Мұғалімнің шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда
қолданылатын дескрипторлар анық, нақты болуы қажет. Дескрипторлар
білім алушыларда тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындықтар
туындағанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға кері
байланыс беруге мүмкіндік туғызады.
Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007)
үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны
ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау
және өзара бағалау.
Мұғалімнің бағалауы
Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау
үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды
мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі
олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана
алуына байланысты.
Өзін-өзі бағалау
Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі
бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі
бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз
бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.
Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті
және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім
алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті
қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін
анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы
тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл
сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді.
Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмек
бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына
болады (3-кесте).
15
3-
кесте. Өзін-өзі бағалауға қатысты сұрақтардың мысалы
Өзін-өзі бағалауды өткізу
мақсаты
Сұрақтар
Өз оқуына болжам жасау
Сіздің оқуыңыздың күшті/әлсіз жақтары қандай?
Өз жетістігіңізді/ нәтижеңізді/ ілгерілеуіңізді сіз
қалай бағалайсыз?
Өз оқуына жауапты болу
Сабақта оқу/күтілетін нәтижеге жету үшін сіз не
істедіңіз?
Қалай ойлайсыз, сіздің бағаңыз әділ ме?
Білімі мен дағдысындағы
кемшіліктерді анықтау
Берілген тапсырмалардың барлығын орындадыңыз
ба? Егер жоқ болса, неге орындамадыңыз?
Тапсырманы орындау кезінде ең қиын болған тұсы
қайсы?
Келешектегі оқуы үшін
нақты мақсатты анықтау
Жұмысты жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз?
Күтілетін нәтижеге жету үшін сіздің не істеуіңіз
қажет?
Өз оқуындағы өзгерістерді
қадағалау
Бұрын білмегендеріңіздің ішінен қазір нелерді
білесіз?
Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға
дәлелдер
келтіру,
өзін-өзі
бағалау
нәтижелерін
талқылау,
дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б.
арқылы да көмек беруіне болады.
Өзара бағалау
Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты
көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне
көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара
бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес,
сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.
Д.Уильям (2015) кері байланыс беруші және сыныптасының
жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте
айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау
критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы»
жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан
ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім
алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға
көбірек назар аударады.
Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация,
дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге
мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын,
16
қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім
алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала
отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады.
Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды
компоненті екенін көрсетеді.
Білім алушылардың өзара бағалау үдерісінде мұғалімнің рөлін атап
өту қажет. Мұғалім білім алушылардың өзара бағалау мақсатын
түсінетініне, сыныптағы мәдениетті сақтап, дамытатынына, өзара
бағалауда нақты болжалды ұсынатынына көз жеткізуі керек.
Мұғалімнің өзара бағалау үдерісінде жетекшілік жасауы, нұсқау
беруі ғана емес, мүмкін болатын салдарларды қадағалауы да маңызды.
Мұнда өзара бағалау білім алушылардың нәтижелерін жетілдіруге
мүмкіндік бере ме, олардың арасындағы өзара бағалауды арттыра ма
және т.б. сұрақтар қойылуы қажет.
4.1.2
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру
деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін
қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру»,
«Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе»,
«Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау»,
викториналар, сұрақтар және т.б. (4-қосымша).
Қалыптастырушы
бағалаудың
әдістерін,
оқу
әрекеттерін
ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы
орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға
болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және
топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім
тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал,
диалог, әңгімелесу және т.б.) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды
тиімді құрастыру техникасын меңгеруі, сыныпта диалогті қолдану
мәдениетін дамытуы маңызды. Сұрақтардың түрлеріне қарай көптеген
топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және
жабық сұрақтар.
Ашық сұрақтар талдауды және бағалау ақпараттарын талап етеді,
қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады.
Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің,
оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б.
Сұрақты дұрыс қойғанда өз ойын айтуға, ақпарат алмасуға,
17