесе  ортақ 

тақырыптарды  аяқтаған  кезде  өткізіледі.  Аталған  жиынтық  бағалаудың 

нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке 

алынатын балдар қойылады.   

Бөлім  бойынша  жиынтық  бағалаудың  қай  сабақта  және  қандай 

формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, 

жоба,  ауызша  сауал,  эссе  және  т.б.)  өткізілетінін  мұғалім  өз  бетінше 

анықтайды.  

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын 

құрастыруды  мұғалім  оқу  бағдарламасындағы  өтілген  материалдың 

күрделілік  деңгейі  мен  мазмұнын  есепке  ала  отырып,  жүзеге  асырады. 

Тапсырмалар  оқу  мақсаттары,  бағалау  критерийлері  мен  ойлау 

дағдылары  деңгейлеріне  сәйкес  болуы  тиіс.  Жиынтық  бағалауға 

арналған  әдістемелік  ұсыныста  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша 

жиынтық  бағалау  өткізудің  тапсырмалар  үлгілері,  ұсыныс  түрінде 

берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған.  

Сапалы  бағалаудан  бөлек  жақсы  құралдардың  болуы  бағалау 

рәсімдерінде дұрыс белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты 

екенін есте сақтаған жөн. Білім алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі 

және  олардан  не,  қандай  мерзім  талап  етілетінін  білуі  тиіс.  Аталған 

кезеңде  мұғалім  білім  алушылар  «жақсы  жұмыс»  қандай  болатынын 

және  бөлім\ортақ    тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  қалай 

өткізілетінін  түсінуі  үшін  бағаланған  жұмыстар  үлгілерін  қолдануына  да 

болады.  

24 

 



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау