Научно-методический журнал 2 мазмұны құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 45,18 Kb.
Pdf просмотр
бет4/56
Дата20.05.2018
өлшемі45,18 Kb.
#14514
түріНаучно-методический журнал
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

8
НАШИ ЮБИЛЯРЫ
Тәжірибелік  оқытуды  жетілдіру  мен  өз  өнімдерін  ұйымдастыру  үшін  технологиялық 
зертхана базасында «Кондитерлік цех» оқу кәсіпорны құрылды. 
Уақыт  пен  республиканың  қарқынды  дамып  келе  жатқан  индустриалды-өндірістің 
әлеуметтік-экономикалық сұраныстары мамандарды даярлауға ғана толықтырулар енгізіп 
қоймай, оқу орнының да атауын өзгертті. 
Щучинск  таулы  металлургиялық    техникумы  1996  жылы  Щучинск  политехникалық 
техникум болып өзгертіліп, 1992 жылы Щучинск техникалық колледжі болып қайта аталынды. 
1997  жылы  орташа  арнаулы  бiлiм  оптимизациясының  кезеңiнде  Щучинск  техникалық 
колледжімен  Бурабай  аграрлы-өндірістік  колледждерінің  бірігуі  болып,  Бурабай  агралы-
техникалық  коледжі  құрылды.  Мамандарды  дайындау  11  мамандық  бойынша  жүзеге 
асырылды. Колледж базасында кәсіби техникалық мектеп жұмыс атқарды. 
1999 жылы Ақмола облысы әкімінің шешімімен БАТК Щучинск қ. Техникалық колледж 
болып қайта құрылып, 4 – КТМ мен Бурабай орман шаруашылығы мен экология колледжі 
құрылды.
2012 жылы 17 қаңтарда Ақмола облысы әкімінің қаулысы негізінде Ақмола облысы Білім 
Басқармасы жанындағы «Щучье қаласы, Техникалық колледжі» МКҚК-ны Ақмола облысы 
әкімдігі жанындағы «Щучинск қаласы, Жоғары техникалық мектебі» МКҚК болып өзгертілді.
Жоғары  техникалық  мектеп  қабырғасында  20  мыңнан  астам  мамандар 
дайындалды.  Олардың  көпшілігі  сұрапыл  соғыс  жылдарынан  өтті,  институттарды 
тәмамдап  ірі  өндірістік  кәсіпорындар,  салалар  жетекшілері,  ғалымдар  мен 
профессорлар  атанды.  Олардың  арасында  С.К.  Кусаинов  –  Социалистік  Еңбек 
ері,  Талды-Қорған  және  Торғай  облыстық  комитеті  партиясының  бірінші  хатшысы, 
Н.С.  Мыңбаев  –  алқа  мүшесі,  ҚР  Мем.жоспар  кадрлар  бөлімінің  басшысы,  
В.П. Баянов – Ертіс полиметалдық комбинатының директоры, А.В. Бойко – алқа мүшесі, 
ҚР Еңбек Министрлігі Бас басқармасының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, 
профессор,  Н.Н.  Алексеенко  –  Тыңайған  таулы-химиялық  комбинатының  директоры,  
В.Г.  Ператинский  –  Тыңайған  таулы-химиялық  комбинаты  директорының  орынбасары, 
Ф.А. Летников – академик, геологиялық-минералдар ғылымдарының докторы, профессор, 
атақты оқымысты-геолог, геохимик, В.Н. Хлыстун – академик, экономика ғылымдарының 
докторы, профессор, Рессейдің бұрынғы ауылшаруашылық министрі және тағы басқалар. 
90 жылдардың соңына қарай экономикадағы қиын қыстау кезеңдері белең ала бастады. 
Орталықтандырылған материалды-техникалық қамтамасыздандыру толығымен тоқталып, 
қызметкерлерге  төлемақы,  ал  студенттерге  шәкіртақы  төлеуі  бойынша  ұзаққа  созылған 
қиындықтар туындады. Колледж дайындаған кадрлар енді қажет болмай қалды. Оқу орны 
мен ұжымды сақтап қалу жөніндегі мәселені шешу мен нарыққа сай жұмыс үшін нормативті-
құқықтық базасын құру қажет болды.
Щучинск қаласы, Жоғары техникалық мектебі П.К. Куценко басшылығымен кәсіби оқыту 
жүйесінде оңтайлы икемделіп және өзіне лайықты орын таба білді. 
Қазірде  ЖТМ  –  мемлекеттік  заманауи  білім  мекемесі.  Бюджеттік  негізде  келесі 
мамандықтар бойынша маман иелерін дайындайды:
- Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
-  Электрлік  және  электромеханикалық  жабдықтарды  техникалық  пайдалану,  қызмет 
көрсету және жөндеу;
- Өндіріс жабдықтары мен машиналарын пайдалану;
- Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша);
- Тамақтандыру өндірісі тағамдарының технологиясы және оны ұйымдастыру;
- Кәсіби оқыту (салалар бойынша);
- Қаржыгер (салалар бойынша) мемлекеттік тілде;
Келісім негізде:


9
МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ
- Есеп және аудит (салалар бойынша);
-  Электрондық  есептеу  техникасы  және  бағдарламалық  қамтамасыздандыру  (түрлері 
бойынша);
Оқу-тәрбие үрдісін 77 білікті оқытушылар жүзеге асырады, оның ішінде 1 оқытушы – ҚР 
білім беру ісінің озаты, 1 оқытушы – ҚР бiлiм беру ісінің құрметті қызметкері, 1 оқытушы – 
Ы. Алтынсарин төс белгісімен марапатталынған, 1 оқытушы – педагогика ғылымдарының 
кандидаты, 29 оқытушы - жоғары санатты, ал 11 оқытушы – бірінші санатты, колледж ұжымы 
жас кадрлармен үнемі толықтырылып отырады.
ЖТМ күндізгі оқу бөлімінде 774 студент ал сырттай оқу бөлімінде 95 студент тәлім алады. 
ЖТМ  оқу-материалдық  базасында  заманауи  жабдықтармен  жабдықталған  оқу 
кабинеттері  мен  зертханалары,  27  396  даналы  оқу  және  көмекші  әдебиеттер  қорымен 
қамтылған кітапханасы, 200 орынды жатақханасы мен 230 орынды мәжіліс залы, 3 спорт 
залдары  бар.  Сонымен  қатар  422  га  оқу  шаруашылық  жер  көлемі  машина-тракторлы 
паркімен, барлық мамандықтар бойынша жұмыс біліктілігін алуға мүмкіндігі бар токарлы, 
слесарлы-механикалық, электрмонтажды және станоктар, құралдарымен жабдықталынған 
оқу шеберханалары тағы бар. 
ЖТМ 258 заманауи компьютермен қамтамасыздандырылған 11 компьютер сыныбы бар.
Интерактивті  жабдықтарға  37  мультимедиялық  проектор,  3  интерактивті  тақта,  
3 мультимедиялық сандық подиумы кіреді. Internet жұмысы үшін 4 қосынды желісі, ақпараттық 
жүгіртпе панель, сандық бейнетехника үшін арнайы жабдықтары бар.
Орта  білімнен  кейінгі,  кәсіби  және  техникалық  білім  аясында  қызмет  көрсетуге  
2012  жылдың  желтоқсанында  СТ  РК  ИСО  9001-2009  стандарттары  талаптарына  сәйкес 
сертификат алынды.
Экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыздандыру жоғары технологиялық және 
ғылымды қажет ететін өндіріс үшін кадрларды қалыптастыруды қажет етеді. 
Заманауи  орта  білімнен  кейінгі,  кәсіби  және  техникалық  білім  жүйесінсіз  жаңашыл 
экономиканы құру мүмкін емес. Техникалық мамандықтар бойынша қазіргі уақытта ғылымды 
қажет  ететін  жаңа  технологиялар  бойынша  жұмысты  ұйымдастыра  және  жүргізе  алатын 
жоғары білікті кіші инженерлер мен техниктер қажет. 
Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаев  Парламент  палатасының  бірлескен  отырысында 
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»  
жолдауында басым бағыттардың бірі ол - беделді инженерлі оқу мекемесін құру керектігін 
айқындады. 
Білім жүйесі алдында  тұрған жаһандық мәселелерді қорыта келе, біздің оқу орнымыз 
өзінің  стратегиялық  мәселесін  айқындады:  Жоғары  техникалық  мектепке  –  техникалық 
білімнің жаңа моделін жасау. 
Жоғары  техникалық  мектеп  –  орта  білімнен  кейінгі  ТжКБ  жүйесіндегі  білім  ошағы,  ол 
үздіксіз кәсіби білім беру принципін жүзеге асыратын, кадрларды дайындаудағы қайталауды 
болдырмайтын және жоғары деңгейдегі аса білікті мамандарды дайындаумен қамтамасыз 
ететін оқу орнының бірі. 
Кадрларды  дайындау  техникалық  білімнің  бірнеше  деңгейіндегі  біріктірілген  білім 
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
1  деңгей  –  техникалық  және  кәсіби  оқытудың  бірінші  деңгейінің  аяқталуымен  нақты 
жұмыс мамандығы бойынша жоғарғы деңгейлі біліктілігі беріледі. Оқу мерзімі негізгі орта 
білім базасында – оқу уақытына байланысты 2-3 жыл құрайды.
2 деңгей – техникалық және кәсіби оқытудың 2-ші деңгейінің аяқталуымен орта буынғы – 
техник мамандығының біліктілігі беріледі. Оқу мерзімі – 1 жыл. 
3  деңгей  –  техникалық  университеттердің  1-2  курс  оқу  бағдарламаларымен 
ұқсастырылып, арнайы инженерлік пәндер мен техникалық білім беру бағдарламаларды 


жүктеу 45,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау