Научно-методический журнал 2 мазмұны құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 45,18 Kb.
Pdf просмотр
бет50/56
Дата20.05.2018
өлшемі45,18 Kb.
#14514
түріНаучно-методический журнал
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56

119
119
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ
ізденістік жұмыстың ұйымдастырушысы, кеңесші болып табылады.
Кез келген іс-әрекет саласындағы маманды даярлау мазмұнымен және технологиясымен 
байланысты сұрақтар әдетте, бірден шешімін таппайды. Әсіресе, бұл сала жаңа әрі қоғам 
дамуында келешегі бар болса. Қазақстандағы сондай маңызды, келешегі зор саланың бірі 
кәсіпкерлік болып табылады. 
Елімізде қазіргі жағдайда кәсіпкерліктің маңызы зор. Бұл, біріншіден, Қазақстандағы 
нарықтық  экономиканың  өркендеуімен  байланысты.  Екіншіден,  меншік  формасының 
көптүрлілігімен, еңбек мотивациясының өзгеруімен, экономикалық іс-әрекеттің субьектілері 
арасында  бәсекелестік  қатынастардың  дамуымен  және  басшылықтың  командалық-
әкімшіліктік  жүйеден  басқарудың  экономикалық  әдісіне  көшуімен  тікелей  байланысты. 
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында кәсіпкерлік өндірістің барлық негізгі факторларын 
қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын тауар және қызмет көрсетуді құрудың біріңғай 
процесіне біріктіретін күшке айналуда.
Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келе,  «кәсіби  оқыту  педагогының  бейіндік  мектеп 
жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекет негіздерін оқытуға дайындығына» және «кәсіби оқыту 
педагогын бейіндік мектеп жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекет негіздерін оқытуға даярлау» 
ұғымдарына анықтама беруге болады. 
Сонымен, кәсіби оқыту педагогының бейіндік мектеп жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекет 
негіздерін оқытуға даярлығы
 дегеніміз – бейіндік мектеп жағдайында білім беру іс-әрекетінің 
әртүрлі формаларын кіріктіру, ашық білім беру ортасын жобалау, баламалы білім беру 
мазмұнын жобалау және құрастыру, оқушылардың әртүрлі деңгейдегі білім алу іс-әрекетін 
ұйымдастыру құзыреттіліктерінің қалыптасуы, ал «кәсіби оқыту педагогын бейіндік мектеп 
жағдайында  кәсіпкерлік  іс-әрекет  негіздерін  оқытуға  даярлау»  осы  құзыреттіліктерді 
қалыптастыруға бағытталған мамандарды кәсіби даярлау процесі болып табылады.
Қазақстан  Республикасының  жаңа  әлеуметтік  даму  жағдайында  тұлғаның  бойында 
құндылықтарды  қалыптастыру  мәселесі  Қазақстан  Республикасы  Конституциясында, 
Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк 
Бiлiм  бағдарламасында,  Қазақстан  Республикасы  үкіметтің  құжаттарында,  Қазақстан 
Республикасы Президентінің халыққа жолдауларында негізгі орын алып отыр. Еліміздің 
егемендік алуымен білім беру мәселесіне деген көзқарастар өзгерді.
Қазіргі  қоғамдық  санада  болып  жатқан  өзгерістер  мен  жаңартулар  тұлғаны 
жалпыадамзаттық құндылықтар мен өмірдің қарапайым ақиқаты тұтастығында тәрбиелеуді 
нысана тұтады. Адамдардың бойында білімді жоғары құндылық ретінде қарастыра алатын 
қасиеттердің  болуы    олардың  еліміздің  болашағына  деген  жауапкершілік  деген  сезімін 
ұлғайтып, әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Қазіргі уақытта қоғам тарапынан жалпы білім беретін мектепке жаңа талаптар қойылып 
отырғаны  белгілі.  Өйткені  адамның  табысты  өзін-өзі  жүзеге  асыруы  оның  білімділік 
деңгейімен айқындалады. Бұл туралы өз Жолдауында ел Президенті әрқашан да ерекше 
айтып отырады. Соған байланысты қазақстандық білім беру жүйесін жаңартудың бірінші 
кезектегі міндеті болып білім берудің заман талаптарына жауап беретін сапасын қамтамасыз 
ету болып табылады.
Сапалы білім қоғам дамуының негізгі ресурстары болып табылатынын мойындау білім 
беруге  деген  көзқарасты  түбірімен  өзгертуге  алып  келуі  тиіс.  Ал  білімнің  жаңа  сапалы 
қасиетін  қалыптастырушы  негізгі  тұлға  мұғалім  болып  табылатындықтан,  оның  кәсіби 
іс-әрекетінің сапасын бағалаудың маңыздылығы артады. Сол себепті бүгінгі таңда сыни 
және шығармашылық тұрғыдан санадан өткізу және алдыңғы қатарлы педагогикалық және 
ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзінің іс-әрекетінің мазмұнын жетілдіруге 
қабілетті мұғалімге деген қажеттілік арту үстінде. 
Оқытуды  ізгілендіру  процесіне,  оқушының  тұлғасын  тұтас  қалыптастыруға,  оның 
құндылығы  мен  қазіргі  қоғам  үшін  қажеттілігін  мойындауға  бағыттала  отырып,  оны  ең 
алдымен мұғалім қалыптастыратынын естен шығармауға тиіспіз.


ТЕХНИЧЕСКОЕ И ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
120
Жаңа  білім  беру  парадигмасының  талаптарына  сәйкес  педагог  іс-әрекеті  баланың 
әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға және оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасауы тиіс. Осыған 
байланысты оның жалпы және кәсіби мәдениетіне қойылатын талаптар күшейе түседі.
Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты осы заманғы білім беруге негізделген сапалы 
кәсіби білім беру арқылы біліктілігі жоғары және бәсекелестікке қабілетті маман даярлау 
болып отырған жағдайда болашақ педагогтарды бейіндік мектеп жағдайында жұмыс істеуге 
даярлау мәселесінің көкейкестілігі артып отыр.
Психологиялық-педагогикалық  білімдердің  дамуының  қазіргі  деңгейі  басқа  оқу 
орындарындағы тәрізді жоғары оқу орнында болашақ кәсіби оқыту педагогы даярлықтарының 
мазмұнын  жетілдіруді  көздейді.  Ақпараттар  легі  өте  көп  болғандықтан,  бүгінгі  таңда 
мамандарға өмір бойына жететін терең білім беру мүмкін емес. Сондықтан білімді барлық 
өмір бойына алу емес, керісінше өмір бойы білім алу қажеттілігі туындайды. Бұл жоғары 
мәдениетті, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, жаңашылдыққа құштар мамандарды 
даярлау барысында іске асырылуы тиіс. Мұның өзі кәсіби білім беру барысында кәсіби іс-
әрекеттің негізгі ерекшеліктерін есепке алуды және оларды тиімді пайдалануды қажет етеді. 
Бейіндік мектеп жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекет негіздерін оқытуға даярлаудың ғылыми 
деңгейін көтеру іргелі ғылымдардың жаңалықтары негізінде жүзеге асырылады, сондықтан 
нақты мамандықтың қағидалары осы ғылымдардың заңдарына сүйенуі керек. Сонымен 
кәсіби даярлық мазмұны, ең алдымен оның негізділігін білдіреді, яғни мамандардың жалпы 
ғылыми даярлығын жетілдіруді талап етеді.
Сонымен  болашақ  кәсіби  оқыту  педагогының  даярлығын  үнемі  жетілдіріп  отырудың 
қажетті  шарты  жоғары  оқу  орындарынан  шығатын  маманның  қоғамның  талаптарына 
сәйкес келуі болып табылады. Қазіргі кезде қоғамдық-саяси ойлаудың қарқынды дамуы 
кәсіби білім беру жүйесінде үнемі жаңа идеяларды іздестіріп отыруды және оның үздіктерін 
таңдап  алуды  міндеттейді.  Сондықтан  қоғамдық  қатынастар  саласындағы  жаңалықтар 
мамандарды оқыту мазмұнында көрініс табуы тиіс, ал кәсіби білім беру мазмұны қоғамның 
жаңару перспективасына сай жүзеге асырылуы тиіс.
Бүгінгі жағдайда қоғамға қандай адамдар қажет? Жалпы қоғам сұраныстарын талдау 
қоғамның өзгермелі өмір жағдайларына, экономикалық даму қарқынына тез әрі жылдам 
бейімделе  алатын  білімді,  мобилді,  шығармашыл,  инициативалы,  өзін-өзі  жетілдіруге 
мүдделі  және  қабілетті  адамдарды  қажетсінетінін  көрсетеді.  Осындай  тұлғаларды 
қалыптастыру – сөзсіз үлкен, сапалы өзгерістерді керек ететін білім беру жүйесінің алдына 
қойылатын ең басты міндет болып табылады.
Осы айтылғандардың барлығы бізге жоғары оқу орындарында болашақ педагогтарды 
бейіндік  мектеп  жағдайында  кәсіпкерлік  қызмет  негіздерін  оқытуға  даярлау  қажеттілігін 
дәлелдейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қазақстан Республикасы 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықына Жолдауы. Астана, 17 қаңтар 2014 
жыл. www.bnews.kz.
2.  Каргин  С.Т.,  Омаров  С.Қ.,  Мұқатаев  А.А.  Қосымша  білім  беру  бағдарламалары 
–  оқытуды  бейіндік  саралаудың  құралы  //  Теоретические  и  практические  проблемы 
реализации содержания государственной программы развития образования в РК на 2005-
2010 годв. Материалы республиканской научно-практической конференции, посвященной 
10-летию казахской гимназии № 92 (30 марта 2007). – Караганда,2007. – С. 129-134.
3. Мұқатаев А.А. Профильная дифференциация обучения: опыт инновационных школ 
Казахстана // Naukowy potencjal swiata: Materialy IV miedzynarodowej naukowe-prakycznej 
konferencji / Tym 4. Pedagogiczne nauki. – Przemysl, 2008. – C. 39-42.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.


жүктеу 45,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау