117
117
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ
ӘОЖ 371.13:377
БЕЙІНДІК МЕКТЕПКЕ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУҒА ДАЯРЛАУ
С.А. ҚЫПШАҚОВ
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті
В статье рассмативаются вопросы подготовки будущих педагогов к обучению
основ предпринимательской деятельности в профильной школе. Это проблема
наиболее актуальна, так как сегодня осуществляется переход к профильному
обучению на высшей ступени общего образования.
The questions of preparation of the future teachers to training of bases of enterprise activity
at profile school are considered in this article. This problem is most actual, as transition to
profile training at the higher step of the general education today is carried out.
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды [1]. Ұлттық білім
берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Орта білім
жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту
деңгейіне жеткізу керек. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге
жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім
сапасын арттыру керек.
Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты осы заманғы білім беруге негізделген сапалы
кәсіби білім беру арқылы біліктілігі жоғары және бәсекелестікке қабілетті маман даярлау
болып отырған жағдайда болашақ педагогтарды бейіндік мектеп жағдайында жұмыс істеуге
даярлау мәселесінің көкейкестілігі артып отыр. Бейіндік мектеп үшін өзіндік идеялары бар,
жаңа оқу бағдарламаларын жасауға және жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық
әлеуетке және ғылыми құзырға ие мұғалім қажет.
Орта мектепте кәсіпкерлікті оқыту, сол сияқты бейіндік мектепке кәсіби педагог маманын
аталған бағыттағы кәсіби іс-әрекетке даярлау бүгінгі күнде өзекті мәселе және кейінгі
жылдары пайда болған жаңа бастама болып табылады.
Жаңа экономикалық жағдайларға жастарды бейімдеудің негізгі шешімдерінің бірі –
кәсіпкерлік қызметті дамыту. Ол жастардың еркін нарықтық экономикаға көшуге қажет
шарттарында өмірге және еңбекке дайындайтын мақсатты әлеуметтік-педагогикалық іс-
әрекет қажеттілігінен туындайды.
Сол себепті бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары алдына
әлеуметтік-этикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық, кәсіби құзыретті,
сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Педагог мамандардың кәсіби іс-
әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми-педагогикалық
идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген
кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейін игерген маман ретінде даярлау
мәселесін тудырады.
Педагогикалық практиканы талдау жастардың экономикалық мәдениеті мен экономикалық
білімінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Бүгінгі күні осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында
жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныбында бейіндік оқыту енгізіліп отыр. Осыған
байланысты кәсіптік білім беру саласында педагог мамандарды бейіндік мектепте жұмыс
істеуге арнайы даярлау мәселесі тұр.
ТЕХНИЧЕСКОЕ И ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
118
Білім беру жүйесін түбегейлі реформалау жағдайында оның барлық деңгейлері
арасындағы үздіксіздік принципі сақталуы қажет. Бұл дегеніміз – жүйенің бір бөлігі өзгеріске
ұшыраған жағдайда онымен байланысты басқа компоненттер де соған байланысты
икемделуі тиіс. Бұл, әсіресе, жалпы орта білім беру мен кәсіби білім беру деңгейлері
арасындағы байланысқа қатысты. Себебі, кәсіби білім беру жүйесі жалпы орта білім
жүйесіне тікелей қызмет етеді.
Бұл жағдай жалпы білім берудің жоғары сатысында бейіндік оқытуға көшіп отырған
бүгінгі таңда өте көкейтесті, қазіргі кезде педагог мамандарды даярлауда болып жатқан
өзгерістерді есепке ала отырып жүргізілуі керек. Яғни, жалпы білім беретін орта мектептің
жоғары сатысында жұмыс жасайтын мұғалім бейіндік оқыту жағдайында жұмыс істей
алатын, оның ерекшеліктерін білетін және сол бойынша қосымша білім бағдарламаларын
жасай алатын және оларды жүргізе алатын болуы, баламалық жағдайда жұмыс істей
алуы қажет. Міне, осы аталғандар пән мұғалімінің пәндік, әдістемелік дайындығымен
бірдей деңгейде көңіл бөлінетін, маман даярлау жүйесінде қалыптастырылатын негізгі
құзыреттіліктер болуы тиіс.
Бүгінгі күні біздің еліміздің ғалымдары алдында білім беру саласының даму жолын
қайтадан, жаңа көзқарас тұрғысынан қарастыру міндеті тұр. Бұл қоғам сұранысынан және
қажеттілігінен туындайды. С.Т. Каргин, С.Қ. Омаров, А.А. Мұқатаев оқытуды бейіндік
саралауды ұйымдастырудың, бейіндік оқытуды іске асырудың кейбір мәселелеріне
тоқталады
[2].
Осы және басқа да еңбектерде білім туралы сөз болғанда оқушылардың
сұраныстарын, қызығушылықтарын ескеру, оқыту процесін әр бейінде, оқу материалын
игерудің түрлі топтарына негіздеп құру мәселелері көтеріледі. Мұның барлығы оқыту
мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және қоғамның әлеуметтік, саяси-
экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сәйкестендіруден шығып отыр.
Бейіндік саралауды жүзеге асырудағы отандық және шетелдік мектептердің жұмысы
мен мәселеге қатысты педагогикалық әдебиетті талдай келіп А.А. Мұқатаев [3] мынадай
қорытындылар жасайды: оқытуды бейіндік саралаудың а) тарихи-педагогикалық алғышарты
– педагогика тарихы мен шетелдік және отандық педагогика практикасындағы оның
тәжірибесі; ә) ғылыми-педагогикалық алғышарты – оны білім алушылардың сұраныстарына,
қызығушылықтары мен бейімдеріне байланысты оқыту процесінің принциптеріне негіздеп
жүргізу; б) құқықтық-нормативтік алғышарттары – осы кезеңде қабылданған «Білім туралы»
Заңдар (1992, 1999), оқу жоспарлары (1990, базистік – 1994), білім берудің жалпыға міндетті
стандарты (1998, 2002), ҚР гимназиялары мен лицейлерінің жұмысын ұйымдастыру туралы
Ережелер (1996, 2000) болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, бейіндік оқыту – білім алушылардың мүдделерін,
бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім
беру процесін ұйымдастыру [4] болып табылады деген тұжырыммен келісуге болады. Ал,
бейіндік мектеп дегеніміз – өз базасында бейіндік оқытуды жүзеге асыратын мектеп болып
табылады деген анықтама беруге болады.
Бейіндік оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – білім, іскерлік, дағдылар
қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға көшу. Бұл дегеніміз – оқушылардың негізгі
құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыт алу деген сөз. Ал ол үшін бұрыннан қалыптасқан
кәсіби білім беру процесін қайта құрып, мамандар даярлауда осы бағытта жұмыс жасауды
талап етеді. Бейіндік мектепте жұмыс жасайтын мұғалімді даярлау нені есепке ала отырып
жүргізілуі керек және ол мұғалім қандай құзыреттіліктерге ие болуы қажет?
Бейіндік мектеп үшін өзіндік идеялары бар, жаңа оқу бағдарламаларын жасауға және
жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық әлеуетке және ғылыми құзырға ие мұғалім
қажет. Бейіндік оқыту жағдайында педагог әдістемелік даярлығы қалыптасқан, сабақта
оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдістерін меңгерген тұлға
болуы тиіс. Ол оқушылармен бірге олардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында
ізденістік-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізуі керек. Бейіндік сыныптардағы мұғалім – оқу,
Достарыңызбен бөлісу: |