26
Мұғалімдер сонымен қатар ҚБ-ға байланысты шешім шығару үшін
қолданылатын стандарттарды талқылайды, отырыстың бұл бөлімі
стандарттауға арналады. Мұнда орталық немесе мектептегі архивтегі
(орталық архивтің басымдылығын есте сақтау қажет) материалдар үлгісінде
жетістік критерийлері талқыланады.
Стандарттаудың мақсаты – оқушының жетістігі туралы шешім
қабылданғанға дейінгі бағалау және стандарттау үдерісінде жалпы түсініктің
бірдей болуын қамтамасыз ету. Бұл мұғалімнің қабылдаған шешмінің нақты
және сенімді екендігін қамтамасыз етеді.
Егер мұғалім белгілі пәннен беретін жалғыз мұғалім болса, ол
мектептегі басқа мұғаліммен кездесіп, жоспарлау мен стандарттау үдерісі
кезеңдерін бірге дайындайды. Бұл мұғалім әдістемелік бірлестіктің жетекшісі
немесе белгілі сыныпта берілетін пән мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы
білетін мұғалім болуы мүмкін. Олар бірігіп жоспарлауда қажетті оқу
мақсаттарына байланысты архивтегі материалдарды және стандарттарды
пайдалана алады.
Жоспарлау мен стандарттау бойынша отырыста қаралатын сұрақтар:
тоқсанға арналған оқу мақсаттарын қарастыру;
ҚБ қолданылатын және оқушыны қызықтыра алатын тапсырмаларды
анықтау;
бірнеше оқу мақсатын бағалауда қолданыла алатын тапсырмаларды
анықтау;
мақсаттарға жету арқылы оқушының ілгерілеп отырғандығын
көрсететін дәлелдемелер ойынша орта шешімге келу;
оқушының дәлелдемелерін көрсете алу шарттарын белгілеу (мысалы,
жеке орындауға және топқа арналған тапсырмалар);
ҚБ қолданылатын стандарттар бойынша келісу:
- жетістік критерийлерін талқылау;
- орталық мұрағаттағы және мектепте қарастырылған жұмыс
үлгілерін өткен жыл тапсырмаларына шолу жасау, «жетті» немесе
«талпынады» шешіміне сәйкес оқушы жұмыстарының үлгілерін қарастыру;
орындалған
жұмысты
бағалауда
қолданылатын
жетістік
критерийлерін талқылау;
қолжетімді ресурстардың тізімін анықтау;
нұсқаулық құжаттар мен оқушыға қажетті нұсқауларды қажетінше
жасау;
оқушыға берілетін кері байланысты талқылау.
Талқылауға түсетін ақпарат үлгілері мен қабылданған шешім үлгілері
1-қосымшаға енгізілген. 7-сыныпқа арналған «Дене шынықтыру» пәні
бойынша және 12-сыныпқа арналған «Информатика» пәні бойынша
мысалдар берілген.
27
4.3
ҚБ бойынша ішкі шолуға дайындық
КБКМ координаторы ҚБ байланысты қарастырылатын шешімдерді
анықтайды. Сонымен бірге, координатор ҚБ-ны қайта қарастыру
отырыстарының жиілілігін анықтайды. Кейбір пәндер мен сыныптар
бойынша тоқсан аяғында бір шолу отырысы ұйымдастырылады. Басқа
пәндер мен сыныптар бойынша тоқсан ішінде ішкі шолуға бірнеше отырыс
жоспарлануы мүмкін (әрбір шолуда тек бір немесе екі оқу мақсаты ғана
қарастырылады). Координатор бұл ақпаратты жоспарлауға байланысты
отырыс соңында немесе тоқсан ішіндегі басқа уақытта бере алады.
Отырысты өткізу үшін мұғалімдерге келесі ақпарат қажет:
қарастырылатын оқу мақсаттары саны;
мұғалімнің ішкі шолуға әкелетін дәлелдемелері (дәлелдемелер
түрлері мен саны);
қажетінше дайындалатын дәлелдемелер көшірмелерінің саны.
КБКМ координаторы бес оқу мақсатына дейін анықтап, оларды бағалау
бойынша шешім шығарады. Дәлелдемелердің жазба түрінде болуы міндетті
емес, басқа да түрдегі дәлелдемелер қажетінше сұралуы мүмкін (мысалы,
байқаулар, суреттер, моделдер, фотосуреттер және бейне материалдары –
материалды түрде болмағанда және сақтала алмайтын жағдайда).
КБКМ координаторы шолуға қажетті дәлелдемелер санын анықтайды.
Барлық мұғалімдердің оқу мақсатына жетудегі жетістік критерийлерін бірдей
түсінуін анықтау үшін орындалған тапсырмалардың саны қажетті мөлшерде
болуы қажет. Отырысқа мұғалім өз сыныбынан әр түрлі оқушылардың
жұмысынан дәлелдемелер жинайды. Бұған «жетті» немесе «талпынады»
шешіміне сәйкес оқушы жұмыстарының үлгілерімен бірге ерекше жұмыс
үлгілері мен мұғалім бағалауда сенімсіз болған жұмыс үлгілері әкелінуі тиіс.
«Жетті» шешіміне сәйкес дәлелдемелері ретінде оқушы жұмысының бірінші
нұсқасы алынады (оқушы оқу мақсатына кейін жеткен жағдайда). Егер
жұмыс бірнеше оқу мақсатының дәлелдемесі болса, әрбір оқу мақсатына
жеке тоқталу қажет. Мысалы, эссе жұмысы үш бірдей оқу мақсаты бойынша
дәлелдеме ретінде қолданылады, екеуі бойынша оқушы оқу мақсатына жете
алуы мүмкін, ал бір оқу мақсатына – талпынады.
Әр оқу мақсаты бойынша келтірілетін дәлелдемелер түрі мен саны
жоспарлау мен стандарттау отырысында талқыланады. Мысалы, егер жазба
жұмысын әкелу қажет болса, онда аяқталған жұмыс болуы керек (мысалы,
эссе, баяндама, әңгіме, хат түрі және т.б.), дайындық кезеңіндегі жұмыста
қолданыла алады. Дәлелдемелер сұрақтармен қатар берілсе, жазба
жұмысымен бірге сұрақтар мен жауаптар қосымша ретінде беріледі.
Қалыптастырушы бағалауда тапсырмалардың көпшілігі ауызша түрде
жүргізіледі. Дебаттың бөлігі ретінде сұраққа жауап беру бағалаудың түрі боп
есептеледі. Барлық ауызша жауапты бейнетаспаға түсіруді жоспарлауға
кейде мүмкіндік болмайды. Дәл осылай оқушының практикалық дағдылары
отырыста көрсетілмеуі мүмкін. Осындай жағдайлардағы дәлелдемелер
түрлері жоспарлау бойынша бекітіліп, қарастырылады. Бұл жағдайларда