ТЕХНИЧЕСКОЕ И ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
128
Сонымен, білікті, бәсекеге қабілетті, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне
сай келетін жоғары білімді құзыретті маманды қалыптастырады, құзыретті маман өз кезегінде
кәсіби бейімділігімен, шығармашылық белсенділігімен жоғары кәсіби деңгейде орындау
даярлығымен ерекшеленетін маман болып табылады. Кәсіби құзыретті болашақ бейнелеу
өнері мұғалімдерінің эстетикалық тәрбиесі үшін қолданбалы қолөнері арқылы ерекшеліктерін
анықтап, қазіргі жағдайын сараптаудың маңыздылығын ашу одан әрі жалғасын таппақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//
Егемен Қазақстан, 1996. 7 тамыз. 3 б.
4. Харламов И. Ф. Педагогика. М. , 1999.-520 с.
5. Пидкасистый П.И. Педагогика. М.: 2006.
6. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. - Алматы. 1988.-145 б.
7. Уалиханов Ш. Собр. соч. т.1. - Алма Ата, 1960.
8. Валиханов Ч. Собр. соч. т.1. - Алма Ата, 1961.
9. Алтынсарин Ы. Таңдамалышығармалар. -Алматы, 1994. - 285 б.
129
129
ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ
УДК. 377
ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУГЕ ДАЙЫНДЫҚ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
М. НАСУХАЕВ
Бейнеу политехникалық колледжі, Манғыстау облысы
В данной статье рассматриваются аспекты технического и профессионального
образования: инновационные методы подготовки конкурентоспособных рабочих
специалистов на рынке труда; специфика и преимущества дуального обучения.
Делается вывод о том, что дуальная система обучения- это одна из успешных моделей
кооперации обучения и практики. А также затрагиваются сталкиваемые проблемы
при внедрении элементов дуального обучения и предлагаются возможные пути их
решения из своего опыта, то есть применение при обучении новых отечественных
оборудований, разработанных на базе колледжа своими преподавателями.
This article discusses aspects of technical and vocational education: innovative methods
of training to professionals working on the competitive ability labor market; specifies and
advantages of the double natured training, it is concluded that the double natured system
training is one of the successful models of cooperative learning and practice. And also
addressed the problems faced in the implementation of elements of the double natured training
and offers possible solutions from my experience, that is the use in learning new domestic
equipment developed on the basic of their college professors.
Бүгінгі таңда білімді және білікті болмайынша еш нәрсеге қол жеткізе алмайтындығымызға
анық көзіміз жетті деп ойлаймын. Республика бойынша жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің
барлық салаларын қарқынды дамытатын жұмыстар жүріп жатыр. Енді оның негізділігіне,
сапалылығына, нәтижелілігіне жетуді ешқашан естен шығармауымыз керек. Бұл айтып
отырғанымды Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауларында, республикалық деңгейдегі
түрлі үлкен басқосуларда, «Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам» тақырыбындағы
мақаласында, түрлі бағыттағы берген сұхбаттарында тайға таңба басқандай қылып жүйелеп,
саралап айтып берді, алдымызға міндеттер қойды. Осы міндеттерді орындау үшін «ҚР-
ында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»
қабылданды. Енді бізге, барша Қазақстандықтарға не қалды, уақытында сапалы, нәтижелі
жұмыс жасап орындау ғана қалды.
Менің техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) беру саласында жұмыс жасағаныма он төрт
жылдан асты. Кей уақыттарда техникалық және кәсіптік білім беру саласы мектепке дейінгі,
бастауыш және орта білім беруді дамытудың көлеңкесінде қалып қойған сияқты болып
көрінеді. Олай ойлауға түрткі болатын көріністер баршылық. Мысалы соңғы жылдардың
ішінде ТжК білім стандарты үш рет өзгерді. Жаңа-жаңа нақтыланып келді. Орта білім беруде
оқулықтар бірнеше рет қайта-қайта жаңаланып шығып, ол оқулықтардың оқушы қолына тиюі
жіті бақыланып жатса, біздің салада жаңа стандартқа сәйкес оқулықтың жазылуы тұралап
тұр. Олай дейтінім, мамандықтар бойынша стандартта көрсетілген материалдарды (орыс
тілінде жазылған, басқа елден шыққан кітаптарды) мұғалімдер қазақшаға аударып, студентке
теориялық білім беріп келеді. Ол орыс тіліндегі оқулықтарда техникадағы жаңалықтар
ВЫСШЕЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
130
жазылмаған. Жергілікті атқарушы орындардың және жалпы аймақ бойынша сұраныс
қажеттілігін орындау үшін бір мамандықты жаңадан ашу үшін лицензия алайық десек, білімдегі
бақылау департаменті оқулығың жоқ болса, оқытуға рұқсат бере алмаймыз дейді. Айтқандары
дұрыс болар. Ал «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»,
«Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша көзімен көріп, қолымен
ұстап жүрген колледждегі білікті мамандар стандарт талаптарына сай оқулықты қазақ тілінде
жазды. Ол оқулықты авторлар Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтан және Білім
және ғылым министрлігі жанынан құрылған сараптау комиссиясынан үш рет қорғады. Өте
жақсы деген бағасын алды. Енді оқулық шығатын шығар деп едік. Үш жыл болды. Оқулық
әлі шыққан жоқ. Жақында өткен облыстық Тамыз кеңесінде көрмеге қойылған кітаптар
арасынан біздің мамандар дайындап берген оқулық, оқу құралы болып шығыпты.Оқулық пен
оқу құралының арасында үлкен айырмашылық бар емес па еді? Және бір қызығы жазған
оқулығының оқу құралы болып кеткенін оқулықтың авторлары білмейді. Оның ең болмаса
бір данасы авторлардың қолына тиген жоқ. Тек соңғы екі жылдан бері республикалық және
облыстық бюджеттен коледждердің материалдық базасын жаңалап толықтыруға мақсатты
қаржы бөлінгеннен кейін, бұл ойымнан арыла бастадым.
2014 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Отанымыздағы индустриалды инновациялық
даму бағдарламасының орындалысын қорытындылай келіп, енді еліміздегі өнім өндіретін
көп векторлы саланы дамыту үшін Қазақстандық кадрларды, соның ішінде білімді, білікті,
бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандар мен техник-технологтарды дайындауымыз керек. Ол
мамандар шетелден келген мамандардың орнын баса алатын ұлттық кадрлар болуы қажет.
Сондықтан, ТжКБ беру саласында шетелдің озық идеяларын пайдаланып, оқытудың дуальдық
жүйесін енгізу және 2015 жылдың аяғына дейін ТжКБ беру саласының 50% -ын дуальдық
оқыту жүйесіне көшіру қажеттігіне тоқталып, нақты тапсырма бергені бәріміздің есімізде.
Оқу орнын бітіргеннен кейін, өзінің алған мамандығы бойынша өндіріске кідіріссіз
араласып кететін білімді, білікті маман дайындау үшін оқу орнында алған теориялық білім
практикамен ұштасып, қалыптасуы керек екені даусыз шындық. Өндірістік практикадан өтуі
үшін, оқып жатқан мамандығы бойынша жұмыс орындарына барып, жетекшісінің көмегімен
жұмыс жасауы керек. Ал, жұмыс орны өндірісте -
қауіпті емес жұмыс орны, қауіпті аймақ,
аса қауіпті аймақ болып негізінен үшке бөлінеді. Дәлірек айтсақ, балабақша тәрбиешісі,
бастауыш сынып мұғалімі, аспаз, бухгалтер, экономист, тігінші, заңгер, медбике т.б. көптеген
мамандықтар бойынша студенттерді өндірістік практикадан өткізу қолжетімді, оңай деуге
болады. Себебі ол мамандықтарға оқып жатқандар қауіпті емес жұмыс орындарында өндірістік
практикадан өтеді. Тек мекеме мен кәсіпорындар арасында келісімшарттары болса, өндірістік
практикадан өту кестесі келісіліп қасында тәлімгерлері болса, олар жауапты жұмыс жасаса
болды, жақсы үйреніп шыға алады. Ал заводтарда, комбинаттарда және химия, мұнай мен
газды өндіру, өңдеу, теміржол салаларына т.б мамандар дайындайтын колледж студенттерін
өндірістік практикадан өткізу үшін өндіріске апарғанда студенттерімізді қабылдай қоймайды.
Олардікі дұрыс. Себебі студенттер теориялық білімін практикамен ұштастырып үйреніп кететін
орны
қауіпті және аса қауіпті аймақ болып есептеледі. Сондықтан оның басшылары және
жауапты мамандары басын бәйгеге тіге алмайды. Оны көріп, біліп тұрып біз де ештеңе айта
алмаймыз. Мен жұмыс жасайтын Бейнеу политехникалық колледжі Отанымыздың батыс
бөлігіндегі тоғыз жолдың торабындағы Бейнеу ауданының орталығы Бейнеуде орналасқан.
Төрт бағытта теміржол жүреді: Бейнеу-Ақтау-Түркменстан, Бейнеу-Қарақалпақстан-
Өзбекстан, Бейнеу-Жезқазған, Бейнеу-Атырау-Ресей. Дәл осындай төрт бағытта қатынайтын
күре автожолдар да бар. Аудан территориясында жалпы Үстірт аймағында мұнай және газ
кен орындары игерілуде. Осындай кен орындарымен құрылымдарға байланысты колледж
негізінен үш бағытта білікті жұмысшы мамандарды және техник-технологтар дайындайды.
Аудан территориясынан мұнай және газ айдайтын құбырлар, су құбыры өтеді, сәйкес өткізу
Достарыңызбен бөлісу: |