30
бағдарламасының мазмұнын және қандай дағдыларды қаншалықты тиімді
игергеніне сараптама жасауда пайдалануға болады. Бұл ақпарат мұғалімдерге
болашақта оқыту үдерісін жоспарлауға көмегін тигізеді.
5.2
Өткізу жиілілігі
ІЖБ әр сыныпта әр пән бойынша тоқсанның аяғында өткізіледі. Келесі
ерекшеліктерді ескерген дұрыс:
ІЖБ 1- сыныпта өткізілмейді;
4-тоқсан аяғында сыртқы бағалауға қатысатын пәндер бойынша ІЖБ
өткізілмейді;
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша жоба жұмысы тоқсан бойы
жүргізіліп, тоқсан аяғында бағаланады;
ІЖБ «Дене шынықтыру» пәні бойынша өткізілмейді.
5.3 Ішкі жиынтық бағалаудың тест спецификациясы
ІЖБ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалында дайындалған
тестік спецификация негізінде дайындалады. Берілген тестік спецификация
ІЖБ-дың мазмұны мен құрылымын қамтиды және ІЖБ дайындауға негіз
болады. Әр пән мен сынып бойынша тестік спецификация төмендегі
ақпараттан тұрады:
дағдылар тізімі;
ІЖБ-ға, дағдылар тобына шолу;
әр тоқсандағы ІЖБ өткізудің реттілігі;
тапсырмалар түрі;
Әр тоқсандағы:
- бағалауды өткізудің ұзақтығы;
- ІЖБ бойынша бөлім, дағдылар мен сұрақ түрлеріне берілген балл
саны;
- тапсырмалар үлгісі мен балл қою кестесі.
қосымша материалдары;
өткізу ережелері;
балл қою мен стандарттау;
басқа қосымша материалдар, мысалы, қажетінше калькуляторлар.
ІЖБ берілген тапсырмалар үлгісі мен балл қою кестесі белгілі сыныпта
берілетін пәннің мазмұнын ашады және жазбаша түрде өткізіледі. Бірақ
кейбір пәндер бойынша тест спецификациясы практикалық және нақты
тапсырмаларға негізделе жасалады, тілдік пәндердегі тыңдалым мен
айтылым, «Жаһандық көзқарас пен жобалық жұмысы» пәні бойынша зерттеу
жұмыстары.
Белгілі сыныпта пән бойынша өткізілетін ІЖБ құрылымымын білу
үшін, тест спецификациясымен мұқият танысып шығу маңызды. Мұғалімдер
31
мен оқушылар осы спецификация арқылы тест үлгісімен танысып, бағалауға
тиянақты дайындала алады.
5.4
ІЖБ материалдарын дайындау
Жазбаша түрде өткізілетін немесе тест түрінде болатын пәндер
бойынша ІЖБ тест спецификациясына сәйкес дайындалған тапсырмалардан,
алдын ала жинақталған, тест спецификация құрылымына сай келетін банк
материалдарынан тұрады. Банк сұрақтары мен тапсырмалары ішкі жиынтық
бағалаудың мазмұны мен дағдыларын қамтитын орталық ресурс болып
табылады және қажетті уақытқа дейін банкте сақталады. ІЖБ-дың балама
нұсқасы ретінде мұғалімнен толық ІЖБ тапсырмаларын дайындап беру
сұралуы мүмкін.
Әрбір
ішкі
жиынтық
бағалауда
ПӨО-ны
жіберген
тест
спецификациясында көрсетілген барлық талаптардың орындалуы қажет.
Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы (МКҚ) координаторы (критериалды
бағалау бойынша директор орынбасары) мектептегі ІЖБ дайындауға
толығымен жауап береді. Ол мектеп мұғалімдеріне ІЖБ бойынша белгілі бір
жұмыс атқару керектігін хабарлайды. Бұл жеке сұрақтар немесе
материалдарға шолу, қайта қарап шығу, жұмыс сапасын бақылау мен
экспертиза жасау мен соңғы рет оқып шығу жұмыстарынан да тұруы мүмкін.
ПӨО мектептегі МКҚ-мен бірлесіп материалдар дайындауда көмек көрсету
іс-шараларын ұйымдастырады: ІЖБ тапсырмаларын экспертизадан өткізеді,
дайын материалдарға олардың сапасын жақсарту мақсатымен кері байланыс
береді.
Төменгі диаграммада ІЖБ дайындау үдерісіне қатысушылардың
атқаратын істері мен банк тапсырмаларының дайындалу кезеңдері
көрсетілген.
ІЖБ дайындау: ПӨО координаторының рөлі, МКҚ
координаторының, КБКМ координаторының/ әдістемелік бірлестік
жетекшісінің, тапсырма әзірлеушінің атқаратын рөлдері
Педагогикалық өлшеулер орталығында:
ПӨО координаторы
1.
Пәндер бойынша тест спецификациясын дайындауды
ұйымдастырады және
жазба нұсқасын мектептерге жібереді;
2.
ІЖБ тапсырмаларын мектептен қабылдайды және экспертиза жасайды;
3.
Экспертиза нәтижесін жіберіп, дайындау үдерісін үйлестіреді;
4.
МКҚ координаторынан ІЖБ тапсырмаларының соңғы нұсқасын алады;
5.
ІЖБ тапсырмалары банкін қалыптастырады және толықтырады.
32
Зияткерлік мектептерде:
МКҚ координаторы
(критериалды бағалау бойынша мектеп директорының орынбасары)
1.
ІЖБ тапсырмаларын дайындауды ұйымдастырады және үйлестіреді;
2.
ІЖБ тапсырмаларын экспертизаға ПӨО координаторына жібереді;
3.
ПӨО координаторынан
экспертиза қорытындысын
қабылдайды;
4.
КБКМ координаторына экспертиза қорытындысын
ІЖБ тапсырмаларын
өңдеу үшін жібереді;
5.
Қайта қарау үдерісін үйлестіреді;
6.
ІЖБ тапсырмаларының өңделген нұсқасын КБКМ координаторына
тапсырады;
7.
ІЖБ тапсырмаларының соңғы пұсқасын
ПӨО-на тапсырмалар
банкіне
жібереді;
8.
Материалдардың қауіпсіздігін сақтауға жауапты болады.
КБКМ координаторы/МБ жетекшісі
1.
ІЖБ тапсырмаларын дайындауды ұйымдастырады және үйлестіреді;
2.
МКҚ координаторынан экспертиза қорытындысын
қабылдайды;
3.
Экспертизаға сәйкес ІЖБ тапсырмаларын қайта қарау үдерісін үйлестіреді;
4.
МКҚ координаторына жаңа өңделген материалдарды тапсырады;
5.
Материалдардың қауіпсіздігін сақтауға жауапты болады;
6.
Модерация үдерісін ұйымдастырады және үйлестіреді.
ІЖБ тапсырмаларын дайындайтын мұғалім
1.
Тест спецификациясына сәкес ІЖБ тапсырмаларын
әзірлейді;
2.
КБКМ координаторынан/ бірлестік жетекшісінен экспертиза
қорытындысын
қабылдайды;
3.
КБКМ координаторына қайтадан өңделген материалдарды тапсырады;
4.
Материалдардың қауіпсіздігін сақтауға жауапты болады;
5.
Модерация үдерісіне қатысады.