Науқастың дене салмағын өлшеу Мақсаты: диагностикалық. Қолдану көрсетілімдері


Гигиеналық бұлауды (ваннаны) жүргізу



жүктеу 19,55 Kb.
бет5/5
Дата25.06.2023
өлшемі19,55 Kb.
#43071
1   2   3   4   5
Қабылдау бөлімі

Гигиеналық бұлауды (ваннаны) жүргізу
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын-ала ескерту.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: кез-келген қан кету, науқастың халі ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, тері аурулары, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.
Дайындаңыз: су термометрін, қайшыны, сүлгіні, жеке сабынды және жөкені, су сабынды, таза іш киімді, резеңке қолғаптарды, клеенка алжапқышты, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, аяққа арналған тіректі.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Аурухана ережелеріне сәйкес пациентті сәйкестендіруді жүргізу;

  2. ҚР медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қолдарын өңдеуге;

  3. Клеенка алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.

  4. Шомылғыны алдымен салқын сумен, содан кейін оның көлемінің ортасына дейін ыстық сумен толтырыңыз, судың температурасы 350-370С болуы керек.

  5. Науқастың шешінуіне көмектесіңіз.

  6. Науқасты артқы жағынан шынтақ астынан ұстап, аяқтарын тірегішке тіретіп, шомылғыға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың төс сүйегінің семсерше өскініне дейін жетіп тұруы керек.

  7. Егер науқас өз бетінше бұлауды ала алмайтын болса, жөкені қолдана отырып, келесі ретпен науқасты жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шат аймақтарын, бұт аралығын.

  8. Науқастың иығын сүлгімен жабыңыз және оған шомылғыдан шығуға көмектесіңіз (қажет болған жағдайда, көмекті екінші адаммен бірге көрсетіңіз).

  9. Науқасты тура сол ретпен сүртіңіз. Табиғи қатпарлар және саусақ аралықтары терісінің құрғақтығына көзіңізді жеткізіңіз.

  10. Науқастың қолының және аяғының тырнақтарын алыңыз.

  11. Науқасқа шашын тарауға, киімін және аяқ киімдерін киюге көмектесіңіз.

  12. Шомылғыдағы суды ағызыңыз және оны зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз, ағын сумен жуыңыз.

  13. Қолғапты шешіп, "Б"сыныбындағы медициналық қалдықтар үшін ҚБСУ-ға жойныз;

  14. ҚР медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қолды өңдеу;

  15. Стационарлық науқастың медициналық картасының тиісті нысанында пациенттің гигиеналық бұлауды (ваннаны) жүргізуді құжаттауға міндетті.

Ескерту:
- бұлауды қабылдау уақыты – 25 минуттан артық емес;
- бұлауды қабылдаған кезде, науқасты бақылаусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрін және пульсін қадағалау қажет;
- науқастың көңіл күиі нашарлаған жағдайда бұлау қабылдауды тоқтату керек, дәрігерді шақырып науқасқа алғашқы көмек көрсету қажет;
- желдеткішті жабыңыз, шомылғы алдындағы еденге резеңке төсенішті (ағаштан жасалған тіреуді) салыңыз. Шомылғыны щеткамен мұқият және тазалайтын заттармен жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз;
- толаған шомылғыды – су кіндікке жетеді.
жүктеу 19,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау